2025 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 1 аудиторлық іс-шара жүргізілді. Аудиторлық іс-шарамен 12 объект жалпы қаражат сомасы 17 498,1 млн. теңге қамтылды.
Анықталған бұзушылықтар құрылымында қаржылық бұзушылықтар, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану, сондай-ақ тиімсіз жоспарлау фактілері басым. Бұдан басқа, аудит объектілерінде 59 бірлік процедуралық сипаттағы бұзушылықтар, 3 бірлік жүйелі кемшіліктер, 6,0 млн. теңге сомада ықтимал шығындар және жоғалған пайда анықталды.
35 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 0,6 млн. теңге сомасына 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аудит объектілеріне аудиторлық іс-шара нәтижелері бойынша 2 ұсыным және 2 тапсырма жіберілді.