1988 жылы 29 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген.
2010 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "Есеп және аудит"мамандығы бойынша бітірген.
2016 жылы Ұлттық комиссияның шешімімен "Мемлекеттік аудитор" біліктілігі берілді. "CIPFA Public Auditor" мемлекеттік аудитор сертификаты бар, ҚР кәсіби бухгалтері.
Еңбек жолын 2010 жылы "Olympex Advisers"ЖШС аудит департаментінің ассистенті, кейін консультанты болып бастады.
2014 жылдың тамызынан 2017 жылдың тамызына дейін "Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы" ММ және "Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы"ММ -де бас маман-мемлекеттік аудитор қызметін атқарды.
2017 жылдың тамызынан 2019 жылдың қыркүйегіне дейін - салықтық әкімшілендіру және аудит бөлімінің маманы, "Қазақстандық коммуналдық жүйелер"ЖШС Ішкі аудиторы.
2019 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы қыркүйекке дейін - бас сарапшы-мемлекеттік аудитор, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бас консультанты -мемлекеттік аудиторы.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №19/169-VII шешімімен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.