Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015-2019 жылдарға арналған перспективалық жоспары

Құрылымы

 

Кіріспе

I

Қызмет негіздері

II

Миссиясы және мақсаты

III

Ағымдағы жағдайды бағалау

 

Әдіснамалық және құқықтық негіздер

Аудиторлық қызмет

Тексеру комиссиясы шешімдерінің орындалу мониторингі

Адами капиталды басқару

Тексеру комиссиясының мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестігі

Жұртшылықпен байланыс

   Қорытынды

IV

Перспективалық жоспарды іске асыру жөніндегі  іс-шаралар жоспары

 

Кіріспе

Тексеру комиссиясының қызметін тиімді ұйымдастыру елімізде жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар жағдайында ұзақ мерзімді мақсаттарды және стратегиялық бағыттарды дұрыс белгілеумен байланысты.

Перспективалық жоспарлауды енгізу Тексеру комиссиясының миссиясын мемлекет үшін максималды пайдамен және жұртшылық үшін ашықтықпен іске асыруға деген ұмтылыстан туындап отыр.

Қазіргі кезеңдегі перспективалық жоспарлау мемлекеттік аудитті енгізуге және Қазақстан Республикасының бюджет саясатына сәйкес  мемлекеттік қаржылық бақылауды әрі қарай дамытуға көзделген.

Осы Перспективалық жоспар Тексеру комиссиясы қызметінің бес жылға арналған негізгі стартегиялық бағыттарын белгілейді.

 

I. ҚЫЗМЕТ НЕГІЗДЕРІ

Тексеру комиссиясы жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Тексеру комиссиясының негізгі міндеттері мыналар:

- жергілікті деңгейде жергілікті бюджеттердің атқарылуына және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражаттарын және мемлекет активтерін пайдалануына сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру;

- жергілікті бюджеттерді атқару, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражаттарын және мемлекет активтерін пайдалануы салаларында Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілері талаптарының орындалуын бақылау;

- жергілікті бюджеттердің атқарылуын, аумақтарды дамыту бағдарламаларының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын талдау және бағалау болып табылады.

 

II. МИССИЯСЫ және МАҚСАТЫ

Тексеру комиссиясының миссиясы Шығыс Қазақстан облысының аумағында қаржылық тәртіпті нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет қаражаттарын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.

 

III. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ БАҒАЛАУ

Қазіргі уақытта тексеру комиссиясының қызметі мемлекеттік аудит жүйесін дамыту кезеңінде жүзеге асырылуда. Барлық мемлекеттік аудиторларды дайындау және сертификаттау жөніндегі жұмыс жүргізілді. Басқарушылық процестерді оңтайландыру үшін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік аудит органдарының бірыңғай біріктірілген ақпараттық жүйесі қалыптастырылады. Есеп комитеті тарапынан әдіснамалық үйлестіру күшейтіліп, құқықтық база әзірленді және жетілдірілуде.

Тексеру комиссиясының алдында қызмет тиімділігін арттыру бойынша жаңа міндеттер тұр.

 

Әдіснамалық және құқықтық негіздер

Мемлекеттік аудитті енгізу заңнама әзірлеуді және қолданыстағы заңнаманы, сондай-ақ әдіснамалық құжаттарды елеулі түрде қайта қарауды талап етті.

Мемлекеттік аудитті жетілдіру шеңберінде Тексеру комиссиясы Есеп комитетінің норматвитік және әдіснамалық құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныстар береді, семинарларға және Үйлестіру кеңесінің қызметіне қатысып отырады.

 

Аудиторлық қызмет

Тексеру комиссиясының аудиторлық қызметі негізгі функциялардың бірі ретінде жоспарлау кезеңінен бастап аудит нәтижелерін шығаруға және Тексеру комиссиясы қабылдаған шешімдердің орындалуын мониторингілеуге дейін жүйелендірілген. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру Есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидасын бекіту туралы» № 17-НҚ нормативтік қаулысымен (бұдан әрі Ереже) және жоспарлау кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесімен реттеледі.

Қолданыстағы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдаланудың алдын алуды қамтамасыз етуге және жергілікті бюджетті атқару процесінде болдырмауға мүмкіндік береді.

 

Тексеру комиссиясы шешімдерінің орындалу мониторингі

Тексеру комиссиясы жүргізетін аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша тиісті ұйымдар және лауазымды адамдар орындауға міндетті аудиторлық қорытындылар және нұсқамалар түріндегі шешімдер қабылданады.

Олар көпшілік жағдайда ұсыныс сипатына ие және жүйелі, соның ішінде аудит объектісінің қызметін ұйымдастырумен және заңнаманың олқы тұстарымен байланысты проблемаларды және кемшіліктерді шешуге бағытталмаған.

