Тексеру комиссиясының отырысында ақпараттық-имидждік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік аудиті қорытындысы шығарылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың имидждік іс-шараларға бағытталған бюджет шығындарын қысқарту бойынша жұмыстарды жалғастыруға қатысты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі кеңейтілген отырысы) тапсырмасына байланысты имидждік іс-шараларға жалпы шығындардың азауюы байқалады.
Сонымен бірге, мемлекеттік аудит қорытындылары бюджет үрдісін жетілдіруге және аудит объектісінде қаржылық тәртіпті жақсартуға бағытталған тиімді шаралардың жетіспеушілігін көрсетеді, анықталған бұзушылықтардың елеулі көлемі осыны айғақтайды.
Бюджеттік және өзге заңнама нормаларының келесі бұзушылықтары анықталды:
Аудит барысында және Тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін жергілікті бюджетке 1 232,2 мың теңге немесе 7 % өтелді.
Мемлекеттік аудит объектісіне анықталған бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою туралы ұсынымдар мен нұсқама жолданды.