2023 ЖЫЛДЫҢ 1-ТОҚСАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2023 жылдың 1-тоқсанында үстеме тексерулерді қоса есептегенде 5 объектіге 1 аудиторлық іс-шара (тиімділік аудиті) аяқталды, оның ішінде 4 мемлекеттік органдар мен мекемелер және 1 квазимемлекеттік сектор субъектісі.

Аудитпен 18 404 572,7 мың теңге қамтылды, оның ішінде 7 006 531,5 мың теңгесі жергілікті бюджет қаражаты және 11 398 041,2 мың теңгесі республикалық бюджет қаражаты. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 2 381 470,7 мың теңгені құрады, оның ішінде 38 818,9 мың теңгесі (1,6%) қаржылық бұзушылықтар, 1 928 725,0 мың теңгесі (81,0%) тиімсіз жоспарлау, 413 926,8 мың теңгесі (17,4%) тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты. Сондай-ақ, 12 бірлік рәсімдік бұзушылық, 15 бірлік жүйелік кемшілік анықталды.

Қалпына келтіруге (өтеуге) жататын бұзушылықтардың 38 818,9 мың теңге көлеміндегі жалпы соманың мерзімі жеткен – 7 992,5 мың теңгесі (оның 7 992,5 мың теңгесі өтелді) немесе 20,6% қалпына келтірілді (өтелді).

Аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша 19 адам сомасы 4 351,7 мың теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2 ұсыныс және 4 тапсырма берілді, оның ішінде мерзімдері жеткен 1 ұсыныс және 2 тапсырма орындалды.

 20.04.2023
Дата публикации
21 февраля 2024