Нәтижесінде жекелеген мемлекеттік органдар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жылдан жылға бір бұзушылықтарды қайталайды, бюджеттік заңнаманы бұзушылықтар себептерін жоюда селқостыққа жол береді.

 

Адами капиталды басқару

Тексеру комиссиясының кадрлық құрамы экономиканың түрлі салаларының мамандарынан құралған.

Сондай-ақ, Тексеру комиссиясының қызметшілері  заңнаманың серпінді өзгеріп отыруы жағдайында өздерінің дайындық деңгейін тұрақты арттыруды және практикалық дағдыларын қалыптастыруды қажет етеді.

Мемлекеттік аудит туралы заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттік аудит біліктілігін алуға үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі Ұлттық комиссияда әңгімелесуден нәтижелі өткен жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің мемлекеттік аудитор сертификаты бар.

Сонымен бірге, Тексеру комиссиясына жұмыс істеп жүрген қызметкерлер біліктілігін арттырудың тұтас жүйесін дайындау және халықаралық стандарттар талаптарына жауап беретін кәсібилігі жоғары кадрларды іріктеу жөніндегі жұмысты уақтылы өткізу қажет.

 

Тексеру комиссиясының мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестігі

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Тексеру комиссиясы есепті кезеңдегі өз жұмысы туралы  ақпаратты ұсыну, параллель (бірлескен) тексерулер жүргізу арқылы Есеп комитетімен; мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылатын жыл сайынғы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсыну арқылы тиісті әкімшілік аумақтық бірліктер мәслихаттарымен өзара әрекеттестікті жүзеге асырады.

Өз қызметтерінде олардың қайталануын болдырмау үшін Тексеру комиссиясы тиісті қаржылық жылға арналған мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің жобаларын қалыптастыру тәртібін белгілейтін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзара әрекеттесті қағидасына сәйкес бекітілген тізбелерді және аудит нәтижелерін Есеп комитетімен, ШҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен алмасуды жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Қағидаға сәйкес прокуратура органдарымен, құқық қорғау органдарымен және әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдармен өзара әрекеттестік жүзеге асырылады.

 

Жұртшылықпен байланыс

Ашықтық кезкелген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау (бұдан әрі – МАжҚБ) органы жұмысының негізін қалаушы болып табылады, ол жұртшылықтың бюджет қаражаттарын пайдалану және мемлекет мүлкін басқару бойынша сыртқы тәуелсіз бағалауды алуын қамтамасыз етеді.

Тексеру комиссиясы аудиторлық іс-шаралар қорытындыларын, жергілікті бюджеттің атқарылуына жүргізілетін жыл сайынғы бағалау нәтижелерін жария ету бойынша белсенділік таныту керек. Бұл мақсатта тексеру комиссиясының меншікті веб-сайты әзірленіп, онда аудиторлық, сараптау-талдамалық қызмет туралы айдарлар тұрақты жұмыс істейді және жаңартылып тұрады, отырыстарды өткізу қорытындылары жарияланады, сонымен қатар қызмет нәтижелері облыстық мерзімді баспаларда жарияланады.


 

Қорытынды

Преспективалық жоспарды іске асыру жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды тиімді жоспарланған және сапалы деңгейде жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ Тексеру комиссиясының сараптау-талдамалық және аудиторлық қызметін жүргізудің айқындылығын қамтамасыз етеді.

Перспективалық жоспар Тексеру комиссиясының алдағы жылдық жоспарларын әзірлеуге негіз болады.

 

 

 

2015-2019  жылдарға арналған перспективалық жоспар ШҚО бойынша тексеру комиссиясының перспективалық жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

№ п/п

Негізгі міндеттер

Іс-шаралар

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Аяқталу нысаны

1

2

3

4

5

6

1. Сыртқы мемлекеттік бақылау жүйесін дамытуға мемлекеттік аудитті енгізу

Құқықтық негіз

1.

Сыртқы мемлекеттік аудитті дамыту

1. тексеру комиссиясының Есеп комитетінің нормативтік және әдіснамалық құжаттарын әзірлеуге қатысуы (ұсыныстар беру)

ТК мүшелері, тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелері

2015-2019 жылдар

Есеп комитетіне ақпарат

2.мемлекеттік аудит саласында қабылданған нормативтік және әдіснамалық құжаттарды түсіндіру бойынша семинарларға қатысу, техникалық оқу өткізу

ТК мүшелері, тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелері

2015 -2019 жылдар

Семинарлар, техникалық оқулар

3.консультациялар беру, Есеп комитетімен, тексеру комиссияларымен тәжірибе алмасу, тағылымдамаларға қатысу

тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелері

Қажеттілікке қарай

Тағылымдамалар

4.Үйлестіру кеңесінің қызметіне қатысу  (материалдар, ақпараттар, ұсыныстар дайындау)

ТК мүшелері, тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелері

Жұмыс жоспарына сәйкес

Үйлестіру кеңесінің отырысы

Тексеру комиссиясының жоспарлау-талдамалық қызметі

2.

