Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама.

Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама.

 

        «Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі, пошталық және тұрғылықты мекен жайы: пошталық индекс 040000 Жетісу облысы Талдықорған қаласы Абай көшесі 241 үй жұмыс тел.: 8 7282 24 02 06; факс: 8 7282 24 13 89; байланыс телефоны 87071485292  электрондық мекен жай: kense@revkom7su.gov.kz

       

        Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының талдау, жоспарлау және есептілік бөлімінің бас инспекторы, 1 бірлік, индекс ОАПИО-4

        Функционалдық міндеттері: тексеру комиссиясының міндеттерін, тексеру комиссиясы қызметінің бағыттарын, тексеру комиссиясы мүшелерінің және құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстарын негізге ала отырып, жылдық жұмыс жоспарды Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылда қалыптастыру; жоспарланатын кезең басталар алдындағы айдың 1-күніне дейінгі мерзімде жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Тексеру комиссиясының тоқсандық жұмыс жоспарын қалыптастырады және оны жоспарланатын кезең басталар алдындағы айдың 27-күнінен кешіктірмей Тексеру комиссиясының Төрағасына бекітуге енгізу; Тоқсан сайын тексеру комиссиясының төрағасына Тізбенің орындалуы бойынша ақпарат беру; тоқсан сайын ЖАП және Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне тізілімдер бойынша ақпарат беру; Жетісу облысы бойынша Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шаралармен қамтылған мемлекеттік аудит объектілерінің тізілімі және бюджеттік бағдарламалар бойынша есебін Жоғары аудиторлық палатасына тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 жұлдызына дейін, есептің нақтыланған жобасын тексеру комиссиясының қарауына тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 жұлдызына дейін тапсыру; Облыс әкіміне, мәслихатқа бюджеттің атқарылуын ағымдағы бағалау туралы ақпаратты тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі 2 айдың 20 жұлдызына дейін тапсыру және тексеру комиссиясының төрағасының қарауына тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі 2 айдың 15 жұлдызына дейін тапсыру; Аудит объектілерінен ұсынылған көздерден тәуекелдерді бағалауды (тәуекелдерді басқару жүйесі – бұдан әрі ТБЖ) жүргізу үшін ақпаратты жинау және қалыптастыру (ТБЖ бойынша сұрау салуларды жіберу, кіріс деректерін жинақтау); өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

«В» - функционалдық блогы

 

        Негізгі еңбек ақысының көлемі мен шарттары: әр айдың 25 жұлдызына дейін жұмыс өтіліне байланысты 263131 теңгеден 302255 теңгеге дейін

 

Жалпы біліктілік талаптары

D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқықтану, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  • жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

 

      Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

      Қажетті құжаттар тізбесі:

  • Өтініш;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.     

      Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

      

       Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

       Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

       Әңгімелесу Жетісу облысы Талдықорған қаласы Абай көшесі 241 үй 305 кабинет мекен жайы бойынша өткізіледі

      

       Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

 

       Конкурс комиссиясының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы ақпарат. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

       Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

       Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді.

Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша Конкурс өткізу Қағидалардың бұзылуы анықталған жағдайда, уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізеді.

Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің ұсынысы конкурс комиссиясының бұрынғы құрамымен оның отырысында немесе персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) қаралады.

Конкурс комиссиясы немесе персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қабылданған шешім туралы, ол қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде, уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды.

Конкурс қатысушылары мен кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде, сондай-ақ уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері конкурс құжаттарымен, тестілеу және әңгімелесу нәтижелерімен таныса алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 сентября 2024