
2021 жылдың 2-3 тоқсанында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерін ұтымды қамтамасыз ету» міндетін іске асыру шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, су ресурстарын басқаруға және халыққа ауыз суға рұқсат беруге бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 18 386 533,0 мың теңгенің бюджет қаражаттары қамтылды.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге заңнамасының нормаларын мынадай бұзушылықтар анықталды:
282 906,2 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың (9323,1 мың теңгесі өтелуге және 273583,1 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады) 275052,4 мың теңгесі аудит барысында және Тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін өтелді (қалпына келтірілді).
Сондай-ақ, аудит материалдары бойынша лауазымды 2 тұлғаға қатысты 2 әкімшілік жазалау шаралары қабылданып, олар бюджет кірісіне сомасы 145,9 мың теңгенің айыппұлдарын аударды.
Жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша 2021 жылғы 23 қыркүйекте ZOOM бағдарламасы арқылы Тексеру комиссиясының отырысы өткізілді, нәтижесінде қаулы қабылданды және аудит объектілеріне тиісті нұсқамалар жіберілді.