Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиын Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінде өткізіліп жатқан аудиторлық іс-шара аясында өткізілді. Жиынға Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Н. Қордабай, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы М. Сатлабаев, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Б. Ысмағұлов, Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушысы М. Ақпанбетов және білім бөлімінің қызметкерлері қатысты. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында алдын алуға бағытталған іс-шаралар туралы айтылды.