Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 жылға арналған іс – шаралар жоспары 2023 жылғы 22 желтоқсанда №135 н/қ бұйрығымен (бұдан әрі-Жоспар) бекітілген.
2024 жылғы Жоспарды орындау үшін келесі жұмыстар жүргізілді:
- құқықтық жалпы оқыту шеңберінде Тексеру комиссиясы 24 тақырыпты қамтитын 12 техникалық оқу өткізді, оның ішінде 7 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу тақырып бойынша;
- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілін шақыра отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың одан әрі шаралары» және «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақырыптарына Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының қызметкерлерімен екі семинар өткізілді;
- тексеру комиссиясының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі жадынамалар НҚА өзгерістеріне сәйкес келтірілді;
- аудитке шығу алдында қызметкерлермен тұрақты негізде тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілін тарта отырып нұсқама жүргізіледі, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын түсіндірумен;
- аудитке шықпас бұрын мемлекеттік аудит тобы мүшелерінің мемлекеттік аудит объектілерімен үлестестік тізімдері қалыптастырылады;
- Тексеру комиссиясысының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен және олардың жұбайларымен 2023 жылғы салық салу объектісі болып табылатын кірістер мен мүлік туралы декларацияның мемлекеттік кірістер органдарына тапсыруы қамтамасыз етілді;
- бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қабылданған қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулермен таныстырылды;
- іс жүргізу шараларын қабылдау үшін құқық қорғау органдарына берілген материалдар бойынша мониторинг және бақылау жүргізіледі;
- Тексеру комиссиясының бос лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізу кезінде бақылаушылар, сарапшылар, уәкілетті органның өкілдері қатысады;
- қызметтік әдеп нормаларының сақталуына, сондай-ақ моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында, ұжымда Әдеп жөніндегі уәкіл Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне анонимді сауалнама жүргізеді;
2024 жылғы тамыз айында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы Төрағасының 2024 жылғы 26 тамыздағы № 78 н/қ бұйрығының негізінде 2023 жылғы қыркүйектен бастап 2024 жылғы қыркүйекке дейінгі кезеңде «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды, оның қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының құқық қолдану практикасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмағаны анықталды;
2024 жылғы қыркүйек айында Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы талдамалық анықтама, сондай-ақ іс-шаралар жоспары орналастырылды.