Аудиторское заключение ГУ "Управление здравоохранения области Жетісу"

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

  1. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: «Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: «Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі.     

1.3. Мемлекеттік аудит объектілері: «Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2022 жылдың 01 шілдесінен бастап, 2023 жылдың  31 желтоқсан аралығы.

  1. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау.

«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысы денсаулық сақтау жүйелері және облыс халқын медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Мақсаттары:

1) Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және денсаулық сақтаудың өңірлік бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету.

2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету;

3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде азаматтарды медициналық көмекпен және дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету;

4) медициналық қызметтер көрсету кезінде сапаның, стандарттар мен регламенттердің сақталуын қамтамасыз ету;

5) денсаулық сақтау жүйесін басқарудың тиімділігін арттыру;

6) тізбесі заңнамада айқындалған Жетісу облысының халқын медициналық қызметтермен қамтамасыз ету.

Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

2) міндеттері:

заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;

басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді және кәсіпорындарды құру, қайта құру, қайта атау және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу және олардың Жарғыларын (ережелерін) бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; 

ҚазақстанРеспубликасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Функциялары

  • денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады:
  • денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметтер (көмек) көрсету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді және бақылауды жүзеге асырады;
  • мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
  • ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен мамандарының кәсіби құзыреттілігіне аттестаттау жүргізуді ұйымдастырады;
  • медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
  • мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жабдықтауды қамтамасыз етеді, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, жабдықтарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізу қызметтерін сатып алуды ұйымдастырады;
  • денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту, оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттік дәріханалар желісін дамыту және дәріхана қоймаларын құру жөнінде шаралар қабылдайды;
  • денсаулық сақтау саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құруды және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
  • халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және қоршаған адамдарға қауіп төндіретін аурулардың алдын алуды және емдеуді ұйымдастырады;
  • Жетісу облысының халқын және қандастарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмекпен және уақытша бейімдеу және детоксикация бойынша медициналық қызметтерді қоса алғанда, дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;
  • Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және т.б. функциялары бар.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс халқының саны 698 569 адамды құрады, оның ішінде қалалық – 310 509 адам (44,4%), ауылдық – 388 060 адам (55,6%).

Халыққа медициналық көмекті 362 ұйым көрсетеді (мемлекеттік – 314, жеке – 48).

Денсаулық сақтау саласындағы 2022-2023 жылдары жүргізілген негізгі жұмыс «Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында жүргізілген.

Ұлттықжобаныәзірлеудіңмақсаты:әрбіразаматүшінсапалыжәнеқолжетімдіденсаулық сақтауды қамтамасыз ету.

4 бағыт қарастырылған:

1) қолжетімді және сапалы медициналық көмек;

2) эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру (бұл көрсеткіштер республикалық болып табылады, облыстар бойынша деректер жоқ);

3) отандық өндірістегі қолжетімді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар;

4) салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін ұлғайту және бұқаралық спортты дамыту.

Ұлттық жобаның басты міндеттерінің бірі - медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін облыста денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға көп көңіл бөлу.

Тапсырмаларды іске асыру және ауылдық денсаулық сақтауды жаңғыртудың Ұлттық Жоспарын орындау халықтың медициналық объектілермен қамтамасыз етілуін 100% ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Жетісу облысының медициналық мекемелерінде медицина қызметкерлерінің саны 8 473 адамды құрайды, оның ішінде 1 751 дәрігер және 6 722 медбике. 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 25,1, орта медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету – 96,4 құрайды.

Облыста дәрігерлермен ең аз қамтылу Ақсу–13,8, Панфилов–14,4, Сарқан–16,4 аудандарында. Талдықорған қаласында дәрігерлермен қамтамасыз ету – облыс орталығында облыстық деңгейдегі 9 медициналық ұйым бар екенін ескере отырып, 46,0.

2023 жыл қорытындысы бойынша дәрігерлердің тапшылығы 186 маманды құрайды, оның ішінде қала - 98, ауыл - 88.

Облыста 28 жалпы практика дәрігері, 18 анестезиолог-реаниматолог, 12 акушер-гинеколог, 12 невропатолог, 17 терапевт, 2 нейрохирург және т.б. мамандар жетіспейді.

Соңғы 3 жыл ішінде облысқа 293 маман келгеніне қарамастан, дәрігерлердің, оның ішінде 89 зейнеткерлік жасқа толған соң, отбасылық мән – жайлар бойынша жұмыстан шығып, 85 облыстан тыс жерге кетіп, 28 жеке секторға көшіп, 91 маман қалып, жұмысын жалғастыруда.

2021 жылы 139 жас маман жұмысқа орналастырылды, оның ішінде қалада – 42 ауылда – 97.

2022 жылы 86 жас маман жұмысқа орналастырылды, оның ішінде қалада – 58 ауылда – 28.

2023 жылы облыстың медициналық ұйымдарына 68 дәрігер келген, оның 32 – сі резидентурадан кейін, қалада – 42, ауылда – 26.

Оларды тұрақтандыру үшін, ауылда сараланған еңбекақы төлеу және тұрғын үй беру түрінде қосымша әлеуметтік қолдау шаралары қабылданған.

Ең сұранысқа ие бейінді мамандықтар бойынша кадр тапшылығын азайту үшін, 2023 жылы 45 дәрігер резидентураға оқуға жіберілген.

Сонымен қатар, тәжірибе алмасу үшін, мамандар шетелдік клиникаларға білімін жетілдіруге жіберілген, 2023 жылы 27 маман түрік клиникаларында (Медикал парк, Медипол Стамбул) неонаталды реанимация, балалардағы полижарақат, акушерлік және ауыр жағдайларда инфузиялық және трансфузиялық терапия бағдарламалары бойынша тағылымдамадан өткен.

Денсаулық сақтау мамандарының қосымша білім беру жоспарына сәйкес 614 медицина қызметкері акушерлік және гинекология, балалық шақ, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, онкологиялық, кардиологиялық, туберкулез және патологиялық қызмет және денсаулық сақтау сияқты басым бағыттарды қамтитын тақырыптар бойынша  оқытылған.

Жалпы 2023 жылы оқыту семинарларына  82 акушер-гинеколог, 62 педиатр, 8 неонатолог, 8 анестезиолог-реаниматолог, 248 медицина маманы, 42 акушер-гинеколог қатысқан.

Жетісу облысы мәслихатының 2024 жылғы 14 ақпандағы № 14-84 шешімімен облысқа жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері:

1) Жетісу облысының ауылдық жерлерге 10 000 000 (он миллион) теңге;

2) Жетісу облысының аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға                   5 000 000 (бес миллион) теңге болып бекітілді.

Әлеуметтік қолдау – облыстың ауылдық жерлеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына кемінде 5 (бес) жыл мерзімге жіберілетін қызметкерлерге бала үш жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты демалысты есепке алмағанда біржолғы көмек ретінде еңбек шарты жасалғаннан кейін, қызметкердің жеке шотына аудару арқылы төленеді.

2.2. Аудиторлық іс-шаралардың негізгі нәтижелері.

«Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша 2 231 760,6 мың теңге мемлекеттік аудитпен қамтылды.

Аудит нәтижелері, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы 2 157 31 2,8 мың теңге.

Оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар 5 361,0 мың теңге (бюджет есебіне қайтаруға жататыны 5 361,0 мың теңге);

2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану – 279 742,0 мың теңге;

3) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау – 1 872 209,8 мың теңге;

4) Рәсімдік бұзушылықтар – 9 дана.

«Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі аудиторлық іс-шарасымен келесі бұзушылықтар анықталды:

1). Бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің жоспарлануы және орындалуы мәселесі бойынша.

033 «Медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша басқарма 1 741 684,0 мың теңге жоспарлаған.

Аудит барысында 2022 жылы ауруханаларына арналған, медициналық техниканы сатып алу шарттарын жасасқан.

Аталған жабдықтарды алу шарттарына сәйкес уақтылы жеткізілмегендіктен, 340 630,0 мың теңге сомасы мәслихаттың 2022 жылғы 23 қарашадағы № 12-36 шешімімен қайтарылып алынған. 24 428,8 мың теңге сомасының қалдығы жыл соңында игерілмей қалған қалдық.

Осы бюджеттік бағдарламаның мақсаты облыс халқының денсаулығын жақсарту, басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру, күрделі жөндеуді уақтылы жүргізу болып табылады.

Аталған бюджеттік бағдарлама бойынша басқарма түпкілікті нәтижеге қол жеткізбеген, бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең жақсы тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу.

Тармақ–1. Мекеменің лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жұмсауда Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 12 және 13 тармақтарының талаптарының сақталмауына әкелген, атап айтқанда 2022 жылы 033 бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын игеру кезіндегі тиімділік қағидаты (бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу) және жауапкершілік принципі (тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінің қабылдануы) сақталмай, жалпы сомасы 340 630,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған.

Тармақ–2. Мекеменің лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жұмсауда Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 12 және 13 тармақтарының талаптарын сақтамау салдарынан 24 428,8 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға және игерілмеуіне жол берген. (Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағының 12-4, 12-5-тармақшалары) және Бюджет кодексінің 104 бабы 6 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Анықталған бұзушылықтарға жауапты тұлға Бюджет кодексінің 104 бабы 6 тармағына сәйкес мекеменің басшысы А.Джансенгиров. Бұзушылықтың негізгі себептері шарттық міндеттемелердің сапасыз және уақтылы орындалмауы болып табылады.

Жүргізілген аудит барысында нысаналы индикаторлар бойынша қол жеткізбеу фактілері анықталды.

2–индикатор бойынша қол жеткізбеу анықталды. Жүрек–қан тамырлары, онкологиялық, созылмалы респираторлық аурулар мен қант диабетінен 30 – дан 70 жасқа дейінгі мерзімінен бұрын өлім қаупінің деңгейі, 2022 жылғы жоспар – 17,6%, факт – 24,5%, 2023 жылғы жоспар-16,9%, факт-26,6%. Себеп, индикаторлардың Алматы облысының деңгейінде қалуына және Жетісу облысының құрылуы кезінде декомпозияланбауына байланысты.

Тармақ–3. «Жүрек – қан тамырлары, онкологиялық, созылмалы респираторлық аурулар мен қант диабетінен 30 – дан 70 жасқа дейінгі мерзімінен бұрын өлім қаупінің деңгейі» нысаналы индикаторы бойынша қол жеткізілмеген. 2022 жылға арналған жоспар – 17,6%, факт – 24,5%, 2023 жылға арналған жоспар – 16,9%, факт – 26,6% болған.

4–индикатор бойынша - ана өлімінің деңгейі 2022 жылға арналған жоспар – 19,9, факт – 30,7, 2023 жылға арналған жоспар – 17,8, факт – 100 мың тірі туылғанға 22,5.

2022 жылы осы «Ана өлімі» индикаторына қол жеткізбеу, жоспар бойынша 19,9 фактісі 100 мың тірі туылғанға шаққанда 30,7 құраған, себебі 2022 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша көрсеткіш ана өлімінің 4 жағдайын құраған: оның ішінде 1 жағдай – түсініксіз этиологиямен улану. Түсініксіз этиологияның мас болу синдромы. Асцит. Қан кету. ICE синдромы; 2 жағдай – травматикалық субарахноидты; 3 жағдай – Эклампсия. HELLP синдромы. ICE синдромы; 4 жағдай – Ковид – 19 байланысты вирустық пневмония.

2023 жылы жоспар бойынша 17,8 факт 100 мың тірі туылғанға 22,5 құраған. Себептері: 2023 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша көрсеткіш ана өлімінің 3 жағдайын құраған: оның ішінде 1 жағдай – кеуде аортасының аневризмасының жарылуы; 2 жағдай – геморрагиялық түрі бойынша ОНМК; 3 жағдай – Атоникалық қан кету.

Тармақ–4. 2022 жылға арналған жоспар кезінде «Ана өлімінің деңгейі» нысаналы индикаторына – 19,9, факт – 30,7, 2023 жылға арналған жоспар – 17,8, факт – 22,5 қол жеткізілмеген.

5–Индикатор бойынша – 2022 жылға арналған нәресте өлімінің деңгейі жоспар – 8,05, факт – 8,38, 2023 жылға арналған жоспар – 7,63, факт-1000 тірі туылғанға 8,32.

2022 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша көрсеткіш 115 жағдайды құраған.

1 жасқа дейін қайтыс болған 115 баланың 49–ы облыстық перинаталдық орталықта, 35–і орталық аудандық ауруханалар деңгейінде, 15–і көпсалалы облыстық балалар ауруханасында, 11–і үйде, 5–і басқа жерде қайтыс болған. Үйдегі өлімнің себебі: жарақат–2, асфиксия–2, пневмония–2, туа біткен ақаулар–5.

Шала туылғандардың қайтыс болғандардың жалпы санынан үлес салмағы 50% немесе 58 баланы құраған: 500-999 гр – 13 (22,4%), 1000-1499 гр – 20 (34,5%), 1500-2499 гр - 25 (43,1%).

2023 жылы 13 343 бала дүниеге келнке, 1 жасқа дейін қайтыс болған балалар саны 111.

1 жасқа дейін қайтыс болған111 баланың, 50–і облыстық перинаталдық орталықта қайтыс болған, орталық аудандық ауруханалар деңгейінде–28, көпсалалы облыстық балалар ауруханасында–10, жұқпалы аурулар ауруханасында–3, Жетісу облысынан тыс екінші анықталмаған медициналық ұйымдарда–11, үйде–9. Үйдегі өлімнің себебі: жарақат–1, асфиксия–6, онкология–1, пневмония–1.

Қайтыс болғандардың жалпы санынан шала туылғандардың үлес салмағы 45% немесе 50 баланы құраған: 500-999 гр – 20 (40%), 1000–1499 гр – 13 (26%), 1500-2499 гр – 17 (34%).

2022 жылмен салыстырғанда нәресте өлімінің 1,2 төмендегені байқалады. Сәбилер өлімінің ішінде шала туылған нәрестелер арасында, әсіресе дене салмағы өте ауыр (37,7%), СДР–дан (тыныс алу бұзылыстарының синдромы – 48 (43,2%)) өлім-жітім бірінші орында тұр.

Екінші орында туа біткен ақаулары бар және хромосомалық ауытқулары бар балалар–18 (16,2%) пренатальды кезеңде жүрек-қан тамырлары ақауларын анықтаудың қиындығына байланысты. Жүрек-тамыр жүйесі ақаулары бар балаларды хирургиялық емдеу ақауға байланысты өмірдің әртүрлі кезеңдерінде жүзеге асырылады. Көптеген балалар осы кезеңге дейін өмір сүрмейді.

Үшінші орында жазатайым оқиғалардан өлім–7 (6,3%) (Асфиксия–6, жарақат–1). Бұл үйде жас балаларға дұрыс күтім жасамауға байланысты.

Тармақ–5. 2022 жылға арналған «Нәресте өлімінің деңгейі» нысаналы индикаторына қол жеткізілмеген. Жоспар – 8,05, факт – 8,38, 2023 жылға арналған жоспар – 7,63, факт – 1000 тірі туылғанға 8,32.

16–индикатор бойынша - Ehealth ядросымен деректер алмасуды қамтамасыз ететін медициналық ұйымдардың үлесі, 2022 жылға арналған жоспар–5%, факт–2%, 2023 жылға арналған жоспар–7%, факт–5%. Индикаторға қол жеткізбеу ҚР ДСМ медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау жөніндегі бағдарламаның аяқталмауына байланысты.

Тармақ–6. «Ehealth ядросымен деректер алмасуды қамтамасыз ететін медициналық ұйымдардың үлесі» нысаналы индикаторына, 2022 жылға арналған жоспарға–5%, факт–2%, 2023 жылға арналған жоспарға–7%, факт–5% қол жеткізілмеген.

Анықталған бұзушылықтарға жауапты тұлға мекеме басшысының орынбасары Г.Жунусова.

2). Еңбекақы есептеу мен төлеудің дұрыстығы мәселесі бойынша

2022 жылы 109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымды іс–шаралар өткізу» бағдарламасы 000 кіші бағдарламасының 111 ерекшелігі бойынша мекеме 21 495,1 мың теңге сомасында міндеттемелер төлеген.

«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың 04 шілдесіндегі 236-ж бұйрығы және «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың 04 шілдесіндегі 1-ж бұйрығы негізінде «Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 5 қызметкер ауыстырылған.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы №416–V ҚРЗ Заңының 56–бабы 6–тармағына,  «Алматы облысы атқарушы органдарының штат санының лимиті туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 маусымдағы №216 қаулысына және «Жетісу облысы атқарушы органдарының штат санының лимиті туралы» Жетісу облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 маусымдағы №1 қаулысына сәйкес 2022 жылдың шілде мен желтоқсан аралығында «Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінен «Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ауыстырылған 5 қызметкерге еңбекақы төлеуге арналған бюджет қаражатын кассалық көшіру жүзеге асырылған.

2022 жылдың қыркүйек айында мекеменің ауыстырылған қызметкерлерінің шілде–тамыз айларындағы жалақысын төлеу 001 «Денсаулық сақтау саласындағы жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша және жаңадан қабылданған қызметкерлер – 109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен ағымдағы іс-шараларды өткізу» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылған.

Ал, 2022 жылдың қазан–желтоқсан айларында мекеменің ауыстырылған қызметкерлерінің жалақысын төлеу «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен ағымдағы іс-шараларды өткізу» 109 бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» № 325 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидалары» –ның (әрі қарай – резервті пайдалану қағидалары) 3 тармағының талаптарына сай Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдар резервтерінің қатаң нысаналы мақсаты бар әрі осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу туралы шешімдерінде көзделмеген қажеттіліктерге пайдаланылмайды.

Тармақ–7. Алайда, резервті пайдалану қағидаларының 3 тармағының талаптарын бұза отырып мекеме 109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен ағымдағы іс-шараларды өткізу» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат есебінен «Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінен ауыстырылған қызметкерлерге 5 361 056 теңге мөлшерінде жалақы төлеген. Мақсатсыз жұмсалған қаражат бюджет есебіне қайтарылуға жатады. Аталған бұзушылық қаржылық сипатта.

Анықталған бұзушылықтарға жауапты тұлға мекеменің басшысы А.Джансенгиров және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы А.Рахимбулекова.

Тармақ–8. Сонымен қатар, 2022 жылдың қазан–желтоқсан айларында 001 «Денсаулық сақтау саласындағы жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасының 111 ерекшелігі бойынша «Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінен «Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ауыстырылған 5 қызметкерге еңбекақы төлеуге жоспарланған 5 361 056 теңге қаражат үнемдеу ретінде 112 ерекшелікке қозғалтылып игерілген. Бұл ретте, мекеменің лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 9 және 12 тармақтарының талаптарын сақталмай, жасанды үнемдеу құрып, 5 361 056 теңге бюджет қаражаты тиімсіз игерген.

Анықталған бұзушылықтарға жауапты тұлға мекеменің басшысы А.Джансенгиров және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы А.Рахимбулекова.

3). Бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығы мәселесі бойынша

Тармақ–9. «Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Абилдаев С.А.» ЖК– і  арасында 2022 жылдың 11 желтоқсанында 20 комплект пернетақта-тінтуір жинағы (комплект клавиатура-мышь) сатып алу қызметтері бойынша жалпы сомасы 173,3 мың теңгеге №56 келісім шартын жасасқан. Келісім шарттар бойынша міндеттемелер толығымен орындалған, орындалған жұмыстар актісімен қабылданып алынған, бірақ бухгалтерлік есепке 1319 шотының орнына 1316 шотына қате қойылған. Бюджет кодексінің 116 бабының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының 10 тармағы талаптары (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) басшылыққа алынбаған. Аталған бұзушылық рәсімдік сипатта.

Анықталған бұзушылықтарға жауапты тұлға мекеменің бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы А.Рахимбулекова.

4). Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық талдамалық қызметтерге бөлінген қаражатты пайдаланудың дұрыстығы мәселесі бойынша.

4.1. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39 бабының 3 тармағының 3 тармақшасы негізінде мекеме 2023 жылдың 24 қаңтарында ПАКС ақпараттық жүйесін сүйемелдеу және техникалық қолдау қызметтері бойынша жалпы сомасы 102 931,0 мың теңгеге «WDSOFT (ВИДИСОФТ)» ЖШС – мен №10 келісім шартын жасасқан. Келісім шартыттың 1–қосымшасына сай қызметтер мерзімі 2023 жыл бойы болып айқындалған. Келісім шарт бойынша міндеттемелер толық орындалған.

Техникалық сипаттамаға сай, аталған келісім шарт негізінде алынған, «ПАКС» ақпараттық жүйесі сүйемелдеу және техникалық қолдау қызметтерімен төмендегі кестеде көрсетілген медицина ұйымдары қолдану үшін алынған.

№

Атауы

1

ШЖҚ "Алакөл аудандық орталық ауруханасы" МКК

2

ШЖҚ "Ескелді аудандық орталық ауруханасы" МКК

3

ШЖҚ "№2 Талдықорған қалалық емханасы" МКК

4

ШЖҚ "Облыстық көпсалалы клиника" МКК

5

ШЖҚ "Сарқан аудандық орталық ауруханасы" МКК

6

ШЖҚ "№1 Талдықорған қалалық емханасы" МКК

7

ШЖҚ " Талдықорған қаласының облыстық ауруханасы" МКК

8

ШЖҚ "Панфилов аудандық орталық ауруханасы" МКК

9

ШЖҚ " Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы" МКК

10

ШЖҚ "Қаратал аудандық орталық ауруханасы" МКК

11

ШЖҚ "Көксу аудандық орталық ауруханасы" МКК

12

ШЖҚ "Ақсу аудандық орталық ауруханасы" МКК

13

ШЖҚ "Текелі қалалық орталық ауруханасы" МКК

14

ШЖҚ «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК

15

ШЖҚ «Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы» МКК

16

ШЖҚ "Кербұлақ аудандық орталық ауруханасы" МКК

«ПАКС» ақпараттық жүйесі ШЖҚ «Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы» МКК – ның серверінде орналасқан (кестедегі басқада медициналық ұйымдарда локалды серверлерде орналасқан) және «Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде аталған ақпараттық жүйе жоқ. Демек,

Тармақ–10. Мекеменің балансында есептелмейтін объектілерді күтіп ұстауға бюджет қаражатын жұмсау Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 9 және 13 тармақтарының талаптарының сақталмауына әкелген, атап айтқанда 2023 жылы 018 бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын игеру кезіндегі негізділік және жауапкершілік принциптері сақталмай, жалпы сомасы 102 931,0 мың теңге тиімсіз пайдаланылған. (Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағының 12-4-тармақшасы) және Бюджет кодексінің 104–1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдесіндегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 234-1 бабы).

Анықталған бұзушылықтарға жауапты тұлға мекеменің басшысы А.Джансенгиров.

4.2. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39 бабының 3 тармағының 3 тармақшасы негізінде мекеме 2023 жылдың 01 ақпанында Көмек ақпараттық жүйесін сүйемелдеу және техникалық қолдау қызметтері бойынша жалпы сомасы 26 209,0 мың теңгеге «IT Space» ЖШС – мен №2 келісім шартын жасасқан. Келісім шартыттың 1–қосымшасына сай қызметтер мерзімі 2023 жыл бойы болып айқындалған. Келісім шарт бойынша міндеттемелер толық орындалған.

Аталған келеісім шарт бойынша «Көмек» ақпараттық жүйесін сүйемелдеу және техникалық қолдау қызметтері ШЖҚ «Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету станциясы» МКК – ны қолданған.

Көмек ақпараттық жүйесі ШЖҚ «Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету станциясы» МКК – ның серверінде орналасқан және «Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде аталған ақпараттық жүйе жоқ. Демек,  

Тармақ–11. Мекеменің балансында есептелмейтін объектілерді күтіп ұстауға бюджет қаражатын жұмсау Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 9 және 13 тармақтарының талаптарының сақталмауына әкелген, атап айтқанда 2023 жылы 018 бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын игеру кезіндегі негізділік және жауапкершілік принциптері сақталмай, жалпы сомасы 26 209,0 мың теңге тиімсіз пайдаланылған. (Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағының 12-4-тармақшасы) және Бюджет кодексінің 104–1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдесіндегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 234-1 бабы).

Анықталған бұзушылықтарға жауапты тұлға мекеменің басшысы А.Джансенгиров.

5). Облыстардың жергілікті өкілдік органдарының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қосымша қамтамасыз етуге бөлінген қаражатты пайдаланудың дұрыстығы мәселесі бойынша.

 2022 жыл бойынша:

5.1. «Жетісу облысының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жетісу облысы маслихатының 2022 жылдың 21 қазанындағы №11-30 шешімі және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39 бабының 3 тармағының 27 тармақшасы негізінде мекеме 2022 жылдың 05 қарашасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсету бойынша жалпы сомасы 8 000,0 мың теңгеге «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ескелді орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен №7 келісім шартын жасасқан. Келісім шартыттың 6–тармағы 26–тармақшасына сай қызметтер мерзімі 2022 жылдың 31 желтоқсаны болып айқындалған.

8 000,0 мың теңгеге 2022 жылдың 18 қарашасындағы №7 орындалған жұмыстар актісі өткізілген.

Келісім шарт негізінде 2022 жылдың 23 қарашасында №253Е250/22–183 төлем шотымен – 8 000,0 мың теңге төленген.

Аталған келісім шарт негізінде төленген қаражатқа «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ескелді орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2024 жылдың 19 қарашасындағы №01-27/1464 хатына сай 1 200,0 мың теңгеге 240,0 шаршы метр тастөсеу (брусчатка) орнату жұмыстарына, 6 777,0 мың теңгеге Ескелді орталық аудандық ауруханасының емханасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізген. 23,0 мың теңгеге  рентген кабинетінің дозиметриялық бақылауына игерген.

Тармақ–12. Мекеме Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 9 және 12 тармақтарының талаптарын сақтамай 8 000,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған.

5.2. «Жетісу облысының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жетісу облысы маслихатының 2022 жылдың 21 қазанындағы №11–30 шешімі және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39 бабының 3 тармағының 27 тармақшасы негізінде мекеме 2022 жылдың 05 қарашасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсету бойынша жалпы сомасы 101 880,0 мың теңгеге «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен №1 келісім шартын жасасқан. Келісім шартыттың 6–тармағы 26–тармақшасына сай қызметтер мерзімі 2022 жылдың 31 желтоқсаны болып айқындалған.

101 880,0 мың теңгеге 2022 жылдың 18 қаршасындағы №00000000163 орындалған жұмыстар актісі өткізілген.

Келісім шарт негізінде 2022 жылдың 23 қаршасында №253Е250/22–180 төлем шотымен – 101 880,0 мың теңге төленген.

Аталған келісім шарт негізінде төленген қаражатқа «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2024 жылдың 15 қазанындағы №01-09/524 хатына сай 101 880,0 мың теңгеге кредиторлық берешегін өтеуге игерілген.

Тармақ–13. Мекеме Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 9 және 12 тармақтарының талаптарын сақтамай 101 880,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған.

5.3. «Жетісу облысының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жетісу облысы маслихатының 2022 жылдың 21 қазанындағы №11-30 шешімі және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39 бабының 3 тармағының 27 тармақшасы негізінде мекеме 2022 жылдың 05 қарашасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсету бойынша жалпы сомасы 10 000,0 мың теңгеге «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық стоматологиялық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен №2 келісім шартын жасасқан. Келісім шартыттың 6–тармағы 26–тармақшасына сай қызметтер мерзімі 2022 жылдың 31 желтоқсаны болып айқындалған.

10 000,0 мың теңгеге 2022 жылдың 18 қаршасындағы №1 орындалған жұмыстар актісі өткізілген.

Келісім шарт негізінде 2022 жылдың 05 қаршасында №253Е250/22–178 төлем шотымен – 10 000,0 мың теңге төленген.

Аталған келісім шарт негізінде төленген қаражатқа «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық стоматологиялық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2024 жылдың 14 қазанындағы №01-12/98 хатына сай 10 000,0 мың теңгеге кредиторлық берешегін өтеуге игерілген.

Тармақ–14. Мекеме Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 9 және 12 тармақтарының талаптарын сақтамай 10 000,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған.

5.4. «Жетісу облысының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жетісу облысы маслихатының 2022 жылдың 21 қазанындағы №11-30 шешімі және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39 бабының 3 тармағының 27 тармақшасы негізінде мекеме 2022 жылдың 05 қарашасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсету бойынша жалпы сомасы 36 480,0 мың теңгеге «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Сарқан аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен №3 келісім шартын жасасқан. Келісім шартыттың 6–тармағы 26–тармақшасына сай қызметтер мерзімі 2022 жылдың 31 желтоқсаны болып айқындалған.

36 480,0 мың теңгеге 2022 жылдың 21 қаршасындағы №2 орындалған жұмыстар актісі өткізілген.

Келісім шарт негізінде 2022 жылдың 23 қаршасында №253Е250/22–185 төлем шотымен – 36 480,0 мың теңге төленген.

Аталған келісім шарт негізінде төленген қаражатқа «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Сарқан аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2024 жылдың 14 қазанындағы №853 хатына сай 36 480,0 мың теңгеге кредиторлық берешегін өтеуге игерілген.

Тармақ–15. Мекеме Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 9 және 12 тармақтарының талаптарын сақтамай 36 480,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған.

5.5. «Жетісу облысының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жетісу облысы маслихатының 2022 жылдың 21 қазанындағы №11-30 шешімі және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39 бабының 3 тармағының 27 тармақшасы негізінде мекеме 2022 жылдың 05 қарашасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсету бойынша жалпы сомасы 31 234,0 мың теңгеге «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен №4 келісім шартын жасасқан. Келісім шартыттың 6–тармағы 26–тармақшасына сай қызметтер мерзімі 2022 жылдың 31 желтоқсаны болып айқындалған.

31 234,0 мың теңгеге 2022 жылдың 18 қаршасындағы №1 орындалған жұмыстар актісі өткізілген.

Келісім шарт негізінде 2022 жылдың 05 қаршасында №253Е250/22–155 төлем шотымен – 31 234,0 мың теңге төленген.

Аталған келісім шарт негізінде төленген қаражатқа «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2024 жылдың 14 қазанындағы №01-11/525 хатына сай 31 234,0 мың теңгеге кредиторлық берешегін өтеуге игерілген.

Тармақ–16. Мекеме Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 9 және 12 тармақтарының талаптарын сақтамай 31 234,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған.

5.6. «Жетісу облысының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жетісу облысы маслихатының 2022 жылдың 21 қазанындағы №11-30 шешімі және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39 бабының 3 тармағының 27 тармақшасы негізінде мекеме 2022 жылдың 05 қарашасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсету бойынша жалпы сомасы 217 569,0 мың теңгеге «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен №5 келісім шартын жасасқан. Келісім шартыттың 6–тармағы 26–тармақшасына сай қызметтер мерзімі 2022 жылдың 31 желтоқсаны болып айқындалған.

217 569,0 мың теңгеге 2022 жылдың 18 қаршасындағы №1 орындалған жұмыстар актісі өткізілген.

Келісім шарт негізінде 2022 жылдың 23 қаршасында №253Е250/22–182 төлем шотымен – 217 569,0 мың теңге төленген.

Аталған келісім шарт негізінде төленген қаражатқа «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2024 жылдың 16 қазанындағы №1517 хатына сай 217 569,0 мың теңгеге кредиторлық берешегін өтеуге игерілген.

Тармақ–17. Мекеме Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 9 және 12 тармақтарының талаптарын сақтамай 217 569,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған.

5.7. «Жетісу облысының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жетісу облысы маслихатының 2022 жылдың 21 қазанындағы №11-30 шешімі және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39 бабының 3 тармағының 27 тармақшасы негізінде мекеме 2022 жылдың 05 қарашасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсету бойынша жалпы сомасы 29 998,0 мың теңгеге «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық перинаталдық орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен №6 келісім шартын жасасқан. Келісім шартыттың 6–тармағы 26–тармақшасына сай қызметтер мерзімі 2022 жылдың 31 желтоқсаны болып айқындалған.

29 998,0 мың теңгеге 2022 жылдың 18 қаршасындағы №1 орындалған жұмыстар актісі өткізілген.

Келісім шарт негізінде 2022 жылдың 23 қаршасында №253Е250/22–181 төлем шотымен – 29 998,0 мың теңге төленген.

Аталған келісім шарт негізінде төленген қаражатқа «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық перинаталдық орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2024 жылдың 16 қазанындағы №1082 хатына сай 29 998,0 мың теңгеге кредиторлық берешегін өтеуге игерілген.

Тармақ–18. Мекеме Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 9 және 12 тармақтарының талаптарын сақтамай 29 998,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған.

5.8. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39 бабының 3 тармағының 27 тармақшасы негізінде мекеме 2022 жылдың 25 қарашасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсету бойынша жалпы сомасы 53 103,0 мың теңгеге «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен №15 келісім шартын жасасқан. Келісім шартыттың 6–тармағы 26–тармақшасына сай қызметтер мерзімі 2022 жылдың 31 желтоқсаны болып айқындалған.

53 103,0 мың теңгеге 2022 жылдың 29 қаршасындағы №1 орындалған жұмыстар актісі өткізілген.

Келісім шарт негізінде 2022 жылдың 29 қаршасында №253Е250/22–204 төлем шотымен – 53 103,0 мың теңге төленген.

Аталған келісім шарт негізінде төленген қаражатқа «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2024 жылдың 17 қазанындағы №01-11/535 хатына сай 53 103,0 мың теңгеге кредиторлық берешегін өтеуге игерілген.

Тармақ–19. Мекеме Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 9 және 12 тармақтарының талаптарын сақтамай 53 103,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған.

2022 жылы облыстардың жергілікті өкілдік органдарының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қосымша қамтамасыз етуге бөлінген қаражатты пайдаланудың дұрыстығы мәселесі бойынша тиімсіз жоспарланған қаражат 488 264,0 мың теңгені құрайды.

Анықталған бұзушылықтарға жауапты тұлға мекеменің басшысы А.Джансенгиров.

2023 жыл бойынша:

5.9. «Жетісу облысының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жетісу облысы маслихатының 2023 жылдың 14 сәуіріндегі №2-10 шешімі және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39 бабының 3 тармағының 27 тармақшасы негізінде мекеме 2023 жылдың 02 мамырында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсету бойынша жалпы сомасы 24 000,0 мың теңгеге «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық көпсалалы клиника» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен №15 келісім шартын жасасқан. Келісім шартыттың 6–тармағы 26–тармақшасына сай қызметтер мерзімі 2023 жылдың 31 желтоқсаны болып айқындалған.

2023 жылдың 24 мамырында 24 000,0 мың теңгеге №1 орындалған жұмыстар актісі өткізілген.

Келісім шарт негізінде 2023 жылдың 29 мамырында №253Е250/23–277 төлем шотымен – 24 000,0 мың теңге төленген.

Аталған келісім шарт негізінде төленген қаражатқа «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық көпсалалы клиника» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2024 жылдың 18 қарашасындағы №01-18/465 хатына сай 23 775,9 мың теңгеге «ESS – Адрон» ЖШС – нің қызметтеріне төлеген және 224,0 мың теңге үнемдеу ретінде қалған және игерілмеген.

Тармақ–20. Мекеме Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 9 және 12 тармақтарының талаптарын сақтамай 24 000,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған.

5.10. «Жетісу облысының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жетісу облысы маслихатының 2023 жылдың 10 қаршасындағы №10-57 шешімі және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39 бабының 3 тармағының 27 тармақшасы негізінде мекеме 2023 жылдың 23 қарашасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсету бойынша жалпы сомасы 200 000,0 мың теңгеге «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен №48 келісім шартын жасасқан. Келісім шартыттың 6–тармағы 26–тармақшасына сай қызметтер мерзімі 2023 жылдың 31 желтоқсаны болып айқындалған.

200 000,0 мың теңгеге 2023 жылдың 30 қаршасындағы №00000000189 орындалған жұмыстар актісі өткізілген.

Келісім шарт негізінде 2023 жылдың 05 желтоқсанында №253Е250/23–978 төлем шотымен – 200 000,0 мың теңге төленген.

Аталған келісім шарт негізінде төленген қаражатқа «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2024 жылдың 17 қазанындағы №01/09/532 хатына сай 200 000,0 мың теңге кредиторлық берешегін өтеуге игерілген.

Тармақ–21. Мекеме Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 9 және 12 тармақтарының талаптарын сақтамай 200 000,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған.

5.11. «Жетісу облысының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жетісу облысы маслихатының 2023 жылдың 10 қаршасындағы №10-57 шешімі және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39 бабының 3 тармағының 27 тармақшасы негізінде мекеме 2023 жылдың 23 қарашасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсету бойынша жалпы сомасы 65 472,0 мың теңгеге «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен №48 келісім шартын жасасқан. Келісім шартыттың 6–тармағы 26–тармақшасына сай қызметтер мерзімі 2023 жылдың 31 желтоқсаны болып айқындалған.

65 472,0 мың теңгеге 2023 жылдың 30 қаршасындағы №145 орындалған жұмыстар актісі өткізілген.

Келісім шарт негізінде 2023 жылдың 13 желтоқсанында №253Е250/23–1044 төлем шотымен – 65 472,0 мың теңге төленген.

Аталған келісім шарт негізінде төленген қаражатқа «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2023 жылдың 15 желтоқсанындағы №01-04/1442 хатына сай 65 472,0 мың теңгеге кредиторлық берешегін өтеуге игерілген.

Тармақ–22. Мекеме Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 9 және 12 тармақтарының талаптарын сақтамай 65 472,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған.

5.12. «Жетісу облысының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жетісу облысы маслихатының 2023 жылдың 10 қаршасындағы №10-57 шешімі және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39 бабының 3 тармағының 27 тармақшасы негізінде мекеме 2023 жылдың 23 қарашасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсету бойынша жалпы сомасы 200 000,0 мың теңгеге «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен №50 келісім шартын жасасқан. Келісім шартыттың 6–тармағы 26–тармақшасына сай қызметтер мерзімі 2023 жылдың 31 желтоқсаны болып айқындалған.

200 000,0 мың теңгеге 2023 жылдың 01 желтоқсанында №1 орындалған жұмыстар актісі өткізілген.

Келісім шарт негізінде 2023 жылдың 06 желтоқсанында №253Е250/23–984 төлем шотымен – 200 000,0 мың теңге төленген.

Аталған келісім шарт негізінде төленген қаражатқа «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2024 жылдың 10 қазанындағы №618 хатына сай 200 000,0 мың теңгеге кредиторлық берешегін өтеуге игерілген.

Тармақ–23. Мекеме Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 9 және 12 тармақтарының талаптарын сақтамай 200 000,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған.

5.13. «Жетісу облысының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жетісу облысы маслихатының 2023 жылдың 10 қаршасындағы №10-57 шешімі және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39 бабының 3 тармағының 27 тармақшасы негізінде мекеме 2023 жылдың 23 қарашасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсету бойынша жалпы сомасы 59 174,0 мың теңгеге «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алакөл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен №50 келісім шартын жасасқан. Келісім шартыттың 6–тармағы 26–тармақшасына сай қызметтер мерзімі 2023 жылдың 31 желтоқсаны болып айқындалған.

59 174,0 мың теңгеге 2023 жылдың 01 желтоқсанында №4 орындалған жұмыстар актісі өткізілген.

Келісім шарт негізінде 2023 жылдың 04 желтоқсанында №253Е250/23–981 төлем шотымен – 59 174,0 мың теңге төленген.

Аталған келісім шарт негізінде төленген қаражатқа «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алакөл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2024 жылдың 10 қазанындағы №1059 хатына сай 59 174,0 мың теңгеге кредиторлық берешегін өтеуге игерілген.

Тармақ–24. Мекеме Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 9 және 12 тармақтарының талаптарын сақтамай 59 174,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған.

5.14. «Жетісу облысының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жетісу облысы маслихатының 2023 жылдың 10 қаршасындағы №10-57 шешімі және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39 бабының 3 тармағының 27 тармақшасы негізінде мекеме 2023 жылдың 23 қарашасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсету бойынша жалпы сомасы 60 000,0 мың теңгеге «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорған облыстық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен №55 келісім шартын жасасқан. Келісім шартыттың 6–тармағы 26–тармақшасына сай қызметтер мерзімі 2023 жылдың 31 желтоқсаны болып айқындалған.

60 000,0 мың теңгеге 2023 жылдың 04 желтоқсанында №1 орындалған жұмыстар актісі өткізілген.

Келісім шарт негізінде 2023 жылдың 06 желтоқсанында №253Е250/23–994 төлем шотымен – 60 000,0 мың теңге төленген.

Аталған келісім шарт негізінде төленген қаражатқа «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорған облыстық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2024 жылдың 10 қазанындағы №1270 хатына сай 60 000,0 мың теңгеге кредиторлық берешегін өтеуге игерілген.

Тармақ–25. Мекеме Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 9 және 12 тармақтарының талаптарын сақтамай 60 000,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған.

5.15. «Жетісу облысының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жетісу облысы маслихатының 2023 жылдың 10 қаршасындағы №10-57 шешімі және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39 бабының 3 тармағының 27 тармақшасы негізінде мекеме 2023 жылдың 23 қарашасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсету бойынша жалпы сомасы 60 000,0 мың теңгеге «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық перинаталдық орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен №56 келісім шартын жасасқан. Келісім шартыттың 6–тармағы 26–тармақшасына сай қызметтер мерзімі 2023 жылдың 31 желтоқсаны болып айқындалған.

60 000,0 мың теңгеге 2023 жылдың 30 қарашасындағы №961 орындалған жұмыстар актісі өткізілген.

Келісім шарт негізінде 2023 жылдың 06 желтоқсанында №253Е250/23–986 төлем шотымен – 60 000,0 мың теңге төленген.

Аталған келісім шарт негізінде төленген қаражатқа «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық перинаталдық орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2024 жылдың 10 қазанындағы №1056 хатына сай 60 000,0 мың теңгеге кредиторлық берешегін өтеуге игерілген.

Тармақ–26. Мекеме Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 9 және 12 тармақтарының талаптарын сақтамай 60 000,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған.

5.16. «Жетісу облысының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жетісу облысы маслихатының 2023 жылдың 10 қаршасындағы №10-57 шешімі және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39 бабының 3 тармағының 27 тармақшасы негізінде мекеме 2023 жылдың 23 қарашасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсету бойынша жалпы сомасы 200 000,0 мың теңгеге «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен №57 келісім шартын жасасқан. Келісім шартыттың 6–тармағы 26–тармақшасына сай қызметтер мерзімі 2023 жылдың 31 желтоқсаны болып айқындалған.

200 000,0 мың теңгеге 2023 жылдың 04 желтоқсанында №1 орындалған жұмыстар актісі өткізілген.

Келісім шарт негізінде 2023 жылдың 06 желтоқсанында №253Е250/23–995 төлем шотымен – 200 000,0 мың теңге төленген.

Аталған келісім шарт негізінде төленген қаражатқа «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2024 жылдың 10 қазанындағы №1509 хатына сай 200 000,0 мың теңгеге кредиторлық берешегін өтеуге игерілген.

Тармақ–27. Мекеме Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 9 және 12 тармақтарының талаптарын сақтамай 200 000,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған.

2023 жыл қорытындысы бойынша тиімсіз жоспарланған қаражат 868 646,0 мың теңгені құрайды.

Анықталған бұзушылықтарға жауапты тұлға мекеменің басшысы А.Джансенгиров.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК). Бұл мемлекет төлейтін медициналық көмек пакеті.

Мекеменің 041 бағдарламасы бойынша 2022-2023 жылдары аудитпен қамтылған келісім шарттары «тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсету» мақсатында жасалған. Алайда бюджет қаражаты келісім шарттар негізінде медициналық ұйымдардың кредиторлық берешеткерін жабуға жұмсалған.

Яғни, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысымен бекітілген ТМККК – ның көлеміне кіретін қызметтерден тыс.

Аудиттің пікірінше, «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғалары мекеме ережесінде бекітілген мақсаттарын орындамау салдарынан жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар орын алған.

Басқарманың қарамағындағы денсаулық сақтау ұйымдарының кредиторлық берешектерінің пайда болу себептері талданбаған, олардың алдыналу мәселелері немесе кредиторлық берешектің ұлғайуына жол бермеу мәселелері бойынша жұмыстар атқарылмаған. Яғни, мекеме өзінің құрылтай құжаты – Ережесінде бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамаларының орындалуын қамтамасыз ету, денсаулық сақтау жүйесін басқарудың тиімділігін арттыру сияқты мақсаттары мен өкілеттіліктерін орындамаған.

2022 – 2023 жылдар бойынша тиімсіз жоспарланған қаражат 1 356 910,0 мың теңгені құрайды.

6). Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізуге бөлінген қаражатты пайдаланудың дұрыстығы мәселесі бойынша.

Алдынала зерделеу кезеңінде жүргізілген ірітеу негізінде 109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен ағымдағы іс-шараларды өткізу» бағдарламасы бойынша 21 495,1 мың теңге еңбекақы төлеуге игерілген қаражат. Еңбекақы төлеуге игерілген қаражат туралы ақпарат аудиторлық есептің еңбекақы есептеу және төлеу мәселесінде (сұрағында) көрсетілді.

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңы және «Электрондық дүкен» тәсілімен мекеме 2022 жылдың 21 қазанында 10 дана айналмалы негіздегі пластикалық органайзер сатып алу қызметтері бойынша жалпы сомасы 33,7 мың теңгеге «Родничок» ЖК–мен №34 келісім шартын жасасқан. Келісім шартыттың 1 қосымшасына сай қызметтер мерзімі 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей келісім шартқа қол қойған күннен бастап 15 күнтізбелік күн бірақ 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей, яғни 2022 жылдың 10 қарашасы болып айқындалған.

2022 жылдың 25 қарашасындағы №220036/00/3 тауарды өткізір беру-қабылдап алу актісімен және 2022 жылдың 24 қарашасындағы №560 жүкқұжатымен тауар жеткізілген.

Келісім шарт негізінде 2022 жылдың 29 қарашасында №253Е250/22–200 төлем шотымен – 33,7 мың теңге төленген.

Тармақ–28. «Родничок» ЖК–і негізгі келісім шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін жалпы 13 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны анықталды. Бұл ретте негізгі келісім шарттың 7.3 тармағына сәйкес орындаушы жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% тұрақсыздық айыппұл немесе 438,1 теңге есептелінді.

Тұрақсыздық айыппұл есебі:

– 11.11.2022 – 23.11.2022 жыл орындалмаған міндеттемелер сомасы 33 703 теңге*0,1%*13 = 438,1 теңге.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434–V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 43 бабы 24 тармағына сәйкес тапсырыс беруші, мердігерден  мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамаған үшін жалпы 438,1 теңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) және өндіріп алуды қамтамасыз етуге міндетті. Аталған бұзушылық рәсімдік сипатта.

Тармақ–29. Жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес «Родничок» ЖШС–і тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген. Аталған бұзушылық рәсімдік сипатта.

Анықталған бұзушылықтарға жауапты тұлға мекеменің басшысы А.Джансенгиров.

7). Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлауға бөлінген қаражатты пайдаланудың дұрыстығы мәселесі бойынша.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы «Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығы негізінде мекеме бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен 2023 жылдың 12 қаңтарында 2023 жылға кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау қызметтері бойынша жалпы сомасы 18 000,0 мың теңгеге «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен НЖ келісім шартын жасасқан.

Келісім шартыттың 1–қосымшасына сай қызметтер мерзімі 2023 жылдың 30 желтоқсанына дейін болып айқындалған. Келісім шартыттың 2–қосымшасына сай өнім беруші 18 000,0 мың теңгеге 1125 маманды (оқушыны) даярлайтыны айқындалған.

2023 жылдың 09 наурызында негізгі келісім шартқа қосымша келісім жасалған. Қосымша келісіммен тараптардың деректемелері (мердігердің есеп айырысу шотын өзгеруі) бөлігіндегі өзгеріс енгізілген.

Келісім шарт бойынша міндетемелер толығымен орындалған.

ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК – нің директоры С.Жансенгировтың атқарылған жұмыстар бойынша берген ақпаратына сай, барлық тыңдармандарға электрондық куәліктер берілген.

«Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2022 жылдың 28 желтоқсанындағы №253-Н бұйрығымен «2023 жылға арналған «мемлекеттік білім беру тапсырысы» бойынша жылдық сатып алу жоспарын» бекіткен.

Аталған келісім шарт бойынша «Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі келісім шарт жасауға негіз ретінде Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы «Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығын алып, бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен жасаған.

Келісім шарттың мәнінде 003 бюджеттік бағдарламаны «2023 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру қызметтері» деп көрсеткен.

Алайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» бұйрығына сай облыстық денсаулық басқармасына қарасты 003 бюджеттік бағдарлама «Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау» болып табылады.

Сомымен қатар, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңының 6 бабы 2 тармағының талаптарына сай мемлекеттік білім беру тапсырысын Облыстың жергілікті атқарушы органы бекітеді.

Демек, мекеменің лауазымды тұлғалары Облыстың жергілікті атқарушы органы бекіткен мемлекеттік білім беру тапсырысы болмай тұра Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы «Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңына және өз ережесіне сүйене отырып негізсіз «2023 жылға арналған «мемлекеттік білім беру тапсырысы» бойынша жылдық сатып алу жоспарын» бекітіп, келісім шарт жасаған.

Тармақ–30. Мекеме бұрмаланған ақпарат енгізу арқылы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 4 бабының 2, 4, 7 тармақтарының талаптарын, яғни мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын және 39 бабының талаптарын, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздерін бұзған. Аталған заңбұзушылық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдесіндегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабы).

Тармақ–31. Мекеменің лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жұмсауда, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 9 және 13 тармақтарының талаптарының сақталмауына әкелген, атап айтқанда 2023 жылы 003 бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын игеру кезіндегі негізділік принципі және жауапкершілік принципі сақталмай, жалпы сомасы 18 000,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған және жұмсалған.

Анықталған бұзушылықтарға жауапты тұлға мекеменің басшысы А.Джансенгиров.

8). Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлауға бөлінген қаражатты пайдаланудың дұрыстығы мәселесі бойынша.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы «Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығы негізінде мекеме 2022 жылдың 28 қазанында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы қызметтер бойынша жалпы сомасы 129 181,0 мың теңгеге «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен №45 келісім шартын жасасқан. Келісім шартыттың 1 қосымшасына сай қызметтер мерзімі 2022 жылдың 30 желтоқсаны болып айқындалған.

Келісім шарттың №2 қосымшасы техникалық сипаттамасы бойынша, келісім шарттың жалпы сомасы 129 181,0 мың теңгеге, оқу құны 666 277,34 теңге, 634 оқушы оқыту қызметтері айқындалған. Қарапайым арифметикалық есеппен аталған келісім шарттың техникалық ерекшелігінде сәйкессіздіктер байқалады.

2022 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы «Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығының 8–тармағы 4–тармақшасы және 2022 жылдың 01 қыркүйегіндегі Жетісу облыстық маслихатының №9-21 шешімі негізінде, негізгі келісім шартқа қосымша келісім жасалып, келісім шарт сомасы 3 060,0 мың теңгеге ұлғайтылып, 132 241,0 мың теңгені құраған. Келісім шартыттың 1 қосымшасына сай қызметтер мерзімі 2022 жылдың 30 желтоқсаны болып айқындалған. Қосымша келісім шарттың техникалық сипаттамасы бойынша, оқу құны 666 277,34 теңге, 634 оқушы оқыту қызметтері айқындалған.

Мердігер тарапынан келесі орындалған жұмыстар актілері өткізілген:

– 95 228,0 мың теңгеге 2022 жылдың 10 қарашасында №220048/00/1 орындалған жұмыстар актісі өткізілген;

– 33 953,0 мың теңгеге 2022 жылдың 05 желтоқсанында №220048/00/2 орындалған жұмыстар актісі өткізілген;

– 3 060,0 мың теңгеге 2022 жылдың 20 желтоқсанында №220048/01/3 орындалған жұмыстар актісі өткізілген.

Келісім шарт негізінде жасалған төлемдер:

– 2022 жылдың 14 қарашасындағы №253Е250/22–143 төлем шотымен – 66 816,0 мың теңге;

– 2022 жылдың 14 қарашасындағы №253Е250/22–144 төлем шотымен – 28 412,0 мың теңге;

– 2022 жылдың 05 желтоқсанындағы №253Е250/22–220 төлем шотымен – 33 953,0 мың теңге;

– 2022 жылдың 20 желтоқсанындағы №253Е250/22–278 төлем шотымен – 3 060,0 мың теңге төленген.

Аудит барысында мекеменің лауазымды тұлғалары аталған келісім шарттың орындалуы бойынша толық ақпарат ұсына алмады (аталған келісім шарт бойынша нақты қанша оқушы оқығаны туралы). Ал, «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2024 жылдың 16 қазанындаға 1216 хатымен берген ақпаратында 2022 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы арқылы оқып жатқан студенттердің жалпы саны, яғни колледж бойынша студенттер саны 634 адам. Және аталған келісім шарт сомасы «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен жасалған келісім шарт қалдығы деп көрсеткен.

«Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2022 жылдың 01 қарашасында №128-Н бұйрығымен «2022 жылға арналған «мемлекеттік білім беру тапсырысы» бойынша жылдық сатып алу жоспарын» бекіткен.

Яғни, аталған бұйрық осы келісім шарт жасалғаннан кейін шыққан.

«Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі аталған келісім шарттың 3.4 тармағының 1-тармақшасы, 4.1, 4.2. 4.3 тармақтарындағы құқықтары мен міндеттері бойынша атқарылған жұмыстарға қадағалау, талдау жұмыстарын жүргізбеген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңының 6 бабы 2 тармағы 8-3 тармақшасының талаптарына сай мемлекеттік білім беру тапсырысын Облыстың жергілікті атқарушы органы бекітеді және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 5 тарау 89 тармағының талаптары бойынша Облыстың жергілікті атқарушы органдары еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.

Демек, мекеменің лауазымды тұлғалары Облыстың жергілікті атқарушы органы бекіткен мемлекеттік білім беру тапсырысы болмай тұра, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидалары» – ның 2 тарау 8 тармақ 2 тармақшасының талаптарында көрсетілген жоспарының жоқтығына қарамастан (жоспар келісім шарт жасалғаннан кейін бекітілген) негізсіз келісім шарт жасаған.

Тармақ–32. Мекеме Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 4 бабының 2, 4, 7 тармақтарының талаптарын, яғни мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын және 39 бабының талаптарын, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздерін бұзған. Аталған заңбұзушылық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдесіндегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабы).

Тармақ–33. Жоғарыда көрсетілгенді ескере келе, мекеменің лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жұмсауда, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 9 және 13 тармақтарының талаптарының сақталмауына әкелген, атап айтқанда 2022 жылы 043 бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын игеру кезіндегі негізділік принципі және жауапкершілік принципі сақталмай, жалпы сомасы 132 241,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған және жұмсалған.

Анықталған бұзушылықтарға жауапты тұлға мекеменің басшысы А.Джансенгиров.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

Денсаулық сақтау саласы бойынша 2023 жылға жоспарланған 14 616 268,0 мың теңге болған, нақты игерілгені 100%, бұл салаға бағытталған қаражат, жалпы облыс бюджетті көлемінің 3,3% құраған.

Есепті жылдың аяғына облыста 30 денсаулық сақтау мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар халыққа қызмет көрсеткен, оның ішінде: 1 денсаулық сақтау басқармасы, 29 мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қызмет көрсететін мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар, оның ішінде: 9 орталық аудандық аурухана,  20 қалалық аурухана, басқа да медициналық қазыналық кәсіпорындар; 3 арнайы денсаулық сақтау мемлекеттік мекемелер,оның ішінде: 1 балалар үйі, 1 облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы, 1 Дене-шынықтыру диспансері медициналық қызмет көрсеткен.

«Облыстық денсаулық сақтау басқармасының аппаратын ұстауға» 244 968,0 мың теңге қаралып, 99,9% игерілген.

«Ана мен баланы қорғау бойынша қызмет көрсету» бағдарламасына жергілікті бюджеттен 401 190,0 мың теңге жоспарланып, 401 185,8 мың теңге игерілген немесе 99,9 %.

«Салауатты өмір салтын насихаттау» бағдарламасына 19 495,0 мың теңге жоспарланып толығымен игерілген.

«Қазақстан Республикасында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру»  бағдарламасына республикалық бюджет қаражаты есебінен 55 718,0 мың теңге жоспарланды, 100% орындалған.

«Азаматтарды елді мекен шегінен тыс емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүрумен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 13 645,0 мың теңге қарастырылып, 13 319,8 мың теңге немесе 97,6 % игерілген.

«Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық-талдамалық қызметтер» бағдарламасы бойынша 398 967,0 мың теңге жоспарланып толығымен игерілген.

«Халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа медициналық иммундық биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу және сақтауға» бағдарламасы бойынша бюджеттен 1 915 520,0 мың теңге қарасытырылып, 1 915 519,3 мың теңгесі немесе 100% игерілген.

«Арнайы медициналық жабдықтау базасы» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 122 377,0 мың теңге қарастырылып, 122 375,3 мың теңгесі немесе 99,9 % игерілген.

«Медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша  5 111 094,0 мың теңге қарастырылып, 5 111 053,8 мың теңгесі немесе 99,9% игерілген.

«Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмегін, Call-орталықтардың қызметтер көрсетуін және өзге де шығыстарды қамтитын медициналық көмектің қосымша көлемін көрсету» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен тергеу изоляторын ұстауға 61 600,0 мың теңге қарастырылып толығымен игерілген және жергілікті бюджеттен облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспасерін ұстауға 207 935,0 мың теңге бөлініп, 100% игерілген.

 «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қосымша қамтамасыз ету» бағдарламысы бойынша 2 883 668,0  мың теңге жоспарланып, 2 883 667,1 мың теңгесі немесе 99,9% игерілген. Оның ішінде сирек (орфандық) аурулары бар пациенттерді қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатына – 889 863,8 мың теңге жұмсалған.

Медицина ұйымдарын ағымдағы жөндеуге 1 000 000,0 мың теңге қарастырылып 17 нысанға ағымдағы жөндеуге жұмсалған, «Панфилов көпсалалы ауданаралық ауруханасы», «Облыстық психикалық денсаулық орталығы», «Облыстық қан орталығы», «Коксу орталық аудандық ауруханасы», «Алакөл аудандық орталық ауруханасы», «Сарқан орталық аудандық ауруханасы», «Талдықорған тері-венерологиялық диспансері», «Кербұлақ аудандық орталық ауруханасы», «Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы», «Талдықорған қаласының облыстық ауруханасы», «Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы», «Облыстық көпсалалы клиника», «Қаратал аудандық орталық ауруханасы», «Ескелді аудандық орталық ауруханасы», «Жетісу облысының фтизиопульмонология орталығы», «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы», «Облыстық перинаталдық орталық».

«Төтенше резерв есебінен іс-шаралар өткізу» бағдарламсы бойынша 11 915,0 мың теңге қарастырылып толығымен игерілген. «Алакөл ауданының орталық ауруханасының шатырына ағымдағы жөндеу жүргізілген.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен ағымдағы іс-шараларды өткізу» бағдарламасы арқылы короновирустық инфекцияның алдын алу үшін инъекциялық үш компонентті стерильді бір рет қолданатың шприцтерді сатып алуға 631,0 мың теңге бөлініп толығымен игерілген.

Төмен тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер бағдарламасына 50 000,0 мың тенге бөлініп,  Текелі қаласының «Металлург» шағын ауданындағы күндізгі стационар үшін Блок-Модульдік Қазандық орнатуға жұмсалған.

«Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау» бағдарламасы бойынша  республикалық бюджет есебінен  587 452,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 639 580,0 мың тенге бөлініп толығымен игерілген.

«Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау» бағдарламасы шеңберінде денсаулық сақтау басқармасы бойынша жергілікті бюджеттен 83 405,0 мың теңге қарастырылып, игерілгені 82 993,0 мың теңгені немесе 99,5 % құраған.

«Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау басқармасы арқылы 93 435,0 мың теңге бөлініп, 93 052,3 мың теңгесі немесе 99,6% пайызы игерілген.

Денсаулық сақтау саласында «Ауыл Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру бағдарламасына  117 137,0 мың теңге бөлініп 100% игерілген.

Денсаулық сақтау саласында «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау бағдарламасы бойынша 175 334,0 мың теңге бөлініп 100% игерілген.

«Салауатты ұлт «Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы.

Ұлттық жобаның мақсаты - Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету және халықтың барлық санаттары мен топтары үшін дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен шұғылдану үшін жағдай жасау.

Осы жоба бойынша түзетілген бюджет 6 414 017,0 мың теңгені, бюджет қаражатын игеру 6 413 630,7 мың теңгені немесе 100,0% -. құраған.

Ұлттық жоба шеңберінде аудандық ауруханаларды заманауи компьютерлік томографтармен, рентген аппараттарымен, сондай-ақ перзентханалармен, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерімен, қарқынды терапия бөлімшелерімен, Медициналық және фельдшерлік – акушерлік пункттермен, дәрігерлік амбулаториялармен жарақтандыру үшін медициналық техниканы сатып алуға жергілікті бюджеттен қажетті медициналық құрал-жабдықтармен 884 368,0 мың теңге бөлінген және игерілген немесе 100%.

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Анықталған бұзушылықтар бойынша:

– «Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Джансенгировке Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдесіндегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 234–1 бабы бойынша 2 әкімішілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды (2024 жылдың 04 желтоқсанындағы №243300670000028 және №243300670000029 хаттамалары).

– Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жылпы саны 3 материал жолданды.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

Жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің қызметінде бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануына және осы қаражаттарды пайдалану арқылы межеленген әлеуметтік әсер уақытылы қол жеткізілмеуіне жол беріліп, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Еңбек Кодексінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» № 325 қаулысының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының талаптарының сақталмауы салдарынан орын алған.

Нәтижесінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларын, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерін сақтамау себебінен жалпы сомасы 2 157 312,8 мың теңге бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 5 361,0 мың теңге (бюджет есебіне қайтаруға жататыны 5 361,0 мың теңге), бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану – 279 742,0 мың теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау – 1 872 209,8 мың теңге, сонымен қатар, рәсімдік бұзушылықтар – 9 дана.

Демек анықталған фактілер Басқарма басшылығы тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығын көрсетеді және мемлекеттік аудит объектілердің қызметінің тиімділігін бағалау мүмкіндігіне айтарлықтай әсер етеді.

Жоғарыда баяндалған бұзушылықтар мен кемшіліктер келесі салдарға әкеп соқтыруы мүмкін:

  1. Денсаулық сақтау саласына бөлінген қаражат жағдайы туралы сенімсіз ақпарат беру;
  2. Денсаулық сақтау саласына бөлінген қаражатты, активтерді тиімсіз жұмсау;
  3. Жоспарланған бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей, түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбеу немесе уақытылы қол жеткізбеу;
  4. Денсаулық сақтау саласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру бойынша атқарылып жатқан іс-шараларға қоғамдық сенімсіздіктің туындауы.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.

«Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігінің мемлекеттік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

  1. «Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігінің мемлекеттік аудиті нәтижелері Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.
  2. «Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне:

1) 2025 жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 66 бабы 1, 2 тармақтарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 45 бабы 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарының бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға тәртіптік шаралар қабылдау қамтамасыз етілсін.

2) 2025 жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» № 325 қаулысының талаптарын сақтамай, мақсатсыз пайдаланылған 5 361,0 мың теңгені бұзушылыққа жол берген жауапты лауазымды тұлға Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Джансенгировтің есебінен бюджет есебіне қайтару қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 7-тармағы).

3) 2025 жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей «Родничок» жеке кәсіпкерінен тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 28–тармағы).

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізілім (5 парақта).

Дата публикации
10 января 2025