Аудиторское заключение ГУ «Управление координации занятости и социальных программ Жетысуской области» (СОБЕС)

    

    

2024 жыл

    

           

                                                                                          Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының

№03-47/15 қаулысымен бекітілген

    

    


 

 

 

 

 

Жетісу облысы бойынша

тексеру комиссиясының 2024

жылғы 27 қыркүйегіндегі

№03-47/15 қаулысымен бекітілген

 

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

  1. Кіріспе бөлік

 

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ және жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жетісу облысының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі.     

1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:

  1. «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  2. «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  3. «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  4. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2023 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

  1. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығына (осы Жарлық 2022 жылғы                              8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) сәйкес Алматы облысының құрамынан әкімшілік жолмен Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандардың, Талдықорған және Текелі қалаларының облыс орталығы Талдықорған қаласында Жетісу облысы құрылды.

2023 жылдың 1 шілдесіне халық саны 699,3 мың адамды құрады.

Жұмыссыз халықтың саны 16,1 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 5,0 %.

2023 жылғы 1 тоқсандағы орташа айлық жалақы 246 203 теңгені құрайды.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Ұлттық Жоба шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларын жүзеге асыруға 8,8 млрд. теңге (РБ – 1245,0 млн. теңге, ТОХ – 6940,2 млн. теңге, ЖБ – 618,5 млн. теңге) бөлінді. 

Ұлттық жоба аясында 1 айдан 6 айға дейінгі оқу мерзімімен 800 орта жастағы адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспарланған, бұл мақсатқа 283,6 млн.теңге бөлінді.

Облыс бойынша «Бастау бизнес» жобасы шеңберінде 1340 адамды оқыту, 811,4 млн.теңге сома мөлшерінде 588 грант  жене 1 млрд. 245 млн. теңге көлемінде жастарға 249 микрокредит беру жоспарланған.

2023 жылы 8484 адамды уақытша жұмыспен қамту жоспарланған, оның ішінде:

- әлеуметтік жұмыс орындарына - 484 адам;

- еңбекақыны субсидиялауға (мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы әлеуметтік жұмыс орындары) - 10 адам;

- жастар тәжірибесіне - 970 түлек;

- қоғамдық жұмыстарға - 5731 адам;

- алғашқы жұмыс орнына – 569 адам;

- ұрпақтар келісімшартына – 42 адам;

- күміс жасқа – 678 адам;

Сонымен қатар, 2310 адамды enbek.kz порталы арқылы онлайн оқыту жоспарланған.

2023 жылдың 1 шілдесіне жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 20 032 адам қамтылған, 14 936 адам жұмысқа орналастырылған, оның ішінде 7  154 адам тұрақты жұмыс орындарына.

2023 жылдың 1 шілдесіне аз қамтылған 54,6 мың астам азаматтарға 2,4 млрд. теңге мөлшерінде әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетілген.

Оның ішінде:

- 439 отбасына 10,9 млн. теңге мөлшерінде тұрғын үй көмегі  төленген;

-үйде тәрбиеленетін және оқитын 619 мүгедек балаға 24,9 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленген;

- әлеуметтік мәні бар аурулармен (туберкулез, ВИЧ) ауыратын 411 азаматқа 31,9 млн. теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төленген;

- 8 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет өтемақысына 527,8 теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленген;

- 3679 ҰОС қатысушылары мен Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, Чернобыль АЭС-індегі авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға мерекелік және атаулы күндерге 348,1 млн. теңгеге бір жолғы көмек төленген;

Атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) бюджеттен 4,3 млрд.теңге бөлініп, іс жүзінде 5845  отбасына 1,6 млрд. теңгеге АӘК төленген.

2023 жылы мүгедектерді оңалтуға 4,1 млрд. теңге бөлінген, оның ішінде 1,9 млрд.теңге жеке көмекші қызметіне (ЖБ – 3,0 млрд. теңге, РБ – 991,1 млн. теңге).

Облыс бойынша 2023 жылдың 1 шілдесіне барлығы 21350 мүгедек азамат тіркелген:

I топ мүгедектері–2274;

II топ мүгедектері – 9464;

III топтағымүгедектер –7390.

18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар - 2222 адам.

Облыста әлеуметтік қызметтер порталында реестрге техникалық оңалту құралдарының 5 жеткізушісі, санаторий-курорттық емдеудің 6 жеткізушісі, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін 16 жеткізуші, 17 жеке көмекші, 5 ымдау тілі маманы енгізілген. 

2023 жылғы 1 шілдесіне техникалық оңалту құралдарына мұқтаж мүгедек адамдардың саны 11367 құраған, 9013 тапсырыс берілген, бұл 80 % - ды құраған (орташа республикалық көрсеткіш 72% - ды құрайды).

Оның ішінде көмек түрлері бойынша:

- шипажай-курорттық емдеумен 1270 адам немесе 44,9 % ;

- арнайы қозғалыс құралдарымен 403 адам немесе 90,6 % ;

- протездік-ортопедиялық бұйымдармен 1032 бұйым немесе 68,3 %;

- тифло техникалық құралдармен 415 бұйым немесе 90,2 % ;

- сурдотехникалыққұралдармен  411 бұйым немесе87,3% ;

- гигиеналыққұралдармен3830 бұйым немесе96,1% ;

- жекекөмекшініңқызметтерімен 1321адамнемесе 99%;

- ымдаутілімамандары 331адамнемесе 99,1 %.

2.2. Аудиторлық іс-шаралардың негізгі нәтижелері.

Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары бойынша 1 176 438,6 мың теңге мемлекеттік аудитпен қамтылды.

Аудит нәтижелері, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы 289 007,0 мың теңге.

Оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар 6 631,8 мың теңге (қалпына келтіруге жатқызылатыны 1 322,0 мың теңге, бюджет есебіне қайтаруға жататыны 5 309,8 мың теңге);

2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану – 4 206,2 мың теңге;

3) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау – 278 169,0 мың теңге;

4) Рәсімдік бұзушылықтар – 13 дана.

«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ және жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі аудиторлық іс-шарасымен келесі бұзушылықтар анықталды:

«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай- Басқарма):

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығына сәйкес Алматы облысының құрамынан әкімшілік жолмен Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандардың, Талдықорған және Текелі қалаларының облыс орталығы Талдықорған қаласында Жетісу облысы құрылды.

Жетісу облысы әкімінің 27.06.2022ж. №4 Қаулысының 1-қосымшасына сәйкес, «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылды.

Жетісу облысы әкімінің 22.08.2022ж. №20 «Жетісу облысының коммуналдық меншігінің кейбір мәселелері туралы» Қаулысымен Алматы облысының коммуналдық меншігінен Жетісу облысының коммуналдық меншігіне жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы ұйымдар мүліктік кешен ретінде 14 коммуналдық мекемелері қабылданып алынған.

Жетісу облысы әкімінің 13.06.2023ж. №178 Қаулысымен «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған.

«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бүгінгі күнге ведомстволық бағынысында 15 мекемелері бар.

067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарлама.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ведомстволық бағыныстағы мемлекттік мекемелердің және ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту.

Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Ведомстволық бағыныстағы мемлекттік мекемелерге және ұйымдардың активтер сатып алу.

№

Тікелей нәтиже көрсеткіштері

Жоспар

Нақтыланғаны

Іс жүзінде

Ауытқу (-/+)

1

Көлік құралдарын сатып алу

332 596,0

406 339,0

485 999,3

79 660,3

2

Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мұккамал құралдарын сатып алу

217 404,0

257 704,

177 391,9

-80 312,1

3

Матераилдық емес активтер сатып алу

20 000,0

0

0

0

4

Өзгеде негізгі құралдарды сатып алу

0

0

500,0

500,0

5

Жаңа объектілер салу және бар объектілерді реконструкциялау

0

28 855,0

28 854,1

-0,9

 

Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

Бюджет қаражатының көлемі

570 000,0

692 898,0

692 745,2

-152,8

Басқарманың 2023 жылға арналған «067» бюджеттік бағдарламасында көрсетілген деректер «Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері» деген жолда мемлекеттік органның даму жоспарында бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді сандық тұрғыдан өлшейтін, мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижелеріне қол жеткізуге негізделген бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштері көрсетілуі тиіс болған. Яғни бюджеттік бағдарламадағы 2023 жылға жоспарланған көрсеткіштер шынайы емес. Бұл бюджеттік бағдарламаны дайындау кезінде Басқарманың формалдық түрде толтырғанын көрсетеді.

1-Тармақ. № 195 «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығының 8 тармағының 8), 14) тармақшаларының талаптары сақталмай, «Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері» Басқарманың даму жоспарының мақсатына қол жеткізуде сандық тұрғыдан өлшейтін көрсеткіштері көрсетілмеген. Яғни, тiкелей нәтиже көрсеткiштерi абсолюттік шамаларда көрсетілмеген, алайда осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, салыстырмалы немесе пайыздық шамаларда, сондай-ақ ақшалай мәнде көрсетіле алмайтынын ескерген жөн.

Осылайша, ҚР Бюджет кодексінің 4-бабының 9-тармақшасының талабы бұзылып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу үшін көрсеткіштері абсолюттік шамаларда жоспарланбай, аудиторлық іріктемемен алынып, аудитпен қамтылатын 278 169,0 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған.

Бұл бұзушылық рәсімдік сипатта болады. Жіберілген бұзушылыққа жауапты тұлға мекеменің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.М. Абдыкалыкова болып табылады.

Мемлекеттік сатып алу шартын «Баға ұсыныстарын сұрату» тәсілі негізінде «Үй-жайларды ағымдағы жөндеу» жұмыстарын жасауға «Nureke» ЖК арасында сомасы 1790,0 мың теңгені құрайтын 30.10.2023 жылғы №98 келісім шарты жасалған.  Шарт бойынша жұмысты орындау мерзімі шарт күшіне енген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде болып бекітілген. Келісім шарт Қазынашылық басқармасында 30.10.2023ж. тіркелген.

         Жұмыстар орындалған жұмыстар актісімен 30.11.2023ж. 1790,0 мың теңгеге тапсырылып, 12.12.2023ж. №256Е250/23-1633 төлем тапсырмасымен 1790,0 мың теңге төленген.

2-Тармақ. Аудитпен 12.08.2024ж. бақылау өлшемі жасалып, нәтижесінде мекеменің теңгеріміндегі қолданбай тұрған жертөлеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген, алайда ол жертөле бүгінгі күнге дейін қолданылмайды.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV  «Бюджет кодексінің» 4 бабының 12 тармағының тиімділік принципі талабы сақталмай, құны 1790,0 мың теңгеге жасалған ағымдағы жөндеу жұмыстарының шығындары түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмей, бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануына жол берілген.

Бұл бұзушылық рәсімдік сипатта болады. Жіберілген бұзушылыққа жауапты тұлға басқарма басшысы Е. Мизамбаев болып табылады.

Мемлекеттік сатып алу шартын «Баға ұсыныстарын сұрату» тәсілі негізінде «Беговая дорожка» тренажерларын сатып алуға «Ералиев» ЖК арасында сомасы 969,0 мың теңгені құрайтын 09.10.2023 жылғы №66 келісім шарты жасалған. Шарт бойынша тауарды жеткізу мерзімі шарт күшіне енген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде болып бекітілген. Келісім шарт Қазынашылық басқармасында 09.10.2023ж. тіркелген.

         «Беговая дорожка» тренажерлары 20.11.2023ж. тауарды жіберу жүкұжатымен 969,0 мың теңгеге жіберіліп, 27.11.2023ж. №256Е250/23-1500 төлем тапсырмасымен 969,0 мың теңге төленген.

         «Ералиев» ЖК-і тарапынан 29.11.2023ж. №61 төлем тапсырмасымен 28,1 мың теңге айыппұл бюджет есебіне төленген. Алынған тренажерлар басқарманың теңгерімінде тіркелеген.

3-Тармақ. Аудитпен 12.08.2024ж. бақылау өлшемі жасалып, нәтижесінде мекеменің теңгерімінде тіркелген 3-дана тренажер «Еңбек ресурстары және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қолданып отырғаны анықталды.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 10 бабының, 2 тармақшасының талабы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Ережесінің 275 тармағының талабы сақталмай, құны 969,0 мың теңгеге алынған «Беговая дорожка» тренажерлары мекеменің теңгерімінен ведомстволық мекеменің теңгеріміне жергілікті атқарушы органның қаулысымен өткізіп-беру актілерімен өткізіліп берілмеген.

Бұл бұзушылық рәсімдік сипатта болады. Жіберілген бұзушылыққа жауапты тұлға мекеменің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.М. Абдыкалыкова болып табылады.

Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 12-35 шешімімен бекітілген Жетісу облысын дамыту бағдарламасында 2022 жылға мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізу көзделген:

№         

Атауы

Өлшем бірлігі

Есепті жыл

Факт
ағымдағы жылдың

Ақпарат көзі

Болжам

2019

2020

2021 ж.

2022 ж.

2023 ж.

2024 ж.

4

«Жұмыссыздық деңгейін азайту («Стратегиялық карта 2025»)

%

 

 

статистикалық ақпарат

 

4,8

4,8

4,8

 

Ақсу ауданы

 

 

 

 

 

5,5

5,5

5,5

 

Алакөд ауданы

 

 

 

 

 

4,2

4,2

4,2

 

Ескелді ауданы

 

 

 

 

 

5,5

5,5

5,5

 

Қаратал ауданы

 

 

 

 

 

4,8

4,8

4,8

 

Кербұлақ ауданы

 

 

 

 

 

4,8

4,8

4,8

 

Көксу ауданы

 

 

 

 

 

4,9

4,9

4,9

 

Панфилов ауданы

 

 

 

 

 

4,8

4,8

4,8

 

Сарқан ауданы

 

 

 

 

 

5,2

5,2

5,2

 

Талдықорған қаласы

 

 

 

 

 

4,7

4,7

4,7

 

Текелі қаласы

 

 

 

 

 

4,8

4,8

4,8

6

"Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде оқудан кейін өз ісін ашқан адамдардың үлесін ұлғайту
(2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі НП»)

%

 

 

әкімшілік деректер
ҚР ЕХӘҚМ

 

40

45

50

 

Ақсу ауданы

 

 

 

 

 

40

45

50

 

Алакөд ауданы

 

 

 

 

 

40

45

50

 

Ескелді ауданы

 

 

 

 

 

40

45

50

 

Қаратал ауданы

 

 

 

 

 

40

45

50

 

Кербұлақ ауданы

 

 

 

 

 

40

45

50

 

Көксу ауданы

 

 

 

 

 

40

45

50

 

Панфилов ауданы

 

 

 

 

 

40

45

50

 

Сарқан ауданы

 

 

 

 

 

40

45

50

 

Талдықорған қаласы

 

 

 

 

 

40

45

50

 

Текелі қаласы

 

 

 

 

 

40

45

50

1) «Жұмыссыздық деңгейі 4,8% - на дейін азайту («Стратегиялық карта 2025»).

4-Тармақ. Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 12-35 шешімімен бекітілген Жетісу облысының 2021-2025 жылдарға даму жоспарының талабы сақталмай, статистикалық деректерге сәйкес 2022 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыз халықтың саны 17 158 адамды құрады. Көрсетілген кезеңде жұмыссыздық деңгейі-5,1% құрады.

Бұл бұзушылық рәсімдік сипатта болады. Жіберілген бұзушылыққа жауапты тұлға мекеменің халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы А.Абжалиева болып табылады.

2) «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде оқытудан кейін өз ісін ашқан адамдардың үлесін 40% -ға ұлғайту.

5-Тармақ. Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 12-35 шешімімен бекітілген Жетісу облысының 2021-2025 жылдарға даму жоспарының талабы сақталмай, 2022 жылдың қорытындысы бойынша «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 4244 адам оқытуға жіберіліп, оның ішінде 2990 адам сертификат алған. Микрокредиттер 178 адамға берілген, жаңа бизнес идеяларды дамыту үшін гранттар - 617 адамға берілген. Көрсеткішті орындау 26,6% құраған.

Бұл бұзушылық рәсімдік сипатта болады. Жіберілген бұзушылыққа жауапты тұлға мекеменің халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы А.Абжалиева болып табылады.

Жетісу облысын дамыту бағдарламасында 2023 жылға келесідей нысаналы индикаторларға қол жеткізу көзделген:

1) «Жұмыссыздық деңгейі 4,8% - на дейін азайту («Стратегиялық карта 2025»).

6-Тармақ. Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 12-35 шешімімен бекітілген Жетісу облысының 2021-2025 жылдарға даму жоспарының талабы сақталмай, статистикалық деректерге сәйкес 2023 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыз халықтың саны 15 767 адамды құрады. Көрсетілген кезеңде жұмыссыздық деңгейі-4,9% құрады.

Бұл бұзушылық рәсімдік сипатта болады. Жіберілген бұзушылыққа жауапты тұлға мекеменің халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы А.Абжалиева болып табылады.

Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме):

7-Тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» сныптамасының 1 тармағының 2) тармақшасының 2-қосымшасының талабы сақталмай, 2022-2023 жылдары мекеме қызметкерлеріне төленген сыйақылары «112» ерекшелігінен төленбей, «111» ерекшелігінен төленген.

Бұл бұзушылық рәсімдік сипатта болады. Жіберілген бұзушылыққа жауапты тұлға есепақы есепшісі Р.К. Енсебаева болып табылады.

8-Тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек кодексінің» 139 бабының 10 тармағының талабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 3 тармағының 1) тармақашасының талаптары сақталмай, мекеменің экономисті К.Т. Бейсеноваға 2022 жылдың маусым айында – 125,7 мың теңге, есепші Р.К. Енсебаеваға 2022 жылдың наурыз, шілде, қазан айларында – 226,2 мың теңге,  есепші Ж.Н.Кабыкеноваға 2022 жылдың наурыз айында – 97,1 мың теңге, аға мейірбике А.Р. Абдыкуловаға 2022 жылдың ақпан айында – 73,3 мың теңге, жалпы сомасы 522,3 мың теңге сауықтыруға арналған жәрдемақы лауазымдық айлықақы мөлшерінен негізсіз артық төленген.

Бұл бұзушылық қаржылық сипатта болады. Жіберілген бұзушылыққа жауапты тұлға есепақы есепшісі Р.К. Енсебаева болып табылады.

 9-Тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек кодексінің» 113 бабының 1 тармағының талабы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Ережесінің 187 тармағының талабы сақталмай, мекеменің есепақы есепшісі Р.К. Енсебаеваға 2022 жылдың қаңтар айы мен желтоқсан айы аралығында жалпы сомасы – 750,8 мың теңге еңбекақы негізсіз артық төленген.

Мекеменің материалдық есепшісі Ж.Н. Кабыкеноваға 2022 жылдың қаңтар айы мен желтоқсан айы аралығында жалпы сомасы – 569,1 мың теңге еңбекақы негізсіз артық төленген. 

Мекеменің экономисті К.Т. Бейсеноваға 2022 жылдың қаңтар айы мен желтоқсан айы аралығында жалпы сомасы – 260,8 мың теңге еңбекақы негізсіз артық төленген. 

Мекеменің мемлекттік сатып алу менеджері А.М. Смагуловаға 2022 жылдың қаңтар айы мен желтоқсан айы аралығында жалпы сомасы – 238,9 мың теңге еңбекақы негізсіз артық төленген.

Мекеменің аға мейірбике А.Р. Абдыкуловаға 2022 жылдың қаңтар айы мен желтоқсан айы аралығында жалпы сомасы – 139,1 мың теңге еңбекақы негізсіз артық төленген.

Бұл бұзушылық қаржылық сипатта болады. Жіберілген бұзушылыққа жауапты тұлға есепақы есепшісі Р.К. Енсебаева болып табылады.

10-Тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек кодексінің» 113 бабының 1 тармағының талабы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Ережесінің 187 тармағының талабы сақталмай, мекеменің есепақы есепшісі Р.К. Енсебаеваға 2023 жылдың қаңтар айы мен желтоқсан айы аралығында жалпы сомасы – 405,5 мың теңге еңбекақы негізсіз артық төленген.

Мекеменің материалдық есепшісі Ж.Н. Кабыкеноваға 2023 жылдың қаңтар айы мен желтоқсан айы аралығында жалпы сомасы – 538,1 мың теңге еңбекақы негізсіз артық төленген. 

Мекеменің экономисті К.Т. Бейсеноваға 2023 жылдың қаңтар айы мен желтоқсан айы аралығында жалпы сомасы – 683,1 мың теңге еңбекақы негізсіз артық төленген. 

Мекеменің мемлекттік сатып алу менеджері А.М. Смагуловаға 2023 жылдың қаңтар айы мен желтоқсан айы аралығында жалпы сомасы – 243,6 мың теңге еңбекақы негізсіз артық төленген.

Мекеменің шаруашылық меңгерушісі Р. Шаюмовқа 2023 жылдың қаңтар айы мен желтоқсан айы аралығында жалпы сомасы – 66,1 мың теңге еңбекақы негізсіз артық төленген.

Мекеменің емдік дене шынықтыру инструкторы Е. Жанажылға 2023 жылдың қаңтар айы мен желтоқсан айы аралығында жалпы сомасы – 364,4 мың теңге еңбекақы негізсіз артық төленген.

Бұл бұзушылық қаржылық сипатта болады. Жіберілген бұзушылыққа жауапты тұлға есепақы есепшісі Р.К. Енсебаева болып табылады.

Мемлекеттік сатып алу шартын «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» тәсілі негізінде «Азық түлік (сиыр етін) сатып алуға» «Лазгиева» ЖК арасында сомасы 5335,6 мың теңгені құрайтын 26.01.2022 жылғы №18 келісім шарты жасалған.  Шарт бойынша тауарды жеткізу мерзімі 28.02.2022 жыл болып бекітілген.

