Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің 2025 жылғы 9 айдағы негізгі көрсеткіштері

2025 жылдың 9 айында 36 объектіде 6 аудиторлық және 1 сараптамалық-талдау іс-шарасы өткізілді, оның ішінде Қазақстан Республикасының жоғары аудиторлық палатасымен екі қатарлас тексеру жүргізілді.

Аудитпен 117 670,2 млн. теңге қамтылды. 11 170, 8 млн.теңге сомасына бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 205,3 млн. теңге (1,8%), тиімсіз пайдаланылған мемлекет активтері – 455,2 млн. теңге (4,1%), тиімсіз жоспарлау – 10 510,2 млн. теңге (94,1%).

Жергілікті бюджеттен 0,1 млн. теңге, бюджет қаражатын пайдалану кезінде 1,1 млн. теңге шығын анықталды. Сонымен қатар, 248 процедуралық бұзушылық, 4 кемшілік анықталды.

Қаржылық бұзушылықтар сомасынан – 196,0 млн.теңге (95,5%) қалпына келтірілді (өтелді). Қалпына келтірілмеген (өтелмеген) соманың қалдығы 9,3 млн. теңгені құрады.

2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте жүргізілген аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындысы бойынша 6 ұсыным және 57 тапсырма берілді, оның ішінде 5 ұсыным және 38 тапсырма орындалды, 1 ұсыным және 4 тапсырма орындалмауына байланысты бақылаудан алынды, қалған 11 тапсырма бойынша орындау мерзімі басталған жоқ, 4 тапсырма бойынша аудит объектілері орындамаған орындау бойынша шаралар қабылданды.

Есепті кезеңде 145 адам жауапқа тартылды,оның ішінде қылмыстық – 1, әкімшілік – 106, тәртіптік – 38. 16,2 млн. теңге сомасына айыппұл салынды.

Дата публикации
21 октября 2025
Дата обновления
21 октября 2025
Тип

Сейчас читают

27 февраля 2026
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 26,36 трлн теңгеден асты
27 февраля 2026
Қазақстандықтардың 12 айда есептелген инвестициялық кірісі 2,28 трлн теңгені құрады
27 февраля 2026
Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаруына қалай қайтаруға болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы