2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне және жылдық жоспарға сәйкес 10 аудиторлық іс-шара және 3 сараптамалық-талдау іс-шара жүргізілді. Нәтижесінде 86 229,0 млн. теңге жалпы қаражат сомасымен 100 объект қамтылды.
Анықталған бұзушылықтар құрылымында қаржылық бұзушылықтар, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану, сондай-ақ тиімсіз жоспарлау фактілері басым. Бұдан басқа, аудит объектілерінде 438 бірлік процедуралық сипаттағы бұзушылықтар, 66 бірлік жүйелі кемшіліктер, 2 698,0 млн. теңге сомада ықтимал шығындар және жоғалған пайда, 2,4 млн. теңге сомада бюджеттің тікелей (жанама) шығындары анықталды.
175 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 3,4 млн.теңге сомасына 3 заңды тұлға, 23,8 млн.теңге сомасына 88 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жергілікті атқарушы органдар мен аудит объектілеріне 72 ұсыным және 17 тапсырма жолданды.