1-ТАРАУ. Жалпы ережелер
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының осы Регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, «Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы
2 мамырдағы N 67 Жарлығына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы
30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – МАҚБ қағидалары) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясына (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау процесінде оның қызметінің ішкі тәртібін реттейді.
Тексеру комиссиясында қызметті ұйымдастыру, іс қағаздарын жүргізу «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Тіл туралы заң) сәйкес жүзеге асырылады.
Тексеру комиссиясының Тіл туралы заң талаптарының қамтамасыз етілуін бақылауды және мониторингілеуді құжат айналымын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.
2-ТАРАУ. Тексеру комиссиясының жұмысын ұйымдастыру
- Тексеру комиссиясы аппаратының құрылымы бекітілген штат саны мен облыстық бюджетте көзделген қаражат шегінде Тексеру комиссиясы Төрағасының (бұдан әрі - Төраға) бұйрығымен бекітіледі.
- Құрылымдық бөлімшелердің негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері Төрағаның бұйрығымен бекітілетін ережелермен белгіленеді.
- Жұмыстың тиімділігі мен жұмысты бөлу мақсатында Тексеру комиссиясының мүшелеріне Төрағаның бұйрығымен аудиторлық, сараптау-талдамалық қызметтің тиісті бағыттары, құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру және бақылау бекітіліп беріледі.
- Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері біліктілік талаптарымен айқындалады және Төрағаның бұйрығымен бекітілетін лауазымдық нұсқаулықтармен бекітіледі.
- Мемлекеттік қызметті өткеру кезінде лауазымдарға тағайындау, орнын ауыстыру, жұмыстан босату, тексеру комиссиясының қызметкерлеріне демалыс беру төрағаның шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
- Тексеру комиссиясының қызметкерлерін көтермелеу Төрағаның бұйрығы негізінде сыйлықақы беру туралы қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
- Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3-ТАРАУ. Тексеру комиссиясының қызметін жоспарлау
- Тексеру комиссиясы өз қызметін перспективалық жоспардың, жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарлардың, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің оларды іске асыру үшін әзірлеген тоқсандық жұмыс жоспарларының негізінде жүзеге асырады.
- Перспективалық жоспар Тексеру комиссиясын одан әрі дамытудың ұзақ мерзімді міндеттерін, стратегиялық мақсаттары мен түйінді көрсеткіштерін анықтау мақсатында әзірленеді.
- Перспективалық жоспар Тексеру комиссиясы қызметінің бағыттары (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, сараптау-талдамалық, құқықтық қызмет, адами ресурстарды басқару, ақпараттық жүйені дамыту, мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен өзара іс-қимыл және басқа да бағыттар) ескеріле отырып, бес жылға қалыптастырылады.
- Тексеру комиссиясының Перспективалық жоспарының іске асырылатын әрбір жылына Перспективалық жоспарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қалыптастырылады.
- Перспективалық жоспар жобасы мен Перспективалық жоспарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жобасына ұсыныстар жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімшеге жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 20 қазанына дейінгі мерзімде енгізіледі.
- Перспективалық жоспар Тексеру комиссиясының отырысында қаралғаннан кейін жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың
25 желтоқсанынан кешіктірілмей Төрағаның бұйрығымен бекітіледі.
- Оны орындау, жекелеген түйінді көрсеткіштерді орындау үшін жағдайлар өзгерген және Тексеру комиссиясына жаңа міндеттер мен функцияларды жүктелген кезде перспективалық жоспар жыл сайын түзетілуі мүмкін.
- Алдағы жылға арналған жылдық жұмыс жоспары Тексеру комиссиясының жоспарланып отырған кезеңге арналған ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттері мен қызмет бағыттары негізге алына отырып қалыптастырылады.
- Жылдық жұмыс жоспары осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Перспективалық жоспар, құрылымдық бөлімшелердің жұмысына жетекшілік ететін Тексеру комиссиясы мүшелерімен және аппарат басшысымен келісілген құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде әзірленеді.
Құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары (жұмыстың мазмұны мен нәтижесі, іс-шараның қажеттілігі, таңдалған шешімнің тиімділігі және жоспардың, стратегияның және НҚА мақсаттарына сәйкестігі бойынша) негізді және іс-шараны іске асыру үшін қажетті жұмыстың мазмұнын негізге ала отырып, толық тұжырымдарды, әзірленген нақты іске асыру тетіктерін және аяқталу нысанын, бірлесіп орындаушылар мен жауапты орындаушыларды қамтуы тиіс.
Жылдық жұмыс жоспарының жобасына ұсыныстар жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейінгі мерзімде құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшеге енгізіледі.
Жылдық жұмыс жоспарын Тексеру комиссиясының отырысында қаралғаннан кейін Төраға жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың
25 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.
- Жылдық жұмыс жоспарының бір тармағында аяқталу нысаны бірдей болатын біртекті іс-шараларды қосуға жол беріледі.
Іс-шаралардың аяқталу мерзімдері жылдық жұмыс жоспарында орындалу күні нақтыланбай тоқсандарда, айларда көрсетіледі. Мерзімдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген әкімшілік рәсімдерді ескере отырып, оңтайлы және жеткілікті болуы тиіс.
- Жауапты орындаушыларды көрсеткен кезде оларға жүктелген функционалдық міндеттер ескеріледі.
- Бірлесіп орындаушы ретінде Тексеру комиссиясының бірнеше құрылымдық бөлімшелерін бекітуге жол беріледі. Бұл ретте бірінші болып көрсетілген құрылымдық бөлімше жылдық жұмыс жоспарының тармағын орындау бойынша жинақтауды жүзеге асырады және осы Регламентте көзделген тәртіппен оның орындалуы жөніндегі ақпаратты (есепті) ұсынады.
Тексеру комиссиясының жылдық жұмыс жоспарында іс-шараларды орындау бірнеше құрылымдық бөлімшелерге жүктелген жағдайда «Жауапты орындаулар» бағанында Тексеру комиссиясының басқа құрылымдық бөлімшелерінде бірлесіп орындаушылардың бар екендігі туралы белгі қойылады.
Жинақтаушы болып табылмайтын бірлесіп орындаушылар үшін
іс-шараларды іске асыру мерзімдері негізгі орындаушының мерзімдері ескеріле отырып, бірақ негізгі орындаушы үшін орындау мерзімінің алдындағы күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей белгіленеді.
- Жылдық жұмыс жоспарының және перспективалық жоспардың кезеңдері мен мерзімдерін, атауларын (тақырыптарын), іс-шаралардың аяқталу нысандарын нақтылау және регламенттеу Төраға бекітетін Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің тоқсандық жұмыс жоспарларында көрсетіледі.
- Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің тоқсандық жұмыс жоспарлары осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жылдық және перспективалық жоспарларға сәйкес қалыптастырылады.
Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің тоқсандық жұмыс жоспарларында іс-шараларды, олардың нәтижесін бағалауға мүмкіндік бермейтін дерексіз сипаттаманың түйінді көрсеткіштерін көрсетуге жол берілмейді.
Іс-шаралардың орындалу мерзімі айлармен немесе нақтыланған күнтізбелік күні көрсетіле отырып көрсетіледі.
- Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшесінің тоқсандық жұмыс жоспарында көзделген іс-шаралардың жауапты орындаушысы болып тиісті құрылымдық бөлімшенің қызметкері дербес белгіленеді.
- Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшесінің тоқсандық жұмыс жоспарларына оның басшысы қол қояды, бөлімше жұмысына жетекшілік ететін Тексеру комиссиясының мүшелерімен және аппарат басшысымен келісіледі және жоспарланған кезеңнің алдындағы айдың 30-нан кешіктірілмей Төрағаға бекітуге енгізіледі.
- Тексеру комиссиясының жылдық жұмыс жоспарының, құрылымдық бөлімшелердің тоқсандық жұмыс жоспарларының электрондық нұсқаларын жауапты орындаушы оларды әрі қарай тіркеу және құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше бақылауға қоюы үшін Documentolog ақпараттық жүйесі жүйесінің (бұдан әрі – Documentolog/БҚА АЖ) тиісті қосымша қалтасына салады.
- Жоспарлар тармақтарының (іс-шараларының) орындалу барысы мен қорытындылары туралы ақпарат (қызметтік хаттар, есептер және басқа да деректер) Documentolog/БҚА АЖ -да қалыптастырылады.
- Жылдық жұмыс жоспарының орындалуы туралы есептерді олардың жұмысына жетекшілік ететін тексеру комиссиясы мүшелерінің келісімімен құрылымдық бөлімшелердің басшылары құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшеге жинақтау үшін есеп беруден кейінгі жылдың
10 қаңтарынан кешіктірмей енгізеді.
- Перспективалық жоспардың орындалуы бойынша есеп жылдық негізде жүзеге асырылады. Жауапты орындаушылар оның орындалуы жөніндегі ақпаратты есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшеге енгізеді. Аппарат басшысы қол қойған және мүшелер мен құрылымдық бөлімшелер басшылары бұрыштама қойған есеп 20 қаңтардан кешіктірілмейтін мерзімде Төрағаға қарауға ұсынылады.
- Құрылымдық бөлімшелердің тоқсандық жұмыс жоспарларының орындалуы жөніндегі ақпарат құрылымдық бөлімшелер жұмысына жетекшілік ететін Тексеру комиссиясының мүшелерімен және аппарат басшысымен келісіледі және есепті айдан кейінгі айдың 10-нан кешіктірілмей Төрағаға ұсынылады.
- Тексеру комиссиясының жұмыс жоспарларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімді Төраға тиісті іс-шараның жауапты орындаушысы болып табылатын құрылымдық бөлімшенің басшысы ұсынған қызметтік хаттың негізінде жетекшілік ететін мүшемен және аппарат басшысымен келісілгеннен кейін қабылдайды.
- Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің тоқсандық жұмыс жоспарларының уақтылы орындалуына, өзектендірілуіне бақылауды олардың басшылары жүзеге асырады.
4-ТАРАУ. Тексеру комиссиясының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу тәртібі
1-параграф. Тексеру комиссиясының тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру, келісу және бекіту
- Тексеру комиссиясының тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру МАҚБ қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
- Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудит объектілерінің тәуекелдерін бағалауды және қосымша көздерден алынған деректерді ескере отырып, мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің жобасын (бұдан әрі – Тізбенің жобасы) қалыптастырады және жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей Тексеру комиссиясының мүшелеріне жібереді.
- Тексеру комиссиясының мүшелері мемлекеттік аудитті жоспарлауға және жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, таңдалған мемлекеттік аудит объектілерінің және мемлекеттік аудитпен қамтылатын бюджет қаражаты мен активтерінің болжамды көлемдерінің, аудиторлық іс-шаралардың атауларын, мемлекеттік аудиттің түрлері мен тексеру түрлерін, аудиторлық іс-шараның әрбір кезеңін өткізу мерзімдерін, сондай-ақ қажетті мемлекеттік аудиторлар санын, ассистенттер мен сарапшыларды тарту қажеттілігін ескере отырып, тізбенің жобасын қарайды.
- Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше Тексеру комиссиясының мүшелерімен бірлесіп аудиторлық іс-шараны өткізу мерзімінің нормативін есептеуді жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттік аудит объектілеріне алдын ала зерделеу жүргізу мерзімі аудиторлық іс-шараны өткізу мерзімінің кемінде үштен бірін құрайды.
- Тексеру комиссиясының мүшелері жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімшемен бірлесіп, Жоғары аудиторлық палата және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүзеге асыратын бірлескен, қатарлас тексерулер жүргізу мәселелерін оларды мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінің жобасына енгізу үшін жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың
10 қарашасына дейін келіседі.
- Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 5 желтоқсанына дейінгі мерзімде мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің алдын ала жобасын Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі) жібереді.
