2023 жылғы 1 жартыжылдықтағы мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдамалық іс-шаралардың негізгі қорытындылары

2023 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 5 аудиторлық іс-шара өткізілді. Нәтижесінде 44 объект қамтылды, жалпы қамтылған қаражаты – 21 561,1 млн. теңге.

Анықталған бұзушылықтар құрылымында мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін тиімсіз пайдаланудың бұзылуы, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде бұзушылықтар басым болды. Бұдан басқа, аудит объектілерінде рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың 187 бірлігі анықталды.

Іс жүргізу шараларын қабылдау үшін уәкілетті органдарға 30 аудит материалы жіберілді. 50 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 5,1 млн. теңге сомасына 15 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жергілікті атқарушы органдар мен аудит объектілеріне 12 ұсыным және 8 тапсырма жіберілді, оның ішінде 4 ұсыным және 6 тапсырма орындалды

Дата публикации
14 июля 2023