2023 ЖЫЛҒЫ 1-ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТАҒЫ АУДИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ САРАПТАУ-ТАЛДАМАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2023 жылға арналған тізбесіне сәйкес үстеме тексерулерді ескере отырып, 25 объектіге 7 аудиторлық және сараптау-талдамалық іс-шара (тиімділік аудиті) жүргізілді, оның ішінде 19-ы мемлекеттік орган мен мекеме, 6-ы квазимемлекеттік сектор субъектісі және аудиттің өзге объектілері.

Аудитпен 41 743 987,4 мың теңге қамтылды, оның ішінде 21 534 250,9 мың теңгесі жергілікті бюджет қаражаты, 4 292 714,4 мың теңгесі активтер және 15 917 022,1 мың теңгесі республикалық бюджет қаражаты.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 8 704 857,1 мың теңгені құрады, оның ішінде 2 902 973,2 мың теңгесі (33,4%) қаржылық бұзушылықтар, 3 694 011,7 мың теңгесі (42,4%) тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтері, 2 107 872,2 мың теңгесі (24,2%) тиімсіз жоспарлау.
Сондай-ақ 2 554,1 мың теңге сомасында бюджеттің тікелей және жанама шығындары, 164 бірлік рәсімдік бұзушылық, 69 бірлік жүйелік бұзушылық, сомасы 61 951,3 мың теңгенің ықтимал шығындары мен жоғалған пайдасы анықталды.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасынан қалпына келтіруге (өтеуге) жататын 2 902 973,2 мың теңге көлемінің мерзімі жеткен 2 865 284,2 мың теңгесі (оның ішінде 98 439,8 мың теңгесі өтелді) немесе 98,7%-ы қалпына келтірілді (өтелді).

Аудиторлық және сараптау-талдамалық іс-шаралар қорытындысы бойынша 40 адам, оның ішінде 5 314,2 мың теңге сомаға 27 адам әкімшілік, 13 адам тәртіптік жауапқа тартылды.

39 ұсыным және 7 тапсырма берілді, оның ішінде 10 ұсыным және 5 тапсырма орындалды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау үшін уәкілетті органдарға 44 аудит материалы берілді. 

 20.07.2023
Дата публикации
21 февраля 2024