- Тізбенің алдын ала жобасын қарау кезінде жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше басшысының баяндамасы тыңдалады.
- Тізбенің келісілген жобасы жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейін Тексеру комиссиясының отырысында қаралады және мақұлданады.
2-параграф. Тексеру комиссиясының Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу, Тізбені мүдделі органдарға жіберу және оны орналастыру
- Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін және (немесе) оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы бұйрықты бекіту туралы бұйрық тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше Documentolog/БҚА АЖ арқылы және (немесе) жазбаша түрде пошта арқылы оларды Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына, Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жіберуді жүзеге асырады.
- Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше бекітілген және өзгерістер (толықтырулар) енгізілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Тексеру комиссиясының Интернет-ресурсына Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін орналастыруды жүзеге асырады.
- Аудиторлық іс-шаралардың қайталануын болдырмау мақсатында жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше тұрақты негізде Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының және Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелеріндегі өзгерістерге мониторинг жүргізеді.
- Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшемен бірлесіп аудиторлық іс-шаралардың аяқталуын ескере отырып, отырыстарды өткізудің жылдық жоспарын қалыптастырады.
Отырыстарды өткізудің жылдық жоспары Тексеру комиссиясының мүшелерімен келісуді ескере отырып, Тексеру комиссиясының төрағасына бекітуге енгізіледі.
- Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше есепті кезеңнің қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясының Төрағасына тоқсан сайын мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінің іске асырылуы туралы ақпаратты ұсынады.
- Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер Заңның
18-бабының 2-тармағына және МАҚБ қағидаларына сәйкес енгізіледі.
- Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының ұсынысы бойынша жоспарлауға және сапаны бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелер басшыларының, сондай-ақ Тексеру комиссиясының аппарат басшысының келісімімен МАҚБ қағидаларына сәйкес жасалған аудиторлық іс-шараны жүргізуге арналған өтінім, сондай-ақ өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негізділігін растайтын құжаттар (материалдар) қоса беріле отырып, аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясы мүшесінің қызметтік хатының негізінде енгізіледі.
3-параграф. Жеке мемлекеттік аудитті жоспарлау және жүргізу
3.1. Мемлекеттік аудит тобын қалыптастыру
- Мемлекеттік аудит тобын қалыптастыруды Төраға Тексеру комиссиясының аппарат басшысының мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты Тексеру комиссиясының мүшесімен және құрылымдық бөлімшелер басшыларымен келісілген қызметтік жазбасы негізінде жүзеге асырады.
- Мемлекеттік аудит тобының құрамына мемлекеттік аудит тобының жетекшісі, мемлекеттік аудиторлар және (немесе) мемлекеттік аудитордың (аудиторлардың) ассистенті (бұдан әрі - ассистент), сондай-ақ тартылған жағдайда мемлекеттік органдардың мамандары, сарапшылар, мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдар (бұдан әрі - сарапшы) кіреді.
Мемлекеттік аудит тобының құрамына Тексеру комиссиясы мүшесінің (мүшелерінің) қатысуына жол беріледі, бұл ретте аудиторлық іс-шараны өткізуге арналған тапсырмаға аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесі қол қояды.
- Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы мемлекеттік аудит тобына аудиторлық іс-шараның барлық кезеңдерінде құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асыратын қызметкерді бекітеді және мемлекеттік аудит тобы басшысының, мемлекеттік аудиторлардың жазбаша сауалдарына (электрондық пошта, Documentolog/БҚА АЖ бойынша немесе Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының интеграцияланған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - ЖАП ИАЖ)) жүргізілетін мемлекеттік аудит мәселелері бойынша бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталған кезде заңнаманы қолдану бойынша жазбаша консультацияларды ұсынады. Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің жазбаша консультациялары қойылған мәселелер шеңберінде және ұсынылған құжаттар көлемі шегінде ғана көрсетіледі.
- Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері аудиторлық іс-шараға тікелей қатысқан жағдайда, ол аудит барысында құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асырады. Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің құқықтық сүйемелдеу жүргізу үшін қатысуы (шығуы) құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының ұсынысы бойынша аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясы мүшесінің қолы қойылып, Төрағаның атына жазылған қызметтік хат негізінде жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік аудиторлар аудит жүргізу процесінде мемлекеттік аудит тобының жетекшісін аудиторлық іс-шара шеңберінде жүргізілген жұмыс туралы хабардар етеді.
- Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі мемлекеттік аудиторлардың жұмысын үйлестіреді, аудиторлық іс-шара процесінде туындайтын проблемалық мәселелерді шешеді.
- Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі аппарат басшысын, мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты Тексеру комиссиясының мүшесін және құрылымдық бөлімше басшысын мемлекеттік аудит жүргізу барысында мемлекеттік аудиторлардың, аудиторлық іс-шараға қатысқан сарапшылардың қызметтік міндеттерін орындамау жағдайлары және мемлекеттік қызметшілердің атқарушылық, еңбек тәртібін бұзу, қызметтік әдепті сақтамау фактілері туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
- Тексеру комиссиясының аппарат басшысы шаралар қабылдау үшін Төрағаға көрсетілген фактілер туралы жазбаша түрде хабарлайды.
3.2. Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу
- Мемлекеттік аудит объектілерінің қызметін алдын ала зерделеуді мемлекеттік аудит тобы мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде көзделген мерзімдерде және МАҚБ қағидаларында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
- Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу қорытындылары бойынша, тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі Төрағаның атына аппарат басшысымен, мемлекеттік аудитті жүргізуге, жоспарлауға және сапаны бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен келісілген қызметтік хатты енгізген жағдайда, мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне МАҚБ қағидаларында көзделген негіздер бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
- Осы Регламенттің 56-тармағында көзделген қызметтік хатты қарау қорытындылары бойынша Төраға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды.
3.3. Аудит бағдарламасын және Тапсырмаларды жасау
- Мемлекеттік аудит тобы мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу негізінде мемлекеттік аудит нәтижелерін тануды (мойындамауды) ескере отырып, МАҚБ қағидаларына сәйкес аудит бағдарламасын жасайды.
- Аудиторлық іс-шара жүргізу үшін мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес МАҚБ қағидаларына сәйкес жасалған және аудиторлық
іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесі қол қойған аудиторлық
іс-шара жүргізуге арналған тапсырманың болуы негіз болып табылады. Әрбір мемлекеттік аудит объектісіне жеке тапсырма ресімделеді.
- Аудиторлық іс-шара жүргізуге тапсырма және Үстеме (бірлескен, қатар) тексеру жүргізуге тапсырма МАҚБ қағидаларына сәйкес жасалады.
- Сапа бақылауын жүргізу мақсатында мемлекеттік аудит тобының жетекшісі аудит объектісіне шыққанға дейін сегіз жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының қолы қойылған:
1) мемлекеттік аудит нәтижелерін және тану тану қорытындылары бойынша сараптамалық қорытындыны және тану жүргізілген материалдарды (тану рәсімі жүргізілген жағдайда) қоса бере отырып, мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу нәтижелері туралы ақпаратты;
2) Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда қызметтік хаттың жобасын;
3) Аудит бағдарламасының жобасын;
4) есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы №5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкес жасалған аудиторлық іс-шараның жобалық матрицасын сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге ұсынады.
- Аудит бағдарламасы және Тапсырмалар, мемлекеттік аудит нәтижелерін тану қорытындылары бойынша сараптамалық қорытынды (бар болса) Documentolog/БҚА АЖ немесе ЖАП ИАЖ-да қалыптастырылады.
- Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше Аудит бағдарламасының жобасы бойынша үш жұмыс күні ішінде Заңның 24-бабына сәйкес Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) 750. Сапа бақылауын жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында (бұдан әрі – 750. Рәсімдік стандарт), сондай-ақ оны қолдану жөніндегі әдіснамалық нұсқаулықта белгіленген тәртіппен сапа бақылауын жүргізеді.
- Мемлекеттік аудит тобының басшысы аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңіне дейін төрт жұмыс күні бұрын аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесіне алдын ала зерделеу нәтижелері туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік аудит жүргізуге және сапаны бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен келісілген аудит бағдарламасының жобасын енгізеді.
Аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясы мүшесінің ескертулері мен ұсыныстарын мемлекеттік аудит тобы жұмыс тәртібімен пысықтайды.
- Аудиторлық іс-шараға шыққанға дейін (негізгі кезең):
1) Тексеру комиссиясының аппарат басшысы мемлекеттік аудит объектілері бойынша мемлекеттік аудит тобының қатысушылары жасап, мемлекеттік аудиторлар, мемлекеттік аудит тобының жетекшісі, мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қойған, сондай-ақ жоспарлауға, сапаны бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен келісілген аудит бағдарламасын Тексеру комиссиясының мүшесіне бекітуге үш жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді;
2) аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесі мемлекеттік аудит тобының қатысушылары жасап, мемлекеттік аудит тобының жеткшісі, мемлекеттік аудит жүргізуге, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелер басшылары бұрыштама қойған тапсырмаларға екі жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды.
- Ресурстарды ұтымды пайдалану үшін мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік аудит объектісінде болу мерзімі Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде көзделген аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңі мерзімінің 70%-нан аспайтын мерзімде болуы керек.
- Осы Регламенттің 65-тармағында көрсетілген құжаттарға қол қойылғаннан кейін Тексеру комиссиясының жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімшесі бір тіркеу нөмірімен Аудит бағдарламасы мен Тапсырмаларды тіркейді.
- Тіркеу нөмірлері күнтізбелік жылдың басынан бастап мынадай мәндері көрсетіле отырып беріледі:
N-Б - Аудит бағдарламасы;
N-П – Т – аудиторлық іс-шараны, үстеме, бірлескен және қатар тексерулерді жүргізуге тапсырма, мұндағы N - мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес аудиторлық іс-шараның реттік нөмірі, П-тапсырманың реттік нөмірі;
N-ҚТ-аудиторлық іс-шараны қайта тексеруге тапсырма.
Бір аудиторлық іс-шара шеңберінде екінші және кейінгі Тапсырмаларды тіркеу көрсетілген мәнге дефис қою арқылы реттік нөмір (-1-Т, -2-Т және т. б.) бере отырып, сол реттік нөмірмен (N) жүзеге асырылады.
- Үстеме тексеру жүргізу үшін берілген тапсырмаға мемлекеттік аудиттің негізгі объектісінде аудиторлық іс-шараны жүргізуге арналған тапсырма нөміріне бөлшек қою арқылы реттік нөмір беріледі (N-1/1-Т, N-2/1-Т және тағы сол сияқты).
Егер үстеме тексеру объектісі мемлекеттік аудит жүргізу барысында айқындалған болса, онда тапсырманы тіркеу үстеме тексеру объектісіне шыққанға дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын жүзеге асырылады.
- Аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесі мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысымен бірлесіп, аудиторлық іс-шараға (негізгі кезеңге) шыққанға дейін мемлекеттік аудит тобының қатысушыларымен техникалық оқу (нұсқамалық) өткізеді.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларының) және Есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 18-НҚ нормативтік қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 601 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12575 болып тіркелген) бірлесіп бекітілген Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында техникалық оқу (нұсқамалық) өткізуге Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі тартылады.
- Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының келісімі бойынша МАҚБ қағидаларына сәйкес аудиторлық іс-шара жүргізу туралы хабарламаны дайындайды және аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясы мүшесінің қолы қойылып тікелей мемлекеттік аудит объектісінде мемлекеттік аудит жүргізудің (үстеме тексеруді қоспағанда) негізгі кезеңі басталғанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік аудит объектісіне жібереді.
