АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ, БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ АКТИВТЕРІНІҢ ПАЙДАЛАНЫЛУ ТИІМДІЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТІ
1
Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №03-47/19 қаулысымен бекітілген АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ I. Кіріспе бөлік
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Ескелді ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау, бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігінің мемлекеттік аудиті. 1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Ескелді ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігі. 1.3. Мемлекеттік аудит объектілері: 1. «Ескелді ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2. «Ескелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 3. «Ескелді ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 4. «Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 5. «Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021 жылдың қаңтарынан бастап, 2023 жылдың желтоқсанын қоса алғандағы кезең.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:
Ауданның 2023 жылға арналған бюджеті 8 617 011 мың теңгені құраған.
2024 жылдың 01 қаңтарға аудан бюджетінің шығыстары 8 317 600,0 мың теңгені құрап, орындалуы 98,9% құраған.
Ағымдағы жылдың 12 айында салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау жоспары 106,1 %-ға орындалып, 3 853 000,0 мың теңгені құраған, оның ішінде республикалық бюджетке 950 800,0 мың теңге немесе болжамның 108,9%-ы, жергілікті бюджетке – 2 902 200,0 мың теңге түскен (105,1 %).
1.Өнеркәсіп:
Ағымдағы жылдың 01 қаңтар бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі – 6 369 000,0 мың теңге, нақты көлем индексі – 105,8 % құраған.
2
Бөлшек тауар айналымы 12 айдың қорытындысы бойынша – 5 331 800,0 мың теңге, нақты көлем индексі – 100,2 % құраған.
2. Ауыл шаруашылығы:
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлем индексі 102,0 % құраған (01.01.2024 жылғы статистикалық дерек).
Ауылшаруашылық дақылдарының барлық себілген жер көлемі – 52 822 гектарға егін егілді. Оның ішінде масақты дақылдар – 32 754 га, майлы дақылдар – 8 781 га, картоп – 2 369 га, көкөніс – 1 004 га, мал азықтық дақылдар – 5 990 га және қант қызылшасы 1 911 га.
Қант қызылшасы 1 911 га алқапқа егілген. 134 мың тонна тамыр дақылдары жиналып, Көксу және Ақсу қант зауытына 121 мың тонна өңдеуге тапсырылған. Орташа өнімділік 700 ц/га құраған.
Мал шаруашылығында қаңтар - желтоқсан айларында барлығы 12 913,9 тонна мал және құс еті өндірілген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 101,1 %-ға артқан, 36 942,3 тонна сүт сауылып (102,2%), әр сиырдан сауылған сүт орташа 2 917 литрден айналған, 8 066,4 мың дана жұмыртқа (101,5 %) өндірілген.
Статистикалық деректер бойынша ауданда 43 805 ірі қара, 142 599 қой-ешкі, 1 074 шошқа, 16 544 жылқы, 122 түйе, 62 319 құс бар.
3. Шағын және орта бизнес:
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2023 жылғы 12 айына 3 742 бірлікті, жұмыс істейтіндер саны – 6 546 адамды немесе жұмыспен қамтылған халықтың 29,3 %-ын құраған.
2023 жылдың 12 айында шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке 1 441 400,0 мың теңге түскен, бұл жалпы салық түсімдерінің 37,4 % құрайған.
01.01.2024 жылға негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 15 904 000 мың теңгені құрап, нақты көлемінің индексі – 120,3 %.
Ауданда мынадай инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда:
1) ЖШС «Қора өзеніндегі ГЭС-3 құрылысы. (Жобаның қуаттылығы 29 МВт, жаңа жұмыс орны 25, жобаның құны 10 200 000,0 мың теңге).
2) ЖШС «Лито Микс» Микро кальцит пен мәрмәр ұнын өндіру бойынша ұсақтау-тұздау кешенін салу жобасы. (Жобаның қуаттылығы айына 2 500 тонна мәрмәр тасы, жаңа жұмыс орны 8, жобаның құны 98 000,0 мың теңге). Жоба іске қосылған.
3) ШҚ «Тажикеев Ж.С.» Ірі қара мал, ұсақ мал және Өсімдік шаруашылық жобасы. (Жобаның қуаттылығы жылына 500 тонна ірі қара және ұсақ мал еті, жаңа жұмыс орны 8, жобаның құны 1 000 000,0 мың теңге). Жоба іске қосылған.
4) ШҚ «Тоғайбаев Ж.» 100 бас мал бордақылау алаңын салу жобасы. (Жобаның қуаттылығы жылына 35 тонна ірі қара мал еті, жаңа жұмыс орны 5, жобаның құны 110 000,0 мың теңге).
4. Құрылыс жұмыстары:
3
2023 жылдың қорытындысы бойынша Құрылыс жұмыстарының көлемі – 11 763 000,0 мың теңге, нақты көлем индексі – 146,1% құраған.
12 айдың қорытындысы бойынша Тұрғын үйлерді іске қосу (ввод жилья) – 13 117 шаршы метрді құрады, нақты көлем индексі – 140,5 %.
5. Тұрғын үй
- Қарабұлақ ауылында жаңа 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысына – 802 300,0 мың теңге бөлінген. Келісімшарт сомасы – 816 700,0 мың теңге. 2022 жылы – 459 700,0 мың теңге игерілген. 2023 жылы – 357 000,0 мың теңге бөлінген. Жалпы көлемі – 4 716,8 шаршы метр. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған.
- Инженерлік-коммуникациялық желілерді салу және ауылдағы 60 пәтерлік тұрғын үйді абаттандыру. 2022 жылы – 55 000,0 мың теңге, 2023 жылы – 33 500,0 мың теңге бөлінген.
- Қарабұлақ ауылында 14 көпқабатты тұрғын үйлерді салу үшін, инженерлік-коммуникациялық желілер мен аумақты абаттандыру нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін: 21 100 мың теңгеге келісім-шарт жасалып жобалық сметалық құжаттама толық дайын.
- 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. 2023 жылы – 10 000,0 мың теңге бөлініп жобалық сметалық құжаттама толығымен дайындалған.
6. Сумен жабдықтау
- Алдабергенов ауылының су құбырын қайта жаңғырту және салу - Жобаның жалпы құны – 881 200,0 мың теңге, бөлінгені – 410 000,0 мың теңге, 2023 жылы – 343 700,0 мың теңге бөлінген. Жоба өтпелі.
- Абай ауылының су құбырын қайта жаңғырту және салу үшін – 361 300,0 мың теңге бөлініп жұмыстар толық аяқталған.
7. Газдандыру
- Бақтыбай ауылына жеткізуші газ құбырын және газ тарату желілерін салу - «Газ Строй Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жалпы сомасы 1 000 000,0 мың теңгеге шарт жасалған, келісім бойынша құны 958 300,0 мың теңге, 2021 жылы игерілгені 593 100,0 мың теңге, 2022 жылы 207 400,0 мың теңге. Газ тарату желілерінің ұзындығы 90 км, 80 км аяқталып 7 039 аудан тұрғыны көгілдір отынмен қамтамасыз етілген.
- Алдабергенов ауылына жеткізуші газ құбырын және газ тарату желілерін салу - «Газ Строй Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жалпы сомасы 877 300,0 мың теңгеге шарт жасалған, шарт бойынша құны 789 200,0 мың теңге, 2021 жылы игерілгені 445 700,0 мың теңге, 2022 жылы 20 600,0 мың теңге игерілген. Газ тарату желілерінің ұзындығы 95 км, 88 км аяқталып 4 077 аудан тұрғыны көгілдір отынмен қамтамасыз етілген.
- М. Байысов ауылына газ тарату желілерінің құрылысын жүргізу үшін – 375 900,0 мың теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Жоба өтпелі.
- Теректі ауылына газ тарату желілерінің құрылысын жүргізу үшін – 580 000,0 мың теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Жоба өтпелі.
4
- Көкжазық ауылына газ тарату желілерінің құрылысын жүргізу үшін – 870 500,0 мың теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Жоба өтпелі.
- Қаратал ауылына газ тарату желілерінің құрылысын жүргізу үшін – 800 900,0 мың теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Жоба өтпелі.
- Ақын Сара ауылының арық желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін – 12 000,0 мың теңге бөлінген. Келісім-шарт 10 300,0 мың теңгеге жасалған. Жоба өтпелі.
8. Жарықтандыру
2023 жылға «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Көкжазық ауылына көше жарықшамдарын орнату үшін – 76 400,0 мың теңге бөлініп жұмыстар толық аяқталған.
- Алдабергенов ауылындағы Абай көшесіне көше жарықшамдарын орнату үшін – 10 600,0 мың теңге қарастырылып жұмыстары толығымен аяқталған.
- Қоңыр ауылындағы Маметова, Амангелді және Ғабиден көшелеріне көше жарықшамдарын орнату үшін – 15 800,0 мың теңге қарастырылып жұмыстары толығымен аяқталған.
- Жетісу ауылындағы Дайыров және Жамбыл көшелеріне көше жарықшамдарын орнату үшін – 20 300,0 мың теңге қарастырылып жұмыстары толығымен аяқталған.
- Бақтыбай ауылдық округінің көшелеріне (Бақтыбай ауылы Абдрахманов, Тауке хан көшелері; Елтай ауылы Қ.Меңісов, Мәйке, Т.Жансенгіров көшелері; Өтенай ауылы Сатпаев, Амангелді көшелері) жарықшамдарын орнату үшін – 17 700,0 мың теңге қарастырылып жұмыстары толығымен аяқталған.
Қарабұлақ ауылдық округі бойынша:
- Дайыров көшесіне көше жарықшамдары – 2 800,0 мың теңгеге жасалған.
- Шестакова көшесіне көше жарықшамдары – 730 мың теңгеге жасалған.
- Ауезова мен Алдабергенов көшелерінің аралығына көше жарықшамдары – 730 мың теңгеге жасалған.
- Капсаматова көшесіне көше жарықшамдары – 1 300,0 мың теңгеге жасалған.
- Байысова көшесіне көше жарықшамдары – 670 мың теңгеге жасалған.
-Талдықорған - Қарабұлақ тас жолы бойына көше жарықшамдары – 2 800,0 мың теңгеге жасалған.
- Абай ауылындағы Рустембеков көшесіне – 3 900,0 мың теңгеге көше жарықшамдары орнатылған.
- Абай ауылындағы Бақтыбай көшесіне– 3 100,0 мың теңгеге көше жарықшамдары орнатылған.
- Ешкіөлмес ауылындағы Тынышбаевадан Чкаловаға дейін – 2 800,0 мың теңгеге теңгеге көше жарықшамдары орнатылған.
- М. Байысов ауылындағы Бақтыбай көшесіне– 3 100,0 мың теңгеге көше жарықшамдары орнатылған.
- Қарабұлақ ауылындағы Панфилова көшесі №115,117,119 үйдің ауласына балалар алаңын абаттандыруға – 22 400,0 мың теңге жұмсалған.
5
- Қарабұлақ ауылындағы Ковалевская көшесі №2 үйдің ауласына балалар алаңын абаттандыруға – 6 200,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Қарабұлақ ауылындағы Капсаматова көшесі №1 үйдің ауласына балалар алаңын абаттандыруға – 5 400,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Қарабұлақ ауылындағы Некрасова көшесі №21 үйдің ауласына балалар алаңын абаттандыруға – 6 600,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Қарабұлақ ауылындағы Байсеитова көшесі №99 үйдің ауласына балалар алаңын абаттандыруға – 4 900,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Шымыр ауылындағы айналма жолды абаттандыруға – 6 100,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Шымыр ауылындағы қатты қалдықтар тастайтын арнайы орынды қоршау жұмыстарына – 3 500,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
Басқа да жұмыстарға:
- Қайнарлы ауылдық округінің әкімшілік ғимаратының блокті-модульдік кешенін орнату үшін – 50 000,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Сырымбет ауылдық округінің әкімшілік ғимаратының блокті-модульдік кешенін орнату үшін – 50 000,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Қарабұлақ ауылында блокті-модульдік жедел және шұғыл медициналық жәрдем пунктін орнату жұмыстарын жүргізу үшін – 50 000,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Қарабұлақ ауылында жабдықталған полиция пунктін орнату жұмыстарын жүргізу үшін – 9 700,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Жалғызағаш ауылындағы жабдықталған өртке қарсы пост орнату жұмыстарын жүргізу үшін – 8 200,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Қоңыр ауылындағы жабдықталған өртке қарсы пост орнату жұмыстарын жүргізу үшін – 7 700,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Қоңыр ауылындағы ветеринарлық пункт орнату жұмыстарын жүргізу үшін – 12 000,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Өрқұсақ ауылына спорт алаңын орнату үшін – 21 900,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Қайнарлы ауылына спорт алаңын орнату үшін – 9 200,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Жеңдік ауылына балалар ойын алаңы – 3 500,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
6
- Қаратал ауылында воркаут спорт алаңын салу үшін 4 300,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
9. Жолдар
- Екпінді ауылына кіреберіс жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін – 298 400,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Қарабұлақ ауылындағы Панфилов көшесін орташа жөндеу бойынша – 37 500,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Сырғабаева көшесін орташа жөндеу бойынша – 35 500,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Шәкәрім көшесін орташа жөндеу бойынша – 14 200,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- М.Байысов көшесін орташа жөндеу бойынша – 76 900,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- «Санжар» сауда үйінен - «Кирзаводқа» аралығындағы Шестакова көшесін орташа жөндеу үшін – 245 900,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Шымыр ауылындағы Достық көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін – 50 000,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Ешкөлмес ауылындағы Ушаков көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін – 48 100,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Ешкөлмес ауылындағы Тынышбаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 49 900,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Абай ауылындағы Жастар көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 24 000,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Бақтыбай ауылындағы Бейбітшілік көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 27 100,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Бақтыбай ауылындағы І. Жансүгіров көшесіне орташа жөндеу жүргізу үшін конкурс нәтижесі бойынша келісім-шартқа қолған
- Ельтай ауылындағы Әзірбаев көшесі бойынша – 28 100,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Ельтай ауылындағы Кущанова көшесі бойынша – 29 100,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Қаратал ауылындағы Қора көшесіне конкурс нәтижесі бойынша келісім-шартқа қол қойылған.
- Сырымбет ауылындағы Балпық би көшесі бойынша – 125 900,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Талдықорған-Текелі облыстық маңызы бар жол бойындағы Ескелді би көшесіне бағдаршам орнатуға – 5 400,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
7
- Балпық би мен Акименко көшесінің қиылысына бағдаршам орнатуға – 4 300,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
- Тау Жетісу демалыс орнына баратын жолды орташа жөндеу үшін жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып. Сараптама қорытындысы алынған.
Қарабұлақ ауылындағы 5 көшеге (Ескелді би, Жеңіс, Акименко, Жетісу шұғыласы, Панфилова), Бақтыбай ауылындағы 5 көшеге (Қабанбай батыр, Менисова, Тауке хан, Жансенгирова, Абылхайыр хан) шұңқырларды жөндеу (ямочный ремонт) жұмыстары – 10 000,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып. Жұмыстар толығымен аяқталған.
