2024 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері

Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының талдау, жоспарлау және есептілік бөлімі қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтамадан үзінді

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағын, «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығын, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығын іске асыру мақсатында, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» (2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 83-Ө құрамына өзгерістер енгізу) Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының 2024 жылғы 9 қазандағы №68-ө бұйрығының негізінде талдау, жоспарлау және есептілік бөлімінің қызметінде 2023, 2024 және 2025 жылдар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

 

Қорытынды

Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының талдау, жоспарлау және есептілік бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Қорытындылар:

  1. Талдау, жоспарлау және есептілік бөлімінің қызметі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтай отырып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдау, жоспарлау және есептілік бөлімінің қызметкерлері лауазымының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау белгілері анықталған жоқ.
  3. Талдау, жоспарлау және есептілік бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде және талдау, жоспарлау және есептілік бөлімінің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ.
Дата публикации
25 декабря 2025