Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясы 2026 ж. арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 7 аудиторлық іс-шара өткізді.
Мемлекеттік аудитпен 74 484 588,4 мың теңге қаражат көлемімен 31 объект қамтылды.
30 998 882,7 мың теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының бұзушылықтары анықталды. 5 883 716,2 мың теңге қалпына келтірілуге және өтелуге жатады, оның ішінде 2026 ж. 9 айда 3 069 855,8 мың теңге қалпына келтірілді және өтелді.
Жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша төмендегілер жолданды:
аудит объектілеріне – 7 аудиторлық қорытынды және 33 нұсқама жолданды, 26 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға – 151 аудит материалдары жолданды, жалпы 12 488,3 мың теңге айыппұл сомасына 40 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.