10. Әлеуметтік сала
2023 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 627 жаңа жұмыс орны ашылды. Атаулы әлеуметтік көмек төлеуге жалпы сомасы 212 600,0 мың теңгеге 2 114 адам бекітіліп, тағайындалды.
Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығындағы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» іске асырылуы барысында.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша:
Қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету жоспар бойынша 70 адам. Бөлінген қаражат 24 200,0 мың теңге. Толығымен орындалды.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы бағдарламасының екінші бағыты бойынша:
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы бағдарламасының екінші бағыты бойынша жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант (400 АЕК) 30 адамға 41 400,0 мың тенге жоспарланған. Оның ішінен наурыз айында 20 адамға 27 600,0 мың теңгеге, маусым айында 10 адамға 13 800,0 мың теңгеге грант берілді. Оның ішінде 8 адам мал шаруашылығымен, 1 адам техникалық жөндеу орнын ашты, 1 адам құс шаруашылығымен айналысуда.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша:
Әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар бойынша ЖБ (жергілікті бюджеттен) 44 адамға бөлінген қаражат 11 800,0 мың теңге. Әлеуметтік жұмыс орындарына 01-ші ақпан айынан бастап 66 адам жұмысқа жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орнын аяқтағаннан кейін 57 адам тұрақты жұмысқа орналасты, оның ішінде ( «Саргалдаков « ШҚ – 7 адам, «Досанов» ШҚ- 5 адам, «Амренова» ЖК- 3 адам, «Заманбеков» ШҚ – 5 адам, «Чукенов» ШҚ- 2 адам). Бөлінген қаражат толығымен игерілген.
Жастар тәжірибесіне жоспар бойынша Жергілікті бюджеттен 55 адамға бөлінген қаражат 56 900,0 мың теңге құрайған. 04-ші қаңтар айынан бастап 77 адам жұмысқа жіберіліп, 42 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. 2023 жылға бөлінген қаражат толығымен игерілген.
Қоғамдық жұмыс орнына жоспар бойынша 403 адамға Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат 293 700,0 мың теңге бөлінген. Қаңтар айынан бастап қоғамдық жұмыс орнына 477 адам жіберілген.
8
Күміс жас жұмыс орнына жоспар бойынша 55 адамға Жергілікті бюджеттен 36 300,0 мың тенге қаражат бөлінген. Күміс жас жұмыс орнына 02-ші ақпан айынан бастап 59 адам жұмысқа жіберілген.
Бірінші жұмыс орнына жоспар бойынша 45 адамға Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат 55 900,0 мың тенге. Қаңтар айынан бастап бірінші жұмыс орнына 45 адам жұмысқа жіберілді.
Ұрпақтар келісім шарт жұмыс орнына жоспар бойынша 3 адамға 1 900,0 мың тенге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Қазан айынан бастап 3 адам жұмысқа жіберілді.
11. Білім беру
Ауданда 30 күндік жалпы білім беретін мектептер бар. Оның 19-ы орта, 6 - негізгі, 5- бастауыш мектептер. Мектепке дейінгі мекемелер 14 балабақша (оның ішінде: 10 мемлекеттік және 4 жекеменшік) және 15 мектепке дейінгі шағын орталықтар жұмыс атқаруда. Жалпы – 9 271 оқушы қатысқан.
Қаржылай әлеуметтік көмек 1 балаға – 40 567 теңгеден 1800 бала қамтылды жалпы сомасы 73 000,0 мың теңгені құрады және қосымша көмек көрсетілгендер саны - 101 балаға 4 100,0 мың теңге. Барлығы: 1 901 балаға 77 100,0 мың теңгеге көмек берілді.
Көктөбе ауылындағы бастауыш орта мектебіне жаздық лагерь ашу үшін – 80 000,0 мың теңге бөлініп, лагерь жұмысын бастады. Лагерьде 06 шілде мен 08 тамыз аралығында – 600 бала жазғы демалысын өткізген.
М. Маметова атындағы орта мектебі (2023 жылы 50 000,0 мың теңге күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінген, жоба өтпелі) – ағымдағы жылы 827 500,0 мың теңге және Қоңыр орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін - 779 100,0 мың теңге бөлінген. Байысов балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 393 700,0 мың теңге қаражат бөлініп, 2023 жылы жұмыстары басталаған.
12. Денсаулық сақтау
Бүгінде ауданда 30 медициналық мекеме жұмыс істейді. Оның ішінде: 1 орталық аудандық аурухана, 11 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік амбулатория және 14 дәрігерлік пункт.
Жетісу ауылындағы дәрігерлік амбулатория ғимаратын күрделі жөндеуге – 124 700,0 мың теңге бөлінген.
Өтенай, Жеңдік, Бөктерлі ауылдарына мед.пункт «Блокті-модульдік кешен» орнатуға – 150 000,0 мың теңге бөлініп жұмыстары толығымен аяқталған.
13. Мәдениет және спорт
- Көкжазық ауылына спорт кешенін орнатуға БМК (блокті-модульдік кешен) – 150 000,0 мың теңгеге келісім шартқа отырып жұмыстар толығымен аяқталған.
- Қоңыр ауылына блокті-модульдік клубты орнату үшін – 158 000,0 мың теңге бөлінген.
- Қаратал ауылында 100 орынды мәдениет үйін салу үшін – 400 000,0 мың теңге бөлінген.
9
- Қарабұлақ ауылындағы аудандық мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін – 45 200,0 мың теңге қарастырылып жұмыстар толығымен аяқталған.
- Алдабергенов ауылындағы мәдениет үйінің жылу жүйесін ағымдағы жөндеуден өткізуге – 6 000,0 мың теңге қарастырылып жұмыстар толығымен яқталған.
- Жетісу ауылындағы мәдениет үйін ағымдағы жөндеуге – 3 000,0 мың теңге қарастырылып жұмыстар толығымен яқталған.
Ішкі істер органдарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылдың 12 айында аудандық полиция бөлімінде 216 қылмыс тіркелді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 пайызға көбейген. (2022 ж. қаңтар-желтоқсан – 211 оқиға).
Осы аудиторлық қорытындыда келесі қысқартулар жасалды: Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV «Бюджеттік кодексі» (Бұдан әрі –Бюджет кодексі)
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек кодексі» (Бұдан әрі - Еңбек кодексі)
Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы(Салық кодексі)» (Бұдан әрі - Салық кодексі)
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының (Бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу туралы заң)
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» №1127 қаулысы (бұдан әрі - 1127 Қаулы) Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылдың 24 қарашасындағы №511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары» (Бұдан әрі – №540 Қағида)
Бюджет Кодексі, Қазахстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылгы 15 маусымдагы №281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары» (Бұдан әрі – 281 Бұйрық)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу кағидалары» (Бұдан әрі – 393 Бұйрық)
Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2011 жылгы 2 тамыздагы №390 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік кұжаттама нысандарының альбомы» (Бұдан әрі – 390 Бұйрық) Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалар» (Бұдан әрі – 511 Бұйрық)
10
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптары» (Бұдан әрі – 195 Бұйрық)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының» (Бұдан әрі – 468 Бұйрық)
2.2. Аудиторлық іс-шаралардың негізгі нәтижелері.
Ескелді ауданы бойынша бюджет қаражаты есебінен 5 бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне қарастырылған 2 819 342,2 мың теңге қаражат мемлекеттік аудитпен қамтылды.
Аудит нәтижелері, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы 1 568 104,8 мың теңгені құрады.
Оның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар 727 808,8 мың теңге (қалпына келтіруге жатқызылатыны 675 333,3 мың теңге, бюджет есебіне өндірілуге жататыны 52 475,5 мың теңге (түсімдер бойынша 8 703,2 мың теңге));
2) бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 272 981,1 мың теңге;
3) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау – 567 314,9 мың теңге;
4) Рәсімдік бұзушылықтар – 60 дана.
1. «Ескелді ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) бойынша:
1.1. Бюджет кодексінің 67 быбының 1 тармағына сәйкес Бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады делінген. Ал 511 Бұйрықтың 2 тармағының талабына сәйкес Бюджеттiк өтiнiмдi жасаудың негiзгi мақсаты бюджеттiк бағдарламаларды орындаудың қажеттi ресурстары мен нәтижелерi туралы сандық және қаржылық ақпарат негiзiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеген кезде шығыстар көлемiн негiздеу болып табылады делінген. Алайда су сатып алу шығындары Экономика бөлімінің 2021 жылға арналған 159 ерекшелігінің шығындарында қаралмаған.
Сонымен қатар, Бюджет кодексінің 32 бабының 1 тармағының 2 қайырмасының талабына сәйкес Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы жергілікті бюджет шығыстарының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті даму жоспарында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты бағыты айқындалады делінген.
Ал Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына сәйкес бекітілген «Қазақстан
11
Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының» Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бөлігіне сәйкес 159 «Басқа қызметтерді сатып алу» ерекшелігі бойынша келесі шығындар жүзеге асырылады делінген. Үй-жайларды, ғимараттарды жалға алғаны үшiн төлемақы көрсетiледi. Жалға алынған үй-жайды, ғимаратты ұстауға, коммуналдық қызметтерге арналған шығындар, электр энергиясына, жылуға арналған шығындар тиiстi ерекшелiктер бойынша жiктеледi. Бұл ерекшелiк бойынша бағалаушылардың қызметтеріне ақы төлеу көрсетіледі. Бұдан басқа, осы ерекшелік бойынша жоғары білімді төлеу жөніндегі білім беру гранты, «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшiн Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының «Өркен» бiлiм беру гранты беріледі. Осы ерекшелік бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген төлеуге жататын заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтерге, жұмыстарға сомалардан ұсталымдарды аудару қызметіне ақы төлеу шығыстары асырылады.
Осылайша.
1 - тармақ – Бюджет кодексінің 32 быбының 1 тармағының 2 абзацының және 67 бабының 1 тармағының талаптары, 511 Бұйрықтың 2 тармағының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына сәйкес бекітілген «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының» Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының талаптары сақталмай 2021 жылдың сәуір айында Экономика бөлімі тарапынан 001 бюджеттік бағдарлама 015 кіші бағдарлама 159 ерекшелік бойынша 74,2 мың теңгеге Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға қатысы жоқ диспенсерге арналған бөтелкедегі су сатып алу үшін бюджет қаражатын жұмсаған.
1.2. Бюджет кодексінің 3 бабының 1 тармағының 12-4) тармақшасының талабына сәйкес бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің принциптеріне сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану делінген.
Ал, Бюджет кодексінің 4 бабы Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптері 1 абзацының 1 тармақшасының талабына сәйкес бірыңғайлық қағидаты – Қазақстан Республикасында бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс істеуінің бірыңғайлық қағидаттарын қолдану, бірыңғай бюджет сыныптамасын, бюджет процесінің бірыңғай рәсімдері мен техникалық шешімдерін пайдалану делінген.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына сәйкес бекітілген «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының» Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының 2 қосымшасының талабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық
12
сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымы келесідей сипатталған:
111 ерекшелік Еңбекке ақы төлеу АНЫҚТАМАСЫ: (Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне лауазымдық мiндеттемелерiн орындағаны үшiн ақшалай төлемдер, лауазымдық жалақыға тұрақты сипаты бар және заңнамамен белгiленген, сондай-ақ мемлекеттiк мекеме басшысының шешiмi бойынша қосымша жұмыс үшiн қосымша ақылар, үстемеақылар және көтерiлiмдер. Жеке табыс салығын, мiндеттi зейнетақы жарналарын және жалақыдан алынатын өзге де ұстап қалуларды осы ерекшелiктен аударған жөн.) 112 ерекшелік Қосымша ақшалай төлемдер АНЫҚТАМАСЫ: (Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне берiлетiн ынталандыру, көтермелеу сипатындағы, сондай-ақ мемлекеттiк мекеме басшысының шешiмi бойынша қосымша жұмыс iстегенi үшiн ақшалай төлемдер, бонустар. Жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары және басқа ұстаулар.)
131 ерекешелік Техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу АНЫҚТАМАСЫ: (Техникалық қызметті көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерді, тұлғаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты бойынша қабылданған қызметкерлерге ақшалай төлемдер, сондай-ақ жеке тұлғалардан алынатын табыс салықтары, міндетті зейнетақы жарналары және төлемдерге есептелетін басқа жалақыдан ұстаулар)
Осылайша:
2 - тармақ – Бюдет кодексінің 4 бабының 1 абзацының 1 тармақшасының талаптары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына сәйкес бекітілген «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының» Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының 2 қосымшасының талаптары сақталмай мекеменің штаттан тыс қызметкерлеріне 2021-2023 жылдар аралығында жалпы сомасы 5 717,2 мың теңге сыйақы беріліп бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған.
1.3. Еңбек кодексінің 1 бабының 1 тармағының 37 тармақшасына сәйкес жалақы – жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.
Еңбек кодексінің 103 бабының 1 тармағының 1 абзацына сәйкес Жалақы жұмыскерге жұмыс уақытын есепке алу бойынша жұмыс берушінің құжаттарында есепке алынған нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленеді делінген.
Алайда:
3 - тармақ – Еңбек кодексінің 103 бабының 1 тармағының 1 абзацының талаптары сақталмай 2022 жылдың шілде айында мекеменің бас маманына
13
нақты жұмыс жасамаған (еңбек демалысында болған) 11 жұмыс күніне 18,6 мың теңге өтемақы артық есептеліп төленген. 1.4. Мемлекеттiк сатып алу туралы заңның 39 бабының 3 тармағының 42 тармақшасының талабына сәйкес Қаржы бөлімі «Азия Сервис 2050» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бір көзден сатып алу тәсілі арқылы 001 бюджеттік бағдарлама 159 ерекшелік бойынша 1С бағдарламалық қамсыздандыруды орнату қызметін алу мақсатында 2021 жылдың 2 желтоқсанында жалпы сомасы 540,0 мың тегеге №24 келісім-шартқа отырған.
4 - тармақ - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына сәйкес бекітілген «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының» Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының талаптары сақталмай 2021 жылдың 2 желтоқсанында жалпы сомасы 540,0 мың тегеге №24 келісім-шарт бойынша алынған 1С бағдарламасы 416 Материалдық емес активтерді сатып алу ерекшелігінен емес 159 өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу ерекшелігі бойынша сатып алынған. 1.5. Мемлекеттiк сатып алу туралы заңның 39 бабының 3 тармағының 39 тармақшасының талабына сәйкес Мекеме «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен бір көзден сатып алу тәсілі арқылы 003 бюджеттік бағдарлама 159 ерекшелік бойынша салық салу мақсатында мүлікті бағалау қызметін алу мақсатында 2022 жылдың 15 мамырында жалпы сомасы 1 917,9 мың тегеге №17 келісім-шартқа 2023 жылдың 2 наурызында жалпы сомасы 1 929,0 мың тегеге №8 келісім-шартқа отырған. Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 39 быбының 3 тармағының 39 тармақшасының мәтіні келесідей жазылған: 39) мынадай: Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін; Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін; Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін; мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін мүлікті (активтерді) сатып алу; Ал Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 39 быбының 3 тармағының 36 тармақшасының мәтіні келесідей жазылған: 36) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; Осылайша:
5 - тармақ - Мекеме аталған келісім шарттарды жасау кезінде Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 39 бабының 3 тармағының 36 тармақшасының орнына 39 быбының 3 тармағының 39 тармақшасына
14
сілтемені қате жасауға жол берген. 1.6. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 39 бабының 2 тармағының 1 тармақшасының талаптарына және бір көзден сатып алу туралы №10451360-ИОИ1 хаттамасының негізінде Мекеме «CIFRTECH» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 015 бюджеттік бағдарлама 414 ерекшелік бойынша компютер жинағын сатып алу мақсатында 2023 жылдың 21 тамызында жалпы сомасы 442,4 мың тегеге №25 келісім-шартқа отырған. Тауарды жеткізу мерзімі келісім-шартқа отырған күннен бастап 30 күнтізбелік болып айқындалған. Жеткізуші кешіктірген күндері үшін 2023 жылғы 6 қазандағы №1299 төлем шоты бойынша 5,3 мың теңге тұрақсыздық айыбын жергілікті бюджет есебіне өндірген. Алайда: Мекеме тарапынан тұрақсыздық айыбын толық көлемде өндіру бойынша шаралар қабылданбаған.
6 - тармақ - Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43 бабының 24 тармағының талаптары және негізгі келісім шарттың 7.3 тармағының талаптары сақталмай мекеме тарапынан «CIFRTECH» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін қалған 2 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны үшін жалпы 884,8 теңге тұрақсыздық айыбын өндіру бойынша шаралар қабылданбаған.
7 - тармақ - Жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша Тапсырыс беруші Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес «CIFRTECH» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген. Мекеменің қызметінің ерекшелігіне қарай мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыруға бөлінген қаражатты пайдаланудың негізділігі.
1.7. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» №66 Заңының және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларының» (Бұдан әрі – 72 Қағида) талаптарына сәйкес жылдар бойынша Ескелді ауданының ауылды елді мекендеріне жұмыс жасауға және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық
15
округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне (Бұдан әрі-Алушы) әлеуметтiк қолдау шараларын көрсетілген.
72 Қағиданың 4 қосымшасының 1.2. тармағының талабына сәйкес алушы өзiне көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алу кезінде келісімде көрсетілген ауылдық елдi мекенiнде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) ұйымында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттемелер қабылдайды делінген. 72 Қағиданың 4 қосымшасының 2.4. тармағының 4 тармақшасының талабына сәйкес алушы Келiсiмнiң шарттарын орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті екендігі айқындалған.
Алайда:
8 - тармақ - 72 Қағиданың 4 қосымшасының 1.2. тармағының және 2021-2023 жылдардағы Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісімдердің (Бұдан әрі - Келісімдер) 1.2. тармағының міндеттемелері орындалмай Ескелді ауданының аумағындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс жасауға және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын алуға негіз болған жұмыс орындарынан шығып кеткеніне қарамастан Келісімдердің 2.4. тармағының 4 тармақшасының талаптары сақтамай әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған 29 Алушы бойынша 8 886,4 мың теңге бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етпеген.
9 - тармақ - 72 Қағиданың 4 қосымшасының 1.2. тармағының және 2021-2022 жылдардағы Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісімдердің (Бұдан әрі - Келісімдер) 1.2. тармағының міндеттемелері орындалмай Ескелді ауданының аумағындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс жасауға және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын алуға негіз болған жұмыс орындарынан шығып кеткендеріне қарамастан Келісімдердің 2.4. тармағының 4 тармақшасының талаптары сақтамай әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған 9 Алушы бойынша 32 300,0 мың теңге қаражатты қайтаруды қамтамасыз етпеген.
16
1.8. Бюджет кодексінің 4 бабының 6 тармақшасына сәйкес нәтижелілік қағидаты – ұлттық жобаларды іске асыруға, мемлекеттік органдардың даму жоспарларында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларында және (немесе) мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеу және атқару делінген.
72 Қағиданың 4 қосымшасының 2.6. тармағының 2 тармақшасының талабына сәйкес Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) кредиттiк шарт бойынша әлеуметтiк қолдау шараларын алған алушы мiндеттемелерiнiң орындалуына мониторинг жүргiзуге ал 2.6. тармақтың 3 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған және орындаудан бас тартылған жағдайда алушыдан берешектi өндiрiп алуды жүзеге асыруға мiндеттi делінген.
Алайда:
2021-2022 жылдары үй сатып алуға әлеуметтiк қолдау алған 9 маман өздерімен жасалған келісімдердің талаптарын орындамай жұмыстан шығып кеткеніне қарамастан.
10 - тармақ - 72 Қағиданың 4 қосымшасының 2.6. тармағының 2 және 3 тармақшаларының талаптары сақталмай көрсетілген әлеуметтік қолдау шаралары бойынша берілген қаражаттарды өндіріп алу бойынша бірде бір шара қабылдамай 2021-2022 жылдары Сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агент) қарастырылып төленген 40 524,9 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған.
1.9. 72 Қағиданың 4 қосымшасының 2.3. тармағының 2 тармақшасына сәйкес алушы үш жылдық мерзiм өткенге дейiн өндiрiстiк жағдайларға немесе әкiмшiлiктiң бастамасы бойынша басқа ауылдық елдi мекендерге (немесе бір ауылдық елді мекеннің шегінде) жұмысқа ауысқан кезде қосымша келісім бойынша міндеттемелер қабылдай отырып, алынған әлеуметтiк қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар делінген.
Алайда:
11 - тармақ - 72 Қағиданың 4 қосымшасының 2.3. тармағының және 2022 жылғы 9 желтоқсандағы Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісімнің (Бұдан әрі - Келісім) 2.3. тармағының 2 тармақшасының талаптары сақталмай «Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мұғалімі болып жұмыс жасаған А.Упинова және Тұрсынғали Айдана 2023 жылдың 31 тамызында жұмыстан өз еріктерімен шығып, 2023 жылдың 1 қыркүйегінде «Көктөбе орталау мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ауысқанына қарамастан қосымша келісім жасалмаған.
17
1.10. Бюджет кодексінің 116 бабының 1 тармағының талабы бойынша бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен және есепке алу саясатымен регламенттелген мемлекеттік мекемелердің операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді делінген және №393 бұйрықтың 2 тарауының 4 тармағына сәйкес қаржы жағдайы, қаржы жағдайындағы өзгерістер мен қызмет нәтижелері туралы толық және анық ақпарат беру бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты болып табылады делінген.
Алайда:
12 - тармақ - 393 Бұйрығының 337,340-тармақтары, 281 Бұйрығының 20-тармағы сақталмай, 2021 жылдың 2 желтоқсанында жалпы сомасы 540,0 мың тегеге «Азия Сервис 2050» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен №24 келісім-шартқа сәйкес алынған 1С бағдарламасы (материалдық емес актив) бухгалтерлік есепте 2711 шоты бойынша материалдық емес актив ретінде танылмай, 2021 жылғы желтоқсан айындағы №6 мемориалды ордері бойынша тікелей 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотына негізсіз шығысталған.
13 - тармақ - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» №234 Заңының 4-бабының, 468 Бұйрықтың 3-тармағының талаптары сақталмай, қаржылық есептіліктің активтер бөлігі 2022 жылдың 1 қаңтарына 540,0 мың теңгеге азайтылып берілуіне байланысты есепті кезең 2022 жылғы 01 қаңтарына тапсырылған Қаржы бөлімінің қаржылық есептілігі анық берілмей, бұрмаланған.
14 - тармақ - 393 Бұйрығының 243-тармағы, 281 Бұйрығының 16-тармағы сақталмай, «Сабырбаев» жеке кәсіпкерінен 10,0 мың теңгеге алынған 1-дана «Стенд» (Ар-намыс кодексі) негізгі құралы бухгалтерлік есепте 2370 шоты бойынша негізгі құрал ретінде танылмай, 2023 жылғы маусым айындағы №6 мемориалды ордері бойынша тікелей 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотына негізсіз шығысталған.
15 - тармақ - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» №234 Заңының 4-бабының, 468 Бұйрықтың 3-тармағының талаптары сақталмай, қаржылық есептіліктің активтер бөлігі 2024 жылдың 1 қаңтарына 10,0 мың теңгеге азайтылып берілуіне байланысты есепті кезең 2023 жылға тапсырылған Мекеменің қаржылық есептілігі анық берілмей, бұрмаланған.
16 - тармақ - 393 Бұйрығының 200,204-тармақтары, 281 Бұйрығының 10-тармағы сақталмай, «Онищук» жеке кәсіпкерінен 5,0 мың теңге алынған 1-дана «Тақтайша» (дайын өнімі) бухгалтерлік есепте 1330 шоты бойынша қорлар ретінде танылмай, 2023 жылғы маусым айындағы №6 мемориалды ордері бойынша тікелей 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотына негізсіз шығысталған.
18
17 - тармақ - 393 Бұйрығының 200,204-тармақтары, 281 Бұйрығының 10-тармағы сақталмай, «Есимбеков Серикбай Кокрекбаевич» жеке кәсіпкерінен 100,0 мың теңге алынған 1-дана «Стенд» (ауданның көрсеткіштері) бухгалтерлік есепте 1330 шоты бойынша қорлар ретінде танылмай, 2022 жылғы желтоқсан айындағы №6 мемориалды ордері бойынша тікелей 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотына негізсіз шығысталған.
18 - тармақ - 393 Бұйрығының 200,204-тармақтары, 281 Бұйрығының 10-тармағы сақталмай, «ATS industries» жеке кәсіпкерінен 48,0 мың теңге алынған 8-дана «Тақтайшалар» (дайын өнім) бухгалтерлік есепте 1330 шоты бойынша қорлар ретінде танылмай, 2022 жылғы желтоқсан айындағы №6 мемориалды ордері бойынша тікелей 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотына негізсіз шығысталған.
19 - тармақ - 393 Бұйрығының 200,204-тармақтары, 281 Бұйрығының 10-тармағы сақталмай, «Дизайн студия Tseh» жеке кәсіпкерінен 150,0 мың теңге алынған 1-дана «Стенд» (ауданның көрсеткіштері) бухгалтерлік есепте 1330 шоты бойынша қорлар ретінде танылмай, 2022 жылғы шілде айындағы №6 мемориалды ордері бойынша тікелей 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотына негізсіз шығысталған.
20 - тармақ - 393 Бұйрығының 200,204-тармақтары, 281 Бұйрығының 10-тармағы сақталмай, «Денешева» жеке кәсіпкерінен 120,0 мың теңге алынған 1-дана «Стенд» (ауданның көрсеткіштері) бухгалтерлік есепте 1330 шоты бойынша қорлар ретінде танылмай, 2022 жылғы қыркүйек айындағы №6 мемориалды ордері бойынша тікелей 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотына негізсіз шығысталған.
21 - тармақ - 393 Бұйрығының 200,204-тармақтары, 281 Бұйрығының 10-тармағы сақталмай, «Денешева» жеке кәсіпкерінен 100,0 мың теңге алынған 1-дана «Стенд» (ауданның көрсеткіштері) бухгалтерлік есепте 1330 шоты бойынша қорлар ретінде танылмай, 2021 жылғы ақпан айындағы №6 мемориалды ордері бойынша тікелей 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотына негізсіз шығысталған.
22 - тармақ - 393 Бұйрығының 200,203-тармақтары, 281 Бұйрығының 10-тармағы сақталмай, 2021 жылғы 19 қарашадағы № 27 келісім-шартқа сәйкес жалпы сомасы 264,0 мың тегеге «Досаев Нуржан Окубаевич» жеке кәсіпкерінен алынған «Жалюзи» бухгалтерлік есепте 1319 шоты бойынша өзгеде материалдар ретінде танылмай, 2021 жылғы қараша айындағы №6 мемориалды ордері бойынша тікелей 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотына негізсіз шығысталған. Мекеменің қызметінің ерекшелігіне қарай ауданның коммуналдық меншігіндегі объектілерінің пайдалану тиімділігі.
1.11. 2022 жылы кәсіпорынның кірістері 362 079,2 мың теңгені, ал шығыстары 362 559,2 мың теңгені құрап. 2022 жылды 480,0 мың теңге шығынмен аяқтаған.
19
2023 жылы кәсіпорынның кірістері 457 114,4 мың теңгені, ал шығыстары 468 071,9 мың теңгені құрап. 2023 жылды 10 957,5 мың теңге шығынмен аяқтаған. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүлкін басқару және ұлттық экономиканың мүдделеріне сәйкес оның дамуын болжау тиімділігіне кешенді талдау жүргізілмейді, проблемаларды анықтау, мемлекеттік мүліктің жай-күйін бағалау және мемлекеттік кәсіпорынды одан әрі дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу бөлігінде тиісті аудан көлемінде тиісті жұмыстар жүргізілмеген. Аудан көлемінде қызмет ететін кәсіпорындардың 2022, 2023 жылдардағы қорытындысы бойынша қызметтерін шығынмен аяқтауы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 139-бабының 5-тармағына қайшы, кәсіпорын басшылары даму жоспарларын іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігін қамтамасыз етпегені туралы қорытынды жасауға болады. Мұның себептерінің бірі кәсіпорындарды басқаруды жүзеге асыратын органдар тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, әкімшілік қателіктерден және мемлекеттік активтерді тиімсіз пайдаланудан болатын қаржылық қыйын жағдайдың туындау қауіпіне алып келуі мүмкін. Мекеменің қызметінің ерекшелігіне қарай Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімін жасау кезінде аудандық бюджет шығыстарын қалыптастырудың негізділігі және бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп бекіту, келісу дұрыстығы. 1.12. Тиісті жылдарға арналған аудан бюджетінің шығыс бөлігін жоспарлау және бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп бекіту Бюджет кодексінің, 511 Бұйрықтың және 195 Бұйрықтың талаптарына негізделіп қалыптастырылған. Дегенмен: Бюджет кодексінің 60 бабы Бюджетті жоспарлау негіздері туралы жалпы ережелер 2 тармағы Бюджет процесінде мынадай құжаттар пайдаланылады: 1) Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы; 2) республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі; 2-1) республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік; 2-2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік; 2-3) ұлттық жобалар; 3) мемлекеттік органдардың даму жоспарлары; 3-1) бюджеттік бағдарламалар; 4) операциялық жоспарлар.
20
Бюджет кодексінің 32 бабының 2 тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаны жылжымалы негiзде жыл сайын жоспарлы кезеңге әзiрлейдi және ол тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерін, жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдерін, бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсерінің көрсеткіштерін қамтиды делінген.
Бюджет Кодексінің 3 бабының 1 тармағының 70 тармақшасына сәйкес түпкілікті нәтиже – мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижелерге қол жеткізуіне негізделген, мемлекеттік органның даму жоспарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының және (немесе) бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді санмен өлшейтін бюджеттік бағдарлама көрсеткіші. Сонымен қатар 195 Бұйрықтың 8 тармағына сәйкес Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарлама жобасы мынадай талаптарға сәйкес әзірленеді делінген, оның 8 тармақшасына сәйкес «Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері» деген жолда мемлекеттік органның даму жоспарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының және (немесе) бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді сандық тұрғыдан өлшейтін, мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижелеріне қол жеткізуге негізделген бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштері көрсетіледі және олар анық, айқын және нақты жәнеде бюджеттік бағдарламаның сандық көрсеткіштері мен оған қол жеткізудің нақты күнін (кезеңін) (белгілі бір уақыт аралығында, жоспарлы кезеңнің соңында, жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бөліністе) айқындау жолымен бюджеттік бағдарламаны іске асырудың сапалы қорытындысын көрсетуі тиіс делінген.
