АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ Мәдениет саласындағы жекелеген мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарда активтерді басқару тиімділігінің аудиті

Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының       2025 жылғы 21 ақпанындағы           №03-47/2 қаулысымен бекітілген

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

  1. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Мәдениет саласындағы жекелеген мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарда активтерді басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Мәдениет саласындағы жекелеген мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарда активтерді басқаруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі.

1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:

  1. 1. «Панфилов ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Панфилов ауданы әкімдігінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
  2. «Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаратал ауданының Қабылиса жырау атындағы мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
  3. «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
  4. «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құрман Тастанбеков атындағы Сарқан ауданы әкімінің аудандық мәдинет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
  5. «Ескелді ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ескелді ауданы әкімінің аудандық мәдинет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
  6. «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өтенай ауылдық мәдинет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
  7. «Алакөл ауданы әкімінің Зейнеп Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
  8. «Текелі қаласы әкімінің қалалық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
  9. «Ақсу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молақбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
  10. «Көксу ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.

 1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2022 жылдың               1 қаңтарынан бастап, 2023 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

  1. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығына (осы Жарлық 2022 жылғы                              8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) сәйкес Алматы облысының құрамынан әкімшілік жолмен Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандардың, Талдықорған және Текелі қалаларының облыс орталығы Талдықорған қаласында Жетісу облысы құрылды.

Жетісу облысында 314 мемлекеттік мәдениет және архив мекемелері жұмыс істейді, оның ішінде; 136 мәдениет үйлері мен  клубтар, 148 кітапхана, оның ішінде 125 ауылда; 13 музей, оның ішінде 8 ауылда; 2 галерея, 11 архив,  1 театр; 1 Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармония, 1 Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық, 1 Халық шығармашылығы орталығы.

Мәдениет және архив саласының (облыстық, аудандық, қалалық) бюджеті 14 663 000 мың теңгені құрайды, оның ішінде: 2 000 370 мың теңге мемлекет басшысының бағдарламасы бойынша мемлекеттік шығармашылық үйірмелерді  қаржыландыру және оны іске асыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде бөлінеді.

2024 жылдың басынан бастап 13 Мәдениет объектісін салу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1 833 356,0 мың теңге жоспарланып, облыстық бюджеттен 12 блок-модульді клуб орнатуға 1 750 000,0 мың теңге бөлінген.

Осы жылы «Ауыл - ел бесігі» атты бағдарламасы аясында 5 нысан салуға 1 300 000,0 мың теңге бөлінген, оның ішінде 2023 жылдан 1 құрылыс           2024 жылға  (Ескелді ауданы Қаратал ауылының МҮ) ауысты.

Есепті кезеңде 1 БМК (Ескелді ауданы, Қоңыр ауылы), 1 құрылыс (Ескелді ауданы Қаратал ауылдық МҮ), 3 күрделі жөндеуден кейін  (Кербұлақ ауданы Қоғалы, Қарашоқы, Ақсу ауданы Көшкентал МҮ) қолданысқа берілді.

Мәдениет және өнер саласы.

Облыстың мәдениет мекемелерінде есепті кезеңде 24243 іс-шара ұйымдастырып, оған 1 497 104 адам қамтылған.

Мәдениет үйлері мен клубтарда  9 айдың көрсеткіштері бойынша 11 552 іс-шара (оның ішінде 10 749 ауылда) өткізіліп, оған 866 539 адам (оның ішінде ауылда 737 025) қамтылған. 

Облыстың мемлекеттік кітапханаларының қорлары 2 805 247 сақтау бірлігін құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде 1 190 067 дана.

 Есепті кезеңде оқырмандардың жалпы саны 171112 адамды құрайды, кітап берілімі – 3 387 617. Облыс кітапханаларында  9 238 іс-шара  өткізіліп, оған 529 117 адам қамтылған.

Облыс кітапханаларында 29 коворкинг орталық, 127 клубтар мен үйірмелер, 142 «Прасат жолы» орталығы мен үйірмелер халыққа қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс порталында 59 өнім беруші, 41 шығармашылық үйірме түрі тіркелген. Ағымдағы жылдың басынан бастап шығармашылық секцияларда 8012 бала қатысып, 11 545 ваучер жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде облыстың музейлері мен галереяларында  3356 іс-шара өткізілген (оның ішінде экскурсия - 2650, дәріс - 255, көрме - 191, мәдени шара 260),  оған  41 570 адам қамтылған.

Облыс музейлерінің қоры – 378 экспонатпен, галерея қоры –                     23 картинамен толыққан.

Облыста 1156 тарихи және мәдениет ескерткіштері бар. Оның ішінде:         1 халықаралық маңызы бар, 6  Республикалық маңызы бар, 690 жергілікті маңызы бар ескерткіш және 45 киелі нысан, оның ішінде: 7 нысан жалпы ұлттық нысандар тізіміне, 38 нысандар аймақтық тізімге енгізілген.

2024 жылы 9 мамырда әуе қорғанысы күштерінің авиабазасы аумағында, ұшқыш, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, авиация генерал-майоры Сергей Луганскийдің бюсті;

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Киелі мекен» апталығы өткізіліп, облыс аумағындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қатысушыларына орнатылған 99 ескерткіштер мен обелисктерге, көрнекті мәдениет және қоғам қайраткерлеріне арналған монументтік өнер құрылыстарына тазалық  және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Облыстық бюджеттен Қызылтас, Еңбек, Ордақұл шатқалында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштеріне құжаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін 10 млн. теңге бөлініп, Қызылтас саяжайында орналасқан 296 тарих және мәдениет ескерткіштеріне паспортизациялау жұмыстары аяқталған.

Б. Римова атындағы драма театры 132 спектакль қойылып, оның ішінде           6 премьера, көрермендер саны – 25 173 адам.

Д. Рақышев атындағы облыстық филармониясы  95  мәдени іс-шара (оның ішінде 66 іс-шара, 28 концерт, 20 гастрольдік концерт, 6 қайырымдылық) ұйымдастырылып, оған 34 455 адамды қамтылған.

 

 

2.2. Аудиторлық іс-шаралардың негізгі нәтижелері.

Мәдениет саласындағы жекелеген мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарда активтерді басқаруға бөлінген қаражаттың     2 534 058,8 мың теңгесі мемлекеттік аудитпен қамтылды.

Аудит нәтижесінде, Қазақстан Республикасы заңнамалары нормаларын, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару мен пайдалану кезіндегі заңнама талаптарын сақтамау салдарынан жалпы сомасы 1 026 598,4 мың теңге бұзушылықтар анықталды.

Оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар 7 490,2 мың теңге (қалпына келтіруге жататыны 2 917,3 мың теңге, бюджет есебіне қайтаруға жататыны 4 572,9 мың теңге);

2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану – 762 722,2 мың теңге;

3) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау – 256 386,0 мың теңге;

5) рәсімдік бұзушылықтар – 70 бірлік.

Мәдениет саласындағы жекелеген мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарда активтерді басқаруды пайдалану тиімділігі аудиторлық іс-шарасымен келесі бұзушылықтар анықталды:        

«Панфилов ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Панфилов ауданы әкімдігінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны бойынша:

1-тармақ. «Панфилов ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Панфилов ауданы әкімдігінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық (бұдан әрі – Панфилов аудандық мәдениет үйі) кәсіпорынның даму жоспарының бекітілуі, өзгеріс енгізілуі, орындалуы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы №14 «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген қағидасы басшылыққа алынған (әрі қарай- №14 Қағида).

Панфилов аудандық мәдениет үйінің 2022-2026 жылдарға жасалған даму жоспары «Панфилов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Кушербаеваның 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №34 бұйрығымен бекітілген.

№14 Қағиданың 18 тармағының талабы сақталмай,   кәсіпорынның даму жоспарын бекітуші орган жоспарланатын кезеннің алдындағы жылдың жиырма бесінші желтоқсаннан 3 күнге кешіктіріп бекіткен (аудиторлық есептің 1-тармағы).

2-тармақ. Панфилов аудандық мәдениет үйінің 2022-2026 жылдарға жасалған даму жоспарының 2022 жылдың екінші жарты жылдығына даму жоспарының жыл сайынғы нақтылауы «Панфилов ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Кушербаеваның 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №38 бұйрығымен бекітілген.

№14 Қағиданың 34 тармағының талабы сақталмай, кәсіпорынның нақтыланған даму жоспарын атқарушы орган ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында жиырма бесінші желтоқсаннан 4 күнге кешіктіріп бекіткен. Осының салдарынан нақтыланған даму жоспары бірыңғай операторға кешіктіріліп берілген (аудиторлық есептің 2-тармағы).

3-тармақ. Панфилов аудандық мәдениет үйінің 2022-2026 жылдарға жасалған даму жоспарының 2023 жылдың екінші жарты жылдығына даму жоспарының жыл сайынғы нақтылауы «Панфилов ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы басшысы Н. Алимовтың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы н/ж бұйрығымен бекітілген.

№14 Қағиданың 34 тармағының талабы сақталмай,   кәсіпорынның нақтыланған даму жоспарын атқарушы орган ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында жиырма бесінші желтоқсаннан 1 күнге кешіктіріп бекіткен.

 Бұл бұзушылық рәсімдік сипатта болады. Жіберілген бұзушылыққа жауапты тұлға «Панфилов ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады. Бұзушылықтың болу себебі, нақтыланған даму жоспары кешіктіріліп бекітілген. Осының салдарынан нақтыланған даму жоспары бірыңғай операторға кешіктіріліп берілген (аудиторлық есептің 3-тармағы).

4-тармақ. Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексінің» (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 139 бабының 10 тармағының талабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы» (бұдан әрі - №1193 Қаулы) қаулысының 3 тармағының 1) тармақашасының талаптары сақталмай, Кәсіпорынның бас есепшісі Р.К. Рыскуловаға 2023 жылдың маусым айында – 67,8 мың теңге, заңгер  Б.Б. Бексултановаға 2023 жылдың шілде айында – 65,7 мың теңге,  жалпы сомасы 133,5 мың теңге сауықтыруға арналған жәрдемақы лауазымдық айлықақы мөлшерінен негізсіз артық төленген.

Аудитпен анықталған жалпы сомасы 133,5 мың теңгені құрайтын негізсіз артық төленген сауықтыруға арналған жәрдемақы бюджет есебіне қайтарылуға жатады.

Аудит барысында анықталған жалпы сомасы 133,5 мың теңгені құрайтын негізсіз артық төленген сауықтыруға арналған жәрдемақы бюджет есебіне өтелді (аудиторлық есептің 4-тармағы).

5-тармақ. Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік мүлік туралы заң) 140-бабының, 2-тармағының талабы сақталмай, Панфилов аудандық мәдениет үйінің таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі, жергілікті атқарушы орган яғни, аудандық әкімдігімен белгiленбеген (аудиторлық есептің 5-тармағы).

6-тармақ. Мемлекеттік мүлік туралы заңның 156-бабының, 2-тармағының талабы сақталмай, Панфилов аудандық мәдениет үйінің көрсететiн қызметтерінің бағаларын жергiлiктi атқарушы орган яғни, аудандық әкімдігімен белгiленбеген (аудиторлық есептің 6-тармағы).

«Қаратал ауданының Қабылиса жырау атындағы мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (әрі қарай- Қаратал ауданының мәдениет үйі):

7-тармақ. Еңбек кодексінің 139 бабының 10 тармағының талабы және №1193 Қаулысының 3 тармағының 1) тармақашасының талаптары сақталмай, Қаратал ауданының мәдениет үйінің директоры С.А.Маженоваға 2022 жылдың тарификациясында бекітілген бір лауазымдық көлемде сауықтыруға арналған жәрдемақы 169,2 мың теңге төленудің орнына - 2022 жылдың маусым айында – 242,1 мың теңге (1 бірлікке 169,2 мың теңге, 0,5 бірлікке 72,9 мың теңге) төленіп, нәтижесінде 72,9 мың теңге сауықтыруға арналған жәрдемақы негізсіз артық төленген. Артық төленген себебі, кәсіпорын директоры С.А.Маженова өзінің атқарып отырған лауазымына қосымша 0,5 бірлікте режиссер лауазымы қосымша төленген;

- бас есепші Г.К.Юмашеваға 2022 жылдың тарификациясында бекітілген бір лауазымдық көлемде сауықтыруға арналған жәрдемақы 122,1 мың теңге төленудің орнына - 2022 жылдың маусым айында – 203,9 мың теңге (1 бірлікке 122,3 мың теңге, 0,5 бірлікке  81,6 мың теңге) төленіп, нәтижесінде 81,6 мың теңге сауықтыруға арналған жәрдемақы негізсіз артық төленген. Артық төленген себебі, кәсіпорын бас есепші Г.К.Юмашева өзінің атқарып отырған лауазымына қосымша 0,5 бірлікте есепші лауазымы қосымша төленген;

- заңгер Е.Б.Жексенбаевқа 2022 жылдың тарификациясында бекітілген бір лауазымдық көлемде сауықтыруға арналған жәрдемақы 91,2 мың теңге төленудің орнына - 2022 жылдың шілде айында – 141,3 мың теңге (1 бірлікке -91,2 мың теңге, 0,5 бірлікке 50,1 мың теңге) төленіп, нәтижесінде 50,1 мың теңге сауықтыруға арналған жәрдемақы негізсіз артық төленген. Артық төленген себебі, кәсіпорын заңгері Е.Б.Жексенбаев өзінің атқарып отырған лауазымына қосымша 0,5 бірлікте іс-жүргізуші лауазымы қосымша төленген;

- Бастөбе ауылдық мәдениет үйінің директоры А.Б.Досоваға             2022 жылдың тарификациясында бекітілген бір лауазымдық көлемде сауықтыруға арналған жәрдемақы 134,4 мың теңге төленудің орнына, 2022 жылдың сәуір айында 205,3 мың теңге (1 бірлікке 134,4 мың теңге, 0,5 бірлікке  70,9 мың теңге) төленіп, нәтижесінде 70,9 мың теңге сауықтыруға арналған жәрдемақы негізсіз артық төленген. Артық төленген себебі, Бастөбе ауылдық мәдениет үйінің директоры А.Б.Досова өзінің атқарып отырған лауазымына қосымша 0,5 бірлікте көркемдік жетекші лауазымына қосымша төленген.

Жалпы 2022 жылы қызметкерлерге 275,7 мың теңге сауықтыруға арналған жәрдемақы лауазымдық айлықақы мөлшерінен негізсіз артық төленген (аудиторлық есептің 1-тармағы).

8-тармақ.  Еңбек кодексінің 139 бабының 10 тармағының талабы және №1193 Қаулысының 3 тармағының 1) тармақашасының талаптары сақталмай, Қаратал ауданының мәдениет үйінің директоры С.А.Маженоваға 2023 жылдың тарификациясында бекітілген бір лауазымдық көлемде сауықтыруға арналған жәрдемақы 199,5 мың теңге төленудің орнына - 2023 жылдың тамыз айында – 285,4 мың теңге (1-бірлікке -199,5 мың теңге, 0,5 бірлікке – 85,9 мың теңге) төленіп, нәтижесінде 85,9 мың теңге сауықтыруға арналған жәрдемақы негізсіз артық төленген. Артық төленген себебі, кәсіпорын директоры С.А.Маженова өзінің атқарып отырған лауазымына қосымша 0,5 бірлікте режиссер лауазымы қосымша төленген;

- бас есепші Г.К.Юмашеваға 2023 жылдың тарификациясында бекітілген бір лауазымдық көлемде сауықтыруға арналған жәрдемақы 148,0 мың теңге төленудің орнына - 2023 жылдың маусым айында – 247,0 мың теңге (1-бірлікке -148,0 мың теңге, 0,5 бірлікке – 98,9 мың теңге) төленіп, нәтижесінде 98,9 мың теңге сауықтыруға арналған жәрдемақы негізсіз артық төленген. Артық төленген себебі, кәсіпорын бас есепші Г.К.Юмашева өзінің атқарып отырған лауазымына қосымша 0,5 бірлікте есепші лауазымы қосымша төленген;

- заңгер Е.Б.Жексенбаевқа 2023 жылдың тарификациясында бекітілген бір лауазымдық көлемде сауықтыруға арналған жәрдемақы 108,5 мың теңге төленудің орнына - 2023 жылдың маусым айында – 162,8 мың теңге (1-бірлікке -108,5 мың теңге, 0,5 бірлікке – 54,2 мың теңге) төленіп, нәтижесінде 54,2 мың теңге сауықтыруға арналған жәрдемақы негізсіз артық төленген. Артық төленген себебі, кәсіпорын заңгері Е.Б.Жексенбаев өзінің атқарып отырған лауазымына қосымша 0,5 бірлікте іс-жүргізуші лауазымы қосымша төленген;

- Бастөбе ауылдық мәдениет үйінің директоры А.Б.Досоваға 2023 жылдың тарификациясында бекітілген бір лауазымдық көлемде сауықтыруға арналған жәрдемақы 169,3 мың теңге төленудің орнына - 2023 жылдың сәуір айында – 246,9 мың теңге (1-бірлікке -169,3 мың теңге, 0,5 бірлікке – 77,6 мың теңге) төленіп, нәтижесінде 77,6 мың теңге сауықтыруға арналған жәрдемақы негізсіз артық төленген. Артық төленген себебі, Бастөбе ауылдық мәдениет үйінің директор А.Б.Досова өзінің атқарып отырған лауазымына қосымша 0,5 бірлікте көркемдік жетекші лауазымы қосымша төленген;

- көркемдік жетекші Ә. Әбілге 2023 жылдың тарификациясында бекітілген бір лауазымдық көлемде сауықтыруға арналған жәрдемақы 158,4 мың теңге төленудің орнына - 2023 жылдың маусым айында – 237,6 мың теңге (1-бірлікке -158,4 мың теңге, 0,5 бірлікке – 79,2 мың теңге) төленіп, нәтижесінде 79,2 мың теңге сауықтыруға арналған жәрдемақы негізсіз артық төленген. Артық төленген себебі, кәсіпорын көркемдік жетекшісі Ә. Әбіл өзінің атқарып отырған лауазымына қосымша 0,5 бірлікте көркемдік жетекші лауазымы қосымша төленген.

2023 жылы қызметкерлерге жалпы сомасы 396,0 мың теңге сауықтыруға арналған жәрдемақы лауазымдық айлықақы мөлшерінен негізсіз артық төленген.

Аудитпен анықталған жалпы сомасы 671,7 мың теңгені құрайтын негізсіз артық төленген сауықтыруға арналған жәрдемақы бюджет есебіне қайтарылуға жатады (аудиторлық есептің 2-тармағы).

9-тармақ. Еңбек кодексінің 139 бабының 9 тармағының талабы және №1193 Қаулысының 18 Қосымшасының 1 тармағының 1) тармақашасының талаптары сақталмай, Қаратал ауданының мәдениет үйінің бас есепші Г.К.Юмашева ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласының маманы болып табылмайды және бас есепші Г.К.Юмашеваға 2022 жылдың тарификациясында ауылдық жердегі жұмысы үшін жиырма бес пайызға қосымша ақы белгіленбегеніне қарамастан, 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында ай сайын – 30,5 мың теңгеден сомасы - 152,6 мың теңге, шілде-қараша айларында ай сайын – 30,5 мың теңгеден сомасы - 152,6 мың теңге, желтоқсан айында – 31,4 мың теңге, 2022 жылы жалпы сомасы 336,6 мың теңге ауылдық жердегі жұмысы үшін қосымша ақы негізсіз төленген.

Дәл осылай, 2023 жылдың тарификациясында ауылдық жердегі жұмысы үшін жиырма бес пайызға қосымша ақы белгіленбегеніне қарамастан, 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында ай сайын – 37,0 мың теңгеден сомасы - 185,0 мың теңге, шілде-желтоқсан айларында ай сайын – 37,0 мың теңгеден сомасы - 222,0 мың теңге, 2023 жылы жалпы сомасы 407,0 мың теңге ауылдық жердегі жұмысы үшін қосымша ақы (25%) негізсіз төленген.

Аудитпен анықталған жалпы сомасы 743,6 мың теңгені құрайтын негізсіз төленген ауылдық жердегі жұмысы үшін (25%) қосымша ақы  бюджет есебіне қайтарылуға жатады (аудиторлық есептің 3-тармағы).

10-тармақ.  Мемлекеттік сатып алу шартын «Ашық конкурс» тәсілі негізінде «Қанабек ауылындағы мәдениет үйін ағымдағы жөндеу» жұмыстарына «TECH STORY COMPANY» ЖШC арасында сомасы                 3 111,1 мың теңгені құрайтын 2022 жылғы 4 мамырда №18 шарты жасалған. Шарт бойынша жұмыстарды орындау мерзімі шарт жасалған сәттен бастап    2 ай болып бекітілген.

Жұмыстар 2022 жылғы 22 маусымда орындалған жұмыстар актісімен     1 500,0 мың теңгеге тапсырылып, 2022 жылғы 24 маусымда №222 төлем тапсырмасымен 1 500,0 мың теңге төленген.

2022 жылғы 25 шілдеде орындалған жұмыстар актісімен 1611,1 мың теңгеге тапсырылып, 2022 жылғы 29 шілдеде №271 төлем тапсырмасымен 1611,1 мың теңге төленген.

Алайда, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік сатып алу заңы) 43 бабының 24 тармағының және 2022 жылғы 4 мамырдағы №18 шарттың 8.3-тармағының талаптары орындалмай, міндеттемелерді тиісінше орындамағандықтан әрбір мерзімі өткен күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде  тұрақсыздық айыбын ұстамаған. Сонымен қатар аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде тиісінше орындамаған орындаушының міндеттемелерін кешіктірген 20 күнге (1 611 110 теңге*0,1%*20 күн) 32,2 мың теңге тұрақсыздық айыбын ұстап қалмаған (аудиторлық есептің 4-тармағы).

11-тармақ.  Тапсырыс беруші «TECH STORY COMPANY» ЖШC-гін Мемлекеттік сатып алу заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талаптары орындалмай,  мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген (аудиторлық есептің 5-тармағы).

12-тармақ.  Мемлекеттік сатып алу шартын «Ашық конкурс» тәсілі негізінде «Бастөбе ауылындағы мәдениет үйі ғимаратның ішкі жағын ағымдағы жөндеу» жұмыстарына «Айнура и К» ЖШC арасында сомасы       11 872,0 мың теңгені құрайтын 2022 жылғы 23 мамырда №19 шарты жасалған. Шарт бойынша жұмыстарды орындау мерзімі шарт жасалған сәттен бастап 2 ай болып бекітілген.

Жұмыстар 2022 жылғы 27 маусымда орындалған жұмыстар актісімен    6 122,0 мың теңгеге тапсырылған.

Жұмыстар 2022 жылғы 1 шілдеде орындалған жұмыстар актісімен        3 074,4 мың теңгеге тапсырылып, 2022 жылғы 1 шілдеде №233 төлем тапсырмасымен 3 074,4 мың теңге төленген.

2022 жылғы 1 тамызда орындалған жұмыстар актісімен 2675,5 мың теңгеге тапсырылып, 2022 жылғы 11 шілдеде №242 төлем тапсырмасымен    4 122,0 мың теңге, 2022 жылғы 1 тамызда №276 төлем тапсырмасымен 2 000,0 мың теңге, 2022 жылғы 8 тамызда №278 төлем тапсырмасымен 2 675,5 мың теңге  төленген.

Алайда, Мемлекеттік сатып алу заңының 43 бабының 24 тармағының және 2022 жылғы 23 мамырдағы №19 шартының 8.3-тармағының талаптары орындалмай, міндеттемелерді тиісінше орындамағандықтан әрбір мерзімі өткен күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде  тұрақсыздық айыбын ұстамаған. Сонымен қатар аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде тиісінше орындамаған орындаушының міндеттемелерін кешіктірген 8 күнге (2 675 514 теңге*0,1%*8 күн) 21,4 мың теңге тұрақсыздық айыбын ұстап қалмаған (аудиторлық есептің 6-тармағы).

13-тармақ.  Тапсырыс беруші «Айнура и К» ЖШC-гін Мемлекеттік сатып алу заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талаптары орындалмай,  мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген (аудиторлық есептің 7-тармағы).

14-тармақ.  Мемлекеттік сатып алу шартын «Бір көзден сатып алу» тәсілі негізінде 10 дана «Шатырлар» сатып алуға «Самғау-Биік» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі арасында жалпы сомасы 5 376,0 мың теңгені құрайтын 2023 жылғы 9 наурызда №21 шарты жасалған. Шарт бойынша тауарды жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап 15 күн болып бекітілген.

Тауарды 2023 жылғы 10 сәуірде тауарды жіберу жүкқұжатымен               5 376,0 мың теңгеге жіберіліп, 2023 жылғы 17 сәуірде №129 төлем тапсырмасымен 5 376,0 мың теңге төленген.

Алайда, Мемлекеттік сатып алу заңының 43 бабының 24 тармағының және 2023 жылғы 9 наурыздағы №21 шартының 7.3-тармағының талаптары орындалмай, міндеттемелерді тиісінше орындамағандықтан әрбір мерзімі өткен күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде  тұрақсыздық айыбын ұстамаған. Сонымен қатар аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде тиісінше орындамаған орындаушының міндеттемелерін кешіктірген 16 күнге (5 376 000 теңге*0,1%*16 күн) мың теңге, 86,0 мың теңге тұрақсыздық айыбын ұстап қалмаған (аудиторлық есептің          8-тармағы).

15-тармақ. Тапсырыс беруші «Самғау-Биік» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігін Мемлекеттік сатып алу заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талаптары орындалмай,  мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген (аудиторлық есептің 9-тармағы).

16-тармақ. Қаратал ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 маусымдағы №262 Қаулысымен сатып алынған 10 дана шатырлар ауылдық округ әкім аппараттарына өткізіліп берілген.

Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексінің» (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 4 бабының 12, 14 тармақтарының тиімділік принципі мен  бюджет қаражатының атаулығы мен нысаналы сипатының қағидатының талабы сақталмай, құны 5 376,0 мың теңгеге сатып алыныған 10 дана «Шатырлар» кәсіпорынның өзі қолданып пайдаланбай түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмей, бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануына жол берілген (аудиторлық есептің 10-тармағы).

17-тармақ. Мемлекеттік сатып алудың «Баға ұсынысын сұрату» тәсілі негізінде 8 дана «Киіз үй» сатып алуға «USK KZ» ЖШС-гі арасында жалпы сомасы 4 281,3 мың теңгені құрайтын 2023 жылы 7 сәуірде №26 шарты жасалған. Шарт бойынша тауарды жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап 15 күн болып бекітілген.

         Тауарлар 2023 жылғы 13 сәуірде қабылдап алу-беру актісімен 4 281,3 мың теңгеге қабылданып, 2023 жылғы 14 сәуірде №128 төлем тапсырмасымен 4 281,3 мың теңге төленген.

         Қаратал ауданы әкімінің 2023 жылғы 20 маусымдағы №262 Қаулысымен алынған 8 дана «Киіз үйлер», Үштөбе қаласы әкімінің аппаратына, Бастөбе, Балпық, Ескелді, Елтай, Жолбарыс батыр, Айту би, Тастөбе ауылдық  округ аппараттарына өткізіліп берілген.

Бюджет кодексінің 4 бабының 12, 14 тармақтарының тиімділік принципі мен  бюджет қаражатының атаулығы мен нысаналы сипаттылық қағидатының талабы сақталмай, құны 4 281,3 мың теңгеге сатып алыныған 8 дана «Киіз үйлері» кәсіпорынның өзі қолданып пайдаланбай түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмей, бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануына жол берілген (аудиторлық есептің 11-тармағы).

18-тармақ. Мемлекеттік сатып алудың «Баға ұсынысын сұрату» тәсілі негізінде «Акустикалық жүйе» сатып алуға «Kopp style engineering» ЖК-і арасында жалпы сомасы 2109,0 мың теңгені құрайтын 2023 жылғы      24 сәуірде №30 шарты жасалған. Шарт бойынша тауарды жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап 15 күн болып бекітілген.

         Тауарды 2023 жылғы 3 мамырда қабылдап алу-беру актісімен 2 109,0 мың теңгеге тауар қабылданып, 2023 жылғы 11 мамырда №167 төлем тапсырмасымен 2 109,0 мың теңге төленген.

         Қаратал ауданы әкімінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы №20 Қаулысымен, алынған «Акустикалық жүйе» «Қаратал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне өткізіліп берілген.

Бюджет кодексінің 4 бабы 12, 14 тармақтарының тиімділік принципі мен  бюджет қаражатының атаулығы мен нысаналы сипаттылық қағидатының талабы сақталмай, құны 2109,0 мың теңгеге сатып алыныған «Акустикалық жүйе» кәсіпорынның өзі қолданып пайдаланбай түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмей, бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануына жол берілген (аудиторлық есептің 12-тармағы).

19-тармақ. Мемлекеттік сатып алудың «Ашық конкурс» тәсілі негізінде «LED экран» сатып алуға «Компания RekART» ЖШС-мен жалпы сомасы 21 504,0 мың теңгені құрайтын 2023 жылғы 11 мамырда №32 шарты жасалған. Шарт бойынша тауарды жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап 15 күнтізбелік күн болып бекітілген.

Тауарды 2023 жылғы 16 маусымда қабылдап алу-беру актісімен            21 504,0 мың теңгеге тауар қабылданып, 2023 жылғы 16 маусымда №224 төлем тапсырмасымен 21 504,0 мың теңге төленген.

Алайда, Мемлекеттік сатып алу заңының 43 бабының 24 тармағының және 2023 жылғы 11 мамырдағы №32 шартының 7.3-тармағының талаптары орындалмай, міндеттемелерді тиісінше орындамағандықтан әрбір мерзімі өткен күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде  тұрақсыздық айыбын ұстамаған. Сонымен қатар аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде тиісінше орындамаған орындаушының міндеттемелерін кешіктірген 19 күнге (21 504 000 теңге*0,1%*19 күн), жалпы 408,5 мың теңге тұрақсыздық айыбын ұстап қалмаған (аудиторлық есептің     13-тармағы).

20-тармақ. Мемлекеттік сатып алу заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талаптары орындалмай, Тапсырыс беруші «Компания RekART» ЖШС-гін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген (аудиторлық есептің 14-тармағы).

21-тармақ.  Мемлекеттік сатып алудың «Бір көзден сатып алу» тәсілі негізінде 400 дана «Театрлық креслолар» сатып алуға «Қазақстанның саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігі арасында жалпы сомасы 25 999,6 мың теңгені құрайтын 2023 жылы 11 мамырда №34 шарты жасалған. Шарт бойынша тауарды жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап                    15 күнтізбелік күн болып бекітілген.

Тауарды 2023 жылғы 23 мамырда тауарды жіберу жұкқұжатымен         25 999,6 мың теңгеге қабылданып, 2023 жылғы 1 маусымда №206 төлем тапсырмасымен 25 999,6 мың теңге төленген.

Қаратал ауданы әкімінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы №20 Қаулысымен, алынған «Театрлық креслолар» құны 6 499,9 мың теңгенің 100 данасы, «Қаратал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне өткізіліп берілген.

Бюджет кодексінің 4 бабы 12, 14 тармақтарының тиімділік принципі мен  бюджет қаражатының атаулығы мен нысаналы сипатының қағидаттары талабы сақталмай, құны 6 499,9 мың теңгеге сатып алыныған «Театрлық креслолар» кәсіпорынның өзі қолданып пайдаланбай түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмей, бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануына жол берілген (аудиторлық есептің 15-тармағы).

22-тармақ. Мемлекеттік сатып алу шартын «Баға ұсынысын сұрату» тәсілі негізінде «Жиһазды дайындау» жұмыстарына «TEN» мүгедектер қоғамдық бірлестігі арасында сомасы 2 940,0 мың теңгені құрайтын 2023 жылғы 24 маусымда №50 шарты жасалған. Шарт бойынша жұмыстарды орындау мерзімі келісім шарт жасалған күннен бастап 15 күн болып бекітілген.

Жұмыстар 2023 жылы 31 тамызда орындалған жұмыстар актісімен         2 940,0 мың теңгеге тапсырылып, 2023 жылғы 5 қыркүйекте №355 төлем тапсырмасымен 2 940,0 мың теңге төленген.

Алайда, Мемлекеттік сатып алу заңының 43 бабының 24 тармағының және 2023 жылғы 24 маусымдағы №50 шартының 8.3-тармағының талаптары орындалмай, міндеттемелерді тиісінше орындамағандықтан әрбір мерзімі өткен күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде  тұрақсыздық айыбын ұстамаған. Сонымен қатар аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде тиісінше орындамаған орындаушының міндеттемелерін кешіктірген 52 күнге (2 940 000 теңге*0,1%*52 күн) 152,8 мың теңге тұрақсыздық айыбын ұстап қалмаған (аудиторлық есептің 16-тармағы).

23-тармақ. Мемлекеттік сатып алу заңының 12 бабы 4 тармағының 3 тармақшасының талаптары орындалмай, Тапсырыс беруші «TEN» мүгедектер қоғамдық бірлестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген (аудиторлық есептің 17-тармағы).

24-тармақ. Қаратал ауданы әкімінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы №20 Қаулысымен, алынған 70 дана «Жиһаз» құны 2 940,0 мың теңге, «Қаратал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне өткізіліп берілген.

Бюджет кодексінің 4 бабының 12, 14 тармақтарының тиімділік принципі мен  бюджет қаражатының атаулығы мен нысаналы сипатының қағидатының талабы сақталмай, құны 2 940,0 мың теңгеге сатып алыныған «Жиһаз» кәсіпорынның өзі қолданып пайдаланбай түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмей, бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануына жол берілген (аудиторлық есептің 18-тармағы).

25-тармақ. Мемлекеттік сатып алудың «Баға ұсынысын сұрату» тәсілі негізінде «Қаратал ауданының аудандық мәдениет үйінің аумағын абаттандыру (кәріз)» жұмыстарына «Алан 22» ЖШС-гі арасында сомасы      13 500,0 мың теңгені құрайтын 2023 жылғы 31 тамызда №55 шарты жасалған. Шарт бойынша жұмыстарды орындау мерзімі шартқа қол қойылғаннан кейін 30 күнтізбелік күн болып бекітілген.

Жұмыстар 2023 жылғы 20 қазанда орындалған жұмыстар актісімен         8 739,0 мың теңгеге тапсырылып, 2023 жылғы 26 қазанда №432 төлем тапсырмасымен 8 739,0 мың теңге төленген.

Жұмыстар 2023 жылғы 9 қарашада орындалған жұмыстар актісімен       4 761,0 мың теңгеге тапсырылып, 2023 жылы 20 қарашада №471 төлем тапсырмасымен 4 761,0 мың теңге төленген.

Алайда, Мемлекеттік сатып алу заңының 43 бабының 24 тармағының және 2023 жылғы 31 тамыздағы №55 шартының 8.3-тармағының талаптары орындалмай, міндеттемелерді тиісінше орындамағандықтан әрбір мерзімі өткен күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде  тұрақсыздық айыбын ұстамаған. Сонымен қатар аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде тиісінше орындамаған орындаушының міндеттемелерін кешіктірген 20 күнге 174,8 мың теңге (8 739 000 теңге*0,1%*20 күн), 40 күнге 190,4 мың теңге (4 761 000 теңге*0,1%*40 күн), жалпы 365,2 мың теңге тұрақсыздық айыбын ұстап қалмаған (аудиторлық есептің 19-тармағы).

26-тармақ. Мемлекеттік сатып алу» туралы заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талаптары орындалмай, Тапсырыс беруші «Алан 22» ЖШС-гін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген (аудиторлық есептің 20-тармағы).

27-тармақ.  Мемлекеттік сатып алудың «Баға ұсынысын сұрату» тәсілі негізінде «Қаратал ауданының аудандық мәдениет үйінің аумағын абаттандыру (жарықтандыру)» жұмыстарына «SK ISKER» ЖШС-гі арасында сомасы 7 682,4 мың теңгені құрайтын 2023 жылы 29 тамызда №56 шарты жасалған. Шарт бойынша жұмыстарды орындау мерзімі келісім шартқа қол қойылғаннан кейін 30 күнтізбелік күн болып бекітілген.

Жұмыстар 2023 жылғы 18 қазанда орындалған жұмыстар актісімен        7 682,4 мың теңгеге тапсырылып, 2023 жылғы 18 қазанда №429 төлем тапсырмасымен 7 682,4 мың теңге төленген.

Алайда, Мемлекеттік сатып алу заңының 43 бабының 24 тармағының және 2023 жылғы 29 тамыздағы №56 келісім-шартының 8.3-тармағының талаптары орындалмай, міндеттемелерді тиісінше орындамағандықтан әрбір мерзімі өткен күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде  тұрақсыздық айыбын ұстамаған. Сонымен қатар аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде тиісінше орындамаған орындаушының міндеттемелерін кешіктірген 19 күнге (7 682 486 теңге*0,1%*19 күн) 145,9 мың теңге тұрақсыздық айыбын ұстап қалмаған (аудиторлық есептің 21-тармағы).

28-тармақ. Мемлекеттік сатып алу заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талаптары орындалмай, Тапсырыс беруші «SK ISKER» ЖШС-гін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген (аудиторлық есептің 22-тармағы).  

29-тармақ. Мемлекеттік сатып алудың «Электронды дүкен» тәсілі негізінде «ЛЭД Экран» сатып алуға «Optima» ЖК-і арасында жалпы сомасы 8 300,0 мың теңгені құрайтын, 08.11.2023 жылы 8 қарашада №70 шарты жасалған. Шарт бойынша тауарды жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап 15 күнтізбелік күн болып бекітілген.

Тауарды 2023 жылы 9 қарашада тауарды жіберу жұкқұжатымен 8 300,0 мың теңгеге қабылданып, 2023 жылы 11 қарашада №447 төлем тапсырмасымен 8 300,0 мың теңге төленген.

Қаратал ауданы әкімінің 2024 жылғы 20 наурыздағы №163 Қаулысымен, алынған «ЛЭД Экран» «Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне өткізіліп берілген.

Бюджет кодексінің 4 бабының 12, 14 тармақтарының тиімділік принципі мен  бюджет қаражатының атаулығы мен нысаналы сипатының қағидатының талабы сақталмай, құны 8 300,0 мың теңгеге сатып алыныған «ЛЭД Экран» кәсіпорынның өзі қолданып пайдаланбай түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмей, бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануына жол берілген (аудиторлық есептің 23-тармағы).

30-тармақ. Мемлекеттік сатып алудың «Бір көзден сатып алу» тәсілі негізінде 2 дана «Автокөлік» сатып алуға «Kaz LED Group» ЖШС-гі арасында жалпы сомасы 16 576,0 мың теңгені құрайтын 2023 жылы 9 қарашада №68 шарты жасалған. Шарт бойынша тауарды жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен кейін 15 күнтізбелік күн болып бекітілген.

Осы шартқа 2023 жылығы 16 қарашада №74 қосымша келісім жасалып, мердігердің атауы «Триумф мүгедектігі бар тұлғалар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі болып ауысқан. Шарт бойынша тауарды жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен кейін 15 күнтізбелік күн болып бекітілген.

Шартқа 2023 жылы 7 желтоқсанда №85 қосымша келісім жасалып, мердігердің атауы «Factoring Capital» ЖШС-гі болып ауысқан. Шарт бойынша тауарды жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен кейін 15 күнтізбелік күн болып бекітілген.

Осы келісім шартқа 2023 жылы 7 желтоқсанда №86 қосымша келісім жасалып, мердігердің атауы «Триумф мүгедектігі бар тұлғалар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі болып қайта ауысқан. Шарт бойынша тауарды жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен кейін 15 күнтізбелік күн болып бекітілген.

Тауарды 2023 жылы 12 желтоқсанда тауарды жіберу жұкқұжатымен    16 576,0 мың теңгеге қабылданып, 2023 жылы 19 желтоқсанда №546 төлем тапсырмасымен 16 576,0 мың теңге төленген.

Алайда, Мемлекеттік сатып алу заңының 43 бабының 24 тармағының және 2023 жылғы 9 қарашада №68 келісім-шартының 7.3-тармағының талаптары орындалмай, міндеттемелерді тиісінше орындамағандықтан әрбір мерзімі өткен күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде  тұрақсыздық айыбын ұстамаған. Сонымен қатар аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде тиісінше орындамаған орындаушының міндеттемелерін кешіктірген 17 күнге         (16 576 000 теңге*0,1%*17 күн) 281,8 мың теңге тұрақсыздық айыбын ұстап қалмаған (аудиторлық есептің 24-тармағы).

31-тармақ. Мемлекеттік сатып алу заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талаптары орындалмай,  Тапсырыс беруші «Триумф мүгедектігі бар тұлғалар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген (аудиторлық есептің 25-тармағы).  

32-тармақ.  Сатып алынған «CHEVROLET COBALT» маркалы екі автокөліктің біреуі Қаратал ауданы әкімінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №553 Қаулысымен, «Қаратал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне және екіншісі Қаратал ауданы әкімінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №554 Қаулысымен, «Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне өткізіліп берілген.  Бюджет кодексінің 4 бабының 12, 14 тармақтарының тиімділік принципі мен  бюджет қаражатының атаулығы мен нысаналы сипатының қағидатының талабы сақталмай, құны 16 576,0 мың теңгеге сатып алынған «Автокөліктер» кәсіпорынның өзі қолданып пайдаланбай түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмей, бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануына жол берілген (аудиторлық есептің 26-тармағы).

33-тармақ. Мемлекеттік мүлік туралы заңының 140 бабының                 2 тармағының талабы сақталмай, Қаратал ауданының мәдениет үйінің таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі, жергілікті атқарушы орган яғни, аудан әкімдігімен бекітілмеген (аудиторлық есептің 27-тармағы).

34-тармақ. Мемлекеттік мүлік туралы заңының 156 бабының 2 тармағының талабы сақталмай, Қаратал ауданының мәдениет үйінің көрсететiн қызметтерінің бағаларын жергiлiктi атқарушы орган яғни, аудан әкімдігімен белгiленбеген (аудиторлық есептің 28-тармағы).

«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны бойынша (бұдан әрі- Шығармашылық орталығы):

35-тармақ.  Шығармашылық орталығының 2022-2026 жылдарға жасалған даму жоспары «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы                                    Е. Доланғарановтың 2023 жылғы 6 қаңтардағы №1 н/қ бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы №14 бұйрығымен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларының (әрі қарай- №14 Қағида) 18 тармағына сәйкес, Шығармашылық орталығының даму жоспарын бекітуші орган жоспарланатын кезеннің алдындағы жылдың жиырма бесінші желтоқсаннан кешіктірмей бекітуі қажет болған.

Алайда, Шығармашылық орталығының 2022 жылдың даму жоспары тек 2023 жылдың 6 қаңтарда бекітіліп, рәсімдік сипаттағы бұзушылыққа жол берілген (аудиторлық есептің 1-тармағы).

36-тармақ. №14 Қағиданың 42 тармағының талабы сақталмай,   Шығармашылық орталығының 2022 жылға арналған даму жоспарының орындалу есебі бекіту органымен бекітілмеген. Бұл бұзушылық рәсімдік сипатта болады (аудиторлық есептің 2-тармағы).

37-тармақ. Шығармашылық орталығының 2022-2026 жылдарға жасалған даму жоспарының 2023 жылдың даму жоспары «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының м.а. Г. Абсейтованың 2023 жылғы 12 сәуірдегі        №12 н/қ бұйрығымен бекітілген.

№14 Қағиданың 18 тармағының талабы сақталмай,   Шығармашылық орталығының даму жоспарын бекітуші орган жоспарланатын кезеннің алдындағы жылдың жиырма бесінші желтоқсаннан кешіктірмей бекітілуі қажет болған. Бірақ, 2023 жылдың даму жоспары тек 2023 жылдың                12 сәуірінде ғана бекітілген (аудиторлық есептің 3-тармағы).  

38-тармақ. 2022 жылы 4 қарашада Шығармашылық орталығы шарт жасамай «Мартыщенко» ЖК-нен «Іс-шараны техникалық қамтамасыз ету қызметін» актімен 5 897,6 мың теңгеге қабылдап алған. Шығармашылық орталығына тарапынан 2022 жылы 17 қарашада №42 төлем тапсырмасымен 5 897,6 мың теңге төленген.

Алайда, Мемлекеттік сатып алу заңының 5 бабының 10 тармағының талабы орындалмай, бекiтiлген мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген көрсетілетін қызметтердi сатып алуға жол берiлген (аудиторлық есептің 4-тармағы).

39-тармақ. Бюджет кодексінің 4 бабының 12 тармағының тиімділік принципі қағидатының талабы сақталмай, құны 5 897,6  мың теңгеге көрсетілген қызметке бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмей, бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануына жол берілген (аудиторлық есептің                5-тармағы).

 40-тармақ. Шығармашылық орталығының жалпы штат саны              41 бірлікті құрайды, оның ішінде: әкімшілік – 7 бірлік, мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі – 10 бірлік, жастарман жұмыс жасау бөлімі – 2 бірлік, техникалық жабдықтарды пайдалану жөніндегі бөлім – 3 бірлік, мемлекеттік тапсырыс бойынша шығармашылық үйірмелерімен жұмыс жасау бөлімі – 6 бірлік, қызмет көрсетуші персонал – 13 бірлік.

Шығармашылық орталығында мемлекеттік тапсырыс бойынша шығармашылық үйірмелерімен жұмыс жасау бөлімі «Арт спорт» бағдарламасы бойынша келесі қызмет түрлерін атқарады:

- Жеке кәсіпкерлердің порталға тіркелетін құжаттарын тексеріп, өтінімдерін уақытылы қарап дұрыс рәсімделуін қадағалайды;

- Бөлім меңгерушісіне атқарылған жұмыс жөнінде есеп беріп отырады;

- Апта сайын жеке кәсіпкерлер, ваучерлер, балалар саны бойынша сараптама жасап басшылыққа беріп отырады;

- Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындайды;

- Жеке кәсіпкерлер мен ата-аналарға порталға тіркелу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, бейнероликтер дайындайды;

- Жеке кәсіпкерлердің оқу бағдарламаларының дұрыс жасалуын қадағалайды және сабақтан тыс сайыстар мен жарыстардың, байқаулардың ережеге сәйкес өткізілуін бақылайды; 

- Әр айдың 01-05 күндері аралығында жеке кәсіпкерлердің айлық табелдерін, орындалған жұмыстарының актісін, электронды шот фактурасын жинақтап есепшіге өткізеді;

- Балалар шығармашылық үйірмелерінің қалыпты жұмыс істеуі үшін әдістемелік көмек беріп отырады.

Шығармашылық орталығының Жарғысында көрсетілмеген «Арт спорт» қызмет түрін атқарылуда. Осы қызметті атқаруға 6 (алты) бірлік штат санымен, «Мемлекеттік тапсырыс бойынша шығармашылық үйірмелерімен жұмыс жасау» бөлімі құрылып, айына осы қызметкерлерге 775,4 мың теңге, жылына 9 305,1 мың теңге еңбекақы төленіп отыр.

Бөлім жоғарыда аталған қызметтерді атқарып, қабылданған құжаттарын Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына тапсырады, ал басқарма өз кезегінде осы құжаттардың негізінде қаржыны тікелей кәсіпкерлерге аударады. Сонда «Арт спорт» бағдарламасының қаржысы тікелей басқарма арқылы игеріледі (аудиторлық есептің 6-тармағы).

«Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құрман Тастанбеков атындағы Сарқан ауданы әкімінің аудандық мәдинет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны бойынша (бұдан әрі - Сарқан мәдениет үйі):

41-тармақ. №14 Қағиданың 31-тармағының 4) тармақшасын бұза отырып, Саркан аудандық маслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы «Сарқан ауданның 2023-2025  жылдарға арналған бюджеті туралы» №34-132 шешіміне сәйкес 136 000,0 сомасында бюджет қаражаты бөлінген, алайда Сарқан мәдениет үйінің 2022 жылға арналған даму жоспары сәйкесінше нақтылаулар енгізілмеген (аудиторлық есептің 1-тармағы).

42-тармақ. № 14 Қағидаларының 34-тармағын бұза отырып, Сарқан мәдениет үйінің атқарушы органы 2022 жылға арналған даму жоспарына Қағиданың 31-тармағында көрсетілген даму жоспарының әрбір қосымшасына енгізілген нақтылаулардың негіздемелері мен түсіндірмесін қамтитын түсіндірме жазбасы бар нақтыланған даму жоспарының жобасын бекіту органының қарауына енгізбеген (аудиторлық есептің 2-тармағы).

43-тармақ. Даму жоспарына енгізілген нақтылаулардың негіздемелері мен түсіндірмесін қамтитын, түсіндірме жазбасымен нақтыланған даму жоспарының жобасын, бекіту органының қарауына енгізбеудің нәтежесінде, Бюджеттік кодекстің 4-бабының 13-тармағы жауапкершілік принципі бұзылып жалпы сомасы 136 000,0 мың теңгеге тиімсіз жопарлауға жол берілген. Жауапкершілік принципі - квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдауы. Сонымен қатар, Бюджеттік кодекстің 4-бабының 6-тармағы негізділік принципі бұзылған, түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану.

Мемлекеттік мүлік туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес, мемлекеттік мүлік ұғымы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген ерекшеліктерімен қоса Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде пайдаланылатын мемлекет активтері ұғымына қолданылады (аудиторлық есептің 3-тармағы).

44-тармақ. №14 қағиданың 31-тармағының 4) тармақшасын бұза отырып, Саркан аудандық маслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы «Сарқан ауданның 2024-2026  жылдарға арналған бюджеті туралы» №17-68 шешіміне сәйкес 91 478,0 сомасында бюджет қаражаты бөлінген, Сарқан мәдениет үйінің атқарушы органы бөлген ақшалай қаражатқа 2023 жылға арналған даму жоспарын нақтылауға 91 478,0  мың теңгеге өзгеріс енгізбеген (аудиторлық есептің 4-тармағы).

45-тармақ. № 14 қағиданың 34-тармағын бұза отырып, Сарқан мәдениет үйінің атқарушы органы 2023 жылға арналған даму жоспарына Қағиданың 31-тармағында көрсетілген даму жоспарының әрбір қосымшасына енгізілген нақтылаулардың негіздемелері мен түсіндірмесін қамтитын түсіндірме жазбасы бар нақтыланған даму жоспарының жобасын бекіту органының қарауына енгізбеген (аудиторлық есептің 5-тармағы).

46-тармақ. Даму жоспарына енгізілген нақтылаулардың негіздемелері мен түсіндірмесін қамтитын, түсіндірме жазбасымен нақтыланған даму жоспарының жобасын, бекіту органының қарауына енгізбеудің нәтежесінде, Бюджеттік кодекстің 4-бабының 13-тармағы жауапкершілік принципі бұзылып жалпы сомасы 110 386,0 мың теңгеге тиімсіз жопарлауға жол берілген (жауапкершілік принципі - тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінің қабылдануы), сонымен қатар, Бюджеттік кодекстің 4-бабының      6-тармағы негізділік принципі бұзылған, түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану.

Мемлекеттік мүлік туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес, мемлекеттік мүлік ұғымы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген ерекшеліктерімен қоса Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде пайдаланылатын мемлекет активтері ұғымына қолданылады (аудиторлық есептің 6-тармағы).

47-тармақ. Мемлекеттік мүлік туралы заңның 76-бабының 1, 2-тармақтарын бұза отырып, Сарқан ауданының мәдениет үйінің атқарушы органы қызмет жүргізу үшін ғимаратты пайдалануға баланс ұстаушы «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесімен мемлекеттік мүлікті (ғимаратты) өтеусіз пайдалану шартын жасамаған.

Мемлекеттік мүлік туралы заңының 128-бабына 2-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше көзделмесе, меншік иесі бұрын құрылып қойған мемлекеттік заңды тұлғаға бекітіп беру туралы шешім қабылдаған мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы немесе оны жедел басқару құқығы осы мемлекеттік заңды тұлғада мүлік оның балансына бекітіп берілген кезде пайда болады (аудиторлық есептің 7, 10, 16 тармақтары).

48-тармақ. Сарқан ауданының мәдениет үйінің атқарушы органы, мемлекеттік мүлік туралы заңының 128-бабының 2-тармағын бұза отырып, жедел басқару құқығы бекітіліп берілмеген, кәсіпорынның теңгерімінде болмасада:

48.1. Черкасск ауылдық мәдениет үйінің жылыту қазандығын және қатты отынға арналған қалқа құрылғысын ауыстыру жұмыстарын 6 900,0 мың тенге жүргізілген  (аудиторлық есептің 8-тармағы);

48.2. М.Төлебаев ауылдық мәдениет үйінің ғимаратына 11 780,0 мың тенгеге ағымды жөндеу жұмыстары  жүргізілген (аудиторлық есептің 11-тармағы);

48.3. Сарқан ауданының мәдениет үйінің теңгерімінде ауылдық мәдениет үйлері және аудандық мәдениет үйінің ғимараттары болмасада күтіп ұстауға коммуналдық шығындар және мәдениет үйі ғимаратының күзетшілеріне мен техникалық жұмысшыларға еңбек ақы, жалпы 126 256,1 мың тенге қаражат жұмсалған (аудиторлық есептің 15-тармағы).

49-тармақ. Мемлекеттік мүлік туралы заңының 158-бабы 2-тармағына сәйкес, қазыналық кәсiпорын мемлекеттің мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің (бұдан әрі – Азаматтық Кодекс) 268-бабында міндеттеме ұғымы көрсетілген,  мiндеттемеге сәйкес бiр тұлға (борышкер) басқа тұлғаның (кредитордың) пайдасына мүлiк беруге, жұмыс орындауға, ақша төлеуге және тағы да сол сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға мiндеттi.

Мәдениет үйі «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің балансындағы, яғни мемлекет меншігіндегі ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттің мiндеттемелерiн орындаған.

Мемлекеттік мүлік туралы заңының 158-бабы 2-тармағының талабы, Сарқан ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 тамыздағы №256 қаулысымен бекітілген кәсіпорын Жарғысының (бұдан әрі – Жарғы) 19-тармағының       10-тармақшасы бұзылып, жергілікті атқарушы органдар тарапынан кәсіпорынның мүлкін тиімді пайдалану қамтамасыз етілмеген.

Жарғының 33-тармағына сәйкес, кәсіпорынның мүлкінің құрамына өз қызметiнiң нәтижесіндегі ақшалай табыстары кіреді.

Бюджеттік кодекстің 4-бабының 13-тармағы жауапкершілік принципі бұзылып тиімсіз пайдалануға жол берілген. Жауапкершілік принципі - квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдауы. Сонымен қатар, Бюджеттік кодекстің 4-бабының 6-тармағы негізділік принципі бұзылған, түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану:

49.1  Сарқан ауданының мәдениет үйі, «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің балансындағы, яғни мемлекет меншігіндегі Черкасск ауылдық мәдениет үйінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындап, ол үшін 6 900,0 мың теңге ақша төлеп мемлекеттің мiндеттемелерiн орындаған.

Жедел басқару құқығы бекітіліп берілмеген ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ол үшін 6 900,0 мың теңге ақша төлеп, кәсіпорынның мүлкі тиімсіз пайдаланылған (аудиторлық есептің 9-тармағы);

49.2. Сарқан ауданының мәдениет үйі, «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің балансындағы, яғни мемлекет меншігіндегі М.Төлебаев ауылдық мәдениет үйінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындап, ол үшін           11 780,0 мың теңге ақша төлеп мемлекеттің мiндеттемелерiн орындаған.

 Жедел басқару құқығы бекітіліп берілмеген ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ол үшін 11 780,0 мың теңге ақша төлеп, кәсіпорынның мүлкі тиімсіз пайдаланылған (аудиторлық есептің 12-тармағы);

49.3. Сарқан ауданының мәдениет үйі, «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің балансындағы, яғни мемлекет меншігіндегі ауылдық және аудандық мәдениет үйінің ғимаратын күтіп ұстауға коммуналдық шығындар және күзетшілеріне мен техникалық жұмысшыларға еңбек ақы, жалпы 126 256,1 мың тенге қаражат жұмсап, мемлекеттің (мемлекеттік мекеменің) мiндеттемелерiн орындаған.

Жедел басқару құқығы бекітіліп берілмеген, ауылдық және аудандық мәдениет үйінің ғимаратын күтіп ұстауға коммуналдық шығындар және күзетшілеріне мен техникалық жұмысшыларға еңбек ақы, жалпы 126 256,1 мың тенге қаражат жұмсап, кәсіпорынның мүлкі тиімсіз пайдаланылған (аудиторлық есептің 17-тармағы).

50-тармақ. «EMAGrouplnc» ЖШС-мен  Сарқан ауданы мәдениет үйіне арасында 2022 жылы 21 қарашада, 21 168,0 мың тенгеге, № 110 шарт жасалып, бір комплект едендік метал құрастырылым (передвижная сцена-подиум) сатып алынған.

Алайда,      аудит барысында сатып алынған алынған едендік метал құрастырылымы қар астында жатқандығы анықталып, кәсіпорын мүлікінің сақталуына іс-шаралар қабылданбаған. Мемлекеттік мүлік туралы заңының 139 бабының 5 тармағыың және кәсіпорын жарғысының 23-тармағының 10-тармақшасының талаптары сақталмаған (аудиторлық есептің 13, 14-тармақтары).

51-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» №145 Қаулысының (бұдан әрі - №145 Қаулы) 1 тармағының 3 тармақшасының талабы  сақталмай мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түрлері бойынша арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерi кәсіпорынның басқару органымен бекітілмеген (аудиторлық есептің 18- тармағы).

52-тармақ. Сарқан ауданы мәдениет үйінің Жарғысы, Сарқан ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 тамыздағы №256 қаулысымен бекітілген.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі «Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» №1202 бұйрығымен (бұдан әрі - №1202 бұйрық) бекітілген (2-қосымша), мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысының талаптары сақталмай,  бекітілген Жарғы мәтініне республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға арналған 17 және 18- тармақтар негізсіз енгізілген. Себебі, №1202 бұйрықпен бекітілген, мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысында 17 және 18 тармақтар, республикалық мемлекеттік кәсіпорындар үшін деп арнайы көрсетілген.

Сонымен қатар, Жарғының 19-тармағында «Жергілікті атқарушы орган «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі» деп көрсетілген.

Алайда, Мемлекеттік мүлік туралы заңының 18-бабына сәйкес, жарғының 19-тармағында көрсетілген өкілеттіктер, аудандық жергілікті  атқарушы  органдардың, яғни әкімдіктің құзыреті болып табылады.

Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының          1-бабы 4) тармақшасына сәйкес, жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.

Сондықтан, Сарқан ауданы мәдинет үйінің Жарғысына сәйкесінше өзгерістер енгізу ұсынылады (аудиторлық есептің 21- тармағы).

 53-тармақ.  Сарқан ауданы мәдениет үйі, 2022-2023 жылдары  Жарғыда көрсетілген мәні мен мақсатына сай емес 4 169,7  мың тенгеге спорттық тауарлар сатып алған, оның ішінде:

- 2022 жылы 3812,0 мың тенгеге;

- 2023 жылы 357,7 мың тенгеге.

Жарғының 19-тармағының 10-тармақшасы және 28-тармағының талаптары сақталмаған (аудиторлық есептің 23-тармағы).

54-тармақ. Бюджеттік кодекстің 4-бабының 13-тармағы жауапкершілік принципі бұзылып тиімсіз пайдалануға жол берілген. Сонымен қатар, Бюджеттік кодекстің 4-бабының 6-тармағы негізділік принципі бұзылған, нәтижесінде 4 169,7 мың теңгеге тиімсіз жопарлауға жол берген (аудиторлық есептің 24-тармағы).

«Ескелді ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ескелді ауданы әкімінің аудандық мәдинет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны бойынша (бұдан әрі- Ескелді ауданының мәдениет үйі):

55-тармақ. Ескелді ауданының мәдениет үйінің 2023 жылға арналған даму жоспары «Ескелді ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Оразалиновпен, 2022 жылғы 30 желтоқсанда № 99 н/к бұйрықпен бекітілген.

№14 Қағиданың 18 тармағының талабы сақталмай, кәсіпорынның даму жоспарын бекітуші орган жоспарланатын кезеннің алдындағы жылдың жиырма бесінші желтоқсаннан 5 күнге кешіктіріп бекіткен (аудиторлық есептің 1-тармағы).

56-тармақ. Бақтыбай ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары уақытылы бітпеуіне байланысты, мәдениет үйі жұмыс жасамаған, нәтижесінде аудандық маслихаттың 2023 жылдың 17 қарашадағы №14-47 шешімімен кіріс ретінде жоспарланған субсидия 10 0000,0 мың теңгеге  азайтылған. Азаматтық Кодексінің 9-бабының 4-тармағы бұзылған, яғни дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бiрақ алынбай қалған табыстар (айрылып қалған пайда) болды.

Бюджеттік кодекстің 4-бабының 13-тармағы жауапкершілік принципі бұзылып тиімсіз жопарлауға жол берілген. Жауапкершілік принципі - квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдауы. Сонымен қатар, Бюджеттік кодекстің 4-бабының 6-тармағы негізділік принципі бұзылған, түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланбаған (аудиторлық есептің 2-тармағы).

57-тармақ. Ескелді ауданының мәдениет үйінің атқарушы органы қызмет жүргізу үшін ғимаратты пайдалануға баланс ұстаушы «Ескелді ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесімен мемлекеттік мүлікті (ғимаратты) өтеусіз пайдалану шартын жасамаған.

Мемлекеттік мүлік туралы заңының 128-бабына 2-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше көзделмесе, меншік иесі бұрын құрылып қойған мемлекеттік заңды тұлғаға бекітіп беру туралы шешім қабылдаған мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы немесе оны жедел басқару құқығы осы мемлекеттік заңды тұлғада мүлік оның балансына бекітіп берілген кезде пайда болады (аудиторлық есептің 3 және 6-тармақтары).

58-тармақ. Ескелді ауданының мәдинет үйінің атқарушы органы, мемлекеттік мүлік туралы заңының 128-бабының 2-тармағын бұза отырып, жедел басқару құқығы бекітіліп берілмеген, кәсіпорынның теңгерімінде болмасада:

58.1. Ескелді ауданы әкімінің аудандық мәдинет үйі ғимаратына 11 450,0 мың теңгеге ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізген (аудиторлық есептің 4-тармағы).

58.2. Ескелді ауданының мәдениет үйінің теңгерімінде ауылдық мәдениет үйлері және аудандық мәдениет үйінің ғимараттары болмасада күтіп ұстауға коммуналдық шығындар және мәдениет үйі ғимаратының күзетшілеріне мен техникалық жұмысшыларға еңбек ақы, жалпы 15 330,0 мың тенге қаражат жұмсалған (аудиторлық есептің 7-тармағы).

59-тармақ. Мемлекеттік мүлік туралы заңының 158-бабы 2-тармағына сәйкес, қазыналық кәсiпорын мемлекеттің мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің (бұдан әрі – Азаматтық Кодекс) 268-бабында міндеттеме ұғымы көрсетілген,  мiндеттемеге сәйкес бiр тұлға (борышкер) басқа тұлғаның (кредитордың) пайдасына мүлiк беруге, жұмыс орындауға, ақша төлеуге және тағы да сол сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға мiндеттi.

Ескелді ауданының мәдинет үйінің атқарушы органы, «Ескелді ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің балансындағы, яғни мемлекет меншігіндегі ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттің мiндеттемелерiн орындап, ол үшін 11 450,0 мың теңге төлеп мемлекеттің мiндеттемелерiн орындаған.

Мемлекеттік мүлік туралы заңының 158-бабы 2-тармағының талабы бұзылып, жергілікті атқарушы органдар тарапынан кәсіпорынның мүлкін тиімді пайдалану қамтамасыз етілмеген.

Бюджеттік кодекстің 4-бабының 13-тармағы жауапкершілік принципі бұзылып тиімсіз пайдалануға жол берілген. Жауапкершілік принципі - квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдауы. Сонымен қатар, Бюджеттік кодекстің 4-бабының 6-тармағы негізділік принципі бұзылған, түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану. Ескелді ауданының мәдинет үйінің атқарушы органы:

59.1. «Ескелді ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің балансындағы, яғни мемлекет меншігіндегі аудандық мәдениет үйінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттің мiндеттемелерiн орындаған.

Жедел басқару құқығы бекітіліп берілмеген ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ол үшін 11 450,0 мың теңге ақша төлеп, кәсіпорынның мүлкі тиімсіз пайдаланылған (аудиторлық есептің 5-тармағы).

59.2. «Ескелді ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің балансындағы, яғни мемлекет меншігіндегі ауылдық және аудандық мәдениет үйінің ғимаратын күтіп ұстауға коммуналдық шығындар және күзетшілеріне мен техникалық жұмысшыларға еңбек ақы, жалпы 15 330,0 мың тенге қаражат жұмсап, мемлекеттің (мемлекеттік мекеменің) мiндеттемелерiн орындаған.

Жедел басқару құқығы бекітіліп берілмеген, ауылдық және аудандық мәдениет үйінің ғимаратын күтіп ұстауға коммуналдық шығындар және күзетшілеріне мен техникалық жұмысшыларға еңбек ақы, жалпы 15 330,0 мың тенге қаражат жұмсап, кәсіпорынның мүлкі тиімсіз пайдаланылған (аудиторлық есептің 8-тармағы).

60-тармақ. №145 Қаулысының 1-тармағының 3-тармақшасының талабы  сақталмай мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түрлері бойынша арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерi кәсіпорынның басқару органы «Ескелді ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бекітілмеген (аудиторлық есептің 10- тармағы).

61-тармақ. Ескелді ауданы әкімінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы №9 қаулысымен бекітілген, Ескелді ауданының мәдениет үйінің жарғысында кәсіпорын мүлікті оперативтік басқару құқығы мен және заңдарда белгіленген шектерде кәсіпорының игілігінде болады делінген. Кәсіпорын иелік ету, пайдалану және билік жүргізу құқығын иегердің келісімімен ғане жүзеге асырады деп көрсетілген. Алайда, аудит барысында мәдениет үйлерінің ғимараттарында жалға беру шартынсыз және иегердің келісімсіз кітапханалар, почталық байланыс пунктері, фельдшерлік амбулаториялық пунктер, ауылдық округі әкімінің аппараттары және ауылдық округінің ветеринариялық пунктері орналастырылғаны анықталды.

Бұл Ескелді ауданының мәдениет үйі жарғысының 5 тарауының 5.2, 5,3 тармақтарына қарама қайшы келеді (аудиторлық есептің 13-тармағы).

«Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өтенай ауылдық мәдинет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны бойынша (бұдан әрі - Өтенай ауылдық мәдинет үйі):

62-тармақ. Өтенай ауылдық мәдинет үйінің атқарушы органы тарапынан өзге мемлекеттік органдарға уақытша берген мүліктер үшін Азаматтық Кодексінің 768-бабының 1-тармағы бұзылып, сақтау шарттары жасалмаған. Азаматтық кодексінің 772-бабында көрсетілгендей сақтау шарты жазбаша нысанда жасалуы тиіс:

62.1. 2022 жылы 27 сәуірде   «Сұнқар» жеке кәсіпкерімен 5 945,1 мың тенгеге № 28 шарт жасап, жасанды газон сатып алған. Алайда, жасанды газон орналастыру орнынан тыс, Жастар саябағында қолданылуда. Жастар саябағы «Талдықорған қаласының  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің балансында (аудиторлық есептің 2-тармағы);

62.2. Өтенай ауылдық мәдинет үйінің теңгеріміндегі 8 178,0 мың тенге жарықдиодты экраны орналастыру орнынан тыс, Талдықорған қаласының Жастар саябағында орналастырған (аудиторлық есептің 5-тармағы)

63-тармақ. Азаматтық кодекске сәйкес сақтау шарты жасалмағандықтан, Талдықоған қаласы әкімінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі №284 қаулысымен бекітілген, Өтенай ауылдық мәдинет үйі Жарғысының 4.7-тармағының 13-1 тармақшасының талаптары бұзылған, себебі Жарғыда кәсіпорынның басшысы қаржы-шаруашылық қызметі және мүлкінің сақталуы үшін дербес жауаптылықта болатыны көрсетілген. Ресми сақтау шарты жасалмағаннан, заттың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлiнгенi үшiн ешкім жауапты болмайды.

Бюджеттік кодекстің 4-бабының 13-тармағы жауапкершілік принципі бұзылып, тиімсіз пайдалануға жол берілген. Жауапкершілік принципі бұзылып, квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдаған:

63.1. Жасанды газонды заңды орналастыру орнынан тыс, яғни Жастар саябағында сақтау шартын жасамай орналастырып, 5 945,1 мың тенгеге кәсіпорын мүлкі тиімсіз пайдаланылған (аудиторлық есептің 3-тармағы);

63.2. Дәл осылай, жарықдиодты экран заңды орналастыру орнынан тыс, яғни Жастар саябағында сақтау шартын жасамай орналастырып, 8 178,0 мың тенгеге кәсіпорын мүлкі тиімсіз пайдаланылған (аудиторлық есептің 6-тармағы);

64-тармақ. №145 Қаулысының 1-тармағының 3-тармақшасының талабы  сақталмай, мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түрлері бойынша арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерi кәсіпорынның басқару органы «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бекітілмеген (аудиторлық есептің 9-тармағы).

 «Алакөл ауданы әкімінің Зейнеп Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша (бұдан әрі- Алакөл ауданының мәдениет үйі):

65-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» №145 Қаулысының (бұдан әрі - №145 Қаулы) 1 тармағының 3 тармақшасының 2 қайырмасының талаптары сақталмай кәсіпорынның уәкілетті органы тарапынан іс сапар шығындарының лимиті бекітілмеген. Салдарынан мемлекеттік аудитпен қамтылған мерзімнің 2022 жылы іс сапар шығынына 1445,0 мың теңге, 2023 жылы 3192,0 мың теңге жұмсалып, жалпы сомасы 4637,0 мың теңге тиімсіз пайдалануға әкеліп соққан (аудиторлық есептің 1-тармағы).  

66-тармақ. №145 Қаулысының 1 тармағының 3 тармақшасының талаптары сақталмай, Алакөл ауданының мәдениет үйінің қызметтiк автомобильдерiнiң тиiстiлiк нормативтерi бекітілмеген (аудиторлық есептің 2-тармағы).

67-тармақ. Алакөл ауданының мәдениет үйі 2022 жылдың  04 қазанында  «KAZAKHSTAN MUSICAL TECHNOLOGIES»  жеке кәсіпкерімен 5 150,0 мың теңгеге «Музыкалық орталық» сатып алуға  №51 тауарларды мемлекеттік сатып алу шарты жасалған. Шарт бойынша тауарды жеткізу 16 күнтізбелік күн болып белгіленген. 2022 жылғы 5 қарашада №220054/00/1 тауарды қабылдап алу-беру актісі негізінде тауар қабылданып, 2022 жылғы 14 қарашада №445 төлем тапсырмасымен 5 150,0  мың теңге қаржы аударылып, музыкалық орталық негізгі қорлар есебіне алынған. Бақылау өлшемі, тексеріп қарау барысында бұзушылық анықталмаған.

Алайда, тауар 16 күнге кешіктіріліп жеткізілгені анықталды. Мемлекеттік сатып алу заңының 43 бабының 24 тармағының және 2022 жылдың  04 қазанындағы №51 келісім-шартының 8.3-тармағының талаптары орындалмай, міндеттемелерді тиісінше орындамағандықтан әрбір мерзімі өткен күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде  тұрақсыздық айыбын ұстамаған. Сонымен қатар аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде тиісінше орындамаған орындаушының міндеттемелерін кешіктірген 16 күнге (5 150 000 теңге*0,1%=5 150*16 күн=82 400 тенге) 82,4 мың теңге тұрақсыздық айыбы бюджет есебіне өңдірілмегені анықталды (аудиторлық есептің 3-тармағы).  

68-тармақ. Мемлекеттік сатып алу заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талаптары орындамай,  Алакөл ауданының мәдениет үйі, мердігер «KAZAKHSTAN MUSICAL TECHNOLOGIES» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген (аудиторлық есептің 4-тармағы).  

69-тармақ. №1193 Қаулының 4-тармағының 1-тармақшасы бұзылып, 2022 жылдың қыркүйек айы мен желтоқсан айлары аралығында Алакөл ауданының мәдениет үйінің бас есепшісі С. Аргынгазиноваға 125,1 мың теңге (125 124,0 тенге) негізсіз артық жалақы төленгені анықталып аудит барысында бюджет кірісіне қайтарылды. Негізсіз төленген жалақы себебі кәсіпорынның штаттық кестеге сәйкес сахна жүргізуші лауазымының 0,5 ставкасы есептеліп төлеген, алайда қосымша 0,5 ставка жүктеу туралы бұйрық шығарылмағаннан орын алған (аудиторлық есептің 5-тармағы).  

70-тармақ. Алайда Алакөл ауданының мәдениет үйі 2023 жылғы             05 желтоқсанында «АБЫЛАЙ» жеке кәсіпкерімен 1 582,4 мың теңгеге «Квадратты құбыр 40х40мм» сатып алуға  №105 тауарларды мемлекеттік сатып алу шарты жасалған. Шарт бойынша тауарды жеткізу 16 күнтізбелік күн болып белгіленген. Алакөл ауданының мәдениет үйі 2023 жылы              21 желтоқсанда №230108/00/1 тауарды қабылдап алу-беру актісі негізінде тауарды қабылдап, 2023 жылы 29 желтоқсанда №528 төлем тапсырмасымен    1 582,4  мың теңге қаржы аударылған. Бұл сатып алынған квадратты құбырлардан жасалынған жазғы уақытта көрермендер отыратын шатырлардың жақтаулары әзірленіп тауарлы материалды қор ретінде кіріске алынбағаны анықталды.

Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының (бұдан әрі – Бухалтерлік есеп заңы) 4-бабының, 5, 6-баптарының 1-тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №241 бұйрығымен бекітілген  Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – №241 Қағида)           3 тармағы 1 тармақшасының, 4-тармағының және 20-тармағының талаптары сақталмай 1 582,4 мың теңгенің квадратты құбырлардан жасалынған жазғы уақытта көрермендер отыратын шатырлардың жақтаулары жыл қортындысы бойынша кәсіпорынның теңгеріміне алныбағаны анықталды. Аудит барысында 1 582,4 мың теңгенің квадратты құбырлардан жасалынған жазғы уақытта көрермендер отыратын шатырлардың жақтаулары есепке алынды (аудиторлық есептің 5-тармағы).   

«Текелі қаласы әкімінің қалалық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша (бұдан әрі – Текелі қалалық мәдениет үйі):

71-тармақ. №145 Қаулының 1-тармағының 3-тармақшасының                  2-қайырмасының талаптары сақталмай, Текелі қалалық мәдениет үйінің  уәкілетті органы тарапынан іс сапар шығындарының лимиті бекітілмеген. Салдарынан мемлекеттік аудитпен қамтылған мерзімнің 2022 жылы іс сапар шығынына 311,0 мың теңге, 2023 жылы 109,0 мың теңге жұмсалып жалпы сомасы 420,0 мың теңге тиімсіз пайдалануға әкеліп соққан (аудиторлық есептің 1-тармағы).  

72-тармақ. №145 Қаулының 1-тармағының 3-тармақшасының                  1-қайырмасының талаптары сақталмай Текелі қалалық мәдениет үйінің қызметтiк автомобильдерiнiң тиiстiлiк нормативтерi бекітілмеген. Салдарынан мемлекеттік аудитпен қамтылған мерзімнің 2022 жылы жанар жағар май шығынына 585,0 мың теңге, 2023 жылы 1846,0 мың теңге жұмсалып жалпы сомасы 2431,0 мың теңге тиімсіз пайдалануға әкеліп соққан (аудиторлық есептің 2-тармағы).  

73-тармақ. Мемлекеттік мүлік туралы заңының 140-бап 2-тармағына сәйкес, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді. Алайда, 2022-2023 жылдарда Текелі қалалық мәдениет үйінің таза кірісінің бір бөлігін бюджетке аудару нормативі кәсіпорынның құрылтайшысы Текелі қаласы әкімдігі тарапынан бекітілмеген (аудиторлық есептің 3-тармағы).  

74-тармақ. Текелі қалалық мәдениет үйі, 2022 жылғы 22 қарашада  мердігер «Жанаева» жеке кәсіпкерімен 6 450,0 мың теңгеге,  автокөліктерді қосалқы бөлшектерін ауыстыра отырып жөндеу жұмыстарына №73 мемлекеттік сатып алу шартын жасаған. Шарт бойынша жұмысты орындау шарт жасасқан күннен 30 күнтізбелік күн болып белгіленген. 2022 жылдың 30 желтоқсанында шартқа қосымша келісім жасалып, жұмыстары орындау мерзімі 30 күнтізбелік күнге ұзартып, 2023 жылғы 1 ақпандағы №220075/00/3 орындалған жұмыстар актісі негізінде жасалған жұмыстар қабылданып, 2023 жылғы 1 ақпанда №5 төлем тапсырмасымен 6450,0 мың теңге қаржы аударылған.  

Алайда, негізгі шарт бойынша жұмыстарды орындау мерзімін қосымша келісім шартқа отырғанға дейін 7 күнге және қосымша келісім шартпен жұмыстарды орындалу мерзімін 2 күнге, жалпы алғанда жұмыстарды орындалу мерзімін 9 күнге кешіктіріліп орындағаны анықталды.

Мемлекеттік сатып алу заңының 43 бабының 24 тармағының және 2023 жылдың №73 шартының 8.3-тармағының талаптары орындалмай, міндеттемелерді тиісінше орындамағандықтан әрбір мерзімі өткен күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде  тұрақсыздық айыбын ұстамаған. Сонымен қатар аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде тиісінше орындамаған орындаушының міндеттемелерін кешіктірген 9 күнге (6 450 000 теңге*0,1% =6 450*9 күн=58 050 теңге) 58,1 мың теңге тұрақсыздық айыбы бюджет есебіне өңдірілмегені анықталды (аудиторлық есептің 4-тармағы).

75-тармақ. Мемлекеттік сатып алу заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талаптары орындамай,  Текелі қалалық мәдениет үйі мердігер «Жанаева» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген (аудиторлық есептің 5-тармағы).

76-тармақ. Текелі қалалық мәдениет үйі 2022 жылғы 28 желтоқсанда  «Рахат М» жеке кәсіпкермен 1 334,9 мың теңгеге аспалы металл конструкциясын сатып алуға №93 тауарларды мемлекеттік сатып алу шартын жасаған. 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №8 тауарды қабылдап алу-беру актісі негізінде тауар қабылданып, 2022 жылғы 28 желтоқсанда №399 төлем тапсырмасымен 1 334,9  мың теңге аударылған. Сатып алынған аспалы металл конструкциясын тауарлы материалды қор ретінде кіріске алынбағаны анықталды.

Бухалтерлік есеп заңының 4-бабының, 5, 6-баптарының                         1-тармақтарының және №241 Қағиданың 3 тармағының 1 тармақшасының, 4-тармағының, 20-тармағының талаптары сақталмай 1334,9 мың теңгеге сатып алынған аспалы металл конструкциясын тауарлы материалды қор ретінде кіріске алынбағаны анықталды.

Аудит барысында аспалы металл конструкциялар есепке алынды (аудиторлық есептің 6-тармағы).

«Ақсу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молақбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны бойынша (бұдан әрі – Ақсу аудандық мәдениет үйі):

77-тармақ. Ақсу аудандық мәдениет үйінің даму жоспарын                     №14 Қағиданың 18 тармағына сәйкес, бекітуші орган жоспарланатын кезеннің алдындағы жылдың жиырма бесінші желтоқсаннан кешіктірмей бекітуі қажет болған.

Алайда, 2022 жылдарға арналған даму жоспары «Ақсу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №40 бұйрығымен бекітіліп, №14 Қағиданың 18 тармағы бұзылып, даму жоспары 5 күнге кешігіп бекітілген (аудиторлық есептің 1-тармағы).

78-тармақ. №14 Қағиданың 2-тарауының 21-тармағына сәйкес, ұйымның даму жоспары бекітілген күннен кейін 5 жұмыс күні ішінде электронды қолтаңбамен қол қоя отырып, тізімге енгізу үшін веб-портал арқылы біріңғай операторға жіберуі қажет.  

Алайда, Ақсу аудандық мәдениет үйінің 2022 жылға арналған даму жоспары, тек 2022 жылдың 19 желтоқсанында ғана «www.gosreestr.kz» сайтына жолданып, бірыңғай операторға уақтылы жібермеген (аудиторлық есептің 2-тармағы).

79-тармақ. №14 Қағиданың 3-тарауының 43-тармағына сәйкес, ұйым даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті бекітілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оған ұйымның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қоя және сәйкестендіргішін көрсете отырып, PDF форматында бекітуші органның сканерленген шешімін тіркеп, бірыңғай операторға тізілімнің веб-порталы арқылы тізілімге қосу үшін жіберуі қажет.

Ақсу аудандық мәдениет үйінің 2022 жылға арналған даму жоспарының орындалу есебі, 2022 жылдың 31 желтоқсанында №43 бұйрықпен бекітілген. Алайда, 2022 жылдың есебі, 2023 жылдың 19 желтоқсанында ғана «www.gosreestr.kz» серверіне жолданып, бірыңғай операторға уақтылы жіберілмеген (аудиторлық есептің 3-тармағы).

80-тармақ. Ақсу аудандық мәдениет үйінің 2023 жылға арналған даму жоспары «Ақсу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №41 бұйрығымен 2022 жылдың 31 желтоқсанында бекітілген. №14 Қағиданың 18 тармағы бұзылып, даму жоспары 5 күнге кешігіп бекітілген, себебі бекітуші орган жоспарланатын кезеннің алдындағы жылдың жиырма бесінші желтоқсаннан кешіктірмей бекітуі қажет болған (аудиторлық есептің 4-тармағы).

81-тармақ. Ақсу аудандық мәдениет үйінің 2023 жылғы даму жоспарының орындалу есебі, 2024 жылдың 25 сәуірінде №17 бұйрықпен бекітілген. №14 Қағиданың 43-тармағына сәйкес, ұйым даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті бекітілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оған ұйымның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қояды және сәйкестендіргішін көрсете отырып, PDF форматында бекітуші органның сканерленген шешімін тіркеп, бірыңғай операторға тізілімнің веб-порталы арқылы тізілімге қосу үшін жіберуі қажет.

Алайда, 2023 жылдың есебі, 2024 жылдың 7 маусымда ғана «www.gosreestr.kz» сервері арқылы, бірыңғай операторға кешіктіріліп жіберілген, №43 бұйрықтың 43-тармағының талаптары бұзылған. (аудиторлық есептің 5-тармағы).

82-тармақ. Аудит барысында, Еңбек кодексінің 103-бабының 1-тармағы және 115-бабының 2-тармағы 3-тармақшасы бұзылып, Ақсу аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінен жалақы есептеу кезінде аванстық төлемдер ұсталмағаны анықталды, соның ішінде: директор                              А. Досмұхамбетовтен 120,0 мың теңге, бухгалтер Р. Бигалиевадан 155,0 мың теңге, бөлім меңгерушісі А. Жақыповтен 188,6 мың теңге, театр басшысы     А. Елубаевадан 297,7 мың теңге, үйірме жетекшісі Б. Ешмұхаметовтен 50,0 мың теңге және көркемдік жетекшісі Е.Траисовтан 326,0 мың теңге. Жалпы ұсталмаған аванс 1 137,7 мың теңге (2022 жылы 275,0 мың теңге, 2023 жылы 862,3 мың теңге). Аудит барысында 931,3 мың теңге бюджет есебіне өндірілді. Ұсталмаған 206,1 мың теңге сомасындағы аванстың қалдығы бюджетке өтелуге жатады (аудиторлық есептің 6-тармағы).

83-тармақ. Мемлекеттік мүлік туралы заңның 155-бабына сәйкес,  қазыналық кәсiпорынның шаруашылық қызметi жарғыда бекітілген оның мақсаттарымен және мiндеттерiмен айқындалады. Өзге шаруашылық қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

Алайда, Ақсу аудандық мәдениет үйі өзге шаруашылық қызметті жүзеге асырды, атап айтқанда, кәсіпорын ережесінің мақсаттары мен міндеттерінде көзделмеген жалпы сомасы 513 245,5 мың теңгеге, кәсіпорынның балансында жоқ Қошкентал және Ақсу ауылдарының мәдениет үйлері ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, Мемлекеттік мүлік туралы заңның 128-бабының 2-тармағы бұзылып, Қошкентал және Ақсу ауылдарының мәдениет үйлерінің ғимараттарын жедел басқару құқығы, меншік иесінің шешімімен кәсіпорынның балансына бекітіп бермеген (аудиторлық есептің 7-тармағы).

84-тармақ. Даму жоспарының жобасы қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде жоспарланып, сондай-ақ мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануы қажет. №14 қағиданың 12-тармағы бұзылып, даму жоспарының түсіндірме жазбасында жоспарланған көрсеткіштер негіздемесі, сондай-ақ даму жоспарының әрбір қосымшасына негіздемелер мен түсіндірмелер анықталмаған.

Бюджет кодексінің 4-бабы 9-тармақшасын бұза отырып, осы шарт бойынша бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін 513 245,5 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану анықталды (аудиторлық есептің 8-тармағы).

85-тармақ. Бухалтерлік есеп заңының 2-бабы 3-1 тармағына сәйкес, жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар (қазыналық кәсіпорындар) қаржылық есептілікті шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа сәйкес жасайды.

 Бухалтерлік есеп заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес, есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға, шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа және бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес, олардың қажеттiлiктерi мен қызмет ерекшелiктерi негiзге алына отырып, бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау үшiн дара кәсiпкер немесе ұйым қолдануға қабылдаған нақты принциптердi, негiздердi, ережелердi, тәртiп пен практиканы бiлдiредi.

Бухалтерлік есеп заңының 8-бабының 1-тармағында, басшылық есеп саясатын келiседi және (немесе) бекiтедi деп көрсетілген. Бухалтерлік есеп заңының 8-бабының 1-тармағы бұзылып, Ақсу аудандық мәдениет үйінде есеп саясаты бекітілмеген (аудиторлық есептің 9-тармағы).

86-тармақ. Ақсу аудандық мәдениет үйінің құрылтай құжаты Ереже болып бекітілген. Алайда, мемлекеттік мүлік заңының 124-бабының               1-тармағына сәйкес, мемлекеттік кәсіпорынның құрылтай құжаты – Жарғы болып табылады. Кәсіпорынның Жарғысы №1202 бұйрықтың                          2-қосымшасымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорынның үлгілік жарғысына сәйкес бекітілуі тиіс. Мемлекеттік мүлік заңының 124-бабы 1-тармағының талаптары бұзылған (аудиторлық есептің 10-тармағы).

 «Көксу ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны бойынша (бұдан әрі – Көксу аудандық мәдениет үйі):

87-тармақ. Көксу аудандық мәдениет үйінің даму жоспарын                     №14 Қағиданың 18 тармағына сәйкес, бекітуші орган жоспарланатын кезеннің алдындағы жылдың жиырма бесінші желтоқсаннан кешіктірмей бекітуі қажет болған.

Алайда, 2022 жылдарға арналған даму жоспары «Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №30 н/қ бұйрығымен бекітіліп, №14 Қағиданың 18 тармағы бұзылып, даму жоспары 5 күнге кешігіп бекітілген (аудиторлық есептің 1-тармағы).

88-тармақ. №14 Қағиданың 2-тарауының 21-тармағына сәйкес, ұйымның даму жоспары бекітілген күннен кейін 5 жұмыс күні ішінде электронды қолтаңбамен қол қоя отырып, тізімге енгізу үшін веб-портал арқылы біріңғай операторға жіберуі қажет. 

Алайда, Көксу аудандық мәдениет үйінің 2022 жылға арналған даму жоспары, тек 2022 жылдың 31 мамырында ғана «www.gosreestr.kz» сайтына жолданып, бірыңғай операторға уақтылы жібермеген (аудиторлық есептің 2-тармағы).

89-тармақ. Көксу аудандық мәдениет үйінің 2022 жылға арналған даму жоспарының орындалу есебі 2024 жылдың 25 қаңтарында «Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №29 н/қ бұйрығымен бекітілген.

№14 Қағиданың 42-тармағына сәйкес, қаржылық есептіліктің міндетті немесе бастамашылық аудитін жүргізбейтін ұйымдардың есебін бекіту органы Қағиданың 14-тармағының ережелерін ескере отырып, есепті кезеңнен кейінгі жылдың бірінші маусымынан кешіктірмей бекітуі қажет.

Алайда, №14 Қағиданың 42-тармағы бұзылып, Көксу аудандық мәдениет үйінің 2022 жылға арналған даму жоспарының орындалу есебі, тек  2024 жылдың 25 қаңтарында, кешіктіріліп, өз уақытында бекітілмеген (аудиторлық есептің 3-тармағы).

90-тармақ. Көксу аудандық мәдениет үйінің 2023 жылға арналған даму жоспары «Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №112 н/қ бұйрығымен 2023 жылдың 22 желтоқсанында бекітілген. №14 Қағиданың 18 тармағына сәйкес, даму жоспарын бекітуші орган жоспарланатын кезеннің алдындағы жылдың жиырма бесінші желтоқсаннан кешіктірмей бекітуі қажет болған. Алайда, даму жоспары кешіктіріліп, бір жылға жуық уақытқа кешіктірілген (аудиторлық есептің 4-тармағы).

91-тармақ. №14 Қағиданың 2-тарауының 21-тармағына сәйкес, ұйымның даму жоспары бекітілген күннен кейін 5 жұмыс күні ішінде электронды қолтаңбамен қол қоя отырып, тізімге енгізу үшін веб-портал арқылы біріңғай операторға жіберуі қажет. 

Алайда, Көксу аудандық мәдениет үйінің 2023 жылға арналған даму жоспары, тек 2024 жылдың 3 қаңтарында ғана «www.gosreestr.kz» сайтына жолданып, бірыңғай операторға уақтылы жіберілмеген (аудиторлық есептің 5-тармағы).

92-тармақ. Көксу аудандық мәдениет үйінің 2023 жылға арналған даму жоспарының орындалу есебі 2024 жылдың 4 қыркүйегінде «Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №46 н/қ бұйрығымен бекітілген.

№14 Қағиданың 42-тармағына сәйкес, қаржылық есептіліктің міндетті немесе бастамашылық аудитін жүргізбейтін ұйымдардың есебін бекіту органы Қағиданың 14-тармағының ережелерін ескере отырып, есепті кезеңнен кейінгі жылдың бірінші маусымынан кешіктірмей бекітуі қажет.

Алайда, №14 Қағиданың 42-тармағы бұзылып, Көксу аудандық мәдениет үйінің 2023 жылға арналған даму жоспарының орындалу есебі, тек  2024 жылдың 4 қыркүйегінде бекітіліп, өз уақытынан кешіктіріліп бекітілмеген (аудиторлық есептің 6-тармағы).

93-тармақ. Аудит барысында, Еңбек кодексінің 103-бабының 1-тармағы бұзылып, Көксу аудандық мәдениет үйінің қызметкерлеріне жалақы есептеу кезінде кәсіпорынның бухгалтері М. Билилбаеваға 2022 жылы 411,3 мың теңге негізсіз жалақы төленгені анықталды.

Дәл осылый, көркемдік жетекші Г. Төлегеноваға 2023 жылдың қаңтар, ақпан айларында 117,8 мың теңге, бухгалтер А. Нуралиеваға 1 232,6 мың теңге (2023 жылдың ақпан айында 200,0 мың теңге, наурыз айында 250,0 мың теңге, сәуірде 650,0 мың теңге, маусым айында 50,0 мың және қазанда 82,6 мың теңге) негізсіз жалақы төленгені анықталды. Жалпы негізсіз төленген жалақы 1 761,7 мың теңгені құрады.

Аудит барысында бухгалтер А. Нуралиевадан 1000,0 мың теңге бюджет есебіне өндірілді. Негізсіз төленген жалақының қалған 761,7 мың теңгесі бюджетке өтелуге жатады (аудиторлық есептің 7-тармағы).

94-тармақ. Бухалтерлік есеп заңының 2-бабы 3-1 тармағына сәйкес, жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар (қазыналық кәсіпорындар) қаржылық есептілікті шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа сәйкес жасайды.

 Бухалтерлік есеп заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес, есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға, шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа және бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес, олардың қажеттiлiктерi мен қызмет ерекшелiктерi негiзге алына отырып, бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау үшiн дара кәсiпкер немесе ұйым қолдануға қабылдаған нақты принциптердi, негiздердi, ережелердi, тәртiп пен практиканы бiлдiредi.

Бухалтерлік есеп заңының 8-бабының 1-тармағында, басшылық есеп саясатын келiседi және (немесе) бекiтедi деп көрсетілген. Бухалтерлік есеп заңының 8-бабының 1-тармағы бұзылып, Көксу аудандық мәдениет үйінде есеп саясаты бекітілмеген (аудиторлық есептің 8-тармағы).

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

Жетісу облысында 314 мемлекеттік мәдениет және архив мекемелері жұмыс істейді, оның ішінде; 136 мәдениет үйлері мен  клубтар, 148 кітапхана, оның ішінде 125 ауылда; 13 музей, оның ішінде 8 ауылда; 2 галерея, 11 архив,  1 театр; 1 Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармония, 1 Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық, 1 Халық шығармашылығы орталығы.

Архив саласы

Облыстық архив мекемелерінде жалпы 2 837 қор, 717 608 сақтау бірліктері мемлекеттік сақталуда.

2024 жылдың 9 айлығында мемлекеттiк сақтауға 63 қор, 5722 сақтау бірлігі (42- жаңа қор, 3546-сақ.бір. 21 - қосымша қор, 2176 сақ.бір.), оның ішінде тұрақты сақталатын 4 946 сақтау бірлігі,  жеке құрам бойынша 738 сақтау бірлігі, 2 жеке тектік қор 38  сақтау бірлігі қабылданды.

Қағаз негізінде құжаттардың жай-күйін және толықтығын тексеру бойынша 14 746 сақтау бірлігі тексеріліп, оларға 63 қорытынды акті толтырылды. Аса құнды құжаттарды анықтау жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 2 қор, 2 тізімдеме, 31 сақтау бірлігі анықталды. Істерге және қораптарға 31 «АҚ» белгісі  басылды. Облыс бойынша архив мекемелері өшіп бара жатқан және көрінбейтін мәтіні бар құжаттардың жалпы саны 264 /50 сақ.бір./ парақтарын қалпына келтірді.

2024 жылдың 9 айлығында архив қызметкерлеріне 92 918 істер, 12 118 тізімдеме, оқу залына 1 268 істер, 108 тізімдеме, уақытша қолдануға 106 істер /103 акт/ берілді. Есептік кезеңде архивтердің оқу залдарында 48 зерттеуші жұмыс істеді. Оқу залдарына 85 бару келімдер тіркелді.

Архив қоймаларындағы 64 321 істерді және 21 422 қораптар /бума/, 1150 тізімдеме дұрыс орналастырылды. 947 істер бір қоймадан екінші қоймаға ауыстырылды. Стеллаждық, топографиялық көрсеткіш және қорлар карточкаларын жүйелеп 63 карточка құрастырылды. Қоймалардың температуралық – ылғалдылық тәртібі күнделікті бақылауда.

210 архив қоймаларындағы сөрелер, 77 606 сақтау бірліктері және 5 765 тізімдемелері шаң - тозаңнан тазартылды. 6 126 істер картон қораптарға ауыстырылды, 3 314 істердің картон қораптары қайта жаңартылды,  сақтауға жататын істерден 418 бума қалыптастырылды, 3086 жазба қағаздары ауыстырылды, құжаттардың физикалық сақталуын қамтамасыз ету үшін                 4 460 істер тігілді, 105 183 парақ нөмірленді, 5 растау парақтары рәсімделді, 247 265 парақтардың нөмірлері тексерілді. Парақтар тексерілген соң «Тексерілді» деген 208 мөртабан басылды. Архивтік шифрды қойып, 8 678 сақтау бірліктеріне іс мұқабаларын рәсімдеу жүргізілді. 

  Жүйелі каталогты жетілдіру жұмыстары жалғастырылып, «Денсаулық сақтау», «Дене шынықтыру», «Дін» 351 карточкалар тексеріліп, 22 карточка,                   20 айырғыш ауыстырылды.

2019 жылдың қараша айынан бастап «Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша облыстық мемлекеттік архивінде және оның аудандық, қалалық филиалдарында мемлекеттік сақтауда жатқан құжаттарды «Электронды архивке» енгізу бойынша құжаттарды сканерден өткізу жұмыстары басталды.

2024 ж. 9 айлығында 29 қор, 37 тізімдеме, 11 263 іс, 535 442 парақ беттері сканерден өткізіліді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі –ҚБЭМ АЖ) құруды облыс бойынша архив мекемелері 2015 жылдан бастап электрондық жүйеге енгізуде. Аталған жоба шеңберінде Ұлттық архив қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздері туралы деректер жиынын (каталогын) электронды форматқа бүгінгі таңға 16 қордың 13 тізімдемелері, 909 сақтау бірліктері және 100 387 парақ беттері енгізілді.

2024 жылдың 9 айында 133 - тұрақты сақталатын және жеке құрам бойынша тізімдемелер (3 393 парақ) сканерленді.

Есепті кезеңде "Архив – 2025" кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде А2+форматындағы 2 планетарлық сканер сатып алынды.

Басқарманың сараптау тексеру және әдістемелік комиссиясының                         5 отырыстары өтті, 12 тұрақты сақтау мерзімі бойынша 959 іс, 26 жеке құрам тізімдемесі бойынша 1267 iс, 40 жоюға жіберілген құжаттардың актілері 21 609 құжаттар мен істер, 80 iстер номенклатуралары, 1 үлгілік істер номенклатурасы, 37 Сараптау комиссиясы бойынша және ведомстволық архивтер туралы Ережелері келісілді.

  2024 жылдың 9 айлығында архив мекемелері тақырыптық 28 сұраныстардың 26 оңды, 2 теріс жауаппен орындалды.

13 853 әлеуметтік-құқықтық сұранымның 8 534 оңды, 4 109 теріс жауаппен орындап, 1 210 сұранысты басқа архивтер мен мекемелерге жолданды.

13 853 әлеуметтік-құқықтық сұранымдардың ішінен 5 190 электрондық портал арқылы келген сұранымның 2 778 оңды, 1 646 теріс, 766 сұранысты басқа архивтер мен мекемелерге жолданды.

13 853 әлеуметтік-құқықтық сұранымдардың ішінен 265 халыққа қызмет көрсету орталығынан келген сұранымның 137 оңды, 100 теріс, 28 сұранысты басқа архивтер мен мекемелерге жолданды.

13 853  әлеуметтік-құқықтық сұранымдардың ішінен 8 398 кеңсе және хат арқылы келіп түскен сұранымдардың 5 619 оңды, 2 363 теріс жауаппен орындалды, 416 сұранысты басқа архивтер мен мекемелерге жолданды.

          III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Жетісу облысының мәдениет саласындағы аудитпен қамтылған 10 мемлекеттік кәсіпорындары бойынша мемлекеттік аудит барысында бюджет есебіне жалпы сомасы 3 605,1 мың теңгесі өндірілді (бюджет есебіне өндірілуге жататын жалпы сома 4 572,9 мың теңге), 2 917,3 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды (қалпына келтіруге жататын жалпы сома 2 917,3 мың теңге), олар:

«Панфилов ауданы әкімдігінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны бойынша:

Аудит барысында анықталған жалпы сомасы 133,5 мың теңге негізсіз артық төленген сауықтыру жәрдемақылары бюджет есебіне өндірілді (26.11.2024 ж. «KAZPOST» АҚ-ның 67,8 мың теңгеге №2411260046118 және 67,8 мың теңгеге №2411260038180  түбіртектері).

«Қаратал ауданының Қабылиса жырау атындағы мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны бойынша:

Аудит барысында анықталған «Айнура и К» ЖШC-нен жалпы сомасы 21,4 мың теңге тұрақсыздық айыбы бюджет есебіне өндірілді (11.12.2024 ж. «ForteBank» АҚ-ның № 257 төлем тапсырмасымен);

«Компания RekART» ЖШC-нен жалпы сомасы 408,5 мың теңге тұрақсыздық айыбы бюджет есебіне өндірілді (11.12.2024 ж. «ForteBank» АҚ-ның № 85 төлем тапсырмасымен);

«TEN» мүгедектер қоғамдық бірлестігінен жалпы сомасы 152,8 мың теңге тұрақсыздық айыбы бюджет есебіне өндірілді (20.12.2024 ж. «Халық Банк» АҚ-ның № 226 төлем тапсырмасы);

«Алан 22» ЖШС-нен анықталған 365,2 мың теңгенің 174,8 мың теңге тұрақсыздық айыбы бюджет есебіне өндірілді (10.12.2024 ж. «Банк центр Кредит» АҚ-ның № 490 төлем тапсырмасымен);

Негізсіз артық төленген 1 415,3 мың теңге сауықтыруға арналған жәрдемақы, 25 пайыз үстем ақы бюджет есебіне өндірілді ( 19.12.2024 ж. «KAZPOST» АҚ-ның 158,8 мың теңге №0024 түбіртегі, 180,7 мың теңге №0023 түбіртегі, 79,2 мың теңге №0025 түбіртегі, 148,6 мың теңге №0026 түбіртегі және  81,6 мың теңге №0022 түбіртегі, 07.02.2025 жылғы 743,6 мың теңге №2502076361332, 20.02.2025 жылғы 22,8 мың теңгеге №2502201501080).

«Алакөл ауданы әкімінің Зейнеп Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша:

Аудит барысында 125,1 мың теңге негізсіз артық төленген жалақы бюджет кірісіне қайтарылды (26.11.2024 ж. «KAZPOST» АҚ-ның 125,1 мың теңгеге №2412250499897  түбіртегі).

Квадратты құбырлардан жасалынған 1 582,4 мың теңгенің жазғы уақытта көрермендер отыратын шатырлардың жақтаулары кәсіпорын теңгеріміне алынды (2024 жылғы 13 желтоқсандағы №1 бухгалтерлік анықтама).

«Текелі қаласы әкімінің қалалық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына бойынша:

«Жанаева» жеке кәсіпкерінен жалпы сомасы 58,1 мың теңге тұрақсыздық айыбы бюджет есебіне өндірілді («KAZPOST» АҚ-ның 19.02.2025 ж. 58,1 мың теңгеге №2502197880106  түбіртегі);

Аудит барысында 1334,9 мың теңгенің аспалы металл конструкциясы кәсіпорын теңгеріміне алынды (Бухгалтерлік анықтама, реттік саны жоқ).  

«Молақбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны бойынша:

Аудит барысында ұсталмаған 931,2 мың теңге аванс суммасы бюджет кірісіне қайтарылды («KAZPOST» АҚ-ның 10.12.2024 ж. 150,0 мың теңгеге №2412100741687  түбіртегі, 10.01.2025 жылғы 5,0 мың теңгеге №2501106593444 түбіртегі, 01.12.2024 жылғы 120,0 мың теңгеге №241281365859 түбіртегі, 05.12.2024 жылғы 297,8 мың теңгеге №2412055147048 түбіртегі, 05.12.2024 жылғы 188,6 мың теңгеге №2412055187860 түбіртек, 19.12.2024 жылғы 120,0 мың теңгеге №2412196181178 түбіртек, 18.12.2024 жылғы 50,0 мың теңгеге №2412181353484 түбіртек).

«Көксу ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны бойынша:

Аудит барысында 1 000,0 мың теңге негізсіз артық төленген жалақы бюджет кірісіне қайтарылды 27.12.2024 ж. «KAZPOST» АҚ-ның 1000,0 мың теңгеге №2412270838447  түбіртегі).

           Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін, анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 4 мемлекеттік аудит объектісі бойынша жылпы саны 13 материал жолданды.

 3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

Жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің қызметінде бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануына және осы қаражаттарды пайдалану арқылы межеленген әлеуметтік әсер уақытылы қол жеткізілмеуіне жол беріліп, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Еңбек Кодексінің, Мүлік туралы заңының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы» Қаулысының, Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Заңының, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары талаптарының сақталмауы салдарынан орын алған.

         Сәйкесінше аудиторлық іс-шара қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 026 598,4 мың теңге бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 7 490,2 мың теңге (қалпына келтіруге жатқызылатыны 2 917,3 мың теңге, бюджет есебіне қайтаруға жататыны 4 572,9 мың теңге), бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану – 762 722,2 мың теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау – 256 386,0 мың теңге.

Демек анықталған фактілер аудандық әкімшіліктер тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығын көрсетеді және мемлекеттік аудит объектілердің қызметінің тиімділігін бағалау мүмкіндігіне айтарлықтай әсер етеді.

Жоғарыда баяндалған бұзушылықтар мен кемшіліктер келесі салдарға әкеп соқтыруы мүмкін:

  • Мәдениет саласындағы кәсіпорындарға бөлінген бюджет қаражат жағдайы туралы сенімсіз ақпарат беру;
  • Мәдениет саласындағы кәсіпорындарға бөлінген бюджеттік қаражатты, активтерді тиімсіз жоспарлау, жұмсау;
  • Мәдениет саласындағы кәсіпорындарға бөлінген қаражат бойынша тікелей, түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбеу немесе уақытылы қол жеткізбеу;
  • Мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру бойынша атқарылып жатқан іс-шараларға қоғамдық сенімсіздіктің туындауы.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.

  1. Мәдениет саласындағы жекелеген мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарда активтерді басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит нәтижелері Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.
  2. Жетісу облысының әкімдігіне:

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 18-бабының                   2-тармағына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Жетісу облысы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындауды ұсынамыз.

  1. Панфилов ауданының әкімдігіне:
  • 2025 жылдың 20 наурызынан кешіктірмей, «Панфилов ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Панфилов ауданы әкімдігінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеуді ұсынамыз (аудиторлық қортындының 5-тармағы);
  • 2025 жылдың 20 наурызынан кешіктірмей, «Панфилов ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Панфилов ауданы әкімдігінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын белгілеуді ұсынамыз (аудиторлық қортындының 6-тармағы).
  1. Қаратал ауданының әкімдігіне:
  • 2025 жылдың 20 наурызынан кешіктірмей, «Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаратал ауданының Қабылиса жырау атындағы мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеуді ұсынамыз (аудиторлық қортындының       33-тармағы);
  • 2025 жылдың 20 наурызынан кешіктірмей, «Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаратал ауданының Қабылиса жырау атындағы мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларынбелгілеуді ұсынамыз (аудиторлық қортындының 34-тармағы).
  1. Сарқан ауданының әкімдігіне:

2025 жылдың 20 наурызынан кешіктірмей, «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құрман Тастанбеков атындағы Сарқан ауданы әкімінің аудандық мәдинет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Жарғысына сәйкесінше өзгерістер енгізуді ұсынамыз (аудиторлық қортындының 52-тармағы).

  1. Текелі қаласының әкімдігіне:

2025 жылдың 20 наурызынан кешіктірмей, «Текелі қаласы әкімінің қалалық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорынының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеуді ұсынамыз (аудиторлық қортындының 73-тармағы).

  1. Ақсу ауданының әкімдігіне:

2025 жылдың 20 наурызынан кешіктірмей, «Ақсу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молақбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Жарғысына сәйкесінше өзгерістер енгізуді ұсынамыз (аудиторлық қортындының 86-тармағы).

  1. «Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаратал ауданының Қабылиса жырау атындағы мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына тапсырылсын:

1) 2025 жылдың 20 наурызынан кешіктірмей 2022 жылғы 4 мамырдағы №18 келісім шартты тиісінше орындамағаны үшін мердігер «TECH STORY COMPANY» ЖШC-нен тұрақсыздық айыбын өндіріп алу қамтамасыз етілсін (аудиторлық қортындының 10-тармағы);

2) 2025 жылдың 20 наурызынан кешіктірмей 2023 жылғы 9 наурыздағы №21 келісім шартты тиісінше орындамағаны үшін мердігер «Самғау-Биік» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінен тұрақсыздық айыбын өндіріп алу қамтамасыз етілсін (аудиторлық қортындыны 14-тармағы);

3) 2025 жылдың 20 наурызынан кешіктірмей 2023 жылғы 31 тамыздағы №55 келісім шартты тиісінше орындамағаны үшін мердігер «Алан 22» ЖШС-нен қалған тұрақсыздық айыбын өндіріп алу қамтамасыз етілсін (аудиторлық қортындының 25-тармағы);

4) 2025 жылдың 20 наурызынан кешіктірмей 2023 жылғы 29 тамыздағы №56 келісім шартты тиісінше орындамағаны үшін мердігер «SK ISKER» ЖШС-нен тұрақсыздық айыбын өндіріп алу қамтамасыз етілсін (аудиторлық қортындыны 27-тармағы);

5) 2025 жылдың 20 наурызынан кешіктірмей 2023 жылғы 9 қарашадағы №68 келісім шартты тиісінше орындамағаны үшін мердігер «Триумф мүгедектігі бар тұлғалар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінен тұрақсыздық айыбын өндіріп алу қамтамасыз етілсін (аудиторлық есептің           30-тармағы).

  1. «Алакөл ауданы әкімінің Зейнеп Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына тапсырылсын:

2025 жылдың 20 наурызынан кешіктірмей, 2022 жылғы 4 қазандағы №51 шарттың міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін «KAZAKHSTAN MUSICAL TECHNOLOGIES» жеке кәсіпкерінен тұрақсыздық айыбы бюджет есебіне өндірілуі қамтамасыз етілсін (аудиторлық қортындының             67-тармағы).

  1. «Ақсу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молақбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына тапсырылсын:

1) 2025 жылдың 20 наурызынан кешіктірмей,  жалақы есептеу кезінде ұсталмаған 206,1 мың теңге аванстық төлемдер бюджет есебіне өндірілуі қамтамасыз етілсін (аудиторлық қортындының 82-тармағы);

2) 2025 жылдың 20 наурызынан кешіктірмей,  кәсіпорынның есеп саясаты бекітілсін (аудиторлық қортындының 85-тармағы).

  1. 11. «Көксу ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны бойынша:

1) 2025 жылдың 20 наурызынан кешіктірмей, негізсіз артық төленген 761,7 мың теңге жалақы бюджет есебіне өндірілуі қамтамасыз етілсін (аудиторлық қортындының 93-тармағы);

2) 2025 жылдың 20 наурызынан кешіктірмей,  кәсіпорынның есеп саясаты бекітілсін (аудиторлық қортындының 94-тармағы).

Дата публикации
21 февраля 2025