Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы
төрағасының 2025 жылғы
« 29 » желтоқсандағы №95-ө
бұйрығына қосымша
Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
|
№ |
Іс-шара атауы |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Нәтиже |
|
1 |
Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және оларға жол бермеуге бағытталған нақты іс-шаралар өткізу жарты жылда бір рет |
Жылға 2 рет (1 шілдеден және 20 желтоқсаннан кешіктірмей) |
Аппарат басшысы, Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі |
Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу |
|
2 |
Аудиторлық іс-шараға жауапты мүше Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілмен бірлесіп мемлекеттік аудит тобына аудиторлық іс-шараға (негізгі кезеңге) шыққанға дейін Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Заңының және Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіре отырып техникалық оқу (нұсқамалық) өткізу |
Негізгі аудиторлық іс-шараға шығар алдында 1(бір) күн бұрын |
Аудиторлық іс-шараға жауапты мүше, Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі |
Хаттамамен рәсімдеу |
|
3 |
Мемлекеттік аудит тобы мүшелерінің аудиторлық іс-шара басталғанға дейін мүдделер қақтығысын болдырмау бойынша шаралар өткізу |
Алдын ала зерделеу жүргізу басталғанға дейін |
Тексеру комиссиясының мүшелері, аудит бөлімінің басшылары |
Міндеттеме, қажет болған жағдайда хаттамамен рәсімдеу |
|
4 |
Азаматтардың тексеру комиссиясының қызметіне сенімділік қалыптастыру мақсатында «Жергілікті бюджет қаражатының жұмсалуына және іске асыруына жүргізілген аудит нәтижелері» жөнінде – мақала жариялау |
Тоқсанда 1 рет |
Тексеру комиссиясының мүшелері
|
Сайтқа немесе БАҚ құралдары арқылы жариялау |
|
5 |
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті, құқық қорғау органдары мамандарын шақырту арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында отырыстар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру |
2025 жылдың І, ІІІ-тоқсан |
Тексеру комиссиясының мүшелері, Аппарат басшысы |
Түсіндірме жұмыстар |
|
6 |
Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде көзделген аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңі мерзімінің 70%-нан аспайтын мерзімде болуын қадағалау |
Аудиторлық іс-шараның барлық кезеңінде |
Аудиторлық іс-шараға жауапты мүше, Аппарат басшысы |
Ресурсты ұтымды пайдалану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу |
|
7 |
Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының аудит бөлімінің қызметіне ішкі талдау жұмысын жүргізу |
ІІ жартыжылдық |
Ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы |
Талдау қорытындысы |
|
8 |
Аудиторлық іс-шара аяқталғаннан кейін мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды тұлғалары арасында сауалнама жүргізу
|
Аудиторлық іс-шараның барлық кезеңінде |
Аппарат басшысы, Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі |
Сауалнама |
|
9 |
Сыбайлас жемқорлықты әшкерлеу кезіндегі видеороликтерді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік роликтерді Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне көрсету |
Жарты жылда 1 рет |
Аппарат басшысы, Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі |
Хаттама |
|
10 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әзірленген жадынамаларды (брошюра) ғимараттың көрнекті орындарында, қызметтік кабинеттерде орналастыру |
Тұрақты |
Құжатайналым бойынша бас инспектор |
Жадынама |
|
11 |
Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің жыл сайынғы тапсырылатын декларацияның тапсырылуын ұйымдастыру және қадағалау |
ІІ жартыжылдық |
Персоналды басқару жөніндегі бас инспектор |
Хабарлама |