Алайда: 23 - тармақ - Бюджет кодексінің 3 бабының 1 тармағының 70 тармақшасының, 32 баптың 2 тармағының және 195 Бұйрығының 8 тармағының 8 тармақшасының талаптары сақталмай «Ескелді ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді сандық тұрғыдан өлшейтін, мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижелеріне қол жеткізуге негізделген бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштері анық, айқын және нақты жәнеде бюджеттік бағдарламаның сандық көрсеткіштері мен оған қол жеткізудің нақты мерзімдері көрсетілмей бюджеттік бағдарламаны әзірлеуге формальды қарауға жол берілген. Дәл осындай олқылықтар, «Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты»
21
мемлекеттік мекемесі және «Ескелді ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінде орын алған. 1.12. Бюджет кодексінің 32 бабының 4 тармағының 3 абзацының талабына талабына сәйкес Жергілікті бюджеттік бағдарламалар жергілікті бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде олардың қаржыландыру көлемдері мен нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда, осы баптың 2-тармағына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша қайта бекітіледі делінген. Алайда:
24 - тармақ – Бюджет кодексінің 32 быбының 4 тармағының 3 абзацының талаптары сақталмай «Ескелді ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша қосмыша қаражаттар сұралып бөлінгеніне қарамастан бағдарламаларды жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша қайта бекітілу шаралары жасалмаған.
1.13. 195 бұйрықтың 8 тармағының 2 тармақшасының талабына сәйкес ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы жоспарлы кезең болып табылады делінген. Ал 19 тармағының 12 абзацының талабына сәйкес Бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуден бас тартқан жағдайда бас тарту себебі негізделеді делінген, ал аталған тармақтың 13 абзацының талабына сәйкес Бюджеттік бағдарламалардың жобалары келісуге жіберілген мемлекеттік органдар оларды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламалар жобаларын ұсынған бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын дайындайды немесе олардың жоқ екендігі туралы хабарлайды делінген.
«Ескелді ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылғы 15 ақпандағы №30 ж/қ бұйрығына сәйкес 2023 жылға арналған бюджеттік бағдарламалары бекітілген және жоспарлауға әкілетті органның басшысы Г.Бейсеқұлова тарапынан келісілген.
Алайда: 25 - тармақ – 195 Бұйрығының 1 қосымшасының талаптары сақталмай 2023 жылға бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша 2023 жылға емес өтіп кеткен 2022 жылға жоспар жасалған. Бұзушылықтың орын алу себебі 195 Бұйрықтың талаптарын жетік білмеу салдарынан орын алған. Дәл осындай олқылықтар, «Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және «Ескелді ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінде орын алған.
26 - тармақ – 195 бұйрықтың 19 тармағының 12 және 13 абзацтарының талаптары сақталмай қате жасалған бюджеттік бағдарламаларды қайтарып олқылықтарды жойғызудың орнына жоспарлауға әкілетті орган аталған бағдарламаларды ескертусіз келісіп берген.
22
1.14. Бюджет кодексінің 67 бабының 1 тармағының талабына сәйкес Бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады, осы баптың 6 тармағының 1 тармақшасына сәйкес мемлекеттік органдардың осы Кодекстің 65-1-бабы 2-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес лимиттері айқындалған ағымдағы әкімшілік шығыстарын және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша базалық шығыстарды қоспағанда, мәлімделген қаржыландырудың бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпалын сипаттай отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің әрбір бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстардың түрлері бойынша есеп-қисаптар берілуі тиіс делінген.
511 Бұйрықтың 8 тармағының талабына сәйкес Бюджеттiк өтiнiм мәлімделген қаржыландырудың бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпалын сипаттай отырып, жергілікті бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң әрбiр бюджеттiк бағдарламасы бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есептеулерді қамтиды деген.
511 Бұйрықтың 58 тармағына сәйкес 01-414 нысаны (63-қосымша) Есептеу және басқа жабдықты сатып алу үшін шығыстарды есептеуге арналған. Есептеу жабдықтарын сатып алу жөнiндегi қажеттiлiк енгiзiлетiн немесе көбейтiлетiн ақпараттық жобалардың талаптары мен мерзiмдерiне не жабдықтың табиғи немесе моральдық тозу себептерiне негiзделуге тиiс делінген.
511 Бұйрықтың 46-1 тармағының талабына сәйкес Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 133, 154, 155, 156, 157, 158, 163, 164, 165, 166, 167, 211, 212, 221, 321, 322, 323, 331, 332, 339, 341, 359, 361, 411, 412, 417, 418, 419, 421, 422, 423, 429, 431, 432, 433, 434, 435, 441, 451, 511, 512, 513, 514, 519, 521, 531, 541, 611, 612, 621, 711, 712, 713, 714, 715, 721 және 722-ерекшелiктерi бойынша жоспарланатын шығыстардың түрлері жөніндегі есептеулер еркiн нысанда жасалады.
Қорлар мен негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлаған кезде есепке қорлар немесе негізгі құралдардың әрбір түрлері бойынша кем дегенде үш прайс-парақтар қоса беріледі делінген.
Алайда:
27 - тармақ – 511 Бұйрықтың 46-1 және 58 тармақтарының талаптары сақталмай «Ескелді ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2023 жылы 067 бағдарлама 414 ерекшелік бойынша 141 527,4 мың теңгеге ұсынылған бюджеттік өтінім бойынша жабдықтың табиғи немесе моральдық тозу, прайс-парақтар немсесе басқа сұранысты растайтын құжаттар қосымша тіркелмеген. 1.15. 511 Бұйрықтың 41 тармағының талабына сәйкес 01-159-нысаны (48-қосымша) ғимараттарды, орын-жайларды жабдықтарды және басқа негiзгi құралдарды ұстау бойынша шығыстар есебiне арналған.
23
Жоспарланған шығыстарды негiздеу үшiн ағымдағы қаржы жылына арналған қызметтер көрсету, жұмыстар туралы шарттардың көшiрмелерi беріледі, шарттар болмаған жағдайда сатып алынатын қызметтер мен жұмыстардың әрбір түрі бойынша кем дегенде үш прайс-парақтары, ағымдағы қаржы жылына ағымдағы жөндеу бойынша дефектi актiсi мен сметалық құжаттама қоса беріледі. Ағымдағы жөндеу кезiнде орындалатын жұмыстар тiзбесiн жасаған кезде «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы №1118 қаулысын басшылыққа алған жөн, онда ғимараттарды ағымдағы және күрделi жөндеу кезiнде орындалатын жұмыстардың тiзбесi көзделген.
Алайда:
28 - тармақ – 511 Бұйрықтың 41 тармағының талаптары сақталмай «Ескелді ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2023 жылы 023 бағдарлама 159 ерекшелік бойынша 87 804,0 мың теңгеге ұсынылған бюджеттік өтінімдер бойынша дефектi актiсi мен сметалық құжаттама немесе басқа сұранысты растайтын құжаттар қосымша тіркелмеген.
2. «Ескелді ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) бойынша:
2.1. Бюджет кодексінің 116 бабының 1 тармағының талабы бойынша бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен және есепке алу саясатымен регламенттелген мемлекеттік мекемелердің операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді делінген және №393 бұйрықтың 2 тарауының 4 тармағына сәйкес қаржы жағдайы, қаржы жағдайындағы өзгерістер мен қызмет нәтижелері туралы толық және анық ақпарат беру бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты болып табылады делінген.
29 - тармақ - Алайда Бюджет кодексінің 116 бабының 1 тармағының және №393 бұйрықтың 2 тарау 4 тармағының талаптары сақталмай 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары бойынша Қазынашылықтың 5-15А нысандары жинақталмаған.
2.2. Еңбек кодексінің 103 бабының 1 тармағының 1 абзацының талабына сәйкес Жалақы жұмыскерге жұмыс уақытын есепке алу бойынша жұмыс берушінің құжаттарында есепке алынған нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленеді делінген ал 393 бұйрықтың 187 тармығының талабына сәйкес жалақыны есептеу үшін негіз мемлекеттік мекеменің бекітілген штат кестесі және жалақы ставкаларына сәйкес қызметкерлерді қабылдау, жұмыстан шығару және ауыстыру туралы бұйрықтары, Нысандар альбомының 421 «Пайдаланылған жұмыс уақытын есепке алу және жалақыны есептеу табелі» нысаны, нысандар альбомының 423 «Жұмыс нормаларын есептеу картасы»
24
нысаны, Нысандар альбомының 424 «Наряд» нысаны бойынша пайдаланылған жұмыс уақытын есепке алу табельдері және басқа құжаттар делінген.
30 - тармақ - Еңбек Кодексінің 103-бабының 1 тармағының 1 абзацының талаптары және 393 бұйрықтың 187 тармағының талаптары сақталмай мекеменің қызметкерлеріне жалпы сомасы 696,7 мың теңге қаражат негізсіз төленген.
2.3. Салық кодексінің 351 бабының 3 тармағына сәйкес Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық агентi төленген кірістер бойынша жеке табыс салығын аударуды кіріс төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей өзiнің тұрған жерi бойынша жүзеге асырады делінген.
31 - тармақ - Салық кодексінің 351 бабының 3 тармағының талаптары сақталмай мекеме 2023 жылдың қорытындысы бойынша төлем көзінен 440,8 мың теңге сомасында жеке табыс салығын бюджет есебіне аудармаған.
2.4. Бюджет кодексінің 116 бабының 1 тармағының талабы бойынша бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен және есепке алу саясатымен регламенттелген мемлекеттік мекемелердің операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді делінген және №393 бұйрықтың 2 тарауының 4 тармағына сәйкес қаржы жағдайы, қаржы жағдайындағы өзгерістер мен қызмет нәтижелері туралы толық және анық ақпарат беру бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты болып табылады делінген.
32 - тармақ - 393 Бұйрықтың 4, 32-тармақтары сақталмай, 2023 жылдың қорытындысы бойынша қызметкерлердің жеке табыс салығы бойынша 440,8 мың теңге сомасында кредиторлық берешегі жылдық есепте көрсетілмей бұрмаланған.
2.5. 004-028 «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылындағы 60 пәтерлі тұрғын үйдің аумағын абаттандыру және инженерлік-коммуникациялық желілерді салуға 2022 жылдың 28 шілдесінде «Гарант Строй Групп 2016» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жалпы сомасы 84 905,3 мың теңгеге № 16 келісім шартқа отырған.
2023 жылы Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылындағы 60 пәтерлі тұрғын үйдің аумағын абаттандыру және инженерлік-коммуникациялық желілер салу жобасы бойынша мекеме 2023 жылғы № 6 мемориалдық ордерге сәйкес нақты шығындар сомасы 68 606,9 мың теңгені құрап, олар кейіннен 7140 «өзге де операциялық шығыстар» шотына есептен шығарылған.
393 Бұйрықтың 272-тармағына сәйкес мемлекеттік мекеме күрделі шығындарды 2411 «аяқталмаған құрылыс» қосалқы шотының дебеті және 3210 «өнім берушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
25
берешек» шотының кредиті бойынша көрсетуі тиіс болған. Аяқталмаған және аяқталған, бірақ пайдалануға берілмеген Құрылыс және реконструкция объектілері бойынша шығындар келесі жылдың теңгеріміне ауысады.
Аяқталған және пайдалануға берілген құрылыс объектілері қабылдау актілерінің негізінде оларға жұмсалған шығындардың толық сомасында ұзақ мерзімді активтерді есепке алу шоттарына жатқызылады, бұл ретте мынадай жазба көрсетіледі: Шоттар жоспарының кіші бөлімінің «негізгі құралдар» шотының тиісті қосалқы шотының дебеті және 2411 «аяқталмаған құрылыс» қосалқы шотының кредиті.
33 - тармақ - 393 Бұйрықтың 272-тармағының талаптарын сақтамай, мекеме 2023 жылы Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылындағы 60 пәтерлі тұрғын үйдің аумағын 68 606,9 мың теңге сомасына инженерлік-коммуникациялық желілерді салуға және абаттандыруға жоба бойынша нақты шығыстар сомасын есептен шығарған.
34 - тармақ - Сондай-ақ, 393 Бұйрықтың 272-тармағын бұза отырып, 2022 жылы жоғарыда аталған жоба бойынша аяқталған және пайдалануға берілген құрылыс объектілерінің сомасы 16 298,4 мың теңге мөлшерінде «Негізгі құралдар» шотының қосалқы шоттарына жатқызылмаған.
35 - тармақ - Осылайша, 393 Бұйрықтың 4, 32-тармақтарының талаптарын сақтамау нәтижесінде, мекеме жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар нәтижесінде 2023 жылғы қаржылық есептілікті жалпы сомасы – 69 047,7 мың теңгеге бұрмалануына жол берген, оның ішінде 212 «Бюджетке төленетін төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» жолы бойынша – 440,8 мың теңге, 114 «Негізгі құралдар» жолы бойынша - 68 606,9 мың теңге.
2.6. Мекеменің «Ақшаны уақытша орналастырудың» қолма-қол ақшаны бақылау шоты бойынша шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін Өнім берушілер енгізген 1 721,4 мың теңге ақша қаражаты есептелетіні анықталды.
36 - тармақ - Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43-бабы 12-тармағын бұза отырып, шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін енгізілген ақша шарттың қолданылу мерзімі өткен 1 721,4 мың теңге сомасында уақытылы өтелмеген.
2.7. Қарабұлақ ауылында инженерлік-коммуникациялық желілерді салуға және 60 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйді абаттандыруға 2021 жылдың 12 наурызында Мекеме «Монолит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жалпы сомасы 220 591,9 мың теңгеге № 16 келісім шартқа отырған.
37 - тармақ - Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 43-бабының 24-тармағының және Шарттың 8.3-тармағын бұза отырып, тапсырыс беруші осы Шарт бойынша өнім беруші қабылдаған міндеттемелер тиісінше орындалмаған жағдайда жылпы сомасы 17 402,5 мың теңге тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз етпеген.
26
Аталған келісім шарт бойынша жасалған жұмыстардың анықтығына қарап тексеру жүргізу барысында.
38 - тармақ - Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында инженерлік-коммуникациялық желілер салу және 60 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйді абаттандыру объектісі бойынша жүргізілген жұмыстар барысында Бюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағының және Шарттың 4-тармағының 1-тармақшасының талаптары сақталмады, Тапсырыс беруші 2022 жылғы 2 қыркүйектегі № 81 орындалған жұмыстардың ұсынылған актісіне сәйкес мекеме орындалмаған жұмыс көлемі бойынша жылпы сомасы 1 328,2 мың теңге ақы төлегені анықталды.
39 - тармақ - 2022 жылға арналған «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру» 004 бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын игеру кезінде мекеме жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар нәтижесінде мекеменің лауазымды адамдарының бюджет қаражатын жұмсауы кезінде Бюджет кодексінің 4-бабының 12 және 13-тармақтарының талаптары блйынша айқындалған тиімділік қағидаты сақталмай 1 328,1 мың теңге тиімсіз жұмсалған.
