АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ «Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудиті

 

    

    

2024 жыл

    

           

                                                                                                                                       

    

    


 

 

 

 

 

Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының

2024 жылғы 13 желтоқсандағы №03-47/17 қаулысымен бекітілген

 

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

  1. Кіріспе бөлік

 

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: «Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: «Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру.    

1.3. Мемлекеттік аудит объектісі:

  1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2023 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

  1. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу  және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады.

 Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Мекеменің Ережесі 2022 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің №266 бұйрығымен бекітілген.

2.2. Аудиторлық іс-шаралардың негізгі нәтижелері.

«Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізуде 767 959,0 мың теңге мемлекеттік аудитпен қамтылды.

Аудит нәтижелері, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы 647 389,8 мың теңге.

Оның ішінде:

1) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану – 573 681,5 мың теңге;

2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау – 73 708,3 мың теңге;

3) Рәсімдік бұзушылықтар – 1 дана.

«Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне жүргізілген аудиторлық іс-шарамен келесі бұзушылықтар анықталды:

Жетісу облысы әкімдігінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы  «Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы «Жетісу облысының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» №13-39 шешімін жүзеге асыру туралы» №142 қаулысы негізінде 002 «Аумақтық органның және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы 414 ерекшеліктен негізгі құралдарды сатып алуға 629 071,0 мың теңге бөлінген, оның ішінде Өртке қарсы бейнемониторинг жүйесін сатып алуға  28 571,3 мың теңге бөлінген.

1-тармақ. Алайда, Бюджет кодексінің 67 бабының 12 тармақшасының талабы және Қағиданың 47 тармағының талабы сақталмай, ұсынылған бюджеттік өтінімінде қорлар мен негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлаған кезде есепке қорлар немесе негізгі құралдардың әрбір түрлері бойынша кем дегенде үш прайс-парақтар берілмеген.

Бюджет кодексінің 4 бабының 9, 12 тармақшаларының талаптары бұзылып, 28 571,3  мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланып, негізділік және тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген.

Бұл бұзушылық рәсімдік сипатта болады. Жіберілген бұзушылыққа жауапты тұлға мекеменің бұрынғы қаржы және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы А.Абугалиева болып табылады. Бұзушылықтың болу себебі, негізгі құралдарды сатып алуға кем дегенде үш прайс-парақтар берілмеген. Осының салдарынан бөлінген қаржы тиімсіз жоспарланған.

002 «Аумақтық органның және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасымен 2023 жылы Өртке қарсы бейнемониторинг жүйесін сатып алынғанын растау мақсатында бақылау өлшемі (тексеріп қарау) жүргізілді. Нәтижесінде өртке қарсы бейнемониторинг жүйесінің оператордың автоматтандырылған жұмыс орны мекеме ғимаратының 1 қабатында, бейнебақылауды басқару жүйесінің сервері мекеменің жертөлесінде, 4 бейнекамералар Талдықорған қаласының Қаратал ш.а Жетісу университетінің жатақханасы, Абылайхан көшесі 266 «Темірбетон» ЖШС-де, Назарбаев даңғылы 124 үй,  Көктем ш.а, 10 үй «Көктем Grand» қонақүйінің шатырларында орнатылған.

Тексеріп қарау нәтижесінде өртке қарсы бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеп тұрмағаны анықталды.

2-тармақ. Өртке қарсы бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істемеуі жүйеге қызмет көрсету бойынша келісім шарттың ұзартылмағанына байланысты орын алған, соның нәтижесінде 2023 жылы сатып алынған құны 22 388,8  мың теңгенің Өртке қарсы бейнемониторинг жүйесі бүгінгі күнге жұмыс істемей пайдаланусыз тұр.

Бюджет кодексінің 3 бабының 1 тармағының 12-4 тармақшасына сәйкес бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану және Бюджет кодексінің 4 бабының 9 тармақшасына сәйкес негізділік принципі және 12 тармақшасы тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқарылуы жүзеге асырылмаған.