            Сиыр еті тауарды жіберу жүкқұжаттарымен 01.02.2022ж. – 676,8 мың теңгеге, 08.02.2022ж. – 662,9 мың теңгеге, 15.02.2022ж. – 471,8 мың теңгеге, 15.02.2022ж. – 474,4 мың теңгеге, 23.02.2022ж. – 277,9 мың теңгеге, 02.03.2022ж. – 768,1 мың теңгеге, 10.03.2022ж. – 547,8 мың теңгеге, 16.03.2022ж. - 923,0 мың теңгеге, 06.04.2022ж. – 532,5 мың теңгеге тапсырылып.

            21.02.2022ж. №2561010/22-113 төлем тапсырмасымен - 662,9 мың теңге, 21.02.2022ж. №2561010/22-114 төлем тапсырмасымен - 676,8 мың теңге, 21.02.2022ж. №2561010/22-116 төлем тапсырмасымен - 471,8 мың теңге, 24.02.2022ж. №2561010/22-173 төлем тапсырмасымен - 946,2 мың теңге,  25.02.2022ж. №2561010/22-177 төлем тапсырмасымен - 474,4 мың теңге,  25.02.2022ж. №2561010/22-182 төлем тапсырмасымен - 471,8 мың теңге,  15.03.2022ж. төлем тапсырмасымен - 277,9 мың теңге, 16.03.2022ж. №2561010/22-248 төлем тапсырмасымен - 768,1 мың теңге, 25.03.2022ж. №2561010/22-311 төлем тапсырмасымен - 547,8 мың теңге,  27.04.2022ж. №2561010/22-515 төлем тапсырмасымен - 37,5 мың теңге төленген.

         11-Тармақ. Алайда, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 тармағының және 26.01.2022 жылғы №18 келісім-шартының 7.3-тармағының талаптары орындалмай, міндеттемелерді тиісінше орындамағандықтан әрбір мерзімі өткен күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде  тұрақсыздық айыбын ұстамаған. Сонымен қатар аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде тиісінше орындамаған орындаушының міндеттемелерін кешіктірген 1 күнге 2,7 (2 771 655,5 теңге*0,1%*1 күн) мың теңге,  8 күнге 16,0 (2 003 460,5 теңге*0,1%*8 күн) мың теңге, 6 күнге 8,7 (1 455 600,5 теңге*0,1%*6 күн) мың теңге, 21 күнге 11,1 (532 575,5 теңге*0,1%*21 күн) мың теңге  жалпы сомасы 38,7 мың теңге тұрақсыздық айыбын ұстап қалмаған.

         Бұл бұзушылық рәсімдік сипатта болады. Жіберілген бұзушылыққа жауапты тұлға мекеме басшысы А.М.Нұрмыханова болып табылады.

         12-Тармақ. Тапсырыс беруші «Лазгиева» ЖК-н Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талаптары орындалмай,  мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

Бұл бұзушылық рәсімдік сипатта болады. Жіберілген бұзушылыққа жауапты тұлға мекеме басшысы А.М.Нұрмыханова болып табылады.

         Мемлекеттік сатып алу шартын «Электронды дүкен» тәсілі негізінде «Монитор» сатып алуға «Bintel» ЖШC арасында сомасы 811,9 мың теңгені құрайтын 25.11.2022ж. №301 келісім шарты жасалған. Шарт бойынша тауарды жеткізу мерзімі келісім шарт Қазынашылықта тіркелген күннен бастап 16 күнтізбелік күн ішінде болып бекітілген. Келісім шарт Қазынашылық басқармасында 28.11.2022ж. тіркелген.

         Монитор 12.12.2022ж. тауарды жіберу жүкұжатымен 811,9 мың теңгеге жіберіліп, 14.12.2022ж. №256Е256/22-1572 төлем тапсырмасымен 811,9 мың теңге төленген.

13-Тармақ. Аудитпен 22.07.2024ж. бақылау өлшемі жасалып, нәтижесінде сатып алынған құны 487,2 мың теңгені құрайтын 3-дана «Мониторлар» мекеменің қоймасында бүгінгі күнге дейін қолданылмай тұрғаны анықталды.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV  «Бюджет кодексінің» 4 бабының 12 тармағының тиімділік принципі талабы сақталмай, құны 487,2 мың теңгеге сатып алыныған «Мониторлар» қолданылмай түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмей, бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануына жол берілген.

Бұл бұзушылық рәсімдік сипатта болады. Жіберілген бұзушылыққа жауапты тұлға материалдық есепші Ж.Н. Кабыкенова болып табылады.

Мемлекеттік сатып алу шартын «Баға ұсыныстарын сұрау» тәсілі негізінде «Электрокардиограф» сатып алуға «ASB Stars» ЖШС арасында сомасы 2296,4 мың теңгені құрайтын 08.06.2023ж. №224 келісім шарты жасалған. Шарт бойынша тауарды жеткізу мерзімі келісім шарт Қазынашылықта тіркелген күннен бастап 30 күнтізбелік күн болып бекітілген.

         Осы келісім шартқа 30.06.2023ж. №1 қосымша келісімі жасалып, келісім шарт құны 2 572,0 мың теңгеге көбейтілген. Шарт бойынша тауарды жеткізу мерзімі келісім шарт Қазынашылықта тіркелген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде болып бекітілген.

         Тауарлар 01.07.2023ж. тауарды жіберу жүкұжатымен 2572,0 мың теңгеге жіберіліп, 24.07.2023ж. №256Е256/23-870 төлем тапсырмасымен 2572,0 мың теңге төленген.  

14-Тармақ. Аудитпен 22.07.2024ж. бақылау өлшемі жасалып, нәтижесінде сатып алынған құны 1929,0 мың теңгені құрайтын 3-дана «Электрокардиографтар» мекеменің қоймасында бүгінгі күнге дейін қолданылмай тұрғаны анықталды.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV  «Бюджет кодексінің» 4 бабының 12 тармағының тиімділік принципі талабы сақталмай, құны 1929,0 мың теңгеге сатып алыныған «Электрокардиографтар» қолданылмай түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмей, бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануына жол берілген.

Бұл бұзушылық рәсімдік сипатта болады. Жіберілген бұзушылыққа жауапты тұлға материалдық есепші Ж.Н. Кабыкенова болып табылады.

         «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай- Мекеме):

15-Тармақ. 2022 жылдың 1 қаңтарына қызметкерлердің еңбекақы бойынша қарызы 468,8 мың теңгені құраса, қаңтар айының соңына 317,3 мың теңгені құрады. Қызметкерлердің мекемеге еңбекақы бойынша қарызы негізінен берілген аванстың уақытында ұсталынбауына байланысты орын алған. 2022 жылдың ақпан, наурыз айларынан бастап мекеме қызметкерлеріне аванс ретінде берілген еңбекақының сомаларының өсу үрдісі байқалуда. Атап айтқанда, ақпан айының соңына қызметкерлердің еңбекақы бойынша дебиторлық қарызы 562,4 мың теңгені;

Наурыз айының соңына 1420,9 мың теңгені;

Сәуір айының соңына 1650,3 мың теңгені;

Мамыр айының соңына 2 132,0 мың теңгені;

Маусым айының соңына 6 049,7 мың теңгені;

Шілде айының соңына 13 704,0 мың теңгені;

Тамыз айының соңына 5 173,4 мың теңгені;

Қыркүйек айының соңына 2 814,7 мың теңгені;

Қазан айының соңына 4 441,5 мың теңгені;

Қараша айының соңына 10 684,8 мың теңгені;

Желтоқсан айының соңына 6 499,0 мың теңгені құрады.

2023 жылы

Қаңтар айының соңына 10 572,0 мың теңгені;

ақпан айының соңына 2 894,6 мың теңгені;

Наурыз айының соңына 2 856,8 мың теңгені;

Сәуір айының соңына 5 455,0 мың теңгені;

Мамыр айының соңына 5 413,3 мың теңгені;

Маусым айының соңына 5 746,5 мың теңгені;

Шілде айының соңына 3 227,2 мың теңгені;

Тамыз айының соңына 4 081,4 мың теңгені;

Қыркүйек айының соңына 6 294,0 мың теңгені;

Қазан айының соңына 5 361,6 мың теңгені;

Қараша айының соңына 2 456,7 мың теңгені;

Желтоқсан айының соңына 1 353,0 мың теңгені құрады.

Жоғарыда атап өткендей 2022 жылдың желтоқсан айының соңына қызметкерлердің еңбекақы бойынша дебиторлық қарызы 6 499,0 мың теңгені құраса, келесі есепті қаржы жылы ішінде қызметкерлердің еңбекақысынан ұсталынып 2023 жылдың желтоқсан айының соңына қызметкерлердің еңбекақы бойынша дебиторлық қарызы алдыңғы жылдың қорытындысымен салыстырғанда 5 146,0 мың теңгеге азайып, 1 353,0 мың теңгені құрады.

Мекеме қызметкерлеріне нақты жұмыс істемеген уақыт үшін аванс ретінде еңбекақы төленуі Еңбек Кодексінің 115 бап, 2-тармағы, 3-тармақшасының талабына қайшы келеді.

Бұл  бұзушылық рәсімдік заңбұзушылықтарға жатады. Жіберілген бұзушылыққа жауапты тұлға аудит ауқымындағы сол кездегі екінші қол қою құқығы бар мекеменің бұрынғы бас есепшісі Боранова Самал Борангазиевна және қазіргі бас есепшісі Байсуанова Галия Жамбулатовна болып табылады.

16-Тармақ. Мекеме қызметкерлеріне еңбекақының есептелуі мен төленуі және есептесуде 2022, 2023 жылдардың қорытындысы бойынша есепті қаржы жылдары ішінде мекеме қызметкерлеріне аванс ретінде беріліп уақытында ұсталынбаған  еңбекақының жалпы сомасы 1 363,2 мың теңгені құрады. Оның ішінде бүгінгі күнге мекемеде жұмыс істемейтін 11 (он бір) қызметкерлердің еңбекақы бойынша мекемеге қарызы 527,9 мың теңгені құрады, артық төленген еңбекақы бюджет есебіне қайтарылуға жатады. 

Бұл бұзушылық қаржылық сипатта болады.

17-Тармақ. 2022 жылдың қаржылық есептілігін жасауында мекеме тарапынан 2023 жылдың 01 қаңтарына өткізілген жылдық қорытынды теңгерімінде (баланс) есепті кезеңнің соңына қызметкерлердің еңбекақы бойынша дебиторлық қарызы 6 499,0 мың теңге бухгалтерлік баланстың 017 жолында қызметкерлердің және өзге де есеп беретін тұлғалардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі ретінде көрсетілмегені анықталды. Бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, бухгалтерлік есепті әдістерін бұза отырып жүргізу, қаржылық есептілікті бұрмалау жағдайына әкеп соққан. Соның нәтижесінде мекеменің қаржылық есептілікке жауапты тұлғасы бас есепші  Ғ. Байсуанова тарапынан 2022 жылдың дебиторлық берешегі көрсетілмей бұрмаланған қаржылық есептілік жасалып отыр,  бұл өз кезегінде «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығы 25 тармағының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 114,115-тармақтарының талаптарының бұзылуына әкеліп отыр.

Бұл бұзушылық рәсімдік заңбұзушылықтарға жатады. Мекемеде бухгалтерлік есептілікті жүргізу бас  есепші  Ғ. Байсуанованың міндетінде.

18-Тармақ. Мекеме басшысының 21.09.2023 ж. №21-ө бұйрығы негізінде комиссия төрағасы бас бухгалтер Г.Байсуанова, комиссия мүшелері: бухгалтер К.Талгатова, аға мейіргер И.Шульгин, шаруашылық бикесі А.Шатырбаеваның қатысуымен материалдық-жауапты тұлға шаруашылық меңгерушісі Д.Иманберлиновтің жауаптылығындағы ұзақ мерзімді активтердің және өзге активтердің іс жүзінде қолда барын айқындау мақсатында 2023 жылдың 31 желтоқсанында түгендеу жүргізілген. Алайда, түгендеу формальді түрде жүргізіліп мекеме теңгеріміндегі 2023 жылдың қазан айында алынған «HAVAL M 6» маркалы мемлекеттік тіркеу нөмірі 410AD19, 2023 жылы шығарылған қызметтік автокөлігі түгендеу кезінде түгендеу тізімдемесінде көрсетілмеген.

Сондай-ақ, мекеме теңгерімінде болған аукцион әдісімен 02.08.2023 ж. сатылып кеткен мемлекеттік нөмері 639АҒ05, 2008 жылы шығарылған Hundai Grand Starex автокөлігі, 04.01.2019 ж. сатылып кеткен мемлекеттік нөмері 645АҒ05, 2005 жылы шығарылған ГАЗ-2705 242 автокөлігі және техникалық жағдайына байланысты, пайдалануға жарамсыз көлік құралы ретінде 2018 жылы тіркеу есебінен шығарылған мемлекеттік нөмері В684АҒ, 2005 жылы шығарылған ВАЗ-21112 автокөлігі түгендеу нәтижесінде нақты бар ретінде көрсетілген.

Бұл жерде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидалары»-ның 2-тармағының талабы сақталмаған.

Бұл  бұзушылық рәсімдік заңбұзушылықтарға жатады.

19-Тармақ. Мекеме 013 бағдарлама 159 ерекшеліктен 2023 жылдың 31 қазанында "KAZ ULT" Мүгедек адамдарды қолдау және оңалту орталығы" Қоғамдық бірлестігі-мен (әрі қарай – Өнім беруші) 1 322,0 мың теңгеге жаңа жылдық костюмдерді тігу бойынша жұмысы үшін  №459 қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарты жасалып, 31.10.2023 ж. №1 орындалған жұмыстар актісімен ересектерге арналған жалпы саны 54 дана, оның ішінде 30 дана жаңа жылдық  және 24 дана ұлттық костюмдер жиынтығы мекемемен қабылданып алынған.

Алайда,  1 322,0 мың теңгенің жаңа жылдық костюмдері 2023 жылдың ұзақ мерзімді активтеріне 2383 шотына есепке алынбай, 7140 шотымен шығысталған.

Жаңа жылдық костюмдердің негізгі құралдар ретінде мекеме теңгеріміне алынбауы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары»-ның 16 тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары»-ның 244 тармағының талаптарына қайшы келеді. 

Бухгалтерлік есепте 2383 шотында " Өзге негізгі құралдар " жаңа жылдық костюмдер тігуге жұмсалған 1 322,0 мың теңге ұзақ мерзімді активтер ретінде көрсетілуге тиісті болған, сондықтан  шығысталуға жатпайды. Соның нәтижесінде 2023 жылдың қаржылық есептілігін тапсыру барысында бухгалтерлік баланста активтер сомасы 1 322,0 мың теңгеге азайтылып көрсетілген.

Бұл бұзушылық қаржылық заңбұзушылықтарға жатады. Мекемеде бухгалтерлік есептілікті жүргізу бас есепші Г.Байсуанованың міндетінде.

20-Тармақ.  Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2017 жылғы     1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидалары»-ның 1 тарау 3 тармағының, 3 тарау 27 тармағының талабы бұзылып, 2023 жылдардың қаржылық есептілігін тапсыру барысында бухгалтерлік баланста активтер сомасы 1 322,0 мың теңгеге азайтылып көрсетілген, жылдық қаржылық есептілік бұрмаланған.

Бұл  бұзушылық рәсімдік заңбұзушылықтарға жатады. Мекемеде қаржылық есептілікті жасау бас есепші Г.Байсуанованың міндетінде.

         «Талдықорған қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша (бұдан әрі - Мекеме):

Мекеме 013 бағдарлама 149 ерекшеліктен 2022 жылдың  23 мамырында «Экспериментальное предприятие Казахского общества слепых»  ЖШС-мен (әрі қарай – Өнім беруші)  839,2 мың теңгеге төсек орын жинағы, орамал сатып алуға  №52 тауарларды мемлекеттік сатып алу шарты жасалған. Шарт бойынша тауарды жеткізу шартқа қол қойылған күннен бастап 16 күнтізбелік күн болып белгіленген. Шарт 24.05.2022 ж. №6486978 хабарламамен тіркелген. Өнім берушімен  20.06.2022 ж. №194 жүкқұжат бойынша  839,2  мың теңгенің төсек орын жинағы, орамал жеткізілді. Мекеме 04.07.2022 ж. №357  төлем шотымен 839,2 мың теңге өнім берушіге аударған. Жыл ішінде қолданылған  төсек орын жинағы, орамалдар тауар материалдық құндылықтарды есептен шығару актілеріне сәйкес есептен шығарылған.

21-Тармақ. Өнім беруші келісім-шарттағы міндеттемелерін тиісінше орындамаған жағдайда мекеме тұрақсыздық айыбын ұстауға міндетті. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және кешіктірілген әрбір күн үшін 23.05.2022 жылғы №52 келісім шарттың 7.3 тармағына және №1 қосымшасы талабына сәйкес орындалмаған міндеттемелер сомасынан 9,2 мың теңге (839 160 теңге*0,1%*11 күн=9231 теңге) тұрақсыздық айыбы ұсталмаған. Келісім-шарттың орындалуы мерзімін кешіктіргенімен, Мекеме тұрақсыздық айыбын уақытында ұстамағаны себепті, жергілікті бюджетке 9,2  мың теңге қаржы түспей қалған.

Бұл  бұзушылық рәсімдік заңбұзушылықтарға жатады. Заңбұзушылыққа жауапты тұлға бас есепші А.Самылтырова болып табылады.

22-Тармақ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағы, 3 тармақшасының талабы сақталмай, Мекеме өзімен жасалған келісім-шарт бойынша міндеттемелерді тиiсiнше орындамаған өнім берушіні жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеген.

Бұл  бұзушылық рәсімдік заңбұзушылықтарға жатады. Заңбұзушылыққа жауапты тұлға мекеме басшысы С.Бекпенбетов болып табылады.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

2022 жылы Жетісу облысы бойынша 26176 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған, оның ішінде 12911 тұрақты жұмыс орны.

2022 жылдың қорытындысы бойынша 26 851 жұмыс орны құрылған, оның ішінде 13 016 тұрақты жұмыс орны.

Жетісу облысында 2023 жылдың 1 желтоқсанына халық саны 698,7 мың адамды құраған.

Жұмыссыз халықтың саны 15,5 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,8 %. 2023 жылғы 3 тоқсандағы орташа айлық жалақы 259 690 теңгені құрады.

2023 жылы Жетісу облысы бойынша 31 560 жұмыс орнын, оның ішінде 21 558 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған.

2023 жылдың қортындысы бойынша 38 835 жұмыс орны құрылды (жоспарды орындау – 123,1%), оның ішінде 27619 тұрақты жұмыс орны (жоспарды орындау – 128,1%) және 11 906 жаңа жұмыс орындары құрылды.

  Жетісу облысы бойынша 2022 жылы  барлығы 23839 мүгедектігі бар азамат тіркелген:

I топ мүгедектері - 2382;

II топ мүгедектері – 10228;

III топтағы мүгедектер – 8415;

18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 2814 адам.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап техникалық оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтер «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы көрсетіледі.

Облыста әлеуметтік қызметтер порталында реестрге техникалық оңалту құралдарының 13 жеткізушісі, санаторий-курорттық емдеудің 6 жеткізушісі, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін 21 жеткізуші, 1730 жеке көмекші, 69 ымдау тілі маманы енгізілген.

2023 жылғы 1 қаңтарына техникалық оңалту құралдарына мұқтаж мүгедек адамдардың саны 13573 адамды құрап, 13378 адамға тапсырыс берілді, бұл 98,6 % құрады.

         2022 жылы санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін                2881 адамға 383598,0 мың теңге жоспарланған. 2022 жылдың қортындысы бойынша - 2604 адамға 367045,0 мың теңгеге санаторлы-курорттық емделуге жолдама берілген (1 топ – 360 мүгедектігі бар азамат, 2 топ – 624 адам, 3 топ - 1231 адам, бала мүгедегі - 389). Санаторлы-курорттық емделу күнтізбелік жылда бір реттен артық емес он төрт тәуліктен аспайтын мерзімге беріледі.

Санаторлы-курорттық ем алуға келесі шипажайларға жолданғандар:

 

 

   №

 

 

Шипажай атауы

Санаторлы-курорттық ем алуға барған адам саны

1

АО "Санатории Арман"

3

2

АО "Санаторий Жанакорган"

7

3

АО "Санаторий Мойылды"

3

4

АО "Санаторий Щучинский"

8

5

ГКП на ПХВ "Реабилитационный центр для престарелых, лиц с инвалидностью и детей с инвалидностью" акимата города Астаны

1

6

ГКП на ПХВ "Санаторий "Айша биби" управления здравоохранения акимата Жамбылской области"

3

7

КГП на ПХВ «Областной реабилитационный центр» управления здравоохранения Кызылординской области»

1

8

МЕЛЬДЕЕВА АЙГУЛЬ АЙХОДЖАЕВНА

20

9

ООИ "Акжанел"

613

10

ООИ "Демеу" Ескельдинского района

64

11

ПК "Торабтык аурухана"

2

12

  ""Kaysar bulaq" emdey-sayyqtyry keshen" ЖШС

3

13

"BO SA GA-SARYAGASH" ЖШС

3

14

"DARIA KZ" ЖШС

1

15

«Ontustik Thermal Resort» ЖШС

2

16

"Salibek shipajaiy" ЖШС

1

17

"SANATORII? ZARI" ЖШС

11

18

"Sanatorium "AKVA mineral" Saryagash" ЖШС

1

19

"Аксон Мед" ЖШС

1

20

"Ақ ниет" шипажайы" ЖШС

1

21

"АлТан-ХХІ" ЖШС

112

22

"Алтын Чажа" ЖШС

186

23

"Аруана ltd" ЖШС

648

24

"Байқоныр-11" ЖШС

1

25

"Береке-Бурабай" ЖШС

1

26

"Демалыс - К" ЖШС

1

27

"Дом отдыха Спутник" Казахского общества слепых им. З.Б.Бейсекова" ЖШС

40

28

"КазЭКОС" ЖШС

1

29

"Лечебно - оздоровительный центр "Аян" ЖШС

1

30

"Лечебно оздоровительный комплекс ALTYN SHANYRAQ" ЖШС

13

31

"ЛЕЧЕБНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫЙ КОМПЛЕКС "БАЯН-ЖУРЕК" ЖШС

34

32

"Лечебно-оздоровительный комплекс "Тұрсынай апа" ЖШС

1

33

"Лечебно-оздоровительный центр "Береке-7" ЖШС

2

34

"Лечебно-оздоровительный центр "Самал" ЖШС

2

35

"Лечебно-реабилитационный комплекс "Сарыагаш" ЖШС

24

36

"Маржан-77" ЖШС

67

37

"Маржан-Су" ЖШС

4

38

"Медико-оздоровительный комплекс "Ак-Каин" ЖШС

35

39

"Медицинский оздоровительный комплекс "Жаркент-Арасан" ЖШС

503

40

"Нұр Әлем Company" ЖШС

41

41

"Пансионат Каргалы MED" ЖШС

42

42

"Реабилитационный центр "Шипагер" ЖШС

1

43

"Санаторий "Adilet""  ЖШС

8

44

"Санаторий "Ак булак" ЖШС

2

45

"Санаторий "Асыл Бұлақ" ЖШС

7

46

"Санаторий "Жетысу" ЖШС

3

47

"Санаторий Алмаз" ЖШС

11

48

"Санаторий Арыс" ЖШС

5

49

"Санатория "Ердәулет" ЖШС

3

50

"Санатория "Керуен" ЖШС

5

51

"Санатория Асель" ЖШС

4

52

"Сарыағаш Айсары" ЖШС

4

53

"Сарыагаш су" ЖШС

18

54

"УСМАН" лечебно - реабилитационный комплекс" ЖШС

3

55

"ШАНС-Кокше" ЖШС

19

56

"Шипа су" ЖШС

2

57

Санаторий "САЯЛЫ" ЖШС

1

Қалған 277 адамға бөлінген жалпы сомасы 16553,0 мың теңгенің игерілмеу себебі, отбасы, денсаулық жағдайына байланысты жолдамадан бас тартқан.

Жетісу облысы бойынша 2023 жылы  барлығы 19321 мүгедектігі бар азамат тіркелген:

I топ мүгедектері - 1702;

II топ мүгедектері – 7574;

III топтағы мүгедектер – 6671;

18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 3374 адам.

2023 жылы санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін                3033 адамға 663803,0 мың теңге жоспарланған. 2023 жылдың қортындысы бойынша - 3203 адамға 663643,0 мың теңгеге санаторлы-курорттық емделуге жолдама берілген (1 топ –392 мүгедектігі бар азамат, 2 топ – 761 адам, 3 топ - 1569 адам, бала мүгедегі - 481). Санаторлы-курорттық емделу күнтізбелік жылда бір реттен артық емес он төрт тәуліктен аспайтын мерзімге беріледі.

Санаторлы-курорттық ем алуға келесі шипажайларға жолданғандар:

 

 

   №

 

 

Шипажай атауы

Санаторлы-курорттық ем алуға барған адам саны

1

АО "ПАВЛОДАРЭНЕРГО"

1

2

АО "Санатории Арман"

9

3

АО "Санаторий Жанакорган"

5

4

АО "Санаторий Мойылды"

3

5

АО "Санаторий Щучинский"

10

6

"A-Class Resort" ЖШС

8

7

"Hydrolife Сарыағаш" ЖШС

8

8

"Sanatoriya "Jan-Nur" ЖШС

8

9

"Saryagash" KMV- Group ЖШС

2

10

"Taraz Resort & SPA" ЖШС

1

11

"Ақжайық-шипа" ЖШС

10

12

"Ақкен-саумал" емдік сауықтыру орталығы" ЖШС

1

13

КГП на ПХВ «Областной реабилитационный центр» управления здравоохранения Кызылординской области»

1

14

МЕЛЬДЕЕВА АЙГУЛЬ АЙХОДЖАЕВНА

29

15

ООИ "Акжанел"

742

16

""Kaysar bulaq" emdey-sayyqtyry keshen" ЖШС

6

17

"BO SA GA-SARYAGASH" ЖШС

2

18

"SANATORII? ZARI" ЖШС

1

19

"Sanatorium "AKVA mineral" Saryagash" ЖШС

4

20

"АлТан-ХХІ" ЖШС

200

21

"Алтын Чажа" ЖШС

236

22

"Аруана ltd" ЖШС

759

23

"Байқоныр-11" ЖШС

1

24

"Береке-Бурабай" ЖШС

5

25

"Демалыс - К" ЖШС

8

26

"Дом отдыха Спутник" Казахского общества слепых им. З.Б.Бейсекова" ЖШС

61

27

"Күлпаршын" ЖШС

2

28

"Лечебно - оздоровительный центр "Аян" ЖШС

1

29

"Лечебно оздоровительный комплекс ALTYN SHANYRAQ" ЖШС

4

30

"Лечебно-оздоровительный комплекс "BAQSY" ЖШС

4

31

"Лечебно-оздоровительный комплекс "Балхаш" ЖШС

1

32

"ЛЕЧЕБНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫЙ КОМПЛЕКС "БАЯН-ЖУРЕК" ЖШС

51

33

"Лечебно-оздоровительный комплекс "Рахат Resort" ЖШС

5

34

"Лечебно-оздоровительный комплекс "Тұрсынай апа" ЖШС

1

35

"Лечебно-реабилитационный комплекс "Сарыагаш" ЖШС

32

36

"Маржан-77" ЖШС

47

37

"Маржан-Су" ЖШС

9

38

"Медико-оздоровительный комплекс "Ак-Каин" ЖШС

54

39

"Медицинский оздоровительный комплекс "Жаркент-Арасан" ЖШС

573

40

"Нұр Әлем Company" ЖШС

38

41

"Оздоровительно-реабилитационный центр "Манкент Таң Нұры" ЖШС

8

42

"Пансионат Каргалы MED" ЖШС

48

43

"Реабилитационно-оздоровительный комплекс "SAPA" ЖШС

40

44

"Реабилитационно-санаторный комплекс АкваМед+" ЖШС

1

45

"Санаторий "Adilet""  ЖШС

4

46

"Санаторий "Асыл Бұлақ" ЖШС

3

47

"Санаторий "Жетысу" ЖШС

8

48

"Санаторий "Коктерек" ЖШС

8

49

"Санаторий Алмаз" ЖШС

12

50

"Санаторий Асем Ай" ЖШС

1

51

"Санаторий Жансая" ЖШС

4

52

"Санаторий Шульбинск" ЖШС

3

53

"Санатория "Grand LES" ЖШС

2

54

"Санатория "Ердәулет" ЖШС

15

55

"Санатория "Керуен" ЖШС

8

56

"Санатория Асель" ЖШС

19

57

"Саруар Хэлс" ЖШС

1

58

"Сарыағаш - жылы су NS" оздоровительно реабилитационный центр" ЖШС

1

59

"Сарыағаш Айсары" ЖШС

9

60

"Сарыагаш су" ЖШС

15

61

"Туристская фирма "Ак-Бастау" ЖШС

22

62

"Шипагер-Баян" ЖШС

7

63

"Элит-Сервис Plus" ЖШС

3

64

Частный Благотворительный Фонд "Адал Ниет Астана"

2

65

Частный Фонд "Частный Благотворительный Фонд "Ақ сиса"

4

66

"Шипа су" ЖШС

5

67

Санаторий "САЯЛЫ" ЖШС

1

Облыста әлеуметтік қызметтер порталында реестрге санаторлы-курорттық емдеудің 6 жеткізушісі тіркелген («Аруана LTD» емдеу-сауықтыру кешені, «АлТан-XXI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Алтын чажа» ЖШС, «Жаркент-Арасан» емдеу-сауықтыру кешені, «Ақжанел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігі).

Сонымен қатар, санаторлы-курорттық ем алған мүгедектігі бар азаматтар  шипажайға барып келгеннен кейін, сол шипажайға шағымдары болған жағдайда, әлеуметтік қызметтер порталындағы «шағымдар мен ұсыныстар» бөліміне шағымдар жазу мүмкіндігі бар. Түскен шағымдарды әлеуметтік қызметтер порталының комиссия мүшелері қарастырады және жеткізуші тарапынан орын алған келеңсіздектер бойынша, жеткізуші тіркелген аумаққа, комиссия шешімімен жеткізушілер тізілімінен алып тастау туралы немесе теріске шығару туралы хат жолданады.

Облыс бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет (бұдан әрі - АӘҚ) көрсететін 1447 орынға арналған 12 мекеме жұмыс істейді.

 

Көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызмет туралы ақпарат

 
             

 

№

Мекеме атауы

Көрсетілетін қызмет түрі

қанша орынға арналған

2022 жыл қызметпен қамтылғандар

2023 жыл қызметпен қамтылғандар

ауытқу

 

1

«Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

Қарттар мен мүгедектерге арналған

350

329

331

+ (0,6%)

 

2

«Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге арналған

320

320

320

-

 

3

«Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

157

157

160

+ (1,9%)

 

4

«Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

110

110

110

-

 

5

«Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

40

40

40

-

 

6

«Қамқор» Талдықорған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

Психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған

130

62

59

- (4,8%)

 

7

«Бәйтерек» күндізгі болу орталығы» КММ

Жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

90

81

84

+ (3,7%)

 

8

«Үміт» күндізгі болу орталығы» КММ

40

39

40

+ (2,5%)

 

9

«Қаратал күндізгі болу орталығы» КММ

90

48

42

- (12,5%)

 

10

«Сенім» күндізгі болу орталығы» КММ

30

16

17

+ (6,25%)

 

11

«Жансая» күндізгі болу орталығы - оңалту бөлімшесімен»

50

20

25

+ (25%)

 

12

«Мерей» балалар оңалту орталығы» КММ

40

31

35

+ (12,9%)

 

13

«Аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы» КММ

125

 

86

 

 

                 

Облыста үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін                          24 бөлімше жұмыс істейді. 2022 жылы 2352 адам қызметпен камтылған. Оның ішінде: 11 бөлімшеде 897 балаға және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар тұлғаларға және 13 бөлімшеде 1455 жалғызбасты және жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсетілген.

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және оның ведомстволық бағынысына қарасты 2 мемлекеттік мекеме мен «Талдықорған қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша мемлекеттік аудит барысында бюджет есебіне жалпы сомасы 5 309,8 мың теңгесі өндірілді (бюджет есебіне өндірілуге жататын жалпы сома 5 309,8 мың теңге), 1 322,0 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды (қалпына келтіруге жататын жалпы сома 1 322,0 мың теңге), олар:

- «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:

Аудит барысында анықталған жалпы сомасы 4 781,9 мың теңге негізсіз артық төленген еңбекақы мен сауықтыру жәрдемақылары бюджет есебіне өндірілді;

«Лазгиева» ЖК – нен жалпы сомасы 38,7 мың теңге тұрақсыздық айыбы бюджет есебіне өндірілді;

Өзінің функционалдық міндеттерін орындауда және ҚР бюджет және өзге де заңнамасының талаптарының бұзылуына жол бергені үшін бас есепші Е. Айдабулға қатаң сөгіс, мекеменің есепшісі Р. Енсебаеваға қатаң сөгіс, мекеменің экономисті К. Бейсеноваға қатаң сөгіс, мекеменің есепшісі Ж.Кабыкеноваға қатаң сөгіс, мекеменің сатып алу жөніндегі менеджері А. Смагуловаға қатаң сөгіс, түрінде тәртіптік жазалар қолданылды (2024 жылдың 2 қыркүйегіндегі №135-Ж тәртіптік жаза беру туралы бұйрығының көшірмесі).

- «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:

Аудит барысында анықталған жалпы сомасы 527,9 мың теңге негізсіз артық төленген еңбекақы бюджет есебіне өндірілді;

1322,0 мың теңгенің костюмдері ұзақ мерзімді активтер ретінде есепке алынды;

Өзінің функционалдық міндеттерін орындауда және ҚР бюджет және өзге де заңнамасының талаптарының бұзылуына жол бергені үшін бас есепші Г.Ж. Байсуановаға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды  (2024 жылдың 5 қыркүйегіндегі №237-Ж/Қ тәртіптік жаза беру туралы бұйрығының көшірмесі).

- «Талдықорған қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:

«Экспериментальное предприятие Казахского общества слепых»  ЖШС– нен жалпы сомасы 9,2 мың теңге тұрақсыздық айыбы бюджет есебіне өндірілді;

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін 6 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайтын соттар мен уәкілетті органдарға 3 мемлекеттік аудит объектісі бойынша жалпы саны 4 материал жолданды оның ішінде:

- Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жылпы саны 4 материал жолданды.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

Жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің қызметінде бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануына және осы қаражаттарды пайдалану арқылы межеленген әлеуметтік әсер уақытылы қол жеткізілмеуіне жол беріліп, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Еңбек Кодексінің, Мүлік туралы заңының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы» Қаулысының, Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелерінің талаптарының сақталмауы салдарынан орын алған.

Нәтижесінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларын, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерін сақтамау себебінен жалпы сомасы 289 007,0 мың теңге бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 6 631,8 мың теңге (қалпына келтіруге жатқызылатыны 1 322,0 мың теңге, бюджет есебіне қайтаруға жататыны 5 309,8 мың теңге), бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану – 4 206,2 мың теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау – 278 169,0 мың теңге, сонымен қатар, рәсімдік бұзушылықтар – 13 дана.

Демек анықталған фактілер Басқарма басшылығы тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығын көрсетеді және мемлекеттік аудит объектілердің қызметінің тиімділігін бағалау мүмкіндігіне айтарлықтай әсер етеді.

Жоғарыда баяндалған бұзушылықтар мен кемшіліктер келесі салдарға әкеп соқтыруы мүмкін:

  • Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласына бөлінген қаражат жағдайы туралы сенімсіз ақпарат беру;
  • Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласына бөлінген қаражатты, активтерді тиімсіз жұмсау;
  • Жоспарланған бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей, түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбеу немесе уақытылы қол жеткізбеу;
  • Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру бойынша атқарылып жатқан іс-шараларға қоғамдық сенімсіздіктің туындауы.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ және жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

  1. «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ және жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудит нәтижелері Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.
  2. «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне:

1) 2024 жылдың 31 қазанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 66 бабы 1, 2 тармақтарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 45 бабы 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарының бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға тәртіптік шаралар қабылдау қамтамасыз етілсін.

                                                                                           

Дата публикации
30 сентября 2024