2.8. Қарабұлақ ауылында инженерлік-коммуникациялық желілерді салуға және 60 пәтерлі тұрғын үйді абаттандыруға 2022 жылдың 28 шілдесінде мекеме «Гарант Строй Групп 2016» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жалпы сомасы 84 905,3 мың теңгеге № 16 келісі шартқа отырған.
40 - тармақ - Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 43-бабының 24-тармағын Шарттың 8.3-тармағын бұза отырып, тапсырыс беруші осы Шарт бойынша өнім беруші қабылдаған міндеттемелер тиісінше орындалмаған жағдайда жылпы сомасы 7 409,5 мың теңге тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз етпеген.
41 - тармақ - Жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша Тапсырыс беруші Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес «Гарант Строй Групп 2016» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
3. «Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) бойынша:
3.1. Бюджет кодексінің 85 быбының 9 тармағының талабына сәйкес бюджеттiң атқарылуы барысында бюджет қаражатының үнемделуi пайда болған жағдайда:
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджет комиссиясында қарамастан, қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар қаражатты бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шеңберінде
27
және бір облыс шегінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен келісу бойынша, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге;
бюджеттік даму кіші бағдарламасында көзделмеген жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларға және бюджеттік инвестициялық жобалар құнының қымбаттауымен байланысты шығыстарға қаражатты қайта бөлуді қоспағанда, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша пайда болған үнемдеу сомасын тиісті бюджет комиссиясында қарамастан бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шешімімен бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу жолымен бір бюджеттік бағдарлама ішінде бюджеттік даму кіші бағдарламасына қайта бөлуге;
қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, мемлекеттік мекемелер қаражатты бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) ішінде қайта бөлуге құқылы делінген.
Ал, Бюджет кодексінің 104 быбының 6 тармағына сәйкес Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы бюджеттік бағдарлама нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізбеуге әкеп соққан бюджет қаражатын игермегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады делінген.
Алайда:
42 - тармақ - Бюджет кодексінің 85 баптың 9-тармағының, 104-бабының 6-тармағының талаптары сақталмай бюджет қаражаттарының игерілмеуіне жол беріліп 2022 жылға арналған бюджеттік бағдарламалардың тікелей, түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізбеуге әкеп соққан.
43 - тармақ - Мекеме Бюджет кодексінің 4-бабының 6), 12) тармақтарын бұза отырып, бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізбеу нәтижесінде 2022 жылға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бөлінген жалпы сомасы 17 671,9 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланған.
Дәл осылай
44 - тармақ - Бюджет кодексінің 104-бабының 6-армағының талаптары тармағының талаптары сақталмай бюджет қаражаттарының игерілмеуіне жол беріліп 2023 жылға арналған бюджеттік бағдарламалардың тікелей, түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізбеуге әкеп соққан.
45 - тармақ - Мекеме Бюджет кодексінің 4-бабының 6), 12) тармақтарын бұза отырып, бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізбеу нәтижесінде 2023 жылға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бөлінген жалпы сомасы 16 425,7 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланған.
28
3.2. Мекеменің 2023 жылғы 31 желтоқсанға арналған 4-20-нысанға сәйкес 067 «Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша бекітілген сома 176 190,0 мың теңгені құраған, оның ішінде 418 «Мемлекеттік кәсіпорындарды материалдық-техникалық жарақтандыру» ерекшелігі бойынша 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы бойынша бекітілген сома 65 254,0 мың теңгені құрайған. 418 «Мемлекеттік кәсіпорындарды материалдық-техникалық жарақтандыру» ерекшелігі бойынша 028 «облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» кіші бағдарламасы бойынша бекітілген сома 73 000,0 мың теңге ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қызметін жүзеге асыру.
Мекеменің бюджеттік өтініміне сәйкес алдын-ала оқшауланған құбырды, бұрмаларды, электродтарды, дискілерді, ысырмаларды сатып алу және асфальтты қалпына келтіру жоспарланған, сонымен қатар жүк тиегішке арналған шиналарды сатып алуға бюджеттік өтінім берілген.
Ұсынылған жүкқұжаттарға, мысалы, 2023 жылғы 15 тамыздағы №20 жүкқұжат бойынша 60 000,0 мың теңге сомасына оқшауланған құбырлары жеткізілген, бұрмалар, электродтар, дискілер, ысырмалар, 27 қарашадағы №368 төлем шоты 10 700,0 мың теңге сомасына сатып алынған, оның ішінде газ үшін берешекті өтеу, газ туралы қорытынды алу үшін төлем жүргізілген. қазандықтардың жылу беру маусымына дайындығы, техпаспортты қалпына келтіру, 2023 жылғы 6 желтоқсандағы №369 төлем шоты 13 000,0 мың теңге сомасына, оның ішінде «Қарабұлақжылуқабылдау» ШЖҚ МКК кәсіпорнының энергия аудиті үшін төлем жүргізілген.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес 2-қосымша «Мемлекеттік кәсіпорындарды материалдық-техникалық жарақтандыру» 418 ерекшелігі негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі Мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруға арналған делінген.
46 - тармақ - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына 2-қосымшасының талаптары сақталмай 418 «Мемлекеттік кәсіпорындарды материалдық-техникалық жарақтандыру» ерекшелігі бойынша ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметін қамтамасыз ету үшін керек-жарақтар мен қызметтерді сатып алуға, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарабұлақжылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның кредиторлық берешегін өтеуге жұмсалған. 47 - тармақ - Осылайша, жоғарыда аталғанның негізінде, Бюджет кодексінің 4-бабының 12-тармақшасын бұза отырып, Мекеме 067 «Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламаларын іске асыру кезінде 2023
29
жылға 138 254,0 мың теңге көлемінде пайдаланған бюджет қаражаты заңнамаларда айқындалған нәтижелерге жұмсалмай тиімсіз пайдаланылған. 3.3. 2023 жылғы есеп айырысу-төлем ведомосіне сәйкес төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы жалпы сомасы 2 602,5 мың теңгеге есептелген. 2023 жылғы 5-15-нысанға сәйкес қызметкерлердің жалақысынан жеке табыс салығы (ерекшеліктер 111, 112, 131) жалпы сомасы 2 333,2 мың теңгеге аударылып айырмашылық 269,3 мың теңгені құраған. Салық кодексінің 320-бабына сәйкес салық төлеушінің табыстарына 10 пайыз ставка бойынша салық салынады. Салық кодексінің 351-бабына сәйкес төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық агенті салық салуға жататын кірісті есептеу кезінде жүргізеді, сондай-ақ салық агенті табыс төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей төленген кірістер бойынша жеке табыс салығын аударуды жүзеге асырады егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өз орнында болады делінген 48 - тармақ - Салық кодексінің 351-бабының 3-тармағын бұза отырып, 2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 269,3 мың теңге сомасындағы төлем көзінен жеке табыс салығын уақтылы аудармаған. 49 - тармақ - Сондай-ақ мекеменің 2023 жылдың қорытындысы бойынша 393 Бұйрықтың 4, 32 тармақтарын бұза отырып, Мекеме бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің жай-күйі туралы ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етпеген, 269,4 мың теңге сомасында жеке табыс салығы бойынша қызметкерлердің кредиторлық берешегін жасырған.
3.4. Бюджет кодексінің 116 бабының 1 тармағының талабы бойынша бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен және есепке алу саясатымен регламенттелген мемлекеттік мекемелердің операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді делінген және №393 бұйрықтың 2 тарауының 4 тармағына сәйкес қаржы жағдайы, қаржы жағдайындағы өзгерістер мен қызмет нәтижелері туралы толық және анық ақпарат беру бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты болып табылады делінген.
50 - тармақ - Алайда Бюджет кодексінің 116 бабының 1 тармағының және №393 бұйрықтың 2 тарау 4 тармағының талаптары сақталмай 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қыркүйегі аралығындағы Қазынашылықтың 5-15А нысандары жинақталмаған.
3.5. Ескелді ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 4 тамыздағы №160 қаулысына сәйкес мекеменің балансынан шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ескелді су құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының балансына жалпы құны 2 562 498,4 мың теңге болатын сумен жабдықтау объектілері берілуі тиіс болған:
51 - тармақ - 393 Бұйрықтың 243, 275 тармақтарының талаптары сақталмай, Мекеменің балансында салынып біткен бастапқы құны 2 562
30
498,4 мың теңгені құрайтын сумен жабдықтау объектілері ұстаушы ұйымдарға өткізіліп берілмеген. (кейбір сумен жабдықтау объектілерін ңқұрылысы 2017 жылы аяқталған)
3.6. 2023 жылғы ұзақ мерзімді активтер ведомосіне сәйкес мекеменің балансында Ескелді ауданын сумен жабдықтаудың жоғарыда көрсетілген жобаларының жобалау-сметалық құжаттамалары көрсетілген. 52 - тармақ - Осылайша, Мекеме тарапынан 393 Бұйрықтың 272-тармағын бұза отырып, жалпы сомасы 148 438,9 мың теңгені құрайтын Ескелді ауданының құрылысы аяқталған және пайдалануға берілген сумен жабдықтау объектілеріне әзірленген жобалық-сметалық құжаттаманы беру бойынша шаралар қолданбаған. 3.7. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыретіне Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру кіреді. Жалға берілетін тұрғын үй Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді беру және пайдалану қағидалары негізінде беріледі. Жалға алушылармен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шарттары жасалады, жалдау ақысы «мекеменің балансындағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан мүлікті жалға беруден түсетін кірістер» 201509 жергілікті бюджеттің кірісіне төленеді делінген.
53 - тармақ - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» №234 Заңының 5-бабы 1-тармағын, 393 Бұйрықтың 369-тармағының талаптары сақталмай, мекеме тарапынан операциялық жалдау есебі жүргізілмеген, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген мүліктің 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 7 191,5 мың теңге дебиторлық берешегі қалыптасқан. 54 - тармақ - 393 бұйрықтың 21-тармағын бұза отырып, №17 «Активтерді басқарудан түскен кірістерді есептеу туралы жиынтық есеп» мемориалдық ордері жүргізілмеген.
55 - тармақ - Бюджет кодексінің 94-бабының 2-тармағының талаптары сақталмай, Мекеменің балансында тұрған мемлекеттік тұрғын үй қорынан мүлікті жалға беруден түсетін түсімдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз етілмеген. 56 - тармақ - Осылайша, жоғарыда айқындалған бұзушылықтың салдарынан 393 Бұйрықтың 4, 32 тармақтарын, 468 Бұйрықтың 7-қосымшасының 3, 25, 27, 31 тармақтарын бұза отырып, жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар нәтижесінде мекеме 2023 жылға жалпы сомасы 155 899,8 мың теңгеге қаржылық есептілікті бұрмалаған, оның ішінде
31
«Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» 018 жолы бойынша – 7 191,5 мың теңге, «Бюджетке төленетін төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» 212 жолы бойынша – 269,4 мың теңге, «Негізгі құралдар» 114 жолы бойынша – 148 438,9 мың теңге. 3.8. Аудитке 2021 және 2022 жылдарға берілген қаржылық есептіліктер ұсынылған. 57 - тармақ - 468 Бұйрықтың 7-қосымшасының 11-тармағының талаптары сақталмай, 2021 және 2022 жылдарға арналған жылдық қаржылық есептілікке мемлекеттік органның басшысы немесе оның уәкілетті тұлғасы, бас бухгалтер немесе мемлекеттік органда бухгалтерлік есеп жүргізуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшеге жетекшілік ететін тұлғаның қолы қойылмаған. 3.9. Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 43 быбының 12-тармағына сәйкес. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (бар болса) қамтамасыз ету сомасын өнім берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өнім беруші өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ауыстыруды ұсынған жағдайда қайтарады Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылу кезеңінде мемлекеттік сатып алу туралы. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және өнім беруші осы Заңның 26-бабына сәйкес енгізген сома (бар болса) тиісті бюджеттің, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорынның, заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне есептеледі. Сондай ақ Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268 Азаматтық кодексінің 178 бабының 1 тармағына сәйкес талап қоюдың жалпы ескіру мерзімі үш жыл болып белгіленген. 58 - тармақ - «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабының 12-тармағын бұза отырып, шарттың қолданылу мерзімі аяқталған шарттың орындалуын қамтамасыз етуге енгізілген 8 262,4 мың теңге сомасында бюджет кірісіне өндірілмеген. 3.10. Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 39 быбының 3 тармағының 1 тармақшасының талабына сәйкес мекеме «бір көзден алу» тәсілімен 2022 жылдың 1 маусымда шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ескелді Су құбыры» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнымен жалпы сомасы 10 000,0 мың теңгеге №81 келісім-шартқа отырған.
59 - тармақ - Жоғарыда көрсетілген келісім бойынша «Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығының 50-қосымшасына сәйкес, жалпы сомасы 10 000,0 мың теңгеге қызметтер мен жұмыстарды орындау (көрсету) егжей-тегжейлі көрсетілмеген жөндеу
32
жұмыстарына бастапқы құжаттар (орындалған жұмыс актілері), орындалған жұмыс актілерін дайындау және ұсыну түрі қамтамасыз етілмеген.
3.11. Сондай-ақ, Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 4-бабының 2), 3), 7) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарға негізделеген:
2) Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестікке, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеуге;
7) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;
60 - тармақ - Мекеме Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 39-бабы 3-тармағы 1) тармақшасының, талаптарын сақтамай, шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ескелді Су құбыры» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнымен тікелей шарт жасасып, бір көзден алу тәсілімен 10 000,0 мың теңге сомасында негізсіз шарт жасасқан бұл Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 4-бабының 2), 3), 7) тармақшаларының әділ бәсекелестік пен әлеуетті жеткізушілерге тең мүмкіндіктер берудің негізгі қағидаттарының бұзылуына тікелей әсер еткен.
61 - тармақ - Осылайша, бюджеттік бағдарламаның алға қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған қажетті әкімшілік-басқару шешімдерін қабылдамау, сондай-ақ бюджет қаражатының неғұрлым аз мөлшерін пайдалана отырып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу нәтижесінде, Мекеме, Бюджет кодексінің 4-бабының 12-тармағын бұза отырып, 2022 жылға бөлінген 10 000,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланған.
3.12. «Zigmund» жауапкершілігі әзірлеген сметалық құжаттама негізінде және 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 7251910-ОК1 ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «Ескелді ауданының Жетісу ауылына кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеу» жобасы бойынша мекеме мен «Прогресс KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында 045-015-159 бюджеттік бағдарлама бойынша 2022 жылдың 1 маусымда жалпы сомасы 337 064,1 мың теңгеге №78 мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан. Шарттың №1 қосымшасына сәйкес шарт бойынша жеткізу мерзімі шарт тіркелген күннен бастап 5 ай ішінде деп айқындалған. 62 - тармақ - 2022 жылғы 1 маусымдағы №78 Шарттың 8.3-тармағын және Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43-бабының 24-тармағын бұза отырып, мекеме «Прогресс KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен Ескелді ауданының Жетісу ауылына кіреберіс жолының орташа жөндеу бойынша шарттық міндеттемелерін уақтылы орындамағаны үшін 698,9 мың теңге сомасында тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз етпеген. 63 - тармақ - Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 12-бабы 4-тармағының 3) тармақшасын бұза отырып, мекеме «Прогресс KZ»
33
жауапкершілігі шектеулі серіктестігін өнім берушінің жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгіну жөнінде шаралар қабылданбаған.
4. «Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) бойынша:
4.1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының» 37 қосымшасының 321 нысанына сәйкес Мекеменің материалдық жауапты тұлғаларамен Толық материалдық жауапкершілік (үлгі) туралы шарт жасалуы тиіс. 64 - тармақ - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының» 37 қосымшасының 321 нысанының талаптары сақталмай Мекеменің материалдық жауапты тұлғаларамен Толық материалдық жауапкершілік (үлгі) туралы шарт жасалынбаған.
4.2. 393 бұйрықтың 28 тармағына сәйкес Әрбір есепті ай өткенен кейін барлық мемориалды ордерлер, мемориады ордерлер – жинақтау ведомостері оларға қатысты құжаттармен бірге хронологиялық тәртіппен іріктеледі және түптелед. Құжаттар саны аз болған кезде түптеуді үш айда бір дестеге жүргізіледі. Мұқабада мемлекеттік мекеменің немесе орталықтандырылған бухгалтерияның атауы, дестенің, істің атауы мен реттік нөмірі, есепті кезең жыл мен ай, мемориалды ордерлердің бастапқы және соңғы нөмірлері, істегі беттердің саны жазылады делінген.
65 - тармақ - 393 бұйрықтың 28 тармағының талаптары сақталмай мекеме аудитпен қамтылған кезеңде тексерілген және есепке қабылданған құжаттар номенклатуралық істерде хронологиялық тәртіпте нөмірленбегендігі, тігінделмегендігі анықталды.
4.3. Бюджет кодексінің 4 бабының 1 абзацының 9 тармақшасының талабына сәйкес негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану делінген.
Бюджет кодексінің 3 бабының 1 тармағының 12-4 тармақшасының талабына сәйкес бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану делінген.
511 Бұйрықтың 52 тармағының талабына сәйкес Мемлекеттiк мекемелер ММ нысанын шығыстардың экономикалық жiктемесiнiң әрбiр ерекшелiгi
34
бойынша шығыстардың есептемелерiн қоса бере отырып, бағдарламалардың әкiмшiсiне ұсынады делінген.
66 - тармақ - Бюджет кодексінің 4 бабының 1 абзацының 9 тармақшасының, 3 бабының 1 тармағының 12-4 қармақшасының және 511 Бұйрықтың 52 тармағының талаптары сақталмай Мекеме 2021-2023 жылдарға арналған 007 бағдарламасы бойынша шығыстарды қаржыландыру көлемін, шығыстардың сомасын растайтын тиісті құжаттарсыз айқындаған осылайша 124 532,3 мың теңге қаражат тиімсіз жоспарланған.
5. «Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемелекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) бойынша:
5.1. 2021 жылы мекеменің бюджетіне шешімдерімен және қаулыларымен 5 рет өзгертулер енгізілген:
- 2021 жылдың 22 маусым № 10-34 шешімі;
- 2021 жылдың 06 қыркүйегіндегі № 15-53 шешімі;
- 2021 жылдың 27 қазанындағы № 6 шешімі;
- 2021 жылдың 05 қарашасындағы № 7 шешімі;
- 2021 жылдың 26 қарашасындағы № 10-62 шешімі.
67 - тармақ - 2021 жылы 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасының 029 ерекшелігі бойынша 300 000,0 мың теңге жоспарланған, нақты шығысталғаны 126 239,2 мың теңге, немесе 42,0 пайызға орындалған, нақты шығыстар арасында елеулі айырмашылық орын алған.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4 бабының 12 және 13 тармағының талаптары сақталмай «Қарабұлақ ауылындағы Победа паркін абаттандыру жұмыстары» нысаны (оның ішінде, аталған нысанның авторлық және техникалық қадағалау қызметтерін қоса алғанда) бойынша 2021 жылдың 09 мамырында «МОНОЛИТ» ЖШС–мен жасалған №61 келісім-шарт негізінде 2021 жылдан 2022 жылға өтпелі нысандардың қаражаты нақты бөлініп жоспарланбағандықтан түпкілікті нәтижеге қол жеткізбеу тиімсіз жоспарлауға әкеліп 160 944,0 мың теңге игерілмеген.
5.2. 2022 жылы мекеменің бюджетіне мәслихат шешімдерімен және қаулыларымен 5 рет өзгертулер енгізілген:
– 2022 жылдың 20 мамырындағы № 29-102 шешімі;
– 2022 жылдың 07 маусымдағы № 30-105 шешімі;
– 2022 жылдың 15 қыркүйектегі № 36-121 шешімі;
– 2022 жылдың 10 қарашасындағы № 39-131 шешімі;
– 2022 жылдың 06 желтоқсанындағы № 41-139 шешімі.
68 - тармақ - 2022 жылы 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасының 029 ерекшелігі бойынша 495 558,0 мың теңге жоспарланған, нақты шығысталғаны 331 743,2 мың теңге, немесе 66,9 пайызға орындалған, нақты шығыстар арасында елеулі айырмашылық орын алған.
35
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4 бабының 12 және 13 тармағының талаптары сақталмай «Қарабұлақ ауылындағы Победа паркін абаттандыру жұмыстары» нысаны (оның ішінде, аталған нысанның авторлық және техникалық қадағалау қызметтерін қоса алғанда) бойынша 2021 жылдың 09 мамырында «МОНОЛИТ» ЖШС–мен жасалған №61 келісім-шарт негізінде аяқталмаған нысандардың қаражаты нақты бөлініп жоспарланбағандықтан түпкілікті нәтижеге қол жеткізбеу тиімсіз жоспарлауға әкеліп 132 204,0 мың теңге игерілмеген.
5.3. 2023 жылы мекеменің бюджетіне мәслихат шешімдерімен және қаулыларымен 6 рет өзгертулер енгізілген:
– 2023 жылдың 28 ақпанындағы № 02 шешімі;
– 2023 жылдың 04 мамырындағы № 4-18 шешімі;
– 2023 жылдың 16 тамызындағы № 9-29 шешімі;
– 2023 жылдың 17 қарашасындағы № 237 шешімі;
– 2023 жылдың 22 қарашасындағы № 15-48 шешімі;
– 2023 жылдың 15 желтоқсанындағы № 7 шешімі.
69 - тармақ - 2023 жылы 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасының 028, 029 ерекшелігі бойынша 137 000,0 мың теңге жоспарланған, нақты шығысталғаны 10 347,9 мың теңге, немесе 7,5 пайызға орындалған, нақты шығыстар арасында елеулі айырмашылық орын алған.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4 бабының 12 және 13 тармағының талаптары сақталмай «Қарабұлақ ауылындағы Победа паркін абаттандыру жұмыстары» нысаны (оның ішінде, аталған нысанның авторлық және техникалық қадағалау қызметтерін қоса алғанда) бойынша 2021 жылдың 09 мамырында «МОНОЛИТ» ЖШС–мен жасалған №61 келісім-шарт негізінде аяқталмаған нысандардың қаражаты нақты бөлініп жоспарланбағандықтан түпкілікті нәтижеге қол жеткізбеу тиімсіз жоспарлауға әкеліп 136 103,0 мың теңге игерілмеген.
5.4. Бюджет кодексінің 116 бабының 1 тармағының талабы бойынша бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен және есепке алу саясатымен регламенттелген мемлекеттік мекемелердің операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді делінген және №393 бұйрықтың 2 тарауының 4 тармағына сәйкес қаржы жағдайы, қаржы жағдайындағы өзгерістер мен қызмет нәтижелері туралы толық және анық ақпарат беру бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты болып табылады делінген.
70 – тармақ - Алайда Бюджет кодексінің 116 бабының 1 тармағының және №393 бұйрықтың 2 тарау 4 тармағының талаптары сақталмай 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары бойынша Қазынашылықтың 5-15А нысандары жинақталмаған.
36
5.5. Еңбек Кодексінің 115 бабының 2 тармағының 3 тармақшасының талаптарына сәйкес ұстап қалуға жататын шығынның бірі ол жалақы есебінен жұмыскерге берілген жұмыс істелмеген авансты өтеу делінген.
71 - тармақ - Еңбек Кодексінің 115 бабының 2 тармағының 3 тармақшасының талаптары сақталмай мекеме қызметкеріне 2022 жылдың шілде айында берілген 150 000 теңге жалақы есебіне берілген аванстың 75,0 мың теңгесі жыл соңында ұсталып қалмаған.
5.6. Бюджет кодексінің 116 бабының 1 тармағының талабы бойынша бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен және есепке алу саясатымен регламенттелген мемлекеттік мекемелердің операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді делінген және №393 бұйрықтың 2 тарауының 4 тармағына сәйкес қаржы жағдайы, қаржы жағдайындағы өзгерістер мен қызмет нәтижелері туралы толық және анық ақпарат беру бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты болып табылады делінген.
72 - тармақ - Мекеме – 2021 жылдың 09 мамырында Қарабұлақ ауылындағы Победа паркін абаттандыру жұмыстары бойынша жалпы сомасы 549 722,7 мың теңгеге «Монолит» ЖШС–мен №61 келісім шартын жасасқан.
- 2021 жылдың 29 маусымында Қарабұлақ ауылындағы Победа паркін абаттандыру жұмыстарының авторлық қадағалау қызметтеріне жалпы сомасы 6 108,0 мың теңгеге «Axis Build» ЖШС–мен №78 келісім шартын жасасқан.
- 2021 жылдың 09 маусымында Қарабұлақ ауылындағы Победа паркін абаттандыру жұмыстарының техникалық қадағалау қызметтеріне жалпы сомасы 15 019,2 мың теңгеге «Saulet Trans Servis» ЖШС–мен №67 келісім шартын жасасқан.
Аталған нысан бойынша құрылыс жұмыстарымен қоса авторлық және техникалық қадағалау жұмыстарының сомасын қосқанда 435 651,5 мың теңгенің міндеттемелерін орындалған, орындалған жұмыстар актісімен қабылданып алынған, бірақ бухгалтерлік есепке толықтай алынбаған. Атап айтқанда, 2021 жыл бойынша 53 245,9 мың теңге аяқталмаған құрылыс ретінде 2411 шотына қойылған. Одан кейінгі 2021 – 2022 жылдар бойынша орындалған міндеттемелер 382 405,6 мың теңгенің өнімі бухгалтерлік есепке аяқталмаған құрылыс ретінде 2411 шотына қойылмаған.
73 - тармақ - Мекеме мен «Қуатты Мемлекет» ЖШС–і арасында 2023 жылдың 22 тамызында Шымыр ауылындағы қатты қалдықтарды төгетін полигонды қоршау жұмыстары бойынша жалпы сомасы 3 716,6 мың теңгеге №109 келісім шартын жасасқан. Келісім шарттар бойынша міндеттемелер толығымен орындалған, орындалған жұмыстар актісімен қабылданып алынған, бірақ бухгалтерлік есепке алынбаған. Бюджет кодексінің 116 бабының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасына 236, 243, 244 –
37
тармақтарының талаптары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының 16 тармағы талаптары (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) басшылыққа алынбаған. Яғни, 3 716,6 мың теңгенің өнімі бухгалтерлік есепке өзге негізгі құралдар ретінде 2330 шотына қойылмаған.
74 - тармақ - Мекеме мен «BS Build» ЖШС–і арасында 2022 жылдың 06 сәуірінде Шымыр ауылындағы шағын футбол алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жалпы сомасы 12 358,4 мың теңгеге №41 келісім шартын жасасқан. Келісім шарттар бойынша міндеттемелер толығымен орындалған, орындалған жұмыстар актісімен қабылданып алынған, бірақ бухгалтерлік есепке алынбаған, яғни жасалған шағын футбол алаңының баланстық құнының өсуіне әкелмеген. Бюджет кодексінің 116 бабының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасына 271 – тармағының талаптары басшылыққа алынбаған. Яғни, 12 358,4 мың теңгенің өнімі бухгалтерлік есепке 2330 шотындағы өнімнің баланстық құнын ұлғайту бойынша жұмыстар жасалмаған.
75 - тармақ - Мекеме мен «Қуанышбаев» ЖК–і арасында 2021 жылдың 09 қыркүйегінде Шымыр ауылындағы спорт алаңын жайластыру жұмыстары бойынша жалпы сомасы 7 237,6 мың теңгеге №92 келісім шартын жасасқан. Келісім шарттар бойынша міндеттемелер толығымен орындалған, орындалған жұмыстар актісімен қабылданып алынған, бірақ бухгалтерлік есепке алынбаған, яғни жасалған шағын футбол алаңының баланстық құнының өсуіне әкелмеген. Бюджет кодексінің 116 бабының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасына 271 – тармағының талаптары басшылыққа алынбаған. Яғни, 7 237,6 мың теңгенің өнімі бухгалтерлік есепке 2330 шотындағы өнімнің баланстық құнын ұлғайту бойынша жұмыстар жасалмаған.
76 - тармақ - Мекеменің 2021 жылдың қаржылық есептілігін жасауында 2022 жылдың 01 қаңтарына өткізілген жылдық қорытынды теңгерімінде (баланс):
– ШЖҚ «Қарабұлақжылу» МКК–нің есеп айырысу актісі басшылыққа алынбай 21 615,75 теңгенің кредиторлық қарызы, «Қазақтелеком» АҚ–ның есеп айырысу актісі басшылыққа алынбай 35 633,42 теңгенің кредиторлық қарызы, «Жетысу Энерготрейд» ЖШС–нің есеп айырысу актісі басшылыққа алынбай 53,6 мың теңгенің кредиторлық қарызы, жалпы 2021 жылдың қорытындысы бойынша 110,8 мың теңге кредиторлық қарызы бойынша бухгалтерлік баланстың 215 жолында жабдықтаушылармен мердігерлер алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек ретінде көрсетілмегені анықталды. Аталған бұзушылық Бюджет кодексінің 116 бабының 1 тармағы,
38
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 116 және 118–тармақтарының талаптарының сақталмауынан орын алған.
77 - тармақ - Мекеменің 2022 жылдың қаржылық есептілігін жасауында 2023 жылдың 01 қаңтарына өткізілген жылдық қорытынды теңгерімінде (баланс) ШЖҚ «Қарабұлақжылу» МКК–нің есеп айырысу актісі басшылыққа алынбай 120,6 мың теңгенің кредиторлық қарызы, «Қазақтелеком» АҚ–ның есеп айырысу актісі басшылыққа алынбай 17,2 мың теңгенің кредиторлық қарызы, «Жетысу Энерготрейд» ЖШС–нің есеп айырысу актісі басшылыққа алынбай 17,3 мың теңгенің кредиторлық қарызы, жалпы 2022 жылдың қорытындысы бойынша 155,1 мың теңге кредиторлық қарызы бойынша бухгалтерлік баланстың 215 жолында жабдықтаушылармен мердігерлер алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек ретінде көрсетілмегені анықталды. Аталған бұзушылық Бюджет кодексінің 116 бабының 1 тармағы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 116 және 118–тармақтарының талаптарының сақталмауынан орын алған.
78 - тармақ - Мекеменің 2023 жылдың қаржылық есептілігін жасауында 2024 жылдың 01 қаңтарына өткізілген жылдық қорытынды теңгерімінде (баланс):
– ШЖҚ «Қарабұлақжылу» МКК–нің есеп айырысу актісі басшылыққа алынбай 5,1 мың теңгенің кредиторлық қарызы, «Жетысу Энерготрейд» ЖШС–нің есеп айырысу актісі басшылыққа алынбай 8,4 мың теңгенің кредиторлық қарызы, жалпы 2023 жылдың қорытындысы бойынша 13,6 мың теңге кредиторлық қарызы бойынша бухгалтерлік баланстың 215 жолында жабдықтаушылармен мердігерлер алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек ретінде көрсетілмегені анықталды. Аталған бұзушылық Бюджет кодексінің 116 бабының 1 тармағы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 116 және 118–тармақтарының талаптарының сақталмауынан орын алған.
5.7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына және Жетісу облысы әкімнің 2023 жылдың 02 ақпанындағы 5-ө н/қ өкімнің 2-қосымшасының талаптарына сай мекемеде қызметтік автокөлік саны 1 бірлік болып бекітілген. 79 – тармақ - Бекітілген заттай нормалардан асыру Бюджет кодексінің 4–бабы 9 және 13 тармақтарының талаптарының сақталмауына әкелген, атап айтқанда 2022 жылы 022 бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын
39
жоспарлау мен игеру кезіндегі негізділік және жауапкершілік принциптері сақталмай, жалпы сомасы 10 725,8 мың теңге тиімсіз жоспарланған.
5.8. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңы және 2021 жылдың 06 мамырындағы №5585180 – ОК1 Ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде мекеме 2021 жылдың 09 мамырында Қарабұлақ ауылындағы Победа паркін абаттандыру жұмыстары бойынша жалпы сомасы 549 722,7 мың теңгеге «МОНОЛИТ» ЖШС–мен №61 келісім шартын жасасқан.
Аудит барысында 2024 жылдың 22 тамызында «Қарабұлақ ауылындағы Победа паркін абаттандыру жұмыстары» нысанында – жұмыстардың толық жүргізілгенінің анықтығын растау мақсатында бақылау өлшемі (тексеріп қарау) жүргізілді.
80 – тармақ - «Қарабұлақ ауылындағы Победа паркін абаттандыру жұмыстары» нысанында жүргізілген жұмыстар барысында Бюджет кодексінің 97–бабы 6–тармағының және келісім-шарттың 4 тармақтың 1 тармақшасының талаптарын сақтамалмай, жұмыстың сенімді расталуын қамтамасыз етпей тапсырыс беруші жалпы құны 40 374,0 мың теңгенің орындалмаған жұмыстарына қаражат төлеген.
Бұл арада, аяқталмаған 40 374,0 мың теңгенің жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстар туралы актіге сәйкес:
– «Уақытша ғимараттар мен құрылыстар 1,3% = (524 862 теңге)»;
– «Қыс мезгілінде ҚМЖ өндіруге арналған шығындар 1,35% (545 049 теңге)»;
– «Күтпеген жұмыстар мен шығындар 2% (807 479 теңге)»;
– «Қосылған құн салығы 12% (4 844 876 теңге)»;
– «Тендерлік жеңілдік 10% (4 037 397 теңге)» көрсеткіштері бойынша есептеулер жасалып (40 373 973 теңге + 524 862 +545 049 + 807 479 + 4 844 876 – 4 037 397 = 43 058 842 теңге) 43 058,8 мың теңгені құрады.
81 – тармақ - «Қарабұлақ ауылындағы Победа паркін абаттандыру жұмыстары» нысаны бойынша авторлық қадағалау қызметтерін жүргізген «Axis Build» ЖШС–і Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 34–бабы 2–3–тармағының 1–тармақшасының талаптарын және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» №71 бұйрығының 25–тармағы 1–тармақшасының, 26–тармағының талаптарын сақтамаған. Осы заңның 34–бабы 2–4 тармағының талаптарына сай авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар жүктелген міндеттерді орындамағаны (тиiсiнше орындамағаны) не өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
82 – тармақ - «Қарабұлақ ауылындағы Победа паркін абаттандыру жұмыстары» нысаны бойынша техникалық қадағалау қызметтерін жүргізген «Saulet Trans Servis» ЖШС–і Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16
40
шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 34–1–бабы 5–тармағының 2–тармақшасының талаптарын және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 71 бұйрығының 10 – тармағы 10), 13), 14) тармақшаларының талаптарын сақтамаған. Осы заңның 34–1–бабы 6–тармағының талаптарын бұза отырып техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға міндеттерді орындамағаны (тиiсiнше орындамағаны) не өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
83 – тармақ - Мекеменің лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жұмсауда Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 12 және 13 тармақтарының талаптарының сақталмауына әкелген, атап айтқанда 2021-2022 жылдары 011 бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын игеру кезіндегі тиімділік қағидаты (бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу) және жауапкершілік принципі (тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінің қабылдануы) сақталмай, жалпы сомасы 43 058,8 мың теңге тиімсіз жұмсалған.
5.9. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңы және 2023 жылдың 21 тамызындағы №10511657-ЗЦП1 Бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде мекеме 2023 жылдың 24 тамызында Қарабұлақ ауылы Некрасов көшесіндегі №21 тұрғын үйдің ауласы мен балалар алаңын абаттандыру жұмыстары бойынша жалпы сомасы 5 376,0 мың теңгеге Мекеме, «Smart Story Group 2050» ЖШС–мен №105 келісім шартын жасасқан.
Келісім шартыттың 1 қосымшасына сай қызметтер мерзімі шарт жасалған күннен бастап 60 күнтізбелік күн, яғни 2023 жылдың 23 қазаны болып айқындалған.
84 - тармақ - «Smart Story Group 2050» ЖШС–і негізгі келісім шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін жалпы 25 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны анықталды. Бұл ретте негізгі келісім шарттың 8.3 тармағына сәйкес орындаушы жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% тұрақсыздық айыппұл немесе 2,5 мың теңге есептелінді.
85 – тармақ - Жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағының 3
41
тармақшасының талабына сәйкес «Smart Story Group 2050» ЖШС –і тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
5.10. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңы және 2023 жылдың 21 тамызындағы №10513951-ЗЦП1 Бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде мекеме 2023 жылдың 24 тамызында Шымыр – Қарабұлақ жолындағы айналма жолды абаттандыру жұмыстары бойынша жалпы сомасы 6 160,0 мың теңгеге «Smart Story Group 2050» ЖШС–мен №107 келісім шартын жасасқан.
Келісім шартыттың 1 қосымшасына сай қызметтер мерзімі шарт жасалған күннен бастап 60 күнтізбелік күн, яғни 2023 жылдың 23 қазаны болып айқындалған.
86 - тармақ - «Smart Story Group 2050» ЖШС–і негізгі келісім шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін жалпы 8 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны анықталды. Бұл ретте негізгі келісім шарттың 8.3 тармағына сәйкес орындаушы жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% тұрақсыздық айыппұл немесе 52,5 мың теңге есептелінді.
87 – тармақ - Жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес «Smart Story Group 2050» ЖШС –і тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
5.11. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңы және 2021 жылдың 14 мамырындағы №5645299 – ОК1 Ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде мекеме 2021 жылдың 25 мамырында Абай ауылындағы Темірғали көшесіне 1 460 метрге орташа жөндеу жұмыстары бойынша жалпы сомасы 17 721,9 мың теңгеге «Карибаев» ЖШС–мен №57 келісім шартын жасасқан. Келісім шартыттың 1 қосымшасына сай қызметтер мерзімі 2021 жылдың 30 қыркүйегі болып айқындалған.
2021 жылдың 07 шілдесіндегі округ әкімнің хаты (08.07.2021 жылғы №8 жауап хат) негізінде өткізілген 21 шілдесіндегі техникалық отырыстың хаттамасын сәйкес қосымша смета жасалып 300 метрді құрайтын Рүстембекова переулогы жұмыстары қосылған.
2021 жылдың 21 шілдесіндегі техникалық отырыстың хаттамасы негізінде 2021 жылдың 09 тамызында негізгі келісім шартқа №1 қосымша
42
келісім жасалып, келісім шарттың сомасы 6 809,8 мың теңгеге ұлғайтылып 24 531,8 мың теңгені құраған.
Алайда жұмыстарды жасау барысында қате саналған 2 805,8 мың теңге шартты жеңілдік сомасы кемітіліп, мердігер тарапынан атқарылған жұмыстар анықтамалары 21 726,0 мың теңгеге өткізілген, және мекеме тарапынан аталған сомаға төле жасалған. Артық есептеліп, игерілмеген сома 2 805,8 мың теңге 2021 жылдың қараша айында бос қалдық ретінде шешілген.
88 – тармақ - Мекеменің лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жұмсауда Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» – нің 4–бабы 12 және 13 тармақтарының талаптарының сақталмауына әкелген, атап айтқанда 2021 жылы 045 бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын игеру кезіндегі тиімділік қағидаты (бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу) және жауапкершілік принципі (тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінің қабылдануы) сақталмай, жалпы сомасы 2 805,8 мың теңге тиімсіз жоспарланған. 5.12. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік–процестік Кодексі»–нің 40 бабының 1 тармағының талабына сәйкес мемлекеттік орган өз қызметін ұйымдастыру және ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды делінген. 89 – тармақ - Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік–процестік Кодексі»–нің 40 бабы 1 тармағының талаптарына сақталмай, Мекеме мемлекеттік органның өз қызметін ұйымдастыру және ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдамаған. 5.13. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік–процестік Кодексі»–нің 39 бабының 2 тармағының талабына сәйкес Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін мемлекеттік органдар өз қызметін тоқсанға, бір жылға және ұзақ мерзімді перспективаға арналып жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады делінген. 90 – тармақ - Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік–процестік Кодексі»–нің 39 бабы 2 тармағының талаптарына сақталмай, Мекеме тарапынан мемлекеттік органның өз қызметін тоқсанға, бір жылға және ұзақ мерзімді перспективаға арналып жасалатын жұмыс жоспарларын жасамаған.
43
5.14. Мемлекеттік аудит мақсатына сай, мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін тексеру мақсатымен мекеме ғимаратында орналасқан жалға алушылармен жасалған келісім шарттарды қарау барысында төмендегі жайттар орын алғаны анықталды.
Мекеменің орналасқан жері 3 қабатты жертөлесімен (подвал), жалпы алаңы 1058 шаршы метр, Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі № 52 ғиаратында орналасқан. Ғимараттың техникалық паспорты күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін 2019 жылдың 10 қыркүйегінде қайта жасалған. Техникалық паспорт бойынша ғимараттың 3 қабаты жертөлесімен мекеменің мүлкі болып табылады.
«Аманат» партиясының Ескелді ауданы бойынша филиалы мен «Ескелді ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) арасында аудитпен қамтылған кезеңде жалдау шарттары жасалмағаны анықталды. Сонымен қатар, «Аманат» партиясының Ескелді ауданы бойынша филиалы, аудитке, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама ұсынды. Анықтама мазмұны бойынша:
– Бастапқы объект – кадастрлік нөмірі 03:164:035:778:65/52/А, нысаналы мақсаты – әкімшілік мекеме, жалпы көлемі 277,7 шаршы метр, меншік құқығы – жеке.
– Жер учаскесі – кадастрлік нөмірі 24:164:035:778, нысаналы мақсаты – көппәтерлі үйді орналастыру және пайдалану, жалпы көлемі 0,0217 га, меншік құқығы – жеке.
Аталған жәйттің мән жайын анықтау барысында келесі фактілер анықталды:
– кадастрлік нөмірі 03-264-035-297, жалпы көлемі 0,2315га жер учаскесі 2004 жылдың 1 қазанында «Ескелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне №3421 тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актісімен берілген.
– gosreestr.kz порталында кадастрлік нөмірі 03-264-035-297 ғимарат 2013 жылдың 30 тамызынан «Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемелекеттік мекемесінің балансына берілген.
– коммуналдық меншіктегі объектілерді жекешелендіру мақсатында жасалған 2013 жылдың 30 шілдесінде «Жоламан» ЖШС – нің жылжымайтын мүлікті бағалау туралы №643 есебіне сай ғимараттың 255,2 шаршы метр бөлігінің нарықтық бағасы 304 853 теңге болып айқындалған.
– 2013 жылдың 02 қыркүйеігндегі жекешелендіру нысандарын сату жөніндегі сауда саттықта (аукцион) нәтижесі туралы №1 хаттамасына сай 396 309 теңгеге сауда саттықта (аукцион) жеңіп шыққан тұлға Шалимбетов Қалмұқан Құрманович анықталған.
– 2013 жылдың 06 қыркүйегінде №01 сатып алу – сату шарты бойынша аталған ғимараттың 255,2 шаршы метр бөлігі Шалимбетов Қалмұқан
44
Құрмановичке сатылып 2013 жылдың 06 қыркүйегінде №01 қабылдап алу – өткізіп беру актісімен берілген.
– 2013 жылдың 30 қыркүйегіндегі №1 өтеусіз беру туралы шарты және 2013 жылдың 03 қазанындағы қабылдап алу – өткізіп беру актісімен Шалимбетов Қалмұқан Құрманович Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты орналасқан Оразбекова көшесі 52 ғимаратының 277,7 шаршы метр бөлігін «Нұр Отан» партиясының Ескелді ауданы бойынша филиалы атынан төрағасының бірінші орынбасары Мейрман Тлеуберлиновқа өткізіп берген.
– 2014 жылдың 19 желтоқсанында Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің №432 өкімімен және 2014 жылдың 10 қарашасында Ескелді ауданы әкімдігі жанынан құрылған жер мәселелерін қарау жөніндегі комиссиясының №10 хаттамасы негізінде Оразбекова көшесі 65/52 мекен жайында орналасқан әкімшілік ғимаратына қызмет көрсету үшін, кондоминимумның қатысушыларына жалпы көлемі 0,0861га жер учаскесін оның ішінде 0,0217га үлесін «Нұр Отан» партиясының Ескелді ауданы бойынша филиалына құны 89 838 теңгеге сатып алу құқығымен жеке меншікке берген.
Алайда, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» №413-IV Заңының 127 бабы 2 тармағының талаптарына сай, мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкі бөлінбейтін мүлік болып табылады (2013 жылғы редакцияда қаралды, өзгерістер жоқ).
Сондай–ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы «Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы» №1587 қаулысының 1 тармақ 1 тармақшасының талаптарына сай, жер (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негiздер, шарттар және шектер бойынша жеке меншiкте болатындарынан басқа), оның қойнауы, су, өсiмдiк және хайуанаттар дүниесi мемлекеттік меншiк объектiлерi жекешелендiруге және оның алдын ала сатыларына жатпайды деп белгіленген. Аудит барысында, аталған мәселені зерделеу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» мемлекеттік емес акционерлік қоғамының Жетісу облысы бойынша филиалының Ескелді аудандық тіркеу және жер кадастры бөліміне «Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемелекеттік мекемесі атынан 2024 жылдың 06 қыркүйегіндегі №568 сұраныс хаты жіберілді. Алайда, аталған хатқа келген 2024 жылдың 10 қыркүйегіндегі 03-20-53-60№12096 жауап хатта ешқандай толықтырар мәлімет берілмеді.
