Ықтимал тәуекелдерге әкелетін жағдайлардың туындауы туралы ескерту (хабарлама) және оларды болдырмау жөніндегі ұсынымдар (ұсыныстар)

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 13-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және сыртқы мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесінің талаптарына сәйкес аудит объектілерін тәуекел дәрежелері бойынша саралай отырып, тәуекелдердің жиынтық тізілімі қалыптастырылды (қосымша: Тәуекелдердің жиынтық тізілімі).

 

ТБЖ соңғы кезеңі шеңберінде:

1. Тәуекел дәрежесі төмен мемлекеттік аудит объектілеріне ұсынымдар - жоғары және орта дәрежелі тәуекелдерге алып келетін жағдайлардың алдын алу және оларға жол бермеу мақсатында тәуекел дәрежесі төмен (жол берілетін) мемлекеттік аудит объектілері бойынша бюджеттік бағдарламалардың (облыстық, қалалық және аудандық) әкімшілеріне, қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне мыналарды қамтамасыз ету ұсынылады (меңзеледі):

- сандық және сапалық көрсеткіштердің тәуекелдеріне мониторинг жүргізу;

- бюджет қаражатын ұтымды игеру;

- бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу;

- дебиторлық және кредиторлық берешектерге жол бермеу (өсудің төмендеуі) ;

- Бюджеттік инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыру;

- бюджеттік даму бағдарламаларын орындаудың тиімділігі;

- жергілікті бюджетке түсетін кірістер бойынша салықтық және салықтық емес түсімдердің болжамын орындау;

- салықтар және жергілікті бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің өсуін азайту;

- таза пайдадан дивидендтердің (таза кірістің бір бөлігінің үлесі) өсуі;

- таза пайданың өсуі;

- даму Жоспарының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу (АҚ, ЖШС, КМК үшін);

- мемлекеттік аудит органдарының тапсырмаларын орындау және т. б.

Тәуекелдің жоғары және орташа дәрежесіндегі тәуекелдерге әкелетін жағдайлар сақталған жағдайда жоғары әкімшіні және басқа да құзыретті органдарды хабардар ету немесе мемлекеттік аудит объектісі, нысанасы бойынша аудиторлық іс-шара өткізу туралы мәселені қарау жөнінде шаралар қабылданатын болады.

2. Жоғары және орташа тәуекел дәрежесі бар мемлекеттік аудит объектілеріне - бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне (облыстық, қалалар мен аудандардың), қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне жоғары және орташа тәуекел дәрежесі бар мемлекеттік аудит объектілері бойынша ұсынымдар (жоғары дәрежедегі тәуекелдерге әкелетін жағдайлар сақталған жағдайда) мыналарды қамтамасыз ету ұсынылады (меңзеледі):

- бюджет қаражатын ұтымды игеру, сондай-ақ түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бюджетті атқару бойынша қажетті басқарушылық шешімдер қабылдау;

- тікелей және түпкілікті көрсеткіштерге қол жеткізу жолымен бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тиімділігі;

- дебиторлық және кредиторлық берешектерге жол бермеу (өсудің төмендеуі) ;

- Бюджеттік инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыру;

- бюджеттік даму бағдарламаларын орындаудың тиімділігі;

- жергілікті бюджетке түсетін кірістер бойынша салықтық және салықтық емес түсімдердің болжамын орындау;

- салықтар және жергілікті бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің өсуін азайту;

- таза пайдадан дивидендтердің (таза кірістің бір бөлігінің үлесі) өсуі;

- таза пайданың өсуі;

- даму жоспарының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу (АҚ, ЖШС, КМК үшін);

- мемлекеттік аудит органдарының тапсырмаларын орындау;

- тәуекелдердің пайда болу себептері мен белгілерін анықтау мақсатында барлық тәуекелдік және ықтимал тәуекелдік жағдайлар мен оның белгілеріне  талдау жүргізу және т. б.

Тәуекелдерге әкелетін жағдайлар сақталатын болса жоғарғы  әкімші және басқа да құзыретті органдар хабардар етіледі немесе мемлекеттік аудит объектісі, нысанасы бойынша аудиторлық іс-шара өткізу туралы мәселе қаралады.

Дата публикации
19 октября 2026