Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына жалпы конкурс өткізу туралы хабарлама.
«Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі, пошталық және тұрғылықты мекен жайы: пошталық индекс 040000 Жетісу облысы Талдықорған қаласы Абай көшесі 241 үй жұмыс тел.: 8 7282 24 02 06; факс: 8 7282 24 13 89; байланыс телефоны 87071485292 электрондық мекен жай: kense@revkom7su.gov.kz
Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының талдау, жоспарлау және есептілік бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2025 жылғы 01 қаңтарына дейін жүктілікке және бала тууға байланысты әлеуметтік демалысы кезеңіне), 1 бірлік, индекс ОАПИО-5
Функционалдық міндеттері:
Тексеру комиссиясының отырыстарын, Тексеру комиссиясының төрағасы мен аппарат басшысының аппараттық кеңестерін материалдық – техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады; Тексеру комиссиясы басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін әзірлеуге және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;қызметтік құжаттардың регламент талаптарына және құжаттама қағидаларына сәйкес дұрыс жасалуын бақылауды жүзеге асырады;Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің техникалық оқу жоспарын жасауға, оның ішінде оны өткізуді ұйымдастыруға;кіріс, шығыс хат-хабарларды, жеке, заңды тұлғалардың өтініштерін, ішкі құжаттаманы, оның ішінде электрондық құжат айналымы жүйесінде (ЭҚА) тіркеуді жүзеге асыруға және құжаттарды орындаушыларға тексеру комиссиясы Төрағасының, мүшелерінің және аппарат басшысының қарарына сәйкес жеткізуге; мемлекеттік мұрағатпен келісіле отырып, Тексеру комиссиясының істер номенклатурасын әзірлейді; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша есепті есепті айдан кейінгі айдың 5 жұлдызына дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға ұсынады; іс жүргізудің, орындаушылық тәртіптің және бақылау құжаттарының жай-күйі туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мониторингті жүзеге асырады және ақпарат береді; Тексеру комиссиясының басшылығымен жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыруды жүзеге асырады; жүргізілген аудиторлық іс-шаралар бойынша материалдарды сканерлеуді және оларды тексеру комиссиясының мүшелеріне, аудиторлық іс-шараны ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, мемлекеттік аудит пен сапаны бақылауды жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге беруді қамтамасыз етеді; Тексеру комиссиясының кадрлық іс жүргізуін қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген мемлекеттік қызметшілердің өзге де міндеттері.
«В» - функционалдық блогы
Негізгі еңбек ақысының көлемі мен шарттары: әр айдың 25 жұлдызына дейін жұмыс өтіліне байланысты 226837 теңгеден 260564 теңгеге дейін
Жалпы біліктілік талаптары
D-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (құқықтану, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит), педагогикалық ғылымдар (тарих)
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Қажетті құжаттар тізбесі:
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Әңгімелесу Жетісу облысы Талдықорған қаласы Абай көшесі 241 үй 401 кабинет мекен жайы бойынша өткізіледі
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Конкурс комиссиясының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы ақпарат. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді.
Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша Конкурс өткізу Қағидалардың бұзылуы анықталған жағдайда, уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізеді.
Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің ұсынысы конкурс комиссиясының бұрынғы құрамымен оның отырысында немесе персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) қаралады.
Конкурс комиссиясы немесе персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қабылданған шешім туралы, ол қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде, уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды.
Конкурс қатысушылары мен кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде, сондай-ақ уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері конкурс құжаттарымен, тестілеу және әңгімелесу нәтижелерімен таныса алады.