Аудиттың пікірінше, жоғарыда көрсетілген құжаттарының заңдылығы және аталған құжаттардағы деректердің бір біріне сай келмеуі (мысалы: сауда саттық қорытындысы бойынша жасалған келісім шартта жекешелендірілген 255,5 шаршы метрді құрайды, ал Шалимбетовтың «Нұр Отан» партиясына өтеусіз беру келісім шарты мен өткізіп беру қабылдау актісінде 277,7 шаршы метр көлемдер көрсетілген.), Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» №413-IV Заңының және Қазақстан
45
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы «Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы» №1587 қаулысының талаптарының бұзылуына жол берілген.
III. Қорытынды бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:
Ескелді ауданына қарасты мемлекеттік мекемелер бойынша мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 18 718,2 мың теңге өтелді, 561 898,6 мың теңге бойынша қалпына келтірілулер жасалды, олар:
- «Ескелді ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
Аудит жүргізу барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін:
Әлеуметтік көмек алып міндеттемелерін орындамаған мамандар
ойынша сотқа талап арызбен жүгіну шаралары жүргізілді.
2024 жылғы 12 қыркүйектегі бухгалтерлік анықтамаларға сәйкес 550,0 мың теңге қалпына келтірілді;
2024 жылғы 18 қыркүйектегі №2409189416694 түбіртек бойынша 291,7 мың теңге;
2024 жылғы 21 қыркүйектегі 2409210982657 түбіртек бойынша 306,3 мың теңге;
2024 жылғы 24 қыркүйектегі №2409242006133 түбіртек бойынша 345,0 мың теңге;
2024 жылғы 23 қыркүйектегі №2409237077036 түбіртек бойынша 306,3 мың теңге;
2024 жылғы 23 қыркүйектегі №2409236739563 түбіртек бойынша 291,7 мың теңге;
2024 жылғы 20 қыркүйектегі №2409206858060 түбіртек бойынша 306,3 мың теңге;
2024 жылғы 23 қыркүйектегі №2409169644140 түбіртек бойынша 291,7 мың теңге;
2024 жылғы 19 қыркүйектегі №2409193835858 түбіртек бойынша 291,7 мың теңге;
2024 жылғы 10 қыркүйектегі №2409105894986 түбіртек бойынша 306,3 мың теңге;
2024 жылғы 3 қазандағы №2410037021042 түбіртек бойынша 291,7 мың теңге;
2024 жылғы 2 қазандағы №2410023053926 түбіртек бойынша 345,0 мың теңге;
2024 жылғы 2 қазандағы №2410023570884 түбіртек бойынша 291,7 мың теңге;
46
2024 жылғы 27 қыркүйектегі №2409273643540 түбіртек бойынша 306,3 мың теңге;
2024 жылғы 18 қазандағы №690 түбіртек бойынша 291,7 мың теңге;
2024 жылғы 18 қазандағы №689 түбіртек бойынша 306,3 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
2024 жылғы 20 қыркүйектегі №000006063 түбіртек бойынша 3 608,5 мың теңге ары қарай бюджет есебіне қайтару мақсатында «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының есебіне өндірілді.
- «Ескелді ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
Аудит жүргізу барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін:
Артық төленіп уақытылы ұсталмаған 481,2 мың теңге еңбекақы мен сыйақы бюджет есебіне өндірілді;
Жалпы сомасы 1 721,4 мың теңге тиісті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің есебіне өндірілді.
- «Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
Аудит жүргізу барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін:
2024 жылғы 13 қыркүйектегі №9 бухгалтерлік анықтамамен 148 438,9 мың теңге сома қалпына келтірілді;
2024 жылғы 11 қыркүйектегі №8 бухгалтерлік анықтамамен 7 191,5 мың теңге дебиторлық берешек сомасы қалпына келтірілді;
2024 жылғы 11 қыркүйектегі №492Е251/24-480 төлем шоты бойынша 8 262,4 мың теңге бюджет есебіне өндірілді.
- «Ескелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
Аудит жүргізу барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін:
Мекеменің жауапты тұлғасымен материалдық жауапкершілік туралы мекеме басшысының №28-бн/қ бұйрығына сәйкес толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалынды;
Мекеменің есептілік құжаттары 393 Бұйрықтың 28 тармағының талаптарына сәйкестендірілді.
- «Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
Аудит жүргізу барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін:
405 718,2 мың теңгенің өнімі бухгалтерлік есепке алынды;
47
75,0 теңге ұсталмаған аванс аудит барысында бюджет есебіне өндірілді;
55,0 мың теңге тұрақсыздық айыбы бюджет есебіне өндірілді;
Мекеменің бас маманы Т.Бекбосыноваға 2024 жылдың 09 қыркүйегіндегі № 36 ж/қ бұйрығына сәйкес тәртіптік жаза берілді.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 4 мемлекеттік аудит объектісі бойынша жалпы саны 29 материал жолданды, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабы бойынша 6 әкімшілік айыппұл, 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес 4 әкімшілік айыппұл, 207 бабының 11 тармағына сәйкес 1 әкімшілік айыппұл және Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының тарапынан 234-1 бабының талабына сәйкес 1 әкімшілік айыппұл салынды, олар:
- Ескелді ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Бейсеқұловаға 2024 жылғы 5 қарашадағы №243300720000403 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 10 бөлігінің 3 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- Ескелді ауданының экономика және қаржы бөлімінің есепшісі М.Құмарбаеваға 2024 жылғы 5 қарашадағы №243300720000404 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- Ескелді ауданының экономика және қаржы бөлімінің бұрынғы есепшісі Б.Байжановқа 2024 жылғы 5 қарашадағы №243300720000405 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 бөлігінің 2 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бұрынғы басшысы Ж.Ертұрғановқа 2024 жылғы 5 қарашадағы № 243300720000402 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 11 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
48
жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің есепшісі Г.Дарменбековаға 2024 жылғы 17 қазандағы № 243300720000393 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 бөлігінің 2 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бұрынғы басшысы Ж.Ертұрғановқа 2024 жылғы 5 қарашадағы № 243300720000401 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 10 бөлігінің 3 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- Ескелді ауданының құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Қабидолдаға 2024 жылғы 10 қарашадағы № 243300720000390 хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 10 бөлігінің 3 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- Ескелді ауданының құрылыс бөлімінің бұрынға есепшісі Л.Игембаеваға 2024 жылғы 11 қарашадағы № 243300720000391 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 бөлігінің 2 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі С.Оналбаевқа 2024 жылғы 14 қарашадағы № 243300720000406 хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 10 бөлігінің 3 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратының есепшісі Т.Бекбосыноваға 2024 жылғы 6 қарашадағы № 243300720000406 және № 243300720000407 хаттамаларына сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 бөлігінің 2 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі С.Оналбаевқа 2024 жылғы 10 қазандағы № 243300670000026 хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 234-1 бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.
49
Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша аудитпен қамтылған атқарушы органдар тұтастай алғанда бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануға бағытталған белгілі бір жұмыс жүргізеді деген қорытынды жасауға болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік аудит объектілерінің алдына қойылған міндеттер мен мақсаттырды іске асыру кезінде елеулі олқылықтарда орын алған. Атап айтқанда:
Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша 727 808,8 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 567 314,9 мың теңгені бюджет қаражаттарын тиімсіз жоспарлау, 272 981,1 мың теңге бюджет қаражатын және мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану, 67 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды;
Бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезінде нормативтік құқықтық актілерді сақтамау нәтижесінде бухгалтерлік есепті жүргізуді жүйелі түрде бұзуға жол берілген;
Еңбек заңнамаларының сақталмауы салдарынан мемлекеттік аудит объектілерінің қызметкерлеріне негізсіз артық қаражаттар төлеу фактілері және жалақы есебінен аванс түрінде берілген қаражаттардың тиісті түрде ұсталмау фактілері орын алған;
Мемлекеттік аудит объектілерінің тарапынан шарттық міндеттемелерді өнім берушілердің (мердігерлердің) тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алу бойынша тиісті деңгейде жұмыс жүргізілмейтіндігі. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу туралы Заңға сәйкес әлеуетті өнім берушілерді жосықсыз деп тану туралы сотқа жүгінбеу фактілері көптеп орын алған; 72 Қағиданың талаптары бойынша Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісімдерде белгіленген міндеттемелерді орындамаған әлеуметтік қолдау шараларын алған мамандардан бюджет қаражаттарының өндірілмеуіне жол берілген;
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын қолданбай жеткізушілермен шарттар жасасу фактілері бар. Яғни, жекелеген жеткізушілердің мүдделері жоғары қойылып (лаббирование интиресов), бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызуы мүмкін;
Мемлекеттік аудит объектілерінің тарапынан мемлекет активтерін пайдалану кезінде олқылықтар жіберілген, құрылысы аяқталып пайдаланылуға берілген объектілер уақытылы мемлекеттік мүлікті мақсатты пайдаланушыларға бермеу фактілері орын алған;
Мемлекеттік аудит объектілер басшыларының және есептілікке жауапты қызметкерлерінің жұмыстарына немқұрайлы қарауы салдарынан
50
есепке алынуы тиіс активтер уақытылы есептілікке алынбай есептіліктің бұрмалануларына алып келген;
Мемлекеттік аудит объектілері басшыларының және есептілікке жауапты қызметкерлерінің жұмыстарына немқұрайлы қарау салдарынан нақты жасалмаған жұмыстарға бюдет қаражаттарының негізсіз және артық аударылуына жол берілген;
Бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау кезінде және мемлекет активтерін қолдану кезінде Бюджет кодексімен айқындалған тиімділік, негізділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің тиімсіз жоспарланылуына, пайдаланылуына және осы қаражаттар мен активтерді пайдалану арқылы межеленген әлеуметтік әсерге қол жеткізілмеуіне жол берілген; Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүлкін басқару және ұлттық экономиканың мүдделеріне сәйкес оның дамуын болжау тиімділігіне кешенді талдау жүргізілмейтіндігі, проблемаларды анықтау, мемлекеттік мүліктің жай-күйін бағалау және мемлекеттік кәсіпорынды одан әрі дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу бөлігінде аудан көлемінде тиісті жұмыстар жүргізілмеген. Аудан көлемінде қызмет ететін кәсіпорындардың 2022, 2023 жылдардағы жұмыстарының қорытындысы бойынша қызметтерін шығынмен аяқтауы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 139-бабының 5-тармағына қайшы, кәсіпорын басшылары даму жоспарларын іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігін қамтамасыз етпегені туралы қорытынды жасауға болады. Мұның себептерінің бірі кәсіпорындарды басқаруды жүзеге асыратын органдар тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, әкімшілік қателіктерден және мемлекеттік активтерді тиімсіз пайдаланудан болатын қаржылық қыйын жағдайдың туындау қауіпіне алып келуі мүмкін; Аудан көлемінде бюджет қаражатын жоспарлау кезінде Бюджет кодексінің және №511 қағиданың талаптарын тиісті деңгейде ұстанбау фактісі орын алған; Сонымен қатар ауданның бюджеттік бағдаралам әкімшілері тарапынан бюджеттік бағдарламаларды қабылдап келісу кезінде Бюджет кодексінің және 195 Бұйрықтың талаптарын сақтамау фактілері орын алған.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.
1. Ескелді ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау, бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігінің мемлекеттік аудиті нәтижелері Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.
2. «Ескелді ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемелекеттік мекемесі:
1) 2025 жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 66 бабы 1, 2 тармақтарына және
51
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 45 бабы 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға тәртіптік шаралар қабылдау қамтамасыз етілсін;
2) 2025 жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей бюджет есебіне өндірілуге жататын 33 101,0 мың теңгенің бюджет есебіне өндірілуі қамтамасыз етілсін, оның ішінде:
2.1. Су сатып алуға жұмсалған 74,2 мың теңге (аудиторлық қорытындының 1-тармағы);
2.2. Мекеменің қызметкеріне артық есептеліп төленген 18,6 мың теңге өтемақы (аудиторлық қорытындының 3-тармағы);
2.3. Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтік көмек ретінде берілген 4 316,7 мың теңге көтерме жәрдемақы (аудиторлық қорытындының 8-тармағы);
2.4. Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтік көмек ретінде ұсынылған 28 691,5 мың теңге бюджеттік кредиттер (аудиторлық қорытындының 9-тармағы).
3) 2025 жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей «CIFRTECH» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 6-тармағы).
3. «Ескелді ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемелекеттік мекемесі:
1) 2025 жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 66 бабы 1, 2 тармақтарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 45 бабы 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға тәртіптік шаралар қабылдау қамтамасыз етілсін;
2) 2025 жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей артық есептеліп төленген 215,5 мың теңге еңбек ақы бюджет есебіне өндірілуі қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 30-тармағы);
3) 2025 жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей 440,8 мың теңге төлем көзінен жеке табыс салығы бюджет есебіне аударылуы қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 31-тармағы);
4) 2025 жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей «Монолит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 37-тармағы);
5) 2025 жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей «Гарант Строй Групп 2016» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 40-тармағы);
6) 2025 жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында жалпы сомасы 1 328,2 мың теңгеге инженерлік-коммуникациялық желілер салу және 60 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйді
52
абаттандыру объектісі бойынша жұмыстарды қалпына келтіруді қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 38-тармағы);
7) 2025 жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы 60 пәтерлі тұрғын үйдің аумағы 69 047,7 мың теңге сомасына инженерлік-коммуникациялық желілерді салу және абаттандыру теңгеріміне қойылсын (аудиторлық қорытындының 33-тармағы).
4. «Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемелекеттік мекемесі:
1) 2025 жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 66 бабы 1, 2 тармақтарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 45 бабы 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға тәртіптік шаралар қабылдау қамтамасыз етілсін.
2) 2025 жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей «Прогресс KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 62-тармағы).
5. «Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемелекеттік мекемесі:
1) 2025 жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей «Қарабұлақ ауылындағы Победа паркін абаттандыру жұмыстары» нысаны бойынша 43 058,8 мың теңгенің орындалмаған жұмыстарын қалпына келтіру қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 80-тармағы).
6. Жетісу облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Б.Мухамеджанов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағида» бойынша толықтырулар енгізу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне ұсыныс жолдасын.
7. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларының бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында өндірген 18 718,2 мың теңгесі және есептілік бойынша қалпына келтірілген 561 898,6 мың теңге назарға алынсын.
8. Жетісу облысы бойынша Тексеру комиссиясының аппарат басшысы А.К. Жаншабай «Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемелекеттік мекемесі бойынша мекеме орналасқан ғимаратттың үшінші тұлғаларға берілуі бойынша материалдар Жетісу облысының
53
прокуратурасына құқық бұзушылық белгілері бар факті ретінде жолдансын.