Мемлекеттік аудит объектілерінің 2023 жылға арналған тізбесіне сәйкес үстеме тексерулерді ескере отырып, 52 объектіге 9 аудиторлық және сараптау-талдамалық іс-шарасы (тиімділік аудиті) жүргізілді, оның ішінде 42-сі мемлекеттік органдар мен мекемелер, 10-ы квазимемлекеттік сектор субъектілері және өзге де аудит объектілері.
Аудитпен 79 202 085,2 мың теңге қамтылды, оның ішінде 37 762 602,3 мың теңгесі жергілікті бюджет қаражаты, 4 558 015,8 мың теңгесі активтер және 36 881 467,1 мың теңгесі республикалық бюджет қаражаты.
Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 31 513 851,7 мың теңге, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 4 131 025,2 мың теңге (13,1%), тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтері – 10 379 957,9 мың теңге (32,9%), тиімсіз жоспарлау – 17 002 868,6 мың теңге (54,0%). Сондай-ақ сомасы 2 554,1 мың теңге бюджеттің тікелей және жанама шығындары, 319 бірлік рәсімдік бұзушылық, 93 бірлік жүйелік бұзушылық, сомасы 143 449,1 мың теңге ықтимал шығындар мен жоғалған пайда анықталды.
Көлемі 4 131 025,2 мың теңге қалпына келтіруге (өтеуге) жататын бұзушылықтардың жалпы сомасының – 3 683 010,5 мың теңгесі (оның ішінде 153 389,5 мың теңгесі өтелді) немесе 89,2% қалпына келтірілді (өтелді).
Аудиторлық және сараптау-талдамалық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 71 адам, оның ішінде 42 адам сомасы 10 232,2 мың теңгенің әкімшілік, 29 адам тәртіптік жауапқа тартылды.
48 ұсыным және 27 тапсырма берілді, оның ішінде 28 ұсынымы және 18 тапсырмасы орындалды.
Уәкілетті органдарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау үшін 77 аудит материалы жіберілді.