Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтамадан үзінді
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағын, «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығын, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының 2024 жылғы 9 қазандағы №68-Ө бұйрығының негізінде Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің 2023, 2024 және 5 айдағы қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
- сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің қызметін қозғайтын құқықтық актілер мен нормативтік құқықтық актілердегі мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ішкі талдау қорытындысы бойынша мынадай қорытындылар жасалды:
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы талдау қорытындысы бойынша сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөліміне Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы талаптардың сақталуын ескере отырып, міндеттер мен функцияларды іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру жөнінде ұсынымдар берді.