Баспасөз релизі

Баспасөз релизі

2020 жылғы 3-тоқсанда «ШҚО білім басқармасы» ММ-не Шығыс Қазақстан облысының білім беру объектілерінің материалдық-техникалық жабдықтауға бөлінген бюджет қаражаттарын, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық жүктеменің төмендеуіне байланысты шығындарды өтеуге бағытталған қаражаттарды пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді, соның ішінде үстеме аудитпен мынадай мекемелер қамтылды: «Білім берудегі жаңа технологиялардың Шығыс Қазақстан өңірлік орталығы» КММ, «Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК, «Ш.Уәлиханов атындағы дарынды балаларға арналған «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернаты» КММ, «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Абай колледжі» КММ, «Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училище» КМҚК, «Глубокое техникалық колледжі» КММ, «Глубокое аграрлық колледжі» КММ, КГУ «Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжі» КММ, «Өскемен қаласының психологтық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ.

Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша заңнаманы бюджетке өтелуге жататын жалпы сомасы 137,5 мың теңгеге бұзушылықтар және жалпы сомасы 10 309,0 мың теңге негізгі құралдардың тиімсіз пайдаланылғаны, рәсімдерді орындау тәртібін бұзушылықтың 4 бірлігі анықталды.

Қабылданған шаралармен аудит барысында және отырыс өткізілгенге дейін жергілікті бюджет кірісіне 137,5 мың теңге өтелді.

Аудиторлық іс-шараның нәтижелерін ескере отырып, жалпы аудитпен қамтылған кезеңде аудит объектілерінің қызметі қанағаттанарлық деп бағаланады.

Аудиторлық қорытындыларда берілген аудиторлық іс-шаралар нәтижелері туралы толық ақпаратпен http://revkomvko.gov.kz/page/read/Auditorskie_zaklyucheniya.html сілтемесі бойынша танысуға болады.