Аудиторлық қызметті жоспарлауды жетілдіру

1.ТБЖ қажетті дәректермен толтыруды қамтамасыз ету

ТЖжМБ

2015-2019 годы

Актуалдандырылған ТБЖ

2. мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының ТБЖ арналған бірыңғай қағидаттары мен тәсілдемелерін пайдалану (Есеп комитетінің ТБЖ бойынша нұсқаулығы)

ТК мүшелері, ТЖжМБ

Тұрақты негізде

Актуалдандырылған ТБЖ

3.мемлекеттік аудиттің бірыңғай ақпараттық базасын енгізу

ТК қызметкерлері

2015-2017 жылдар

Аудит объектілері және аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша БДБ

3

Басымдық бағыттар бойынша жоспарлауды қамтамасыз ету

1.Мемлекет басшысының жолдауларын, оның ресми мәлімдемелерін, өңірдің бағдарламалық құжаттарын, Есеп комитетінің тапсырмаларын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер мәслихаттарының ұсыныстарын мониторингілеу

ТК мүшелері, ТЖжМБ

2015-2019 жылдар қажеттілікке қарай

Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі

2. Облыстың жергілікті атқарушы органдарының шоғырландырылған есептілігіне жыл сайынғы талдау жүргізу

ТК мүшелері, тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелері

2015-2019 жылдар

Облыс өңірлерінің жергілікті атқарушы органының есебіне қорытынды

Аудиторлық қызмет

4

Сыртқы мемлекеттік аудитке көшу

1.халықаралық стандарттарға сәйкес түрлері, үлгілері бойынша аудит жүргізу

2.аудиттің басымдық тақырыптарын бағалау және саралау негізінде анықтау бойынша тиімділік аудитін жүргізу  (қосымшаға сәйкес)

Мемлекеттік аудиторлар

2015-2019 жылдар

 

2017-2019 жылдар

Аудиторлық есеп

5

Аудиторлық іс-шаралардың сапасын және нәтижелілігін арттыру

3. Аудит материалдары бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді зерделеу және қарау

Аудиторлық блок бөлімдерінің басшылары, мемлекеттік аудиторлар

2015-2019 жылдар

Техникалық оқу

4.Аудиторлық іс-шараларды автоматтандырылған ақпараттық жүйенің көмегімен өткізу

Мемлекеттік аудиторлар

2015-2019 жылдар

«Бақылау» ақпараттық жүйесі

5.мемлекеттік аудиторлар қызметінің нәтижелерін талдау және мониторингілеу

ТЖжМБ

2015-2019 жылдар

ақпарат

(анықтама)

6.аудиторлық іс-шараларды жоспарлауды мемлекеттік аудиторлардың жүктемелеріне қарай жүзеге асыру

ТК мүшелері, аудиторлық блок құрылымдық бөлімшелерінің басшылары

2015-2019 жылдар

Аудиторлық іс-шаралар тізбесі

7. Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің қызметіне бағалау жүргізу

ТК мүшелері, аппарат басшысы, құрылымдық бөлімшелер басшылары

2015-2019 жылдар

бағалау

Сараптау-талдамалық қызмет

6

Аудиторлық, сараптамалық іс-шаралардың әдіснамалық, құқықтық базасын, ҚР бюджеттік және өзге заңнамасын жетілдіру

Тиісті ұсыныстар енгізу арқылы ҚР Есеп комитетінің нормативтік актілерін, ҚР заңнамасын әзірлеуге қатысу

ТК мүшелері, аппарат басшысы, құрылымдық бөлімшелер басшылары

қажеттілікке қарай

Ұсыныстар

7

Басқару жүйесі бойынша  және  жергілікті атқарушы органдар есептерін қалыптастыру кезінде анықталған бұзушылықтарды және кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар сапасын арттыру.

