
Тексеру комиссиясының отырысында бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне, Зайсан ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындыланды. Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге заңнамасының нормаларын мынадай бұзушылықтар анықталды:
4213176,0 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың (бюджетке 30494,8 мың теңге өтелуге (тусуге), 4182681,2 мың теңге қалпына келтіруге жатады), аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін 4938,1 мың теңге өтелді, 4182681,2 мың теңге қалпына келтірілді.
Бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне Зайсан ауданының аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы аудит объектілерінде бюджеттік процессті жетілдіруге және қаржылық тәртіпті жақсартуға бағытталған шаралар тиімділігінің жеткіліксіздігін көрсетеді, оны анықталған бұзушылықтардың елеулі көлемінен байқауға болады.
Аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне ұсынымдар және анықталған бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар жіберілді.