Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының 2026 жылғы 1 тоқсандағы қызметінің негізгі қорытындылары

2026 жылдың 1 тоқсаны қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 3 аудиторлық іс-шара аяқталды. Нәтижесінде 35 466,3 млн. теңге жалпы қаражат сомасымен 21 объект қамтылды.

Анықталған бұзушылықтар құрылымында қаржылық бұзушылықтар, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану, сондай-ақ тиімсіз жоспарлау фактілері басым. Бұдан басқа, аудит объектілерінде 118 бірлік процедуралық сипаттағы бұзушылықтар, 16 бірлік жүйелі кемшіліктер анықталды.

26 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 4,6 млн. теңге сомасына 18 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жергілікті атқарушы органдар мен аудит объектілеріне 9 ұсыным және 4 тапсырма жолданды.

Дата публикации
20 мая 2026