Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының 2024 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары

2024 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 9 аудиторлық іс-шара және 1 сараптамалық-талдамалық іс-шара өткізілді. Нәтижесінде қаражатты жалпы қамтумен 76 нысан қамтылды – 69 078,1 млн. теңге.

Анықталған бұзушылықтар құрылымында қаржылық бұзушылықтар, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану басым. Бұдан басқа, аудит объектілерінде 265 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Тәртіптік жауапкершілікке 113 лауазымды тұлға тартылды, 7,1 млн. теңге сомасына 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жергілікті атқарушы органдар мен аудит объектілеріне 35 ұсыным және 37 тапсырма жіберілді, оның ішінде мерзімдері жеткен 19 ұсыным және 22 тапсырма орындалды.

 

Дата публикации
15 января 2025