Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясымен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу,оның алдын алу және негізгі жұмыс бағыттары тақырыбында жиын өткізілді.

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Мұса Оспанұлының төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның алдын алу және негізгі жұмыс бағыттары тақырыбында жиын өткізілді. Жиынға тексеру комиссиясының мүшелері, мемлекеттік аудиторлар мен барлық қызметкерлері қатысты.

Жиында, аппарат басшысы – Әдеп жөніндегі уәкіл Б. Пшанов «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау және қоғамда теріс пікір туғызбау мәселелері» бойынша,  персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы А. Сәлімжан «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның алдын алу шаралары» бойынша баяндама жасады және арнайы дайындалған бейне роликтер мен слайдтар көрсетілді.

Сондай-ақ, тексеру комиссиясының негізгі жұмыс бағыттары бойынша бағалау және сапа бақылауы бөлімінің басшысы Ж.Аханова баяндама жасады.

Жиын қорытындысымен, Мұса Оспанұлы 2023 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар» жоспарын бекітуді және бірқатар жұмыстарды атқаруды тапсырды.

Дата публикации
06 декабря 2022
Дата обновления
06 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 августа 2024
Шиелі кентінде Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Н.Қордабайдың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жиын отырысы өтті.
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Әңгімелесу
11 апреля 2023
«Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ конкурс комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасынан ҮЗІНДІ (ішкі конкурс) 11.04.2023 ж.)

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы