СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оларға жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жыл сайын тәртіптік комиссияның жұмыс жоспарына, Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспарына, Тексеру комиссиясының жылдық жұмыс жоспарына, Перспективалық жоспарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізіледі, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі жасалады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шаралар шеңберінде 2019 жылы:

  • 2019 жылдың 2-тоқсанында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары шақырылып семинар өткізілді,семинар барысында Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін, «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарды сақтаудың түйінді мәселелері түсіндірілді;
  • 2019 жылдың 3-тоқсанында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР қолданыстағы заңнамасын түсіндіру бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің өкілін шақырып, техникалық оқу өткізілді.
  • ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын сақтауы мақсатында тексеру комиссиясы қызметкерлері Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында бекітілген парасаттылық декларациясының шектеулерін жазбаша түрде қабылдады;
  • тексеру комиссиясы төрағасының 19.06.2019 жылғы №75-Ө бұйрығымен ШҚО бойынша тексеру комиссиясы қызметкерлерінің мүдделер қақтығысы туралы қағидасы бекітілді;
  • тексеру комиссиясы Шығыс Қазақстан облысының аумағында өткізілетін «Шығыс-Адалдық алаңы» жобасына белсенді қатысушы болып табылады, оның негізгі миссиясы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамауды қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылады.

Мысалы, 2019 жылы 12 желтоқсанда «Шығыс – адалдық алаңы» жобасының шеңберінде«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және аудиторлардың қызмет этикасын сақтауы мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның, облыстық басқармалардың және квазимемлекеттік сектордың өкілдері шақырылды.

  • 31.01.2019 ж. №13-Ө бұйрықпен бекітілген өткізу кестесіне сәйкес 2019ж. 1-жартыжылдығында №2 мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөліміне Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді (28.06.2019 ж. анықтама);
  • Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 18-НҚ және Қазақстан Ресрубликасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 601 бірлескен нормативтік қаулысымен және бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларына сәйкес мемлекеттік аудиторларға мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда оларды жою туралы міндеттемені ұсыну туралы талап қойылады.

Бұдан басқа, Әдеп жөніндегі уәкіл қызметкерлер арасында Әдеп кодексі мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы сақтау бойынша тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

2020 жылдың 1-жартыжылдығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шаралар шеңберінде:

  • Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды - 2019 жылғы 26 қарашадағы № 273 түсіндіру бойынша ұжым жиналысы өткізілді (24.01.2020 ж. №1 хаттама);
  • Ағымдағы жылдың 13 наурызында Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің өкілдерін шақырып, ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қолданыстағы заңнамасын түсіндіру бойынша техникалық оқу өткізілді;
  • тәртіптік комиссияның іс-шаралар жоспарына сәйкес ШҚО МКД өкілінің қатысуымен 2019 жылға кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну мерзімі бойынша және жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңімен көшу бойынша семинар ұйымдастырылды;
  • ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі мемлекеттік органның қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған жағдайда мемлекеттік орган орындайтын іс-қимылдардың әр қадамы бойынша кезектілігін белгілейтін алгоритм әзірледі. Бұл құжат ұжым кеңесінде таныстырылды және лауазымдық нұсқаулыққа тиісті өзгерістер енгізіліп, жауапты қызметкер бекітілді;
  • Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруды ескере отырып, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауға қоғам тарапынан ашықтық пен сенімді қамтамасыз етуге, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен және келісілген іс-қимылдарды әзірлеу және іске асыру мақсатында «Nur-Otаn» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды;
  • 26.02.2020 жылғы №20-ө бұйрықпен бекітілген өткізу кестесіне сәйкес 2020 жылдың 1-жартыжылдығында талдау, жоспарлау және есептілік бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді.
Мақаланы құрған күні 30.01.2020 16:16
Дата публикации
21 февраля 2024