3.4. Қызметтік іссапарларға жолдау тәртібі
- Қызметкерлерді Қазақстан Республикасының шегінде қызметтік іссапарларға (бұдан әрі – іссапарға) жіберу «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» 2000 жылғы
22 қыркүйектегі № 1428 және «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес айқындалатын тәртіппен Төрағаның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Іссапарға жіберу, сондай-ақ іссапарға жіберу мерзімдерін ұзарту және (немесе) өзгерту туралы бұйрықтардың жобаларын кадр қызметі Тексеру комиссиясы мүшесінің немесе тиісті құрылымдық бөлімше басшысының аппарат бысшысымен келісілген қызметтік хатының негізінде ресімдейді.
Қызметкерлерді іссапарға жіберу туралы, сол сияқты іссапар мерзімдерін ұзарту және (немесе) өзгерту туралы қызметтік хаттар іссапарға кетуден екі жұмыс күні бұрын Тексеру комиссиясының Төрағасына қол қоюға енгізіледі.
Іссапардан кері қайтарып алу аппарат басшысының немесе аудиторлық
іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясы мүшесінің аппарат басшысымен келісілген қызметтік хатының негізінде Төрағаның бұйрығымен жүзеге асырылады.
Іссапарға жолдау туралы бұйрықтарға кетерден кемінде екі жұмыс күні бұрын қол қойылуы керек. Іссапар шығыстарын төлеу жіберілетін қызметкерлер кеткенге дейін бір жұмыс күні бұрын жүргізіледі.
4-параграф. Жеке мемлекеттік аудит жүргізу
4.1. Аудиторлық іс-шараны жүргізудің ұйымдастырушылық негіздері
- Мемлекеттік аудит объектісінің басшысына немесе келісімімен аудиторлық іс-шара жүзеге асырылып жатқан лауазымды адамға Тапсырма көрсетілген күннен бастап екінші күннен кешіктірілмей, мемлекеттік аудит тобының жетекшісі немесе мемлекеттік аудитор қол қойған Мемлекеттік аудит объектісі басшысының (келісімімен аудиторлық іс-шара жүзеге асырылып жатқан лауазымды адамның) міндеттерін атқару жөніндегі талап беріледі.
Талаптарды жасау МАҚБ қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Регламенттің осы тармағында көзделген Талапқа бөлшек арқылы тапсырманың нөмірі беріледі және көрсетілген Талаптың табыс етілген күні көрсетіледі.
- Мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары мемлекеттік аудит объектісіне кіргізуден бас тартқан жағдайда және (немесе) аудиторлық іс-шараны жүргізуге кедергі келтірген кезде мемлекеттік аудитор екінші күннен кешіктірмей МАҚБ қағидаларына сәйкес мемлекеттік аудит объектісіне кіргізуден бас тарту фактісі бойынша акті және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы тиісті хаттама құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеде тіркеледі.
- Аудиторлық іс-шараны өткізу барысында Аудит бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мемлекеттік аудит тобының жетекшісі өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негіздемелерін көрсете отырып дайындаған, жоспарлауға, құқықтық қамтамасыз етуге және сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары, сондай-ақ Тексеру комиссиясының аппарат басшысы бұрыштама қойған аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясы мүшесінің атына жазылған қызметтік хаттың негізінде Documentolog/БҚА АЖ-да тіркеле отырып, МАҚБ қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
- Аудиторлық іс-шараны жүргізу процесінде мемлекеттік аудиторлар күн сайын мемлекеттік аудит тобының жетекшісін атқарылған жұмыс туралы хабардар етеді. Құпия сипатқа ие және (немесе) таратылуы шектеулі ақпараты бар іс-шараларды қоспағанда, аудиторлық іс-шаралар шеңберінде, мемлекеттік аудиторлар объектіде аудиторлық іс-шараны жүргізудің екінші аптасынан бастап, апта сайын соңғы жұмыс күні қорғалған байланыс арналары арқылы немесе қағаз жеткізгіште есепті күнге жасалған аудиторлық есептің, аудиторлық іс-шараның барысында анықталған жүйелік кемшіліктер кестесінің (болған жағдайда) және анықталған бұзушылықтар тізілімінің жобаларын жіберіп отырады.
- Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі аудиторлық іс-шара мәселелерінің толық қамтылуына мониторинг жүргізеді, аудиторлық іс-шараның жекелеген бағыттарын түзетеді және апта сайын аптаның соңғы жұмыс күні сағат 17-00-ге дейін қорғалған байланыс арналары арқылы Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты бөлімшенің басшысына және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкеріне есепті күнге жасалған аудиторлық есептердің, аудиторлық іс-шараның барысында анықталған жүйелік кемшіліктер кестесінің (болған жағдайда) және анықталған бұзушылықтар тізілімдерінің жобаларын ұсынады.
- Жоғары аудиторлық палатаның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің бекітілген қызметкері құзыреті шегінде аудиторлық есептердің жобаларын қарап, оларға ұсыныстар, ұсынымдар (болған кезде) береді.
Осы ұсыныстар мен ұсынымдар бойынша мемлекеттік аудиторлар келесі апталық есепті күнге қабылданған ұсыныстар мен ұсынымдар туралы ақпарат не бас тартудың дәлелді негіздемелерін ұсынады.
- Құпия сипатқа ие және (немесе) таратылуы шектеулі ақпараты бар аудиторлық іс-шаралар бойынша аудиторлық есептердің жобалары Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы заңнамаға және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жіберіледі.
Режимдік мекемелерде аудиторлық іс-шараларды жүргізумен байланысты құпия материалдарды зерделеу және талдау Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
4.2. Аудиторлық есептердің жобаларын (Аудиторлық есептерді) дайындау және олар бойынша сапа бақылауы, соның ішінде заң сараптамасы рәсімдерін жүргізу
- Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит жүргізілген объектілердің әрқайсысына МАҚБ қағидаларына сәйкес аудиторлық есептердің жобалары (Анықталған бұзушылықтар тізілімдері, оларға қоса берілген Анықталған жүйелік кемшіліктер кестелері (бұдан әрі – Тізілім, Кесте) жасалады.
81-1. Аудиттің негізгі кезеңін өткізу барысында мемлекеттік аудитордың ассистенті аудиторлық іс-шара шеңберінде аудитордың кейін аудиторлық есеп жобасына енгізу үшін берген мәселелерін қарау және ашу бөлігінде атқарылған жұмыс туралы есепті апта сайын мемлекеттік аудиторға ұсынады.
- Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі (мемлекеттік аудитор) объектіде аудиторлық іс-шара аяқталғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік аудиторлар қол қойған аудиторлық есептің жобасын, Тізілімдерді, кестелерді және қосымшаларды (болған жағдайда) мынадай қолайлы тәсілдердің бірі арқылы:
1) мемлекеттік аудитордың өзі қолма-қол;
2) сканерден өткізілгендерін – қорғалған байланыс арналары бойынша;
3) Аудиторлық есеп жобасының тұпнұсқасын (құпияны қоспағанда) фельдъегерлік байланыс не хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;
4) құпия сипаты бар аудиторлық іс-шаралар бойынша, – Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, Тексеру комиссиясына жібереді.
- Алдын ала зерделеу нәтижелері туралы материалдардың, Өтінімге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы қызметтік хаттардың, Аудит бағдарламасының, Тапсырмалардың, алдын ала зерделеуді жүргізу туралы хабарламалардың, аудиторлық іс-шараны өткізу туралы хабарламалардың, құжаттарды ұсыну туралы талаптардың түпнұсқалары, Аудиторлық есептің, Жүйелік кемшіліктер кестесінің, Тізілімнің және Аудиторлық есептің жобасына қосымшалардың жобалары аудиторлық іс-шараның қалған материалдарымен жасақталғанға дейін жинақтау папкасында қалыптастырылатын құжаттардың атауы мен парақ саны тізімдемеде көрсетіле отырып, құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшеге тапсырылады.
- Құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше Аудиторлық есептердің, Жүйелік кемшіліктер кестесінің, Тізілімнің және Аудиторлық есепке қосымшалардың жобаларын, Тексеру комиссиясында тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды сканерлейді, Documentolog/БҚА АЖ-да тіркейді және Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне, мемлекеттік аудитті жүргізуге, сапа бақылауына және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге береді.
- Сапа бақылауын жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелер МАҚБ қағидаларына және 750. Рәсімдік стандартқа, сондай-ақ оны қолдану жөніндегі Әдіснамалық нұсқаулыққа сәйкес осы Регламенттің 81-тармағында көрсетілген құжаттар бойынша сапа бақылауы және заңгерлік сараптама рәсімін жүргізеді.
Аудиторлық есеп жобасында (аудиторлық есеп) мыналар болған жағдайда:
1) бұзушылықтардың елу тармағына дейін қамтылса заңгерлік сараптама ол Тексеру комиссиясының кеңсесінде тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі;
2) бұзушылықтар тармағы елу және одан да көп тармағы қамтылса заңгерлік сараптама Тексеру комиссиясының кеңсесінде тіркелген күннен бастап алты жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
- Егер заңгерлік қорытындыны (сараптамалық қорытындыны) дайындау кезінде аудиторлық іс-шара материалдарына мемлекеттік аудиторлар тіркелген Аудиторлық есептің жобасына қоса берілмеген құжаттарды ұсынса, олар мұндай құжаттарды мемлекеттік аудит материалдарына, соның ішінде оның электрондық нұсқасына қоса тіркейді.
Құжаттарды қоса тіркеуді мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты мүшесін хабардар ете отырып, құжат айналымына, құқықтық қамтамасыз етуге, сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшеге аудиторлық іс-шараның қорытындыларын дайындау процесі аяқталуынан кешіктірмей қоса тіркелуге жататын құжаттарды немесе олардың көшірмелерін қоса бере отырып, Documentolog/БҚА АЖ арқылы қызметтік хат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
- Аудиторлық есептің, оған қоса берілген Жүйелік кемшіліктер кестесі мен Тізілімнің жобасына заңгерлік қорытындыны қарауды мемлекеттік аудит тобы оны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Сараптамалық және заңгерлік қорытындыларды қарау кезінде Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты мүшесінің (болған жағдайда) және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының ескертулері мен ұсыныстары ескеріледі. Ескертулер мен ұсыныстар қабылданбаған жағдайда, мемлекеттік аудит тобы дәлелді жауап береді.
Аудиторлық есептің, оған қоса берілген Жүйелік кемшіліктер кестесі мен Тізілімнің жобасына сараптамалық және заңгерлік қорытындыларды қарау кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, даулы мәселелер 750. Рәсімдік стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық нұсқаулықта белгіленген тәртіппен келісу комиссиясының қарауына шығарылады.
- Сараптамаларды қарау нәтижелері бойынша Аудиторлық есепке аудиторлық іс-шараны жүргізген мемлекеттік аудитор екі данада қол қояды. Мемлекеттік аудиторлар Аудиторлық есептің екінші парағынан бастап барлық бетіне қол қойылады.
Аудиторлық есептің бір данасы құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшеде қалады.
Аудиторлық есептің екінші данасы аудиторлық іс-шара шеңберінде соңғы аудит объектісінде аудиторлық іс-шара аяқталғаннан кейін он үш жұмыс күні мерзімі ішінде аудит объектісіне жіберіледі.
Аудиторлық есептің, оған қоса берілген Жүйелік кемшіліктер кестесі мен Тізілімнің жобаларына берілген сараптамалық және (немесе) заңгерлік қорытындыларға қарсылықтар болған жағдайда, Аудиторлық есептің екінші данасы келісу комиссиясының отырысынан кейін аудит объектісіне жіберіледі.
Аудиторлық есеп осы Регламенттің 82-тармағында көрсетілген қолайлы тәсілдердің бірі арқылы жіберіледі.
- Мемлекеттік аудит объектісінің Тексеру комиссиясына келіп түскен Аудиторлық есепке қарсылықтарын Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі мемлекеттік аудитор тобымен, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысымен, мемлекеттік аудитті жүзеге асыруға тартылған сарапшылармен (болған жағдайда) бірге құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің келісімі бойынша Аудиторлық қорытындыны дайындау кезеңінде қарайды.
