Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылғы бірінші жартыжылдығының негізгі қорытындылары

2025 жылдың 1 жартыжылдығы қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне және жылдық жоспарға сәйкес 4 аудиторлық іс-шара және 1 сараптамалық-талдау іс-шара жүргізілді. Нәтижесінде 34657,2 млн.теңге жалпы қаражат сомасымен 45 объект қамтылды.

Анықталған бұзушылықтар құрылымында қаржылық бұзушылықтар, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану, сондай-ақ тиімсіз жоспарлау фактілері басым. Бұдан басқа, аудит объектілерінде 162 бірлік процедуралық сипаттағы бұзушылықтар, 26 бірлік жүйелі кемшіліктер, 6,0 млн. теңге сомада ықтимал шығындар және жоғалған пайда, 1,2 млн. теңге сомада бюджеттің тікелей (жанама) шығындары анықталды.

76 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 1,7 млн.теңге сомасына 1 заңды тұлға, 5,2 млн.теңге сомасына 19 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жергілікті атқарушы органдар мен аудит объектілеріне 25 ұсыным және 3 тапсырма жолданды

 

Дата публикации
29 июля 2025