3,4,5,6,7,8,9- тармақтар. Мекемеде 2023 жылы 002 «Аумақтық органның және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасының 413 ерекшелігі бойынша сатып алынған негізгі құралдары (автотехникалар) облыстың коммуналдық меншігінен республикалық меншікке беруде құжаттары уақытында рәсімделмеуіне байланысты, дер кезінде қолданысқа енгізілмей тиімсіз пайдаланылған, атап айтқанда:

  1. Құны 64 500,0 мың теңгенің Авариялық-құтқару жоғары өтімді автокөлігі 21.11.2023ж. қабылданып алынсада, автокөлік тұрағында 2024 жылдың 24 мамырына дейін қозғалыссыз 6 ай бос пайдаланусыз тұрған. Аталған автокөлік 2024 жылдың 24 мамырында ғана мемлекеттік тіркеуге алынып 502АҒ19 мемлекеттік нөмірі берілген;
  2. Құны 23 035,7 мың теңгенің Штабтық автокөлігі 10.11.2023ж. қабылданып алынсада, автокөлік тұрағында 2024 жылдың 24 мамырына дейін қозғалыссыз 6 ай бос пайдаланусыз тұрған. Аталған автокөлік 2024 жылдың 24 мамырында ғана мемлекеттік тіркеуге алынып 503АҒ19 мемлекеттік нөмірі берілген;
  3. Құны 24 544,6 мың теңгенің Жедел әрекет ету автокөлігі 22.12.2023ж. қабылданып алынсада, автокөлік тұрағында 2024 жылдың 28 маусымына дейін қозғалыссыз 6 ай бос пайдаланусыз тұрған. Аталған автокөлік 2024 жылдың 28 маусымында ғана мемлекеттік тіркеуге алынып 516АҒ19 мемлекеттік нөмірі берілген;
  4. Құны 216 832,0 мың теңгенің 2 дана Камаз 43118 шассиіндегі АЦ 8,0-70 өрт сөндіру автоцистернасы 09.10.2023 ж. қабылданып алынсада, автокөлік тұрағында 2024 жылдың 27 мамырына дейін қозғалыссыз  8 ай бос пайдаланусыз тұрған. Аталған автокөліктер 2024 жылдың 27 мамырында ғана мемлекеттік тіркеуге алынып 530АҒ19 және 2024 жылдың 28 мамырында ғана мемлекеттік тіркеуге алынып 531АҒ19 мемлекеттік нөмірі берілген;
  5. Құны 194 790,4 мың теңгенің 2 дана Камаз 53605 шассиіндегі АЦ 5,0-40 өрт сөндіру автоцистернасы 03.10.2023 ж. қабылданып алынсада, автокөлік тұрағында 2024 жылдың 28 мамырына дейін қозғалыссыз  8 ай бос пайдаланусыз тұрған. Аталған автокөліктер 2024 жылдың 28 мамырында ғана мемлекеттік тіркеуге алынып 534АҒ19, 538АҒ19 мемлекеттік нөмірі берілген;
  6. Құны 15 000,0 мың теңгенің JAC T6 Luxury автокөлігі 15.12.2023ж. қабылданып алынсада, автокөлік тұрағында 2024 жылдың 5 шілдесіне дейін қозғалыссыз 7 ай бос пайдаланусыз тұрған. Аталған автокөлік 2024 жылдың 5 шілдесінде ғана мемлекеттік тіркеуге алынып 909АҒ19 мемлекеттік нөмірі берілген;
  7. Құны 12 590,0 мың теңгенің JAC JS6 Luxury 1.5 DCT 1499 автокөлігі 6.12.2023ж. қабылданып алынсада, автокөлік тұрағында 2024 жылдың 9 шілдесіне дейін қозғалыссыз 7 ай бос пайдаланусыз тұрған. Аталған автокөлік 2024 жылдың 9 шілдесінде ғана мемлекеттік тіркеуге алынып 776АҒ19 мемлекеттік нөмірі берілген.

 Бюджет кодексінің 3 бабының 1 тармағының 12-4 тармақшасына сәйкес бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану және кодестің 4 бабының 9 тармақшасына сәйкес негізділік принципі және 12 тармақшасы тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқарылуы жүзеге асырылмаған. Жоғарыда аталған қағидаттарға қайшы  002 «Аумақтық органның және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасымен 2023 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынған жалпы құны 551 292,7 мың теңгенің негізгі құралдары (автотехникалар) облыстың коммуналдық меншігінен республикалық меншікке беруде құжаттары уақытында рәсімделмеуіне байланысты, дер кезінде қолданысқа енгізілмей тиімсіз пайдаланылған. Бұл өз кезегінде облыс аумағында орын алған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған жұмыстарды жылдам жедел орындауымен толық көлемде жүзеге асырылуына кері әсерін тигізуде.

Жоғарыда аталған бюджеттік бағдарламаның 412  ерекшелік "Ғимараттарды, құрылыстарды, беру құрылғыларын сатып алуға" бойынша -  2023 жылы жедел-құтқару жасағына құны 45 137,0 мың теңге тұратын құрастырмалы-жиналмалы  1 бірлік  ангар сатып алуға қаражат бөлінді, өйткені барлық құтқару техникасы металл шатырдың астында тұр, қысқы кезеңде ауа-райына байланысты бірнеше рет жылытуға тура келеді.

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жергілікті атқарушы органдардың жәрдем көрсетуі үшін ғимараттар мен құрылыстарды материалдық-техникалық жарақтандыру, салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекіту туралы"  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 567 бұйрығының 8-тармағы 4-тармақшасына сәйкес, жедел-құтқару жасағына арнайы автотехника мен жүзу құралдарын, қарда жүретін көліктерді сақтау және тұраққа қоюға арналған 4 құрастырмалы-жиналмалы ангар керек.

10-тармақ. Алайда, 2023 жылы жоспарланған 1 бірлік  құрастырмалы-жиналмалы ангардың сатып алынбауы мемлекеттік сатып алу бойынша бірнеше рет ұйымдастырылған конкурсқа әлеуетті өнім берушілер тарапынан өтінімдердің болмауымен, конкурсқа қатысуға бірде бір әлеуетті өнім беруші жіберілмегені және жеңімпаз болған өнім берушілердің материалдардың қымбаттауына байланысты тауарды жеткізуден бас тартуы себепті сатып алынбағанымен түсіндіріледі. Нәтижесінде  2023 жылы 1 бірлік  құрастырмалы-жиналмалы ангар сатып алуға жоспарланып бөлінген 45 137,0 мың теңге, мекемемен 413 ерекшелікке жылжытылып автокөлік құралдарын сатып алуға жұмсалынған.

Бюджет кодексінің 4 бабының 12 тармақшасы, 31 бабының 1 тармағының талаптары бұзылып, 002-015 бюджеттік бағдарламасымен бөлінген 45 137,0  мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланып, тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген, яғни 2023 жылы жоспарланған 1 бірлік  құрастырмалы-жиналмалы ангар сатып алынбаған. Жасақтың барлық құтқару техникасы ашық аспан астында тұр, бұл қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың жедел ден қоюына әсер етеді.

11-Тармақ. Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы №12-35 шешімімен бекітілген Жетісу облысының 2021-2025 жылдарға арналған  даму жоспарындағы Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 2023 жылға жоспарланған 5 нысаналы индикатордың 4-і бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілген, 1 нысаналы индикатор бойынша "Төтенше жағдайға ден қою үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейіне" жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілген жоқ (жоспар – 54,8%, факт – 53,8%).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 2 тармағының 4 тармақшасы, 18 тармағының 4 тармақшасы және 71 тармағының талаптары сақталмай, «ТЖ-ға ден қою үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі  ( «Қауіпсіз ел» ҰЖ)» нысаналы индикаторы бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілген жоқ. Бұл бұзушылық рәсімдік сипатта болады.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

2023 жылы Жетісу облысы аумағында 438 төтенше жағдайлар (әрі қарай - ТЖ) тіркелді (2022 жылы – 509 ТЖ), коронавирустық инфекция деректерін есепке алмағанда. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда -13,9%-ға азайған.

ТЖ салдарынан 45 адам (2022 жылы – 25 адам) зардап шегіп, нәтижесінде +80% көбейді, оның ішінде 16 адам (2022 жылы – 19) қаза тапты, нәтижесінде -15,8% азайған.

Алдын ала есептеулер бойынша материалдық шығын 23 млн. 900 мың теңгені құрады (2022 ж. - 62 млн. 591 мың теңге, -61,8%).

Техногендік сипаттағы ТЖ

2023 жылғы орын алған 424 техногендік сипаттағы ТЖ салдарынан 26 адам зардап шекті, соның ішінде 8 адам қаза болды.

  2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік сипаттағы ТЖ саны 13,1%-ға азайды (2022 жылдың ағымдағы кезеңінде – 488 ТЖ тіркелді, салдарынан 20 адам зардап шекті, 14 адам қаза болды).

Атап айтқанда:

- тұрмыстық және өндірістік өрттер 419 оқиға (98,8%);

- ауа-газ қоспасының тұтануы мен жарылыстардың 4 оқиғасы (1%);

- әуеде болған апаттардың 1 оқиғасы (0,2%).

Табиғи сипаттағы ТЖ

Ағымдағы жылдың 12 айында 14 табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді (2022ж. – 21), ол жалпы төтенше жағдайлардың 3,2% құрайды, оның ішінде:

- жер сілкінісі оқиғасы – 1(7,1%);

- гидрометеорологиялық және геологиялық құбылыстардың оқиғасы – 2(14,3%);

- табиғи өрттер оқиғасы – 2(14,3%);

- суда болған оқиға – 8(57,1%);

- адамдардың улануы – 1(7,1%).

Салдарынан 19 адам зардап шегіп (2022 ж. – 5), соның ішінде 8 адам қаза болды (2022ж. –5).

Қала мен аудандар бөлінісінде қалыптасқан және жинақталған көрсеткіштер облыс аумағындағы мынадай жағдайды сипаттайды (2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда):

- Ақсу ауданында –23 (2022 ж. – 45, -48,9%), Ескелді ауданында – 25 (2022 ж. – 33, -24,2%), Қаратал ауданында – 37 (2022 ж. – 40, -7,5%), Текелі қаласында -13 (2022 ж. – 16, -18,8%), Кербұлақ ауданында – 29(2022 ж. –43,-32,6%), Көксу ауданында –16 (2022 ж. –20,-20%), Панфилов ауданында – 73 (2022 ж. – 94, -22,3%), Сарқан ауданында – 34 (2022 ж. –35,-2,9%), Талдықорған қаласында– 97 (2022 ж. – 99, -2%) төтенше жағдайлар саны төмендеді.

- Алакөл ауданында– 91 (2022 ж. – 84, +8,3%) төтенше жағдайлар саны ұлғайды.

ТЖ департаментінің күштерімен авариялық құтқару жұмыстарына             2935 (2022 ж. –2648, +10,8%) шығу жасалды, 383 (2022ж. –212, +80,7%) адам құтқарылды, 184 (2022ж.- 155, +18,7%) адам эвакуацияланды, зардап шеккен           199 (2022ж. –219,-9,1%) адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді.

Жалпы, облыс аумағында 2023 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,9%-ға (2023 жылы–419, 2022 жылы - 481) өндірістік және тұрмыстық өрттер санының азаюы тіркелді. Нәтижесінде өрттен зардап шеккендердің өсуі байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда зардап шеккендердің саны 12,5% – ға өсті (2023 жылы -18, 2022 жылы -16).

Мекемемен ұсынылған мәліметтерге сәйкес Жетісу облысының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кезек күттірмейтін түйткілді мәселелер және оларды шешу бойынша ұсыныстар.

Орта мерзімді перспективаға арналған бірінші кезектегі шаралар халықты, объектілер мен аумақтарды төтенше жағдайлардан кешенді қорғау, сондай-ақ азаматтық қорғау күштері мен құралдарын жедел ден қоюға дайындығын арттыру жөніндегі шараларды көздейді. Іс-шаралар төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – ТЖД) міндеттерін келесідей бағыттар бойынша іске асыруға мүмкіндік береді:

  1. "Материалдық-техникалық базаны нығайту";
  2. "ТЖД нысандарын салу және күрделі жөндеу".

Ағымдағы жағдайды талдау

  1. Материалдық-техникалық жарақтандыру

Облыстың Өртке қарсы қызметі гарнизонының негізгі проблемаларының бірі өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге байланысты жауынгерлік міндеттерді тікелей орындауға арналған негізгі, арнайы және қосалқы өрт техникасының жеткіліксіз саны болып табылады.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 06.09.2021 жылғы № 429 бұйрығымен (бұдан әрі-Нормалар) бекітілген кәсіби авариялық – құтқару қызметтерін жарақтандыру және кинологиялық күрделілік қызметтерін қамтамасыз ету нормаларына сәйкес өрт автоцистерналарының қызмет ету мерзімі 10 жылды құрайды.

Өрт сөндіру автомобильдерінің паркінде әртүрлі мақсаттағы 130 бірлік техника шоғырланған (нормаларға сәйкес – 168), оның ішінде негізгі 71 бірлік, арнайы 11 бірлік және қосалқы мақсаттағы 48 бірлік. Техникамен жарақтандыру 77,4% құрайды.

2023-2024 жылдардағы қызмет ету мерзімі шеңберінде өрт сөндіру автотехникасы паркіне жүргізілген түгендеу нәтижесінде есептен шығаруды және тиістілік нормаларын ескере отырып 71 бірлігі негізгі мақсаттағы өрт сөндіру автомобильдерінің, 13 бірлік арнайы мақсаттағы, 9 бірлік көмекші мақсаттағы, 4 бірлік жүзу құралын, 69 бірлік өрт сөндіргіш затты (Варио) жоғары жылдамдықпен тасымалдайтын өрт сөндіру құрылғысын, 14 дана ұшқышсыз ұшу аппараттары және 114 дана өрт сөндіруші РДВ-30, РДВ-100 сыйымдылықтарын сатып алу талап етіледі.

Анықтама:

Бүгінгі таңда облыстың аудандары мен қалаларында көпқабатты ғимараттар бар, сондай-ақ тағы салынуда (облыста 1651). Биіктіктегі төтенше жағдайларды (өрт, авариялық-құтқару жұмыстары және т.б.) жою және адамдарды құтқару үшін Жетісу облысының гарнизонындағы автокөтергіш өрт техникасы тек Талдықорған қаласы мен Панфилов ауданының Жаркент қаласында ғана бар. Осыған байланысты 11 бірлік автокөтергіш өрт техникасын сатып алу қажет.

Қысқы кезеңде қарлы тұтқында қалып, зардап шеккендерді құтқару және көктемгі су тасқыны кезеңінде зардап шеккен халықты эвакуациялау үшін өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару бөлімшелерін 4 бірлік мөлшерінде жол талғамайтын жерүсті көліктерімен жабдықтау қажеттілігі туындайды.

Құтқару жасақтарының материалдық-техникалық базасын нығайту және  адамдарды суда құтқару мақсатында қосымша 4 құтқару қайығын сатып алу талап етіледі.

Ошақтары жанармай құю бекеттерінен және елді мекендерден үлкен қашықтықта орналасқан ұзаққа созылған өрттер туындаған жағдайда, автоцистерналарды жанар-жағармай материалдарымен толтыру үшін автожанармай құюшылар қажет.

Жетісу облысының аумағында 7 орман шаруашылығы алқабы, 3 қорық және 1 ұлттық паркі бар. Шынжыр табанды 4 бірлік өрт сөндіру машинасын сатып алу, өрттерді сөндіру және орман-дала алқаптары тарапынан елді мекендерге өрттің таралуына жол бермеу жөніндегі міндеттерді жедел шешуге мүмкіндік береді.

Тіркемелері бар тралдар ауыр өрт сөндіру автотехникасын ТЖ кезінде ең осал учаскелерге жылдам ауыстыруға мүмкіндік береді.

Өрт сөндіру құралдарының инновациялық үлгілерін қолдану азаматтық қорғау органдарының жұмысы үшін орасан зор маңызға ие. Осындай құралдардың бірі-Vario жүйесіне негізделген портативті жоғары өнімді өрт сөндіру жүйесі. Бұл жүйе өрт ошағына өрт сөндіру құралдарын беру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, сонымен қатар мұндай жүйе жеңіл автокөліктің өртін бір өрт сөндірушіге, өрт ошақтарын бастапқы кезеңде жабық күрделі өндірістік үй-жайларда сөндіруге мүмкіндік береді. Облыстың өрт сөндіру қызметінде мұндай өрт сөндіру құралдары болмағандықтан, 69 ұқсас жүйені сатып алу (69-ға сәйкес) барлық өрт сөндіру бөлімшелерін жедел ден қою деңгейіне елеулі үлес қосады.

Төтенше жағдайларға ден қою кезінде заманауи мониторинг құралдарын (ұшқышсыз ұшу аппараттары) қолдану азаматтық қорғау органдары жұмысының ерекшелігі жағдайында өзекті болып отыр. Бұл аппарат қол жетпейтін жерлерде зардап шеккендерді тез анықтауға, егер ол қабілетті болса, құтқарушылар келгенге дейін қажетті құралдармен (су, таңу пакеті, дәрі-дәрмектермен) қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жоғарыда аталған құралдардың көмегімен төтенше жағдай аймағында қалыптасқан жағдайды мүмкіндігінше тез барлау жүргізуге, бұл ретте жеке құрам үшін тәуекелдердің туындауын барынша азайтуға, сондай-ақ күштер мен құралдарды неғұрлым ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алу 14 дана мөлшерінде талап етілеті айқындалады.

Өрт ошақтары автотехника үшін қол жетпейтін жерлерде орналасқан орманды дала өрттерін жою кезінде өрт сөндірудің тиімді тәсілі су үшін жұмсақ өрт сөндіруші сыйымдылықтарын (РДВ-30, РДВ-100) пайдалану болып табылады, осылайша өрт ошақтарын жою кезіндегі іс-қимылдардың тиімділігін арттыра отырып, бірнеше рет жанармай құюға мүмкіндік береді. Бұл сыйымдылықтар жоғары ұтқырлыққа, төмен салмаққа және жоғары беріктікке ие, икемді тозуға төзімді полимерлі материалдардан жасалған.

Проблемалық мәселелер:

-азаматтық қорғау органдарының төмен материалдық-техникалық жарақтандырылуы;

-ұшқышсыз ұшу аппараттарының, роботтандырылған техниканың жеткіліксіздігі;

-өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы техниканың жетіспеушілігі.

  1. ТЖД нысандарын салу және реконструкциялау

Қазіргі уақытта облыстың белсенді дамуы байқалады, яғни жаңа шағын аудандар, тұрғын үй, әлеуметтік сала объектілерінің (балабақшалар, мектептер, емханалар және т.б.) құрылысы жүзеге асырылуда, бұл тиісті өртке қарсы қорғауды талап етеді.

Бүгінгі күні облысқа қызмет көрсететін Жетісу облысы ТЖ Департаментінің Өрт сөндіру бөлімдерінің күштері мен құралдары өрттерге уақтылы ден қою үшін жеткіліксіз.

Елді мекендердің өртке қарсы қорғаныспен өте төмен қамтылуы, азаматтық қорғау органдарының ғимараттары мен құрылыстарының тозуы және штаттық бірліктермен жинақталмауы ТЖ орнына келу уақытының, сондай-ақ жеке құрамға жүктеменің ұлғаюына әкеледі.

  • Облыстың өртке қарсы қорғауын мемлекеттік өртке қарсы қызметтің 19 өрт сөндіру бөлімшесі жүзеге асырады (оның ішінде 26,3% немесе 5 бөлімше облыс орталығында, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарда – 9 бөлімше немесе 47,3% және облыстың ауылдық елді мекендерінде – 5 бөлімше немесе 26,3%), оның ішінде 1 – мамандандырылған бөлім, 13 – өрт сөндіру бөлімдері, 4 – жеке бекеттері және 1- өрт сөндіру бөлімдеріне техникалық қызмет көрсету бөлімі.

19 өрт сөндіру деполарының ішінен 15-і 40 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылуда, бұл олардың жалпы санының 79% - құрайды, өрт сөндіру бөлімдерінің көптеген ғимараттарында құрылыс салынған сәттен бастап жөндеу жұмыстары жүргізілмеген және күрделі жөндеуді қажет етеді (1-кесте):

1-Кесте

Аудан атауы

Күрделі жөндеуді қажет етеді

2024 жылы

Күрделі жөндеуді қажет етеді

2025 жылы

Күрделі жөндеуді қажет етеді

2026 жылы

2-ӨСБ Талдықорған қ.

1

 

 

13-ӨСБ Ескелді ауданы

 

1

 

6-ӨСБ,18-ӨСБ Ақсу ауданы    

1

 

1

12-ӨСБ, 15-ӨСБ Сарқан ауданы

1

 

1

16-ӨСБ Алакөл ауданы

 

1

 

Барлығы:

3

2

2

 

Жетісу облысында 2000 және одан да көп адамы бар ауылдық елді мекендердегі «Өртке қарсы қызмет органдарының объектілерін жобалау» ҚР БК 2.02-105-2014 сәйкес (есеп бір ауылдың депосы 20 км радиуста көрші
ауылдарды қамтитынын ескере отырып жасалған)
өрт сөндіру депосын салу талап етіледі (2-кесте).

2-Кесте

Аудан атауы

Өрт сөндіру деполары (саны)

Барлығы қажет

Көктал ш.а.Талдықорған қ. 

1

1

Металлург ш.а.Текелі қ.

1

1

Бастөбе а.Каратал ауданы

1

1

Шанханай а. Кербұлақ ауданы

1

1

Б.Жолбарысұлы Ескелді ауданы

1

1

Жансүгіров а. Ақсу ауданы

1

1

Қойлық а. Сарқан ауданы

1

1

Баскөл а. Алакөл ауданы

1

1

Көктал а. Панфилов ауданы

1

1

Барлығы:

9

9

 

Проблемалық мәселелер:

-өрттен қорғаудың дамымаған инфрақұрылымы;

-азаматтық қорғау объектілерінің санитариялық нормаларына сәйкес келмеуі (тозуы – 100%);

-ТЖД нысандарын жаңартудың болмауы.

Күтілетін нәтижелер:

Материалдық-техникалық жарақтандыру

Жаңа техникамен, жабдықтармен, жабдықтармен жарақтандыру, ұшқышсыз ұшу аппараттарын, роботтандырылған жүйелерді сатып алу және пайдалану. төтенше жағдайлардың барлық түрлеріне шұғыл және жедел ден қоюды арттыру. Бұрын өрттерді анықтау, орман өрттерінің алаңын азайту, орманды заңсыз кесу жағдайлары және соның салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залалды азайту.

ТЖД нысандарын салу және реконструкциялау

Өрт сөндіру деполары мен су-құтқару станцияларының жаңа кешендерін салу есебінен төтенше жағдайлардан болатын қауіптерді азайту, халықтың, объектілер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қабылданып жатқан шаралар авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді.

Бір өрт сөндіру депосы іске қосылған кезде өрт қауіпсіздігі деңгейі өрт сөндіру депосы салынатын ауданда 65% - дан 80% - ға дейін артады.

Өрт есептеулеріне ден қою уақыты 30 дан 20 минутқа дейін төмендейді,қалыпты жағдайда 20 минутқа дейін.

Бұдан басқа, бірқатар ірі өндірістік-логистикалық мақсаттағы объектілерді, көтерме-бөлшек сауданы, қаланың тіршілігін қамтамасыз етуді және қылмыстық-түзеу жүйесін, сондай-ақ мұнай өнімдері мен сұйытылған газды сақтау объектілерін қорғау қамтамасыз етіледі.

Төтенше жағдайлардан келтірілген залал көрсеткіші сондай-ақ қаза тапқандар мен жарақаттанғандар саны азаяды.

Материалдық-техникалық жарақтандыруды уақтылы нығайту, өрт сөндіру бөлімшелерін штат санының талап етілетін санымен толыққанды жасақтау, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өрт сөндіру бөлімшелеріне күрделі жөндеу жүргізе отырып, өрт сөндіру деполарының қажетті санын салу жөніндегі іс-шараларды іске асыру әртүрлі сипаттағы ықтимал төтенше жағдайларды жою және адамдарды құтқару кезінде өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігінің деңгейін айтарлықтай арттырады, бұл азаматтық қорғау және жалпы мемлекеттік органдар.

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Мемлекеттік аудит барысында шаралар қабылданған жоқ.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

Жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша Жетісу облысының 2021-2025 жылдарға арналған  даму жоспарындағы Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 2023 жылға жоспарланған 5 нысаналы индикатордың  1-де, атап айтқанда "Төтенше жағдайға ден қою үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейіне" жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілмегені анықталды (жоспар – 54,8%, факт – 53,8%).

002 «Аумақтық органның және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы 414 ерекшеліктен Өртке қарсы бейнемониторинг жүйесін сатып алуға  қаржы жоспарлаған кезде, Бюджет кодексінің 67 бабының 12 тармақшасының талабы және Қағиданың 47 тармағының талабы сақталмай, ұсынылған бюджеттік өтінімінде қорлар мен негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлаған кезде есепке қорлар немесе негізгі құралдардың әрбір түрлері бойынша кем дегенде үш прайс-парақтар берілмеген, соның нәтижесінде Бюджет кодексінің 4 бабының 9, 12 тармақшаларының талаптары бұзылып, 28 571,3  мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған;

Аталған бюджеттік бағдарламаның 412  ерекшеліктен  2023 жылы жедел-құтқару жасағына құны 45 137,0 мың теңге тұратын құрастырмалы-жиналмалы 1 бірлік  ангар сатып алуға қаражат бөлінген, алайда Бюджет кодексінің 4 бабының 12 тармақшасы, 31 бабының 1 тармағының талаптары бұзылып, 45 137,0  мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланып, тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген, яғни 2023 жылы жоспарланған 1 бірлік  құрастырмалы-жиналмалы ангар сатып алынбаған.

Аталған бюджеттік бағдарламаның 414  ерекшеліктен 2023 жылы сатып алынған құны 22 388,8  мың теңгенің Өртке қарсы бейнемониторинг жүйесі, жүйеге қызмет көрсету бойынша келісім шарттың ұзартылмағанына байланысты бүгінгі күнге жұмыс істемей пайдаланусыз тұр;

Аталған бюджеттік бағдарламаның 413 ерекшеліктен 2023 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынған жалпы құны 551 292,7 мың теңгенің негізгі құралдары (автотехникалар) облыстың коммуналдық меншігінен республикалық меншікке беруде құжаттары уақытында рәсімделмеуіне байланысты, дер кезінде қолданысқа енгізілмей тиімсіз пайдаланылған.

Бюджет кодексінің 3 бабының 1 тармағының 12-4 тармақшасына сәйкес бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану және кодестің 4 бабының 9 тармақшасына сәйкес негізділік принципі және 12 тармақшасы тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқарылуы жүзеге асырылмаған.

Жоғарыда аталғандарды негізге ала отырып мекеме тарапынан мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде 73 708,3 мың теңгенің бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануымен 573 681,5 мың теңге бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануына жол берілген деп бағалауға болады.

Бұл өз кезегінде облыс аумағында орын алған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған Азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау, облыс аумағында өрт қауіпсіздігін және азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай аймағындағы төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауды, қалпына келтіруді және оңалтуды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралардың толық көлемде жүзеге асырмауына себеп болуда.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар:

«Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

  1. «Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудит нәтижелері Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.
  2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесіне:

1) 2025 жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 66 бабы 1, 2 тармақтарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 45 бабы 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарының бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға тәртіптік шаралар қабылдау қамтамасыз етілсін;

2) 2025 жылдың 31 наурызға дейін алынған құны 22 388,8  мың теңгенің өртке қарсы бейнемониторинг жүйесін (Аудиторлық қорытындының 2 тармағы) тиімді пайдалануға қатысты іс шаралар қабылдансын. 

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізілім (3 парақта).

 

          

 

Дата публикации
13 декабря 2024