Атқарушы органдарға жергілікті бюджеттердің атқарылуын бағалау бойынша ұсыныстар

ТК мүшелері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары

2015-2019 жылдар

Жергілікті атқарушы органдар есептеріне қорытындылар

Тексеру комиссиясы шешімдерінің орындалу мониторингі, ішкі бақылау

8

Шешімдердің орындалуына бақылау жүргізу

1.Тексеру комиссиясының аудит объектілері бойынша шешімдерін есепке алу, мониторингілеу

ТК мүшелері, ТЖжМБ

2015-2019 жылдар

Талдамалық ақпарат

2.Тексеру комиссиясының отырысында шешімдердің орындалуы жөніндегі ақпаратты қарау

ТК мүшелері

2015-2019 жылдар

Отырыс хаттамасы

3. мемлекеттік аудит объектісіне қатысты оның Нұсқама тармақтарын белгіленген мерзімде орындамағаны немесе тиісті деңгейде орындамағаны үшін әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау

ТК мүшелері, СПжҚЖБ

2015-2019 жылдар

хаттама

9

Тексеру комиссиясына жүктелген функциялардың орындалу сапасы

Құрылымдық бөлімшелерге жүргізілген ішкі бақылау қорытындылары бойынша ұсыныстар дайындау

Аппарат басшысы,  СПжҚЖБ

2017-2019 жылдар

ұсыныстар

Адами капиталды басқару

10

Мамандарды мемлекеттік аудит талаптарына сәйкес қайта дайындау және біліктілігін арттыру

Мамандардың кадрларды оқыту, біліктілікті арттыру және дайындау бағдарламаларына қатысуы

Персоналды басқару қызметі

2015-2019 жылдар

Жоспарға сәйкес

сертификат

11

Халықаралық стандарттар талаптарына жауап беретін кәсібилігі жоғары кадрларды іріктеу

Жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің кадрлық құрамын талдау

ТК персоналды басқару қызметі

2015-2019 жылдар

ақпарат

Бос лауазымдарды толықтыру бойынша конкурстық процедуралар өткізу

ТК персоналды басқару қызметі

2015-2019 жылдар

Тағайындау туралы бұйрық

12

Тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл

1.сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру

Әдеп бойынша уәкілетті тұлға, персоналды басқару қызметі

2015-2019 жылдар

техоқу, семинарлар

2. «сенім телефоны» жедел желісінің жұмысын қамтамасыз ету

ҰҚБ

2015-2019 жылдар

Тіркеу журналы

Тексеру комиссиясының мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестігі

13

Аудиторлық іс-шараларды жоспарлауда өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету

1.аудит бағыттарын және объектілерін іріктеу бойынша келісімдеу іс-шараларын жүргізу

ТЖжМБ

2015-2019 жылдар

согласование

2. мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесімен алмасуы

ТЖжМБ

2015-2019 годы

тізбе

3.Өзгертілген, түзетілген кезде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесімен алмасуды жүзеге асыруы

ТЖжМБ

2015-2019 жылдар

Мониторинг

14

Аудиторлық, сараптау-талдамалық іс-шаралар қорытындаларын құқық қорғау органдарының отырыстарында қарау

1.Тексеру қорытындыларын облыстың тиісті мәслихаттарына ұсыну

ТК мүшелері

2015-2019 жылдар

ұсыныстар

2. мәслихаттар сессиясында мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылатын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну

ТК төрағасы, мүшелері

2015-2019 жылдар

Сессия шешімі

15

Қадағалау, құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттестікті нығайту

1.Үйлестіру кеңесінің отырыстарына қатысу

Төраға

2015-2019 жылдар

отырыстар

2.Тексеру комиссиясы табыс еткен материалдар бойынша құқық қорғау органдары қабылдаған шешімдер бойынша салыстырып тексеруді ұйымдастыру

СПжҚЖБ

2015-2019 жылдар

Салыстырып тексеру актісі

16

Тексеру комиссиясы қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру

1.дөңгелек үстелдер өткізу, аудиторлық, талдамалық іс-шаралар қорытындысы бойынша БАҚ-та, тексеру комиссиясының интернет ресурсында жарияланымдарды жүзеге асыру

ТК мүшелері, ТЖжМБ және ҰҚБ

2015-2019 жылдар

Жарияланымдар, сөйлеген сөздер

2.тексеру комисссиясының елеулі отырыстарына БАҚ өкілдерін шақыру

ҰҚБ

2015-2019 жылдар

қажеттілікке қарай

Кездесулер, отырыстар

 

Аббревиатуралардың таратылып жазылуы

ТК – тексеру комиссисы

ТЖжМБ – талдау, жоспарлау және мониторинг бөлімі

СПжҚЖБ – сапаны бақылау және құқықтық жұмыс бөлімі

ҰҚБ – ұйымдастыру-қаржы бөлімі

БДБ – бірыңғай деректер базасы

ТБЖ – тәуекелдерді басқару жүйесі

Мақаланы құрған күні 28.01.2020 15:28
Дата публикации
21 февраля 2024