2020 жылдың 4-тоқсанында Аягөз ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Аягөз су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына және Өскемен қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Өскемен Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерді басқару тиімділігі мәселесі бойынша мемлекеттік аудит жүргізілді.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде жалпы сомасы 282 101,3 мың теңгеге қалпына келтіруге жататын бұзушылықтар, қаражаттың бюджетке түсуі кезінде 849,3 мың теңгенің бұзушылықтары, 954,2 мың теңгеге бюджеттің тікелей шығындары, 362 358,0 мың теңге негізгі құралдардың тиімсіз пайдаланылғаны, рәсімдерді орындау тәртібін бұзушылықтың 16 бірлігі және жүйелі проблемалар мен кемшіліктердің 1 бірлігі анықталды.
Қабылданған шаралармен аудиторлық іс-шара барысында бюджетке 849,3 мың теңге өтелді, есепке алу бойынша 282 101,3 мың теңге қалпына келтірілді.
Анықталған бұзушылықтар бойынша материалдар қарау және шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жіберілді.
Аудиторлық іс-шараның нәтижелерін ескере отырып, жалпы аудитпен қамтылған кезеңдегі аудит объектілерінің қызметі қанағаттанарлық деп бағаланды.