Баспасөз релизі

Баспасөз релизі

2020 жылғы 2-3 тоқсанда «ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-не, «ШҚО білім басқармасы» ММ-не мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларының іске асырылу тиімділігіне сараптау-талдамалық іс-шарасы мен мемлекеттік аудит жүргізілді, соның ішінде «Өскемен қаласының білім бөлімі» ММ, «ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ, «Жарма ауданының білім бөлімі» ММ, «Катонқарағай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ аудитпен қамтылды.

Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша бюджет қаражатын пайдалану кезінде 21477,9 мың теңгенің, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есепті жасау кезінде 4 875 131, 0 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды, 10 089, 5 мың теңгенің бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған, 26 819,1 мың теңге тиімсіз жоспарланған. Сондай-ақ 14 бірлік рәсімдерді орындау тәртібін бұзушылықтар анықталды.

Қабылданған шаралармен аудит барысында және отырыс өткізілгенге дейін жергілікті бюджет кірісіне 18 052,1 мың теңге өтелді (өтелуге жататын соманың 84%), бухгалтерлік есепке алу бойынша 4 799 359,07 мың теңге (98,5%) қалпына келтірілді.

Аудиторлық іс-шараның нәтижелерін ескере отырып, жалпы аудитпен қамтылған кезеңде аудит объектілерінің қызметі қанағаттанарлық деп бағаланады.

Аудиторлық қорытындыларда берілген аудиторлық іс-шаралар нәтижелері туралы толық ақпаратпен http://revkomvko.gov.kz/page/read/Auditorskie_zaklyucheniya.html сілтемесі бойынша танысуға болады.