Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері декларация тапсыру тәртібі туралы түсіндірме алды

Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері декларация тапсыру тәртібі туралы түсіндірме алды

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚР Заңына сәйкес, қаржылық бақылау шаралары активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, сондай-ақ кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуды қамтиды.

Осы норманы орындау мақсатында, сонымен қатар мемлекеттік органда жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар шеңберінде аталған декларациялардың дұрыс ресімделуін түсіндіру мақсатында ағымдағы жылдың 18 маусымында тексеру комиссиясында Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілінің қатысуымен жиналыс өткізілді.

Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жалпыға бірдей декларациялау басқармасының басшысы А.Т. Мусаинова мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері мен штаттан тыс қызметкерлеріне декларацияны ұсынудың жалпы талаптары мен тәртібі жөнінде жан-жақты түсіндірме берді. Сондай-ақ, ол декларация нысандарын дұрыс толтырмаудың салдары мен оның алдын алу үшін қандай шаралар қолдану керектігін айта кетті.

Сөз соңында ол отырысқа қатысушыларды декларацияны тапсыруға үлкен жауапкершілікпен қарауға және заңда белгіленген мерзімдерді (электронды түрде тапсырған жағдайда 15 қыркүйекке дейін) өткізіп алмауға шақырды. Қызметкерлердің туындаған сұрақтарына толыққанды жауап берді.