2026 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне және жылдық жұмыс жоспарға сәйкес 9 аудиторлық іс-шара және 2 сараптамалық-талдау іс-шара жүргізілді. Нәтижесінде 131 780,1 млн. теңге жалпы қаражат сомасымен 54 объект қамтылды.
Анықталған бұзушылықтар құрылымында қаржылық бұзушылықтар, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану, сондай-ақ тиімсіз жоспарлау фактілері басым. Бұдан басқа, аудит объектілерінде 388 бірлік процедуралық сипаттағы бұзушылықтар, 40 бірлік жүйелі кемшіліктер, 2243,5 млн. теңге сомада ықтимал шығындар және жоғалған пайда, 63,4 млн. теңге сомада бюджеттің тікелей (жанама) шығындары анықталды.
56 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 10,3 млн. теңге сомасына 13 заңды тұлға, 45,0 млн. теңге сомасына 57 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жергілікті атқарушы органдар мен аудит объектілеріне 31 ұсыным мен 45 тапсырма жолданды.