Егер мемлекеттік аудит объектісінің Аудиторлық есепке қарсылықтары:
1) бұзушылықтардың елу тармағына дейін қамтылса, қарсылықтың әрбір тармағы бойынша қабылданған және қабылданбаған дәлелдерді көрсете отырып, мемлекеттік аудит объектісіне уәжді жауап Тексеру комиссиясының құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшесінде қарсылықтар тіркелген күннен кейін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жіберіледі;
2) бұзушылықтардың елу және одан да көп тармағы қамтылса, қарсылықтың әрбір тармағы бойынша қабылданған және қабылданбаған дәлелдерді көрсете отырып, мемлекеттік аудит объектісіне уәжді жауап Тексеру комиссиясының құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшесінде қарсылықтар тіркелген күннен кейін алты жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жіберіледі.
- Тексеру комиссиясына келіп түскен Аудиторлық есепке қарсылықтар және оларға уәжді жауаптар Тексеру комиссиясының отырысынан кейін міндетті түрде аудиторлық іс-шара материалдарына және олардың ЖАП ИАЖ-дағы және (немесе) Documentolog/БҚА АЖ-дағы электрондық нұсқаларына қоса тіркеледі.
- Аудиторлық іс-шара шеңберінде қалыптастырылған құжаттар сканерленген нұсқалары қоса тіркеліп, Documentolog/БҚА АЖ-да немесе ЖАП ИАЖ-да орналастырылады.
4.3. Аудиторлық қорытындылардың жобаларын дайындау және олар бойынша сапа бақылауын, соның ішінде заңгерлік сараптама рәсімдерін жүргізу
- Аудиторлық есептердің негізінде мемлекеттік аудит тобы Аудиторлық қорытындының, Анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізілімінің (бұдан әрі – Жиынтық тізілім), Анықталған жүйелік кемшіліктердің жиынтық кестесінің (бұдан әрі – Жиынтық кесте) жобаларын, сондай-ақ Қаулылар мен Нұсқамаларды қалыптастырып, МАҚБ қағидаларына сәйкес сапа бақылауын жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге жібереді.
- Сапа бақылауын жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелер оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МАҚБ қағидаларына, 750 Рәсімдік стандартқа және оны қолдану жөніндегі әдіснамалық нұсқаулыққа сәйкес сапа бақылауы және заң сараптамасы рәсімін жүзеге асырады.
- Мемлекеттік аудит тобы Аудиторлық қорытындының, Жиынтық кестенің, Жиынтық тізілімнің, Қаулылар мен Нұсқамалардың жобалары бойынша сапа бақылауы мен заңгерлік сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық және заңгерлік қорытындыларды алған кезінен бастап бір жұмыс күні ішінде қарайды.
- Аудиторлық қорытындының жобасына аудиторлық іс-шараны жүргізген мемлекеттік аудиторлар, аудит тобының жетекшісі, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы, сапа бақылауына және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары, Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі қол қояды.
Құқықтық сүйемелдеу мәселелері бойынша келіспеушіліктер болған жағдайда, Аудиторлық қорытындының жобасына құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысы қол қойып, оның жазбаша ұстанымы қоса беріледі.
Жиынтық кестенің жобасына аудиторлық іс-шараны жүргізген барлық қызметкерлер қол қояды және оған мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы бұрыштама қояды.
Жиынтық тізілімнің жобасына аудиторлық іс-шараны жүргізген барлық қызметкерлер қол қояды, мемлекеттік аудитті жүргізуге, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұрыштама қояды.
Нұсқаманың жобасын мемлекеттік аудитті жүргізуге, сапа бақылауына, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары келіседі және Аудиторлық қорытынды бекітілген соң оған Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі қол қояды.
Аудиторлық қорытындының жобасы (мемлекеттік аудит объектілерінің қаралған қарсылықтарын ескере отырып) негізгі мемлекеттік аудит объектісі өкілінің баяндамасы (сөйлейтін сөзі) тезистерінің жобаларымен бірге Тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін төрт жұмыс күні бұрын Тексеру комиссиясының Төрағасына ілеспе хатпен ұсынылады.
Аудиторлық қорытындының жобасы (мемлекеттік аудит объектілерінің қаралған қарсылықтарын ескере отырып) қосымшаларымен қоса Тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын Тексеру комиссиясының мүшелеріне енгізіледі.
Тексеру комиссиясының мүшелері екі жұмыс күні ішінде аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесіне мемлекеттік аудит материалдарына өз ескертулерін (бар болса) ұсынады96. Тексеру комиссиясының отырысында жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары қаралады. Аудиторлық қорытынды, нұсқама Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің және мемлекеттік аудит объектілері өкілдерінің ақпаратын тыңдаудың қорытындысы бойынша қабылданады.
Тексеру комиссиясының отырысында Аудиторлық қорытындының жобасына құқықтық сүйемелдеу мәселелері бойынша келіспеушіліктер болған кезде құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының ақпараты тыңдалады.
5-параграф. Мемлекеттік аудиторлар қызметінің тиімділігін бағалау
- Әрбір аудиторлық іс-шара аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит жүргізген аудит топтарының басшылары және мемлекеттік аудиторлар, жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше ұсынған ақпарат пен растайтын құжаттар негізінде Төрағаның бұйрығымен бекітілген Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторлары қызметінің тиімділігін бағалауға сәйкес мемлекеттік аудиторлар жұмысының тиімділігі мен сапасына бағалау жүргізіледі.
97-1. Мемлекеттік аудит тобының басшысы рейтингті айқындау рәсімін жүргізу үшін отырыс өткізілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде Аудиторлық қорытындыны, аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімін, сондай-ақ жеке әрбір критерий және қызметкер бойынша растайтын құжаттарды (хаттар, сұрау салулар, уәкілетті органдардың жауаптары, қызметтік жазбалар, бұйрықтар және т. б.) және аудиторлық іс-шараға қатысқан лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік аудитті ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты тексеру комиссиясы мүшесінің және келісуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің қолы қойылған қағаз жеткізгіштегі түсіндірме жазбаға қоса рейтинг жобасын талдау, жоспарлау және есептілік бөліміне ұсынады.
6-параграф. Қаржылық бақылау
6.1. Анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау
- Заңның 5-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшін Нұсқама дайындайды. Нұсқама аудит жүргізуге, құқықтық қамтамасыз етуге, сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшелермен келісіліп, Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылып, мемлекеттік аудит объектісінің басшысына жіберіледі.
Тексеру комиссиясының Нұсқамаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының жауаптылығы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – ӘҚБтК) көзделген.
- Аудиторлық іс-шара жүргізу барысында анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ӘҚтК-де белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
- Хаттамаға әкімшілік құқық бұзушылық түрлеріне байланысты мынадай құжаттар:
1) құқық бұзушының жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесі);
2) функционалдық және лауазымдық міндеттеріне сүйене отырып, адамдардың жазбаша түсініктемелері (не түсініктеме беруден бас тарту туралы акті);
3) анықталған құқық бұзушылықтың белгілерін растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе лауазымды адамдардың қолымен, ұйымның мөрімен немесе мөртабанымен расталған төлнұсқаларының көшірмелері:
соның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтың түріне қарай:
жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың, бақылау өлшемдерінің (тексеріп қараулардың) және тағы басқаларының) актілері;
сараптаманың және мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдардың қорытындылары (жүргізілген жағдайда);
операция немесе әрекет фактісін қамтитын құжаттар немесе олардың көшірмелері, соның ішінде шешімдер;
орындалған жұмыс актілері (тауарларды қабылдау-тапсыру, қызметтерді көрсету, есептен шығару, жою актілері);
мемлекеттік сатып алу туралы бұйрықтар, хаттамалар және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың шешімдері;
шарттар;
ақы төлеу фактісін растайтын құжаттар:
төлем тапсырмалары (төлеуге арналған шоттар, түбіртектер, чектер);
ведомостер, ордерлер, нарядтар;
4) лауазымды адамдардың өкілеттіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері:
жарғылар, ережелер, лауазымдық нұсқаулықтар;
анықталған бұзушылықтарға қатысы бар лауазымды адамдарды тағайындау (жұмыстан босату) туралы бұйрықтар;
5) мемлекетке, мемлекеттің қатысуымен құрылған заңды тұлғалардың мүдделеріне келтірілген залалдың сомасын растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелері:
анықтамалар, кестелер, диаграммалар;
есептеулер;
бұзушылық фактілерін көрсететін және аудиторлық есептің ажырамас бөлігі болып табылатын фотоматериалдар қоса беріледі.
6) Бұл құжаттар тізбесі толық болып табылмайды.
- Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарын хаттама жасалған кезден бастап үш тәуліктің ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан сотқа жібереді.
6.2. Материалдарды құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға беру
- Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келіскеннен кейін, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалатын бұзушылық фактілері бойынша материалдарды аудиторлық есеп мемлекеттік аудит объектісіне жіберілген күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органдарға жіберуді жүзеге асырады.
- Тиісті аудиторлық дәлелдемелері бар қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды беру Заңның 5-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген тәртіпте осы Регламенттің 132-1 тармағымен белгіленген рәсімдер сақтала отырып жүзеге асырылады.
6.3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, соның ішінде бюджетке өтеуді, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіруді қамтамасыз ету және нұсқамаларды орындау мақсатында сотқа талап қоюды беру
- Тексеру комиссиясы сотқа талап қоюды беруді нұсқамаларының, соның ішінде бюджетке өтеудің, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген) анықталған бұзушылықтар сомаларын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтірудің қажеттігін қамтитын нұсқамаларының тапсырмалық тармақтары көрсетілген мерзімдерде орындалмаған және орындау мерзімдерін ұзарту туралы шешім болмаған кезде жүзеге асырады.
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше нұсқамалардың тапсырмалық тармақтары орындалуы тиіс күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде орындалмаған жағдайда, Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесімен, сондай-ақ құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен алдын ала келісім бойынша Тексеру комиссиясының Төрағасының атына сотқа талап қоюға бастамашылық жасау туралы қызметтік жазбаның жобасын дайындайды және келісу үшін құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге жібереді.
- Бұл ретте, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше он жұмыс күні ішінде растайтын құжаттар болған кезде қызметтік хат жобасын сотқа талап қоюдың орындылығы тұрғысынан қарайды.
Сотқа талап қою негізділігі болған жағдайда, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметтік хатын келіседі, ал бас тартқан жағдайда, тиісті қорытынды жібереді.
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келісім бойынша Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылған, сотқа талап қоюға бастамашылық жасалғаны туралы қызметтік жазба жасайды және тиісті шаралар қабылдау үшін Тексеру комиссиясының Төрағасына жібереді.
- Сотқа талап қоюды беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшемен және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшемен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес құжаттар дайындайды.
7-параграф. Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды мониторингілеу және бақылау
- Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар мемлекеттік аудит материалдарын Тексеру комиссиясының лауазымды адамдары қарау үшін құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға жібереді.
- Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше:
1) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар мемлекеттік аудит материалдарына;
2) әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтитын және Тексеру комиссиясы қарау үшін уәкілетті органдарға жіберетін мемлекеттік аудит материалдарға;
3) тексеру комиссиясы жасайтын және қарау үшін сотқа жіберетін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларға мониторинг және бақылау жүргізеді.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген материалдарды жіберуді мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келісілгеннен кейін жүзеге асырады,
Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген материалдарды жіберуді құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.
- Осы Регламенттің 110-тармағының 1) тармақшасында көзделген берілген материалдар бойынша құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше берілген материалдар бойынша қабылданған шешімдер туралы салыстыру актісінің жобасын қалыптастырады және прокуратура органдарына және экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеп-тексеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органдарға келісуге жібереді.
- Осы Регламенттің 110-тармағының 2) тармақшасында көзделген берілген материалдар бойынша мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшешемен бірлесіп осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құқық бұзушылық белгілері бар берілген материалдардың есебін жүргізеді.
- Осы Регламенттің 110-тармағының 3) тармақшасында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы берілген хаттамалар бойынша құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше электрондық журналда есепке алуды жүргізеді.
- Аудиторлық іс-шараның қорытындылары бойынша анықталған және (немесе) құзыреті шегінде қарау үшін Тексеру комиссиясына келіп түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаған және (немесе) лауазымдық нұсқаулықтарына әкімшілік хаттама жасау кіретін мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері, сондай-ақ құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері қатысады.
- Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше тоқсанның қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей осы Регламенттің 110-тармағының 2) тармақшасы бойынша материалдар бойынша есептік деректерді қалыптастырады және салыстыру және келісу үшін мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге жібереді.
Мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше екі жұмыс күні ішінде осы ақпаратты келіседі не оған толықтырулар мен өзгерістер енгізеді.
8-параграф. Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдардың, Нұсқамалардың орындалуын мониторингілеуді және бақылауды жүзеге асыру
8.1. Тексеру комиссиясының аудиторлық қорытындысында қамтылған ұсынымдарды және Нұсқамаларды бақылауға қою, олардың орындалуын мониторингілеу
- Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды, Тексеру комиссиясы нұсқамаларының тармақтарын бақылауға қоюды қол қойылған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады, олардың орындалу мерзімі басталғанға дейін бес жұмыс күні бұрын Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне олардың орындалу мерзімі туралы еске салады.
- Сыртқы мемлекеттік аудит жүргізген мемлекеттік аудитор (топ жетекшісі) аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесімен бірлесіп міндетті түрде орындау үшін аудит объектісіне жіберілген Нұсқама тармақтарының, сондай-ақ Аудиторлық қорытындыда қабылданған ұсынымдардың қаралуң уақтылығы мен толықтығына тұрақты және жүйелі негізде бақылауды және талдауды жүзеге асырады және ол үшін дербес жауапты болады.
Мемлекеттік аудитор (топ жетекшісі) жұмыстан босатылған жағдайда сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше бақылау мен талдауды әрі қарай жүзеге асыру үшін аудит материалдарын қайта бөледі.
- Сапаны бақылауға жауапты құрылымдық бөлімше Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдардың және Тексеру комиссиясы нұсқамаларының тармақтарының іске асырылу барысына мониторинг жүргізеді және тоқсан сайын Тексеру комиссиясының Төрағасын хабардар етеді.
Мониторинг нәтижелерін жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше есепті қаржы жыл бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қалыптастыру, бұзушылықтардың алдын алу мақсатында оларды жүйелеу үшін пайдаланады.
8.2. Мемлекеттік аудит объектісінің Тексеру комиссиясының Аудиторлық қорытындысында қамтылған ұсынымдарды және Нұсқамасының тармақтарын орындауын талдау
- Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудит объектісінен, жергілікті атқарушы органдардан ақпарат (растайтын құжаттар) алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде МАҚБ қағидаларына сәйкес Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және Нұсқама тармақтарын мемлекеттік аудит объектілерінің орындауына, жергілікті атқарушы органдардың қарауына бақылау жүргізеді.
- Нұсқаманы немесе Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды орындау бойынша мемлекеттік аудит объектісінен, жергілікті атқарушы органдардан ақпарат (растайтын құжаттар) үш және одан көп тармақ (тармақша) немесе үш және одан көп бөліктен тұратын тармақтар (тармақшалар) бойынша түскен жағдайда, бақылау он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалу нәтижелері немесе аудит объектісінен және мүдделі адамдардан қосымша ақпарат сұрату қажеттігі туралы қызметтік хат жобасын дайындап, Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне енгізеді. Тексеру комиссиясы мүшесінің қолы қойылған қызметтік хат Тексеру комиссиясының Төрағасына жіберіледі.
Сот талқылауларын жүргізуге және (немесе) заңнаманы жетілдіруге байланысты мәселелер бойынша ұсынымдарды және (немесе) нұсқамаларды орындау нәтижелері бойынша дайындалған қызметтік хаттың жобасы құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келісіледі.
- Егер сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше аудит объектісінің ұсынымдардың және (немесе) нұсқамалардың тармақтарын орындау мерзімін ұзарту үшін ұсынған негіздемелерін МАҚБ қағидаларында көзделген негіздерге сәйкес келмейді деп танылса, онда аудит объектісінеТексеру комиссиясы мүшесінің қолымен нұсқамалардың тармақтарын және (немесе) аудиторлық қорытындының ұсынымдарын әрі қарай орындау хат жібереді, бұл ретте орындалу мерзімін Тексеру комиссиясының Төрағасы белгілейді.
- Тексеру комиссиясының Төрағасы осы Регламенттің 121-тармағында көзделген қызметтік хаттың негізінде Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және Нұсқаманың, Қаулының тармақтарын бақылаудан алу, орындау мерзімдерін ұзарту туралы шешім қабылдайды.
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше Тексеру комиссиясы Төрағасының қарары бар Тексеру комиссиясының жауапты мүшесінің қызметтік хатын және мемлекеттік аудит объектілерінің Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және Нұсқамалардың, Қаулылардың тармақтарын орындауы туралы ақпаратты Documentolog/БҚА АЖ-ға не ЖАП ИАЖ-ға жүктеуді жүзеге асырады.
8.3. Тексеру комиссиясы шешімдерінің орындалуын тексеру
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің басшылық етуімен Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдардың және Нұсқамалар тармақтарының толық орындалуы туралы мемлекеттік аудит объектісінен ақпарат алған күннен кейін жеті жұмыс күні ішінде объекті қабылдаған шаралардың толықтығына бақылау жүргізу, сондай-ақ бұзушылықтардың жойылуын және ұсынымдардың орындалуын растау қажет болған кезде Тексеру комиссиясы Төрағасының атына Тексеру комиссиясы шешімдерінің орындалуына тексеру (бұдан әрі – тексеру) жүргізу күнін келісе отырып, оны жүргізудің орындылығы туралы қызметтік хат дайындайды.
- Тексеру жүргізу туралы шешімді Тексеру комиссиясының Төрағасы қабылдайды.
- Тексеру комиссиясының тексеру жүргізу тәртібі МАҚБ қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
- Тексеру комиссиясы Төрағасының қарары бар тексеру актісі, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің ақпараты Documentolog/БҚА АЖ -ға не ЖАП ИАЖ-ға енгізіледі.
8.4. Мемлекеттік аудит объектісінің ақпаратты ұсынбауы, Нұсқаманың тармақтарын орындамауы немесе тиісінше орындамауы бойынша шаралар қабылдау
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесімен бірлесіп, Нұсқама тармақтарының орындалу мерзіміне дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын мемлекеттік аудит объектісіне Documentolog АЖ (болған жағдайда) арқылы және қағаз түрінде поштамен ӘҚтК-нің 462-бабында көзделген әкімшілік жауаптылық туралы ескерту жібереді.
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудит объектісі ақпарат ұсынбаған жағдайда – бес жұмыс күні ішінде, ал көрсетілген мерзімде Нұсқама тармақтарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда – Нұсқамада көрсетілген мерзім өткеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде аудит объектісінің дәлелдерін қабылдамау себептерін негіздей келе, Нұсқаманың тармақтарына байланысты құжаттарды (хабарлама-еске салу, алдыңғы ұзартулар бойынша қызметтік жазбалар, бар болса аудит объектісімен болған хат алмасулар) қоса бере отырып Тексеру комиссиясы Төрағасының атына мемлекеттік аудит объектісіне әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану туралы қызметтік хаттың жобасын дайындайды және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге келісуге жібереді.
- Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше үш жұмыс күні ішінде қызметтік хат жобасын әкімшілік іс жүргізуді қозғаудың орындылығы тұрғысынан қарайды.
Әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін негізділігі болған жағдайда, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметтік жазбасын жұмыс тәртібімен келіседі, ал бас тартқан жағдайда, тиісті қорытынды жібереді.
Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келісім бойынша мемлекеттік аудит объектісіне әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану туралы Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылған қызметтік хат жасайды және Тексеру комиссиясының Төрағасына жібереді.
Әкімшілік іс жүргізуді қозғау орынды деп танылған жағдайда, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды.
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезден бастап үш тәулік ішінде құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше әкімшілік іс материалдарын тиісті сотқа жібереді.
132-1. Мемлекеттік аудит объектісі нұсқамаларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сапаны бақылауға жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудит объектісінің, кәсіпкерлік субъектілерінің және аудиторлық іс-шаралар мүдделеріне әсер еткен өзге де адамдардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелеріне шағымдану жөніндегі мерзімдерін сақтай отырып, мемлекеттік аудит жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелермен келісім бойынша аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясы мүшесінің қолы қойылған қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар мемлекеттік аудит материалдарын құқық қорғау органдарына беру туралы қызметтік жазба жасап, Тексеру комиссиясының Төрағасына береді.
Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар мемлекеттік аудит материалдарын беру орынды деп танылған жағдайда, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшемен бірлесіп, осы материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 14 шілдедегі №5/39-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының 2023 жылғы 31 мамырдағы №3/26-VIII шешімімен бекітілген Тексеру комиссиясының Ережесіне сәйкес бекітілетін Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидаларымен белгіленген тәртіпте құқық қорғау органдарына тапсырады.
9-параграф. Мемлекеттік аудит нәтижелерін қайта тексеру
- Мемлекеттік аудит нәтижелерін қайта тексеру аудит жүргізуге, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелер басшыларымен келісілген, Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолымен Тексеру комиссиясы Төрағасының атына жазылған қызметтік жаттың негізінде мынадай жғдайларда жүзеге асырылады:
1) аудит мәселелері бойынша негізді шағымның келіп түсуі;
2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезіндегі мүдделер қақтығысы;
3) аудиторлық іс-шараның мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік бермейтін Аудит бағдарламасы мәселелерін ашудың толық еместігі.
Аудит мәселелері бойынша шағым түскен жағдайда Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі шағымды консультативтік-кеңесші кеңестің қарауына шығарады.
Шағым негізді деп танылған кезде аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесі аудит жүргізуге, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелер басшыларының келісімі бойынша мемлекеттік аудит нәтижелерін қайта тексеруге бастамашылық жасау туралы шешім қабылдайды.
Тексеру комиссиясы Төрағасының шешімі бойынша МАҚБ қағидаларында көзделген тәртіппен мемлекеттік аудит объектісіне қайта тексеру тағайындалады
10-параграф. Мемлекеттік аудит материалдарын есепке алу
- Тексеру комиссиясының Аудиторлық қорытындысы бекітіліп, Нұсқамасына қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит тобының жетекшісі мемлекеттік аудит материалдарын (Аудиторлық есеп (№1 дана), мемлекеттік аудит объектілерінің қарсылықтары мен түсіндірмелерін (болған жағдайда), материалдарды қоса беру туралы қызметтік хатты (болған жағдайда) және Тексеру комиссиясының қарсылықтарға уәжделген жауаптарын, құқықтық қамтамасыз етуге және сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшелердің сараптамалық қорытындыларын, Аудиторлық қорытындыны, Жиынтық тізілімді, Жиынтық кестені (болған жағдайда), отырыс хаттамасын, қаулыны, нұсқамаларды) аудиторлық іс-шара материалдары бар жинақ папканы толықтырып, кейіннен архивке өткізу үшін құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшеге тапсырады. Аудиторлық іс-шара материалдарының электрондық нұсқалары Бірыңғай дерекқордың электрондық архивіне енгізіледі.
- Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу материалдарын (мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу туралы ақпарат, Аудит бағдарламасының жобасы, аудиторлық іс-шараның жобалық матрицасы және өзге материалдар) топ жетекшісі кейіннен архивке өткізу үшін құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшеге тапсырады.
- Аудиторлық іс-шараның мемлекеттік құпияларды қамтитын материалдары Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес сақталады.
5-ТАРАУ. Тексеру комиссиясының отырыстарын және аппараттық кеңестерін өткізу тәртібі
1-параграф. Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараларының қорытындылары бойынша отырыстарын өткізу тәртібі
- Тексеру комиссиясының отырысында жүргізілген аудиторлық
іс-шаралардың қорытындылары қаралады. Алқалық шешімді талап ететін басқа да мәселелер, оның ішінде Тексеру комиссиясының облыс мәслихатына, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аудан мәслихатына (облыстық маңызы бар қала) есебі қаралуы мүмкін.
- Отырыстар Тексеру комиссиясы Төрағасының басшылығымен өткізіледі. Тексеру комиссиясының Төрағасы болмаған жағдайда отырыстарды өткізу жөніндегі оның функцияларын оның міндетін атқарушы Тексеру комиссиясының мүшесі орындайды.
- Аудиторлық іс-шаралар қорытындыларын қарау бойынша отырыстар өткізудің жылдық жоспарын жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше осы Регламенттің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қалыптастырады.
- Аудиторлық іс-шаралар қорытындыларын қарау бойынша отырыстар өткізудің жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше Тексеру комиссиясы Төрағасының тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін бекіту туралы бұйрығына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Отырыстар Төрағаның тапсырмасы негізінде не отырыстарды шұғыл өткізуді талап ететін себептер бойынша отырыстарды өткізу жоспарында көзделмеген өзге де мерзімдерде өткізілуі мүмкін.
Тексеру комиссиясының отырысы, егер оған Тексеру комиссиясы мүшелерінің көпшілігі қатысса, заңды болып саналады.
- Аудит тобының жетекшісі аудит тобымен бірлесіп, Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жетекшілік ететін мүшесінің келісімі бойынша отырыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей Тексеру комиссиясының отырысына қатысушылардың тізімін айқындайды және отырысқа шақырылған адамдарды хабардар етуді, олардың келуін және тіркелуін, Тексеру комиссиясының мүшелеріне, Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына және өзге де тұлғаларға отырыс материалдарын таратуды, отырыс хаттамасын дайындауды және отырысқа шығарылатын, олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша (оларды шақыруға бастамашылық жасаған жағдайда) мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға алдағы отырыс материалдарын жіберуді қамтамасыз етеді.
- Аудиторлық іс-шараның нәтижелерін қарау жөніндегі Тексеру комиссиясының алдағы отырысы туралы анонсты құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше дайындайды, Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараны жүргізуге жауапты мүшесімен келіседі және ол өткізілгенге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылады.
- Осы регламенттің 154-тармағында көрсетілген отырыс материалдарын аудит тобының жетекшісі оларды Төрағаға енгізу үшін отырыс өткізілгенге дейін төрт жұмыс күнінен кешіктірмей құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшеге береді.
- Талқылауы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісі өкілдерінің қатысуын талап етпейтін мемлекеттік аудит материалдары бойынша отырыстар олардың қатысуынсыз өткізілуі мүмкін.
- Мемлекеттік аудит материалдары бойынша даулы мәселелер болған жағдайда Тексеру комиссиясының мүшелерімен және мемлекеттік аудитті жүргізуге, құқықтық қамтамасыз етуге және сапаны бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелермен алдын ала талқылау жүргізіледі.
Келіспеушіліктер болған жағдайда даулы мәселелерді алдын ала талқылау қорытындылары бойынша отырысқа қатысушы ерекше пікір білдіре алады, ол мемлекеттік аудит материалдарына қоса тіркеледі және Тексеру комиссиясының отырысына шығарылады.
- Тексеру комиссиясының отырысында мәселелерді қарау нәтижелері бойынша шешім дауыс беру арқылы қабылданады. Егер Тексеру комиссиясы мүшелерінің отырысқа қатысушылар санының жартысынан астамы оған дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
- Отырысты өткізу кезінде құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты адамы хаттама толтырады, онда талқыланатын мәселелердің мәні, қатысушылар тізімі, талқылауға шығарылған мәселелер бойынша баяндамашылар және сөз сөйлеушілер, сондай-ақ отырыста қабылданған шешімдер көрініс табады.
Аудит тобының жетекшісі аудит тобымен бірлесіп өткізілген отырыстың нәтижелері бойынша хаттаманың жобасын пысықтайды және Тексеру комиссиясының мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен, мүшелерімен келіседі және оны отырыс өткізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Тексеру комиссиясының Төрағасына қол қоюға енгізеді.
- Аудит тобы дайындаған Тексеру комиссиясы қаулысының, аудиторлық қорытындысының, жиынтық тізілімінің, жиынтық кестесінің, нұсқамаларының жобалары үш жұмыс күні ішінде пысықталады және отырыс нәтижелерін ескере отырып келісіледі, кейіннен Тексеру комиссиясының Төрағасына енгізіледі.
Мемлекеттік аудит объектілері ұсынған материалдарды қосымша зерделеуді талап ететін немесе қосымша сұрау салулар жіберу қажет болған жағдайларда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім Тексеру комиссиясы Төрағасының келісімі бойынша ұзартылады.
Мемлекеттік аудит қорытындыларын қарау кезінде Тексеру комиссиясының мүшелері ерекше пікір білдіре алады, ол жазбаша түрде ресімделеді және осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде Тексеру комиссиясы қаулысының жобасына қоса беріледі.
- Аудит тобының жетекшісі аудит тобымен бірлесіп, отырыс өткізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Тексеру комиссиясының қаулысын Documentolog/БҚА АЖ-да тіркеу үшін құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшеге жолдауды қамтамасыз етеді. Әрбір қаулыға, нұсқамаға және отырыс хаттамасына күнтізбелік жыл басынан бастап реттік нөмір беріледі.
Қаулылар толық көлемдегі аудиторлық қорытындымен қоса облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) жергілікті атқарушы органдарына, тиісті мәслихатқа және құқық қорғау органдарына жіберілуі мүмкін.
- Аудит тобының жетекшісі аудит тобымен бірлесіп, Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жетекшілік ететін мүшесінің келісімі бойынша отырыс өткізілгеннен кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей отырысты өткізудің қорытындылары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде баспасөз релизін дайындайды және интернет-ресурста орналастыру үшін құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшеге жібереді.
- Аудиторлық қорытынды бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде аудиторлық іс-шара жүргізу туралы тапсырманы тіркеген мемлекеттік аудитор тексерудің аяқталғаны туралы электрондық ақпараттық есепке алу құжатын - хабарламаны ұсынады».
- Аудит тобының жетекшісі аудит тобымен бірлесіп, МАҚБ қағидаларының 3 және 4 тарауларына сәйкес қалыптастырылатын құжаттарды одан әрі бірыңғай дерекқорға жіберу үшін құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшеге жібереді.
- 153. Аудиторлық қорытындыда қамтылған қаулыларды, ұсынымдарды бақылауға қою, мониторинг жүргізу, бақылаудан алу, орындау мерзімдерін ұзарту Есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына, Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу жөніндегі сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына, сондай-ақ осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
2-параграф. Тексеру комиссиясының отырыстарын өткізуге қойылатын жалпы талаптар
- Тексеру комиссиясының отырыстары мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жүргізіледі.
Отырыс материалдары мыналарды қамтиды:
1) осы Регламенттің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша отырыстың күн тәртібі (мемлекеттік және орыс тілдерінде). Отырыстың күн тәртібінде отырыстың өткізілетін күні, уақыты мен орны, отырыстың тақырыбы және баяндамашылар туралы ақпарат қамтылуы керек;
2) осы Регламенттің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша отырысқа шақырылатындардың тізімі;
3) осы Регламенттің 7-қосымшасына сәйкес отырысты өткізу тәртібі;
4) Тексеру комиссиясының жауапты мүшесі қол қойған аудиторлық қорытындының жобалары, нұсқамалар, оларға қосымшалар және басқа да құжаттар;
5) аудиторлық қорытындыға және нұсқамаға, заңгерлік сараптамаға жасалған сапаны бақылау қорытындылары бойынша сараптамалық қорытындының көшірмесі;
6) осы Регламенттің 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша отырыс хаттамасының жобасы;
7) Тексеру комиссиясының жауапты мүшесі және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше бұрыштама қойған Тексеру комиссиясы қаулысының жобасы;
8) Тексеру комиссиясының жауапты мүшесімен келісіп, топ жетекшісі әзірлейтін отырыс қорытындылары бойынша баспасөз релизінің жобасы.
- Материалдарды екі және одан да көп парақта ресімдеу кезінде екінші және одан кейінгі парақтар нөмірленеді. Нөмірлер парақтың жоғарғы өрісінің ортасына тыныс белгісінсіз араб цифрларымен қойылады.
- «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, отырыстар ашық болып табылады.
Мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын материалдар талқыланатын отырыстар «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары сақтала отырып өткізіледі. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын мәселелер бірінші кезекте қаралады.
- Тексеру комиссиясы Төрағасының келісімі бойынша отырыстарға БАҚ өкілдері шақырылады. Құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше отырысқа шақырылған БАҚ-ты хабардар етуді, отырыс өткізу орнын дайындауды және залдың техникалық дайындығын қамтамасыз етеді.
- Тексеру комиссиясы Төрағасының тапсырмасы бойынша мемлекеттік аппараттың қызметін дебюрократияландыру, әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар шеңберінде отырыс қашықтықтан бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілген немесе шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда, отырыс Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес бейнеконференция байланысы арқылы қашықтықтан форматта өткізіледі.
3-параграф Тексеру комиссиясының аппараттық кеңестерін өткізу тәртібі
- Тексеру комиссиясының кеңестері Төрағаның төрағалық етуімен өткізіледі. Төрағаның тапсырмасы бойынша кеңестерді аппарат басшысы өткізуі мүмкін.
Тексеру комиссиясының кеңестері Тексеру комиссиясының Төрағасы немесе аппарат басшысы белгілейтін аптаның күні мен уақытында өткізіледі.
- Кеңестің күн тәртібін кеңеске төрағалық ететін адам бекітеді.
Егер Төраға өзгеше белгілемесе, Төрағаның қатысуымен өтетін кеңестің күн тәртібі кеңесті өткізу басталғанға дейін күнтізбелік екі күннен кешіктірілмей бекітуге енгізіледі.
- Кеңеске шығару үшін ұсынылатын мәселелерді оларды бастамашылар өзектілігі, перспективалылығы және қарау мерзімдерінің шынайылығы тұрғысынан мұқият пысықтайды.
- Күн тәртібін, кеңестердің хаттамасын, шақырылғандардың тізімін және жүргізу тәртібін дайындауды кеңеске бастамашы болған құрылымдық бөлімше ұйымдастырады.
Отырыстың қорытындысы бойынша хаттаманы жауапты орындаушы бір жұмыс күні ішінде төрағалық етушінің қол қоюы, құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше одан әрі тіркеуі және бақылауға қоюы үшін Documentolog/БҚА АЖ-ның тиісті қосымша парағында жасайды.
- Хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшеге жүктеледі. Бақылаудан алуды төрағалық етуші адам жүзеге асырады.
- Хаттамалық тапсырмалар және/немесе басқа тапсырмалар тармақтарын бірлесіп орындаушылар тапсырманы жіберген жауапты құрылымдық бөлімшеге олардың орындалуы туралы ақпаратты (ұсыныстардың болмауын қоса алғанда) Documentolog/БҚА АЖ арқылы оларды орындау мерзіміне дейін бір жұмыс күні бұрын ұсынады.
- Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы жиынтық ақпаратты құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше тапсырмаларды орындаушылар ұсынған ақпарат негізінде осы Регламенттің 9-қосымшасына сәйкес қалыптастырады, аппарат басшысымен келісіледі және Төрағаға ұсынылады.
6-ТАРАУ. Есептік ақпаратпен жұмысты ұйымдастыру
1-параграф 1. Тексеру комиссиясы жұмысының қорытындысы туралы ақпаратты дайындау
- Тексеру комиссиясының аудиторлық қызметінің қорытындылары туралы ақпарат есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық және сараптау-талдамалық іс-шараларының тоқсан сайынғы қорытындылары негізінде қалыптастырылады.
- Тексеру комиссиясы жұмысының қорытындылары туралы ақпаратты дайындауды Тексеру комиссиясы мүшелерінің, аппарат басшысының келісе отырып, басқа құрылымдық бөлімшелердің қатысуымен жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.
- Тексеру комиссиясы жұмысының қорытындылары туралы ақпараттың келісілген жобасы есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей Төрағаның қарауына енгізіледі.
2-параграф. Тексеру комиссиясының қызметін бағалауға ақпарат қалыптастыру
- Тексеру комиссиясының қызметін бағалауға ақпарат 1001.Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін бағалауды жүргізу жөніндегі сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкес қалыптастырылады.
- Құрылымдық бөлімшелер ұсынған жедел деректер негізінде жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше Тексеру комиссиясы қызметінің алдын ала жартыжылдық және жылдық бағасын сәйкестігінше 25 шілдеден және 25 қазаннан кешіктірмей қалыптастырады.
- Қызметті алдын ала бағалау мониторингін аппарат басшысы тұрақты негізде жүргізеді және оны жарты жылда бір рет Төрағаға не Төрағаның сұрау салуы бойынша ұсынады.
- Тексеру комиссиясының қызметін жылдық бағалауға жиынтық ақпаратты жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше құрылымдық бөлімшелердің 10 қаңтардан кешіктірмей растайтын құжаттарды қоса бере отырып, ұсынған деректері негізінде қалыптастырады.
- Ұсынылатын ақпараттың дұрыстығы мен сапасы үшін көрсеткіштерге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары дербес жауапты болады.
3-параграф. Тексеру комиссиясының жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептерін жасау
- Тексеру комиссиясының есепті қаржылық жылы бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептерін (бұдан әрі - Есеп) дайындау үшін Тексеру комиссиясы мүшелерінің арасынан Төрағаның шешімімен оларды дайындауға жауапты адамдар және Есепті әзірлеу жөніндегі оның тиісті жұмыс тобы белгіленеді.
- Жұмыс тобына қажет болған жағдайда материалдары Есепке енгізілетін мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары енгізіледі.
- Тексеру комиссиясы мақұлдаған Есеп қарау және бекіту үшін ағымдағы жылдың 20 мамырына дейін облыс мәслихатына, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатына ағымдағы жылдың 20 сәуіріне дейін жіберіледі.
7-ТАРАУ. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері (бұдан әрі – жолданымдар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) талаптарына сәйкес қаралады.
- Тексеру комиссиясына қарау үшін келіп түскен жолданымдарды құжат айналымын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше белгіленген есепке алу нысандары бойынша келіп түскен күні тіркейді және Тексеру комиссиясы басшылығының назарына жеткізеді.
Жолданымды тіркеу күні әкімшілік рәсімнің қозғалған күні болып есептеледі.
Құжат айналымын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше ауызша нысанда берген жолданымдар бойынша ӘРПК белгілеген талаптарды ескере отырып хаттама жасайды.
- Құжат айналымын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше өтініштерді қабылдайды және тіркейді, әкімшілік істі қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда қалыптастырады.
- Әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, құжат айналымын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше бірлесіп орындаушылардың қатысуымен ӘРПК белгілеген талаптарды ескере отырып, тыңдау хаттамасын жасайды.
- Тексеру комиссиясы Төрағасының блог-платформасы арқылы Тексеру комиссиясына келіп түскен жолданымдар «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және ӘРПК талаптарына сәйкес қаралады.
Тексеору комиссиясы Төрағасының блогына онлайн-жолданымдар келіп түскен кезде құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше жолданым келіп түскен күннен кешіктірмей оны Тексеру комиссиясы Төрағасының назарына жеткізеді, ол өз кезегінде жолданым келіп түскен күннен кешіктірмей жауап дайындау үшін оны аппарат басшысына немесе Тексеру комиссиясының лауазымды адамына жібереді. Аппарат басшысы немесе Тексеру комиссиясының лауазымды адамы осы жолданымға жауап жобасын дайындауға жауапты құрылымдық бөлімшені айқындайды.
- Жауапты орындаушы бірлесіп орындаушының және Тексеру комиссиясының аппарат басшысының келісімі бар, құрылымдық бөлімше басшысының қолы қойылған Төрағаның блогына дайындалған жауаптың жобасын Төрағаның қарауына енгізеді.
- Жауап жобасын Төраға мақұлдаған жағдайда құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше жауапты Төрағаның болгына орналастырады.
Жауапты орындаушы ӘРПК талаптарына сәйкес кез келген байланыс тәсілімен арыз иесіне өзінің қарсылығын білдіру мүмкіндігін ұсына отырып, жолданымға жауаптың жобасын жібереді.
- Құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше Төрағаның блогына келіп түсетін сұрақтарға жауаптардың уақтылы дайындалуына мониторингті жүзеге асырады.
8-ТАРАУ. Тексеру комиссиясы басшылығының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру
- Тексеру комиссиясының Төрағасы мен мүшелері азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды Тексеру комиссиясының Төрағасы бекітетін азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырады.
Кестені жасауды және бекітуді қамтамасыз етуді Тексеру комиссиясы мүшелерінің келісімі бойынша құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.
- Құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше кестені Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады.
- Төтенше жағдай және карантин режимі жағдайында Тексеру комиссиясы басшылығының азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы техникалық байланыс құралдарын (Skype, Zoom, WhatsApp, бейнеконференцбайланыс және т.б.) пайдалана отырып, құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшеге алдын ала жазылу арқылы онлайн форматта жүргізіледі.
9-ТАРАУ. Кадрлық құраммен жұмысты ұйымдастыру
1-параграф. Еңбек кестесі және еңбек тәртібі
- Тексеру комиссиясының қызметкерлері үшін екі демалыс күні сенбі және жексенбі болып табылатын бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Бұл ретте күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда 8 сағаттан аспауы керек.
Жұмыс күні сағат 8.30-да басталып, сағат 17.30-да аяқталады.
Түскі үзіліс саған 12.30-дан бастап сағат 13.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібі бөлігінде құқықтық қатынастарды регламенттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Төраға тараптардың келісімі бойынша қолда бар құзыреті шегінде қызметкердің өтініші бойынша жұмыстың өзге режимі мәселесін қарауы мүмкін.
Төтенше жағдай, оның ішінде карантин енгізілген кезеңде қашықтықтан жұмыс режимі белгіленеді. Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының күнделікті ұзақтығының шектеулерін сақтай отырып, жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді.
- Жұмыс уақытын есепке алуды әрбір қызметкер бойынша персоналды басқару жөніндегі қызмет жүргізеді. Құрылымдық бөлімшелер қызметкердің жоқ екенін персоналды басқару жөніндегі қызметке уақтылы хабарлауды қамтамасыз етеді.
Жұмыс уақытын есепке алу табелін персоналды басқару жөніндегі қызмет құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің жұмыста уақытша болмауы туралы құрылымдық бөлімшелердің күнделікті ақпараты негізінде толтырылады және құрылымдық бөлімшелер басшыларымен келісілгеннен кейін және аппарат басшысы бекіткеннен кейін ағымдағы айдың 20-на дейін қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге береді.
Табельдің деректері өзгерген жағдайда, қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге персоналды басқару қызметі Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне жалақыны қайта есептеу үшін өзгерістердің болуы туралы анықтама жібереді.
- Еңбек демалыстарын беру кезектілігі осы Регламенттің 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің тиісті жылға арналған еңбек демалыстарының кестесімен айқындалады, олар персоналды басқару қызметіне жинақтау үшін күнтізбелік жыл басталғанға дейін кем дегенде бір ай бұрын ұсынылатын құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде жасалады.
- Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің кезекті жылға арналған еңбек демалыстарының кестесі құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік ететін Тексеру комиссиясының мүшелерімен және аппарат басшысымен келісіледі.
- Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің кезекті жылға арналған еңбек демалыстарының кестесін Тексеру комиссиясының Төрағасы күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік он бес күн бұрын бекітеді.
- Бекітілген еңбек демалыстарының кестелері негізінде Тексеру комиссиясының тиісті жылға арналған қаржыландыру жоспары жасалады.
Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне кезектен тыс демалыс беру қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен, тиісті қөұрылымдық бөлімшенің басшысымен, жетекшілік ететін Тексеру комиссиясының мүшелерімен және аппарат басшысымен келісіледі. Кезектен тыс демалыс беру туралы шешімді Төраға қабылдайды.
- Еңбек демалыстарының кестелерін жасау кезінде құрылымдық бөлімше қызметінің ерекшелігі және қызметкерлердің пікірлері ескеріледі.
- Еңбек демалыстарының кестелерін Төраға бекіткеннен кейін бекітілген кестелердің көшірмелерін персоналды басқару жөніндегі қызмет бір жұмыс күні ішінде еңбек демалыстары бойынша қаржы қаражатының қажетті көлемін жоспарлау үшін қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге береді.
- Қызметкердің Е-Қызмет арқылы Төрағаға енгізілетін демалысқа арналған өтінішін қызметкер өзінің лауазымдық функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің басшысы тікелей, персоналды басқару жөніндегі қызмет және құрылымдық бөлімшенің жұмысына жетекшілік ететін Тексеру комиссиясының мүшелері мен аппарат басшысы, ал сауықтыруға арналған емдік жәрдемақы төленген жағдайда - қаржылық қамтамасыз етуге жауапты қызметкер алдын ала келіседі.
Дәлелді себептер болған кезде қызметкерге жұмыс күні ішінде қатарынан үш және одан да көп сағатқа дейін жұмыс орнында болмауы келісілуі мүмкін. Жұмыста болмауды келісу және себебін дәлелді деп тану тиісті қызметкердің өтінішхаты бойынша жүргізіледі:
- Тексеру комиссиясының төрағасы - Тексеру комиссиясының мүшелеріне, аппарат басшысына қатысты;
- аппарат басшысы - Тексеру комиссиясының жетекшілік ететін мүшесін хабардар ете отырып, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлеріне қатысты.
2-параграф. Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеуді ұйымдастыру
- Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшесі туралы ережені (бұдан әрі - Ереже), сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді құрылымдық бөлімше өздігінен әзірлейді және «Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Персоналды басқару жөніндегі қызмет үйлестіреді.
Персоналды басқару қызметі құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құрылған құрылымдық бөлімше жүзеге асыруы тиіс функцияларды анықтау тұрғысынан нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізеді.
Талдау нәтижелері бойынша құрылымдық бөлімшенің құрылымы, міндеттері мен функцияларының тізбесі айқындалады, олардың негізінде құрылымдық бөлімше туралы ереженің жобасы әзірленеді.
Әзірленген ереже жобасы не оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен үш жұмыс күні ішінде келісіледі, ескертулер мен ұсыныстар болған кезде жоба екі жұмыс күні ішінде пысықталады.
Ережені бекіту құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келісілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Ереже жобасына тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы (не оның міндетін атқарушы тұлға) әр парағына қол қояды.
Құрылымдық бөлімше туралы ережені Төраға бекітеді.
Тексеру комиссиясының құрылымы өзгерген не құрылымдық бөлімшенің функциялары өзгерген жағдайда:
құрылымдық бөлімше туралы ережеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысымен келісе отырып, бес жұмыс күні ішінде енгізіледі;
ережеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Персоналды басқару жөніндегі қызмет, сондай-ақ тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы ереже жобасының әр парағына қол қояды.
3-параграф. Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін белгілейтін құжаттарды дайындау
- Лауазымдық нұсқаулықтарды дайындау «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады:
Тексеру комиссиясы мүшелеріне және аппарат басшысына Персоналды басқару қызметі;
құрылымдық бөлімшелер басшыларына - Персоналды басқару қызметі құрылымдық бөлімшелер басшыларымен бірлесіп, құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
бөлім мамандарына құрылымдық бөлімше туралы ереже бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшенің тиісті басшысы дайындайды және Персоналды басқару жөніндегі қызметпен келісіледі.
Лауазымдық нұсқаулықтар Төрағаның бұйрығымен бекітіледі.
Персоналды басқару қызметі қызметкерді лауазымға орналасқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулық жаңа редакцияда бекітілгеннен немесе лауазымдық нұсқаулыққа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қызметкерге лауазымдық нұсқаулықтың көшірмесін ұсына отырып, оның лауазымдық нұсқаулығымен таныстырады.
Тексеру комиссиясы аппаратына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қызметкерлердің лауазымдық міндеттері еңбек шартында айтылады.
4-параграф. Дайындау, қайта дайындау және біліктілікті арттыру
- Тексеру комиссиясының қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Президент Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыру ережесімен, Есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №19-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12573 тіркелген) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін артыру ережесімен белгіленетін тәртіпте жүзеге асырылады.
Тексеру комиссиясы қызметкерлерін қайта дайындауды және біліктілігін арттыруды Персоналды басқару қызметі үйлестіреді.
Қызметкерлерді Қазақстан Республикасының шегінде және шетелге біліктілікті арттыруға жолдау тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады және Төрағаның тиісті бұйрығымен ресімделеді.
Персоналды басқару қызметі қайта дайындау және біліктілікті арттыру кестесін Тексеру комиссиясының тиісті құрылымдық бөлімшелерімен келіседі және оны Төраға жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейін бекітеді.
Курстарды (семинарларды) аяқтағаннан кейін курстан өткені туралы сертификаттардың көшірмелері жеке іске қоса тіркеу үшін Персоналды басқару қызметіне тапсырылады.
Тексеру комиссиясы аппаратының мемлекеттік аудит саласындағы құзыреттілік деңгейін және Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторлары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында бөлім басшылары жоспарланған кезеңнің алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей осы Регламенттің 11-қосымшасына сәйкес техникалық оқу жүргізудің жылдық жоспарын әзірлейді және Тексеру комиссиясының жетекшілік ететін мүшесіне келісуге енгізеді. Түзетулерді ескере отырып келісу рәсімі 5 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. Келісу жүргізілгеннен кейін екі күн мерзімде жинақтау үшін әкімшілік-құқықтық бөлімге, одан әрі бекіту үшін Тексеру комиссиясының Төрағасына енгізіледі.
5-параграф. Жұмыстан босатылған немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде істер мен құжаттарды қабылдау, беру
- Жұмыстан босатылған немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде тиісті құрылымдық бөлімше басшысының нұсқауы бойынша қызметкер өзінің орындауындағы барлық істер мен құжаттарды, жинақталған анықтамалық материалдарды береді. Бұл жағдайда құжаттарды беруші қызметтік істерді қабылдау-тапсыру туралы екі данада акт жасайды, онда берілетін құжаттар көрсетіледі және беру күніне шешілмеген мәселелердің орындалу жай-күйі сипатталады. Актінің екі данасына құжаттарды беруші және қабылдайтын қызметкерлер қол қояды және бөлім басшысы бекітеді. Тиісті бөлім басшысының шығу парағында істерді қабылдау-тапсыру актісінің болуы (болмауы) туралы белгі қойылады.
Қызметкер жұмыстан босатылған кезде еңбек кітапшасын бергенге дейін ол міндетті түрде мемлекеттік қызметшінің сәйкестендіру картасын Персоналды басқару қызметіне, мөр басу құрылғылары мен электрондық рұқсаттаманы әкімшілік-құқықтық бөлімге тапсырады.
10-ТАРАУ. Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу
- Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді құрылымдық бөлімшелер өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
- Тексеру комиссиясы нормативтік қаулыларының жобалары Тексеру комиссиясының мүшелерімен, Тексеру комиссиясы аппаратының басшысымен, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен және өзге де құрылымдық бөлімшелермен олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды реттеу мәніне қарай келісіледі.
Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен және басқа да мүдделі құрылымдық бөлімшелермен келісілген нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеуші заңнамада белгіленген тәртіппен келісу және/немесе тіркеу үшін мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жібереді
- Нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 451 қаулысына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізіледі.
Нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама ол аумақтық әділет органына келісуге енгізілгенге дейін жүргізіледі.
Нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын алғаннан кейін оны белгіленген тәртіппен аумақтық әділет органына одан әрі келісуге жіберу үшін Тексеру комиссиясының мүшелерімен және аппарат басшысымен, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы келісу жүзеге асырылады.
Нормативтік құқықтық актінің жобасын келісу кезінде оны бастапқы қарағаннан кейін қосымша ұсыныстар мен ескертулер беруге жол берілмейді.
- Аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілердің жобалары «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 568, «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес әзірленеді.
- Аумақтық әділет органында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуге құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері және нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері тікелей қатысады.
Аумақтық әділет органы нормативтік құқықтық актінің жобасына тұжырымдамалық емес сипаттағы және/немесе заң техникасы бойынша ескертулер ұсынған жағдайда, оны қайта жолдау, одан әрі бекіту және мемлекеттік тіркеу осы жобаны әзірлеуге, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, сондай-ақ аппарат басшысымен келісім бойынша жүзеге асырылады.
- Тексеру комиссиясының нормативтік құқықтық актілері мен құқықтық актілерінің жобаларын келісу мемлекеттік органдардың интранет порталында келісуші ретінде тағайындалған тұлғаларға жобаларды жіберу арқылы автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады, бұл ретте келісу парағы мемлекеттік органдар интранет порталынан басып шығарылады, құжаттың жобасына қоса беріледі және Төрағаға қол қоюға ұсынылады.
Егер Тексеру комиссиясының нормативтік құқықтық актілері мен құқықтық актілерінің жобаларын келісу барысында келісуші ретінде тағайындалған тұлғалар жоба келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны мемлекеттік органдардың интранет порталында келісуді жүзеге асырмаған жағдайда, онда ол адам мемлекеттік органдардың интранет порталының келісетін тізімінен шығарылады және түсіндірмелерде негіздемелері көрсетіле отырып, жобаның жаңа нұсқасы жасалады.
11-ТАРАУ. Тексеру комиссиясы төрағасының бұйрықтарын дайындау тәртібі
- Төрағаның бұйрықтары (бұдан әрі – бұйрықтар) Төрағаның жеке дара билік ету қызметінің шегіндегі мәселелерді реттеу үшін шығарылады, және қолданыстағы заңнамаға сәйкес әзірленеді.
Бұйрық шығаруды бұйрық мәселесі құзыретіне кіретін құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.
Бұйрықтарға лауазым атауының соңында «үшін» шылауын немесе көлбеу сызық қою арқылы қол қоюға жол берілмейді.
- Төрағаның бұйрықтарының күшін Төрағаның өзінің бұйрығымен, оның орнындағы адамның бұйрықтарының күшін Төраға немесе оның орнындағы адам жоя алады.
- Бұйрықтарға міндетті түрде жауапты орындаушының және жауапты бөлім басшысының визасы қойылады. Заңгерлік қызметпен келісіледі және аппарат басшысының визасы қойылады. Бұйрықтар қызмет бағыттары бойынша көтерілетін мәселелерге байланысты тексеру комиссиясының мүшелерімен келісіледі. Бұйрықтың және бұйрықтың қосымшасының барлық беттеріне міндетті түрде орындаушының қолы қойылады.
- Негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды қол қойылғаннан кейін тіркеуді іс жүргізуді ұйымдастыруға жауапты бөлімше жүзеге асырады, және архивке табыс етілгенге дейін ұйымдастыру-қаржы бөлімінде сақталады.
- Жеке құрам бойынша, демалыстар беру туралы және қызметкерлерді іссапарға жолдау туралы бұйрықтарды әзірлеуді, тіркеуді, сондай-ақ архивке табыс еткенге дейін сақтауды Персоналды басқару қызметі жүзеге асырады. Персоналды басқару қызметі сондай-ақ жеке құрам мәселелеріне, кадрлық мәселелерге қатысты негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды әзірлейді.
- Бұйрықтарды орындауға жауапты немесе оларда аталған тексеру комиссиясының мүшелері және тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлері оның мазмұнымен және негізгі қызмет бойынша бұйрықтардың жобаларымен міндетті түрде таныстырлуы тиіс.
12-ТАРАУ. Тексеру комиссиясының интернет-ресурсының және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету
- Тексеру комиссиясының интернет-ресурсының жұмысын ақпараттық-техникалық жарақтандыруға жауапты құрылымдық бөлімше қамтамасыз етеді.
Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында тиісті ақпаратты берудің өзектілігі мен уақтылығын ақпараттық-техникалық жарақтандыруға жауапты құрылымдық бөлімше қамтамасыз етеді.
Ақпараттың дұрыстығын және уақтылығын Тексеру комиссиясының тиісті іс-шарасын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше қамтамасыз етеді.
- Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында және ресми аккаунттарында әлеуметтік желілерде орналастыруға арналған ақпараттық материалдар Тексеру комиссиясының Төрағасымен не оның орнындағы лауазымды адаммен келісер алдында материалдардың стилистикалық мазмұны мен ресімделуіне, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің бірдейлігіне тексеруден өтеді.
- Ақпараттық материалдарды интернет-ресурста орналастыруды, түзетуді және жоюды құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше жүргізеді.
- Ақпараттық-техникалық жарақтандыруға жауапты құрылымдық бөлімше Тексеру комиссиясында пайдаланылатын барлық ақпараттық жүйелердің техникалық жай-күйін дұрыс ұстауды жүзеге асырады.
13-ТАРАУ. Мемлекеттік аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымдардың және (немесе) сарапшылардың қызметтерін сатып алу
- Тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымдардың және (немесе) сарапшылардың қызметтерін сатып алған кезде техникалық ерекшелік (конкурстық құжаттама) Тексеру комиссиясының тиісті аудиторлық іс-шараны жүргізуге жауапты мүшесімен келісіледі.
- Тексеру комиссиясының тиісті аудиторлық іс-шараны өткізуге жауапты мүшесі аудиторлық ұйымдардың және (немесе) сарапшылардың көрсетілген қызметтерінің нәтижелерін келіседі.
14-ТАРАУ. Қорытынды ережелер
- Шешімдері осы Регламентпен реттелмеген мәселелер бойынша шешімдерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Төраға қабылдайды және қажет болған жағдайда Төрағаның тиісті бұйрығымен қолданысқа енгізіледі.
- Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелері арасында ұйымдастыру сипаттағы келіспеушіліктер туындаған жағдайда оларды Төраға, аппарат басшысы құзыреті бойынша шешеді.
- Осы Регламенттің орындалуына бақылау жасау осы Регламенттің нормаларының сақталуына тексеру жүргізе алатын Тексеру комиссиясының Төрағасына, мүшелеріне, аппарат басшысына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жүктеледі.
- Осы Регламентті бұзғаны және орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.