Персоналды басқару қызметінің 2024 жылғы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша 20.12.2024 жылғы талдамалық анықтамадан үзінді
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағын, «Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығын, Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы №12 мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының 2024 жылғы 9 қазандағы №68-ө бұйрығы негізінде 2024 жылғы 20 желтоқсанда Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының персоналды басқару қызметінің атқарылатын қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
- персоналды басқару қызметі атқаратын қызметті қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- персоналды басқару қызметінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ішкі талдау қорытындысы бойынша мынадай қорытындылар жасалды:
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы талдау қорытындысы бойынша персоналды басқару қызметіне Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы талаптардың сақталуын ескере отырып, міндеттер мен функцияларды іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру жөнінде ұсынымдар берді