GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Комиссия туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Все материалы
21 октября 2026
ХАБАРЛАМА лытау облысы бойынша тексеру комиссиясының «Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық тәртіпті сақтауын және бюджет қаражатын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстелі өтеді.

2026 жылғы 23 қазан күні сағат 15.00-де Жанаарқа кентінде, Тәуелсіздік көшесі, 5 мекенжайы бойынша Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының «Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық тәртіпті сақтауын және бюджет қаражатын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстелі өтеді.

16 октября 2026
Пресс-релиз 2026 жылғы 16 қазанда Қаражал қаласында мемлекеттік мекемелердің ашықтығы мен есептілігін арттыру мәселелері талқыланды.

 

2026 жылғы 16 қазанда Қаражал қаласында мемлекеттік мекемелердің ашықтығы мен есептілігін арттыру мәселелері талқыланды.

Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік мекемелердің өкілдері мен бухгалтерлік қызметтердің қызметкерлерінің қатысуымен «Сапалы қаржылық есептілік арқылы мемлекеттік мекемелердің ашықтығы мен есептілігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты қаржылық есептіліктің сапасы мен анықтығын арттыру, қаржылық тәртіпті нығайту, ішкі бақылауды жетілдіру және бюджет қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін талқылау болды.

Дөңгелек үстел барысында тексеру комиссиясының мүшесі Н.А. Сарсекеева мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталатын үлгілік бұзушылықтар мен кемшіліктерге ерекше назар аударды. Олардың қатарында қаржылық есептілік көрсеткіштерінің бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес келмеуі, дебиторлық және кредиторлық берешек есебінің тиісінше жүргізілмеуі, растаушы бастапқы құжаттардың болмауы, сондай-ақ мемлекеттік активтерді есепке алу және есептен шығару кезіндегі бұзушылықтар атап өтілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер басшыларының бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, ішкі бақылауды қамтамасыз ету және қаржылық ақпараттың анықтығы үшін жауапкершілігі ерекше атап өтілді.

Талқылау аясында активтер мен міндеттемелерге уақтылы түгендеу жүргізу, өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру, қаржы-шаруашылық операцияларды тиісті құжаттармен ресімдеу, бухгалтерлік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және есеп жүргізудің цифрлық құралдарын енгізу сияқты бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған практикалық шаралар қарастырылды.

Анықталған бұзушылықтарды ғана емес, олардың туындауына ықпал ететін себептерді де жою қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Өйткені бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қаржылық есептіліктің анықтығы, бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығы және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру қаржылық тәртіпті нығайтудың және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттырудың негізгі шарттары екендігі атап өтілді.

Осындай іс-шараларды өткізу бухгалтерлік есепті жүргізудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға, практикалық тәжірибе алмасуға және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің сапасын арттыруға ықпал етеді.

 

 

13 октября 2026
ХАБАРЛАМА Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының «Сапалы қаржылық есептілік арқылы мемлекеттік мекемелердің ашықтығы мен есептілігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстелі өтеді.

2026 жылғы 16 қазан күні сағат 11.00-де Қаражал қаласыАбай көшесі, 9 (мәжіліс залы) мекенжайы бойынша Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының «Сапалы қаржылық есептілік арқылы мемлекеттік мекемелердің ашықтығы мен есептілігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстелі өтеді.

 

08 октября 2026
Пресс-релиз Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің сапасын арттыру мәселелері талқыланды

Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің сапасын арттыру мәселелері талқыланды

2026 жылғы 8 қазанда «Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемелердің басшылары мен бухгалтерлік қызмет қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің сапасы: типтік қателер және олардың алдын алу шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның мақсаты қаржылық есептіліктің сапасы мен шынайылығын арттыру мәселелерін талқылау, оны жасау кезінде жиі кездесетін қателерді, олардың туындау себептерін және олардың алдын алу бойынша практикалық шараларды қарастыру болды.

Дөңгелек үстел барысында Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Н.А. Сарсекеева есепті кезеңдегі операциялардың толық әрі шынайы көрсетілуіне, талдамалық және синтетикалық есеп деректерінің сәйкестігіне, активтер мен міндеттемелердің дұрыс көрсетілуіне, дебиторлық және кредиторлық берешектің жай-күйіне, түгендеу нәтижелеріне, сондай-ақ қаржылық есептілік нысандары көрсеткіштерінің өзара байланысына ерекше назар аударды.

Қаржылық есептіліктің сапасы бүкіл есепті кезең бойы қалыптасатыны және бастапқы құжаттардың уақтылы ұсынылуына, шаруашылық операцияларының дұрыс көрсетілуіне, тұрақты салыстырып тексерулердің жүргізілуіне және ішкі бақылаудың тиімділігіне байланысты екені атап өтілді.

