
2022 жылғы 19 мамырда мемлекеттік аудит объектілерінің қатысуымен «Ауыл-Ел бесігі» жобасының шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану (оның ішінде осы мақсаттарға арналған бюджет қаражатын жоспарлау) тиімділігіне жүргізілген сараптау-талдамалық іс-шарасының және мемлекеттік аудиттің қорытындыларын қарау бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың көлемі 1 196 389,6 мың теңгені немесе 33,1%-ды құрады. 42 рәсімдік бұзушылық, 2 кемшілік және жүйелік бұзушылық анықталды.
Бұзушылықтардың жалпы сомасының 978 214,7 мың теңгесі (жұмыстарды орындау арқылы) қалпына келтіруге, 28 107,1 мың теңгесі бюджетке өтелуге, 190 067,8 мың теңгесі есепке алу бойынша қалпына келтіруге жатады.
Мемлекеттік аудит барысында және отырыс өткізілгенге дейін бюджетке 10 570,9 мың теңге өтелді, 170 120,9 мың теңге жұмыстарды орындау арқылы қалпына келтірілді, 162 275,5 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді.
Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектілеріне қарау және шаралар қабылдау үшін аудиторлық қорытынды жіберілді.
Аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы нұсқамалар жіберілді, сондай-ақ жұмыста анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар берілді.
Құзыреттіліктер шеңберінде қарау үшін аудит материалдары Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, сондай-ақ Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына берілді.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзушылық фактілері бойынша лауазымды 8 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.