2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне және жылдық жоспарға сәйкес 6 аудиторлық іс-шара және 2 сараптамалық-талдамалық іс-шара өткізілді. Нәтижесінде жалпы қаражат сомасы 43 788,2 млн. теңгені құрайтын 62 нысан қамтылды.
Анықталған бұзушылықтар құрылымында қаржылық бұзушылықтар, тиімсіз жоспарлау фактілері және мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін тиімсіз пайдалану басым. Бұдан басқа, аудит объектілерінде рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың 234 бірлігі, жүйелік кемшіліктердің 36 бірлігі, 6,0 млн.теңге сомасына ықтимал шығындар мен жоғалған пайда, 1,2 млн. теңге - бюджеттің тікелей (жанама) шығындары анықталды.
121 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 1,7 млн. теңге сомасына 1 заңды тұлға, 8,2 млн. теңге сомасына 30 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жергілікті атқарушы органдар мен аудит объектілеріне 36 ұсыныс және 11 тапсырма жолданды.