GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Комиссия туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
05 октября 2026
Жауапты еңбектің жоғары бағалануы!

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 30 жылдық мерейтойына орай, Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, әріптесіміз Еркебұлан Дәулетжанұлы Битөлеуов мемлекеттік аудит саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен еліміздегі қаржылық басқару сапасын арттырудағы жемісті еңбегі үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Еркебұлан Дәулетжанұлын ресми марапатымен құттықтай отырып, жауапты қызметіне табыс тілейміз!

30 сентября 2026
Абай облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын іске асыру аудитінің қорытындылары қаралды

2026 жылғы 30 қыркүйекте Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясында мемлекеттік аудит объектілері өкілдерінің қатысуымен кезекті отырыс өтті. Отырыста Абай облысы бойынша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды.

Аудиторлық іс-шараның қорытындылары ұлттық жобаны орындау шеңберінде аудит объектілері қабылдайтын шаралардың тиімділігінің жеткіліксіздігін көрсетті. Аудитпен қамтылған қаражаттың 12,9 млрд теңге көлеміндегі жалпы сомасынан жалпы сомасы 4,5 млрд теңгеге Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталды.

Отырыстың қорытындысы бойынша аудит объектілерінің атына тиісті шараларды қарау және қабылдау үшін аудиторлық қорытынды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою үшін нұсқамалар жіберілді.

30 сентября 2026
Абай облысы бойынша тексеру комиссиямен Аягөз ауданында және Курчатов қаласында мемлекеттік кірістер мәселесі бойынша жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды

2026 жылғы 30 қыркүйекте Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясында Курчатов қаласы мен Аягөз ауданы бойынша жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығына және олардың жинақталуына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (немесе артық) төленген сомаларды қайтару мен есепке жатқызудың дұрыстығына мемлекеттік аудит объектісі өкілдерінің қатысуымен кезекті отырыс өтті.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 13 355,7 мың теңгеге Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзушылықтар анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша қарау және шаралар қабылдау үшін аудит объектілеріне аудиторлық қорытынды жіберілді.

25 сентября 2026
Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының отырыстары туралы анонс

         2026 жылғы 30 қыркүйекте сағат 10:00-де, Семей қаласы, Қаржаубайұлы көшесі, 17, мекенжайында орналасқан «Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ ғимаратының мәжіліс залында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтеді.

 

2026 жылғы 30 қыркүйекте сағат 11:00-де, Семей қаласы, Қаржаубайұлы көшесі, 17,  мекенжайында орналасқан «Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ ғимаратының мәжіліс залында Курчатов қаласы мен Аягөз ауданы бойынша жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығына және олардың жинақталуына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (немесе артық) төленген сомаларды қайтару мен есепке жатқызудың дұрыстығына мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтеді.

11 сентября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.

Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:

- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;

- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;

- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;

- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;

- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;

- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;

- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.

Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.

Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.

Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.

Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.

«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.

Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.

Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz

Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

 

 

13 августа 2026
Қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру мәселелері бойынша жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары

2026 жылғы 12 тамызда Абай облысы бойынша тексеру комиссияның кезекті отырысы өткізіліп, онда аудит объектісінің өкілдерінің қатысуымен қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру мәселелері бойынша жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.

Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша тексерілетін кезеңде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының жалпы сомасы 1 443,5 млн теңгені құрайтын бұзушылықтары анықталды.

Аудит нәтижелерін қарау қорытындысы бойынша аудит объектісіне қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін аудиторлық қорытынды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама жолданды.

07 августа 2026
Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы туралы анонс

2026 жылғы 12 тамызда сағат 10-00-де, Абай облысы, Семей қаласы, Қаржаубайұлы көшесі, 17 мекенжайы бойынша «Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-нің мәжіліс залында Қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша мемлекеттік аудиті қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтеді.

06 августа 2026
Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы Көкпекті ауданы объектілеріне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын қарады

2026 жылғы 6 тамызда Абай облысы бойынша тексеру комиссиясында Абай облыстық мәслихатының депутаты мен аудит объектілері өкілдерінің қатысуымен кезекті отырыс өтті, онда Көкпекті ауданының жекелеген объектілерінің бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін жоспарлау, пайдалану тиімділігіне, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің өңір экономикасына ықпалына мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды.

Өткізілген аудитпен 2023-2025 жылдар кезеңіндегі жалпы сомасы 8 032 754,2 мың теңгеге мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтері қамтылды. Нәтижесінде 11 555 137,3 мың теңге сомасына Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу анықталды, оның ішінде:

1) 8 709 478,2 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде түсім кезінде - 60 749,8 мың теңге;

2) 761 440,8 мың теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау;

3) 2 085 190,3 мың теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану.

4) 142 бірлік рәсімдік бұзушылықтар, 8 бірлік жүйелік кемшіліктер.

Бұдан басқа, 2101,7 мың теңге сомасына бюджеттің тікелей (жанама) шығындары, 200 673,2 мың теңге сомасына ықтимал шығындар мен жоғалған пайда белгіленді.

Отырыстың қорытындысы бойынша аудит объектілеріне қарау және шаралар қабылдау үшін анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін жағдайларды жою туралы нұсқама және аудиторлық қорытынды жолданылды.

31 июля 2026
Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы туралы анонс

2026 жылғы 6 тамызда сағат 10-00-де, Семей қаласы, Қаржаубайұлы көшесі, 17 мекенжайында орналасқан "Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы" ММ ғимаратының мәжіліс залында Көкпекті ауданның жекелеген объектілерінің бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін жоспарлау, пайдалану тиімділігіне, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің өңір экономикасына ықпалына мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтеді.

16 июля 2026
Ұзақ жылғы адал еңбек – жоғары марапатқа негіз!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Асыл Аманғалиұлы Өміртаев «Мемлекеттік қызмет ардагері» медалімен марапатталды.

Асыл Аманғалиұлы қаржылық бақылау және мемлекеттік аудит саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, өз ісінің жоғары білікті маманы ретінде танылды. Қызмет жолында кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, жас мемлекеттік қызметшілердің қалыптасуына тәлімгер ретінде елеулі үлес қосып келеді.

Аталған марапат – оның мемлекеттік аудит жүйесін дамытуға, қаржылық бақылау саласының тиімділігін арттыруға және мемлекеттік қызметтің қағидаттарын адал ұстануға қосқан елеулі үлесінің жоғары бағалануының айқын көрінісі.

Тексеру комиссиясының ұжымы Асыл Аманғалиұлын лайықты марапатымен құттықтап, оған зор денсаулық, отбасы амандығын, толағай табыстар мен алдағы қызметіне жаңа жетістіктер тіледі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы