БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2025 жылғы 17 қыркүйекте Тескеру комиссиясының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің уақтылығы мен толықтығы бойынша қызмет тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарау жөніндегі кезекті отырысы аудит объектілерін шақырусыз өтті.

Жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша Катонқарағай ауданы және Самар ауданы бойынша 2 Мемлекеттік кірістер басқармасында бюджетке түсуге жататын жалпы сомасы 21 166,5 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары, 40 332,7 мың теңге бюджеттің тікелей шығындары, 24 рәсімдік бұзушылық, 4 бірлік жүйелік кемшілік анықталды, сондай-ақ салық заңнамасын бұзғаны үшін 26 әкімшілік материал қозғалды.

Отырыс қорытындысы бойынша іске асыру үшін ұсынымдар беріліп, аудиторлық қорытынды жолданды.