Әдеп жөніндегі уәкіл

Өтегенов Жанат Қайсаұлы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, Әдеп жөніндегі уәкіл

Жалпы ақпарат, білімі

Жанат Қайсаұлы Өтегенов 1980 жылы 1 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Святодуховка а. туған. Үйленген, үш баланы тәрбиелеп отыр. Білімі жоғары — бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. «Мемлекеттік аудитор» бойынша сертификаты бар.

Мансап

2001-2002 ж.ж. Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру жөніндегі Солтүстік Қазақстан комитетінің жетекші маманы, Петропавл қ.;

2003-2003 ж.ж. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаментінің инспекторы, Петропавл қ.;

2003-2011 ж.ж. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-нің бас маманы – бас бақылаушы – ревизор, Петропавл қ.;

2011-2020 ж.ж. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-нің бөлім басшысы, Петропавл қ.;

2020 ж. бастап - «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-нің тексеру комиссиясының мүшесі, Петропавл қ.

 

 
Дата публикации
10 марта 2023