Мемлекеттік аудит объектілерінің 2023 жылғы тізбесіне сәйкес үстеме тексерулерді ескере отырып, 105 объектіге 17 аудиторлық және сараптау-талдамалық іс-шаралары жүргізілді, оның ішінде мемлекеттік органдар мен мекемелер - 73, квазимемлекеттік сектор субъектілері және өзге де аудит объектілері - 32.
Аудитпен 128 737 205,7 мың теңге қамтылды, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты – 73 566 968,0мың теңге, активтер – 6 898 118,2 мың теңге және республикалық бюджет қаражаты – 48 272 119,5 мың теңге. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 44 400 859,5 мың теңгені құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар - 6 186 643,8 мың теңге (13,9%), тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтері - 14 521 249,5 мың теңге (32,7%), тиімсіз жоспарлау - 23 465 795,8 мың теңге (52,8%), қаржылық есептілікті бұрмалау 227 170,4 мың теңге (0,5%). Сондай-ақ, сомасы 2 554,1 мың теңгенің бюджеттің тікелей және жанама шығындары, 587 бірлік рәсімдік, 161 бірлік жүйелік бұзушылықтар, сомасы 1 031 667,5 мың теңгенің ықтимал шығындары мен жоғалған пайдасы анықталды.
Қалпына келтіруге (өтеуге) жататын жалпы сомасы 6 395 123,3 мың теңге көлеміндегі бұзушылықтардың мерзімі жеткен 5 797 257,9 мың теңгесі (оның 220 337,8 мың теңгесі өтелді) немесе 90,7% қалпына келтірілді (өтелді).
Аудиторлық және сараптау-талдамалық іс-шаралар қорытындысы бойынша 148 адам жауапқа тартылды, оның ішінде 86 адам сомасы 24 503,2 мың теңгенің әкімшілік, 1 адам – қылмыстық, 61 адам тәртіптік жауапқа тартылды.
83 ұсыным және 50 тапсырма берілді, оның ішінде мерзімі жеткен 36 ұсынымы және 26 тапсырмасы орындалды.
Уәкілетті органдарға әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау үшін 182 аудит материалы берілді.