Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2024 жылғы 9 айында негізгі қорытындылары

2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 6 аудиторлық іс-шара және 1 сараптамалық-талдамалық іс-шара өткізілді Нәтижесінде қаражатты жалпы қамтумен 57 объект қамтылды – 48 142,3 млн.теңге.         

Анықталған бұзушылықтар құрылымында қаржылық бұзушылықтар, мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін тиімсіз пайдалану басым болды Бұдан басқа, аудит объектілерінде рәсімдік сипаттағы 141 бірлік анықталды.

62 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 2,6 млн. теңге сомасына 18 лауазымды тұлға және 516,9 мың теңге сомасына 1 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 164-бабының 4-тармағы).

Жергілікті атқарушы органдар мен аудит объектілеріне 8 ұсыным және 16 тапсырма жіберілді, оның ішінде 7 ұсыным және 1 тапсырма орындалды.

Дата публикации
08 октября 2024