Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2022 жылы қарсы тексерулерді ескере отырып, 108 объектіде 19 аудиторлық және сараптамалық-талдау іс – шаралары (тиімділік аудиті – 17, сәйкестік аудиті – 1, қаржылық есептілік аудиті - 1) өткізілді, оның ішінде мемлекеттік органдар мен мекемелер - 81, квазимемлекеттік сектор субъектілері-27.
Аудитпен 341 720 941,6 мың теңге қамтылды, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты-214 653 086,8 мың теңге, активтер – 32 721 931,6 мың теңге және республикалық бюджет қаражаты-94 345 923,2 мың теңге. Белгіленген бұзушылықтардың жалпы сомасы 46 024 557,9 мың теңге құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 6 744 374,1 мың теңге (14,7%), тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтері – 14 041 378,2 мың теңге (30,5%), тиімсіз жоспарлау – 25 238 805,6 мың теңге (54,8%). Сондай-ақ, бюджеттің 13 123,5 мың теңге сомада тікелей және жанама шығындары анықталды, рәсімдік бұзушылықтар - 584, жүйелік бұзушылықтар – 70, ықтимал шығындардың және жіберіп алған пайданың сомасы -270 912,9 мың теңге.
Бұзушылықтардың жалпы сомасынан 6 653 219,6 мың теңге көлемінде қалпына келтіруге (өтеуге) жатады, 3 968 129,3 мың теңге (оның ішінде өтелді – 360 760,0 мың теңге) немесе 59,6% мерзімдері жетуімен қалпына келтірілді (өтелді).
Аудиторлық және сараптамалық-талдау іс – шараларының қорытындысы бойынша 182 адам жауапқа тартылды, оның ішінде қылмыстық – 1, әкімшілік – 84 адам 15 368,8 мың теңге, тәртіптік - 97 адам.
74 ұсыныс және 67 тапсырма берілді, оның ішінде 44 ұсыныс және 31 тапсырма орындалды.
Құқық қорғау органдарына лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар фактілер бойынша 8 аудит материалы берілді.