БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Шығыс Жылу» АҚ қызметінің тиімділігіне жүргізілген аудиттің қорытындысы шығарылды

«Шығыс Жылу» АҚ жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі болып табылады.

Кәсіпорын қаржылық нәтижелердің оң динамикасын көрсетуде. Кәсіпорын 2022 жылғы шығынды қызметтен 2023 жылы, сондай-ақ 2024 жылы да табысқа шыққан. Бұл табыстың өсуі, мемлекеттік субсидиялар алу, тұтынушылар санының көбеюі есебінен мүмкін болды.

Тариф құнына қатысты деректерді қарау нәтижесінде ҚР бойынша жылумен жабдықтау қызметтері бойынша орташа тариф 8039 теңге болған кезде, Өскемен қаласында тариф 7391,69 теңгені құрайтыны анықталды, бұл орташа көрсеткіштен төмен және елдің 18 өңірінің ішінде 9-орында тұр.

Деректер қалыптасқан тариф құны республикалық орташа мәннен төмендігін және оның халық үшін қолжетімді әрі қолайлы екенін көрсетті.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша қалпына келтіруге 13 061,4 мың теңгенің және өтеуге жататын 1 132,6 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды.

Жалпы, іс-шара қорытындысы бойынша аудит объектісінің қызметі қанағаттанарлық деп бағаланды.

Негізгі анықталған бұзушылықтар – бюджет қаражаты мен активтерін тиімсіз пайдалану, кредит бойынша пайыздық мөлшерлеменің ұлғаюы салдарынан болған ықтимал шығындар, өндіріп алынбаған тұрақсыздық айыбы, сондай-ақ жеткізушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгінбеу, орындалмаған жұмыстарға актілерді төлеуге қабылдау, мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамасыз жұмыстарды орындау бойынша бұзушылықтар болып табылады.

Отырыс қорытындысы бойынша «Шығыс Жылу» АҚ-ға тиісті ұсынымдар беріліп және анықталған бұзушылықтар мен (немесе) оларға ықпал ететін себептерді,  жағдайларды жою туралы нұсқама шығарылды.