
Бексұлтанова Нұргүл Тілекқызы, 1975 жылы 05 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Үш баланы тәрбиелеп отыр. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы аппаратының басшысы. Білімі жоғары-Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
«Мемлекеттік аудитор» сертификаты бар.
1996-2001жж. «Көкше-фарфор» ЖШС, кадрлар даярлау жөніндегі инженер;Көкшетау қ.
2001-2002 жж. «Әулет» МТО хатшысы Көкшетау қ.;
2002-2005 жж. «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ маманы,
бас маманы;
2005-2008 жж. Петропавл қаласы әкімінің көмекшісі;
2008-2009 жж. Петропавл қ. «ТКШ,ЖКжАЖ бөлімі» ММ бас маманы;
2009-2011 жж. СҚО әкімі орынбасарының бас маманы;
2011-2012 жж. «СҚО әкімінің аппараты» ММ кадрлық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі;
2012-2022 жж. ҚБҚ бас маман, бас инспектор, басшысы . «СҚО бойынша тексеру комиссиясы» ММ;
2022 ж. қ/у дейін «СҚО бойынша тексеру комиссиясы» ММ аппарат басшысы.