2020 жылдың 3 тоқсанында «Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерді кредиттеу және тұрғын үйді жобалау мен салуға арналған нысаналы трансферттер есебінен тұрғын үй құрылысының іске асырылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді, сонымен қатар «Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» ММ, «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының құрылыс бөлімі» ММ, «Ұлан ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-лері қарсы тексерулермен қамтылды.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша жалпы сомасы 4 832 798,0 мың теңге заңнамалық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасаудағы заңнаманы бұзушылық 711 269,8 мың теңгеге; азайтуға жататын бюджеттік қаражаттарды тиімсіз жоспарлау 1 721 373,0 мың теңге сомаға, рәсімдік бұзушылықтар — 9 бірлік және өзгелер.
Аудиторлық іс-шара барысында қабылданған шаралармен бухгалтерлік есеп бойынша 711 269,8 мың теңге қалпына келтірілді.
Аудиторлық іс-шаралар нәтижелерін есепке ала отырып, аудитпен қамтылған кезең бойынша жалпы, аудит объектісінің қызметі қанағаттандырарлықтай бағаланады.
Аудиторлық қорытындыларда берілген аудиторлық іс-шаралар нәтижелері туралы толық ақпаратпен http://revkomvko.gov.kz/page/read/Auditorskie_zaklyucheniya.html сілтемесі бойынша танысуға болады.