Мемлекеттік мекемелер басшылары мен бас бухгалтерлерінің рөліне, сондай-ақ бухгалтерлік қызметтің басқа құрылымдық бөлімшелермен тиімді өзара іс-қимыл жасау қажеттілігіне жеке назар аударылды.

Қатысушылар қателердің алдын алу бойынша практикалық шараларды, оның ішінде құжаттарды бухгалтерлік қызметке ұсыну мерзімдерін белгілеу, мерзімді салыстырып тексерулер жүргізу, дебиторлық және кредиторлық берешекті талдау, шоттар бойынша қалдықтарды тексеру және есепті кезеңдер көрсеткіштерін салыстыру мәселелерін талқылады.

Жіберілген қателерді түзетуден олардың туындау себептерінің алдын алуға көшуге ерекше мән берілді. Әрбір анықталған қате оның себептерін талдауға және ішкі бақылау рәсімдерін жетілдіруге негіз болуы тиіс.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар практикалық тәжірибелерімен алмасып, қаржылық есептілікті дайындау барысында туындайтын проблемалық мәселелерді талқылады.

Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік мекемелердегі қаржылық есептіліктің сапасын арттыруға және ішкі бақылауды жетілдіруге ықпал етеді.

 

05 октября 2026
ХАБАРЛАМА Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының «Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің сапасы: типтік қателер және олардың алдын алу шаралары» тақырыбында дөңгелек үстелі өтеді.

2026 жылғы 8 қазан күні сағат 11.00-де Жанаарқа кентінде, Тәуелсіздік көшесі, 5 (конференц-зал) мекенжайы бойынша Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының «Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің сапасы: типтік қателер және олардың алдын алу шаралары» тақырыбында дөңгелек үстелі өтеді.

29 сентября 2026
Пресс-релиз 2026 жылғы 28 қыркүйекте Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын іске асыруға бағытталған қаражаттың пайдаланылу тиімділігі мемлекеттік аудитінің қорытындысы қаралды

«Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ және «Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ қызметінің мемлекеттік аудитімен республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының жалпы көлемі 3 908 569,4 мың теңге сомасында            2 мемлекеттік аудит объектісі қамтылды.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын іске асыруға бағытталған қаражатты пайдалану тиімділігі мемлекеттік аудитінің қорытындылары бойынша аудитпен қамтылған бюджет қаражатының 3 908 569,4 мың теңге көлемінде жалпы сомасы 3 154 600,3 мың теңгеге немесе қамту сомасының 80,7% - на бюджет және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын бұзушылықтар белгіленді, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар-12 858,9 мың теңге және бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз жоспарлау - 3 141 741,4 мың теңге. Бұдан басқа, рәсімдерді орындау тәртібінің 20 бұзушылығы және 20 жүйелік кемшілік анықталды, оның ішінде Ұлытау облысының құрылыс басқармасы бойынша - 19 бұзушылық және 12 жүйелік кемшілік, Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы бойынша - 1 бұзушылық және 8 жүйелік кемшілік.

Ұлытау облысының құрылыс басқармасы бойынша 12 858,9 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар толық көлемде белгіленді, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен – 9 978,8 мың теңге, жергілікті бюджет – 2 880,1 мың теңге. Бұзушылықтар бақылау өлшемдері (тексерулер) және сараптамалық зерттеу нәтижелері бойынша белгіленген құрылыс-монтаждау жұмыстарының нақты орындалмаған жекелеген көлемдерін қабылдаумен және төлеумен байланысты, МСАК-тың 9 объектісі бойынша.

Белгіленген фактілер Тапсырыс беруші мен құрылыс процесінің субъектілері тарапынан жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыс көлемдерінің нақты орындалуына бақылаудың жеткіліксіздігін куәландырады. Жұмыстардың құнын асыра бағалаумен қатар, сараптамалық зерттеу жұмыстардың жекелеген түрлерінің нақты дайындығын және олардың бекітілген жобалық шешімдерге сәйкестігін сенімсіз растауға байланысты техникалық және авторлық қадағалаудың кемшіліктерін анықтады. Демек, анықталған қаржылық бұзушылықтар құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаудың, қабылдаудың және төлеудің өзара байланысты кезеңдеріндегі бақылау жүйесінің кемшіліктеріне байланысты.

Медициналық жабдықты пайдалану тиімділігі кадрлық және ұйымдастырушылық факторлармен қосымша шектеледі. Кейбір жағдайларда медициналық персоналда қажетті рұқсаттың, сертификаттаудың және оқытудың болмауына байланысты жабдық іс жүзінде қолданылмаған.

Тұрақты әлеуметтік әсерге қол жеткізу үшін объектілерді сандық енгізуден олардың түпкілікті нәтижелілігін басқаруға баса назар аудару қажет: барлық МСАК объектілерінің толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету, медициналық кадрлармен жасақтау, жабдықты персоналдың нақты қажеттілігі мен біліктілігіне сәйкес келтіру, жабдықты практикалық пайдалануға енгізу, санитарлық көліктің дайындығын арттыру және шұғыл көмек көрсетудің уақтылығын жүйелі бақылау. Аталған шараларды іске асыру жүргізілген бюджеттік инвестициялардың қайтарымын арттыруға және ұлттық жобаның мақсатына — ауыл халқына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыруға толық көлемде қол жеткізілмеді.

Аудит қорытындысы бойынша объектілерге анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға, мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыруға, корпоративтік басқаруды жетілдіруге, медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және Ұлытау облысының халқына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.

Мемлекеттік аудит объектілерінің атына анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарау туралы нұсқамалар жіберілді.

Аудиторлық іс-шараның қорытындысы Ұлытау облыстық мәслихаты мен әкімдігіне жіберілді.

 

Төмендегі сілтемені басу арқылы Аудиторлық қорытындымен таныса аласыз.  

https://www.gov.kz/org/revkomulytau/documents/details/1084196?lang=kk 

28 сентября 2026
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын іске асыруға бағытталған қаражатты пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының ОТЫРЫСЫН АУЫСТЫРУ

2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 15-00-де Жезқазған қаласы, Ғ. Омаров көшесі, 7 (конференция залы, 3-қабат) мекенжайында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын іске асыруға бағытталған қаражатты пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтеді.

Мемлекеттік аудит
18 сентября 2026
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын іске асыруға бағытталған қаражатты пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 22 қыркүйекте сағат 11-00-де Жезқазған қаласы, Ғ. Омаров көшесі, 7 (конференция залы, 3-қабат) мекенжайында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын іске асыруға бағытталған қаражатты пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтеді.

28 августа 2026
Пресс-релиз 2026 жылғы 27 тамызда Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тексеру комиссиясының отырысында «Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ, Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ-де жүргізілген кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру бойынша мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.

Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша бюджетке өтелуге жататын жалпы сомасы 1 442,5 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 13 рәсімдік сипаттағы бұзушылық және 5 жүйелі және өзге де кемшілік анықталды.

Аудит барысында өндірудің жоспарлы көлемдеріне қол жеткізілмеу, ең төменгі шығыстардың орындалмауы, жер құқықтарының уақтылы ресімделмеуі, міндетті төлемдердің орындалмауы, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың есептілігі мен салықтық есептілік деректері арасындағы алшақтық фактілері анықталды. Жер пайдаланудың қолданыстағы құқығынсыз кең таралған пайдалы қазбаларды (КПҚ) өндіру жағдайлары анықталды. Мемлекеттік органдардың бақылау қызметі негізінен рұқсаттар беруге, жер учаскелерін ұсынуға және есептілікті жинауға бағытталған, ал міндеттемелердің нақты орындалуына жүйелі мониторинг жүргізу жеткіліксіз жүзеге асырылған. Аудит нәтижелері ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және жер қойнауын пайдаланушыларды бақылаудың бірыңғай тетігін қалыптастыру қажеттілігін көрсетеді — жер қойнауын пайдалану құқығы мен жер учаскесін беруден бастап, өндіру көлемдерін бақылауға, қаржылық міндеттемелердің орындалуын және бюджетке төлемдердің түсуін бақылауға дейін. Аталған шараларды іске асыру мемлекеттік реттеудің тиімділігін және саланың облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік аудит объектілерінің атына ұсынымдары бар аудиторлық қорытынды және анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жолданды.

Аудиторлық іс-шараның қорытындылары Ұлытау облысының мәслихаты мен әкімдігіне жолданды.

 

Төмендегі сілтемені басу арқылы Аудиторлық қорытындымен таныса аласыз. 

https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomulytau/documents/details/1059683?lang=kk 

25 августа 2026
АНОНС Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі мемлекеттік аудитінің қорытындылары бойынша отырысын өткізу туралы

2026 жылы 27 тамыз сағат 11.00-де Жезқазған қаласы, Омаров к-сі 7,          (3 қабат, мәжіліс залы) мекенжайында Ұлытау облысы Тексеру комиссиясының отырысы